Қазргі кезде экономика саласындағы қылмыстар кеңінен тарап өсуде және біршама өзгеріп жаңа түрлері пайда болған., Мысалы, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп кету немесе ысырап ету, экономикалық контрабанда, жалған кәсіпкерлік, заңсыз банк қызметімен айналысу т.б.
Қылмыстық құқықтық көзқараспен қарастыратын болсақ экономика саласындағы қылмыстарға мыналар тән: бұл қылмыстың обьектісі болып экономикалық маңызды қоғамдық қарым қатынастар: экономикалық залалдың болуы және де оның ірі көлемде немесе аса ірі көлемде болуы;өндірісте жасалатын және айналадағы ортаға негативті әсер ететін қылмыстарды қоспағанда барлық уақытта ниеттің қылмыстық істен орын лауы.
Біріншіден, экономика саласында жасалатын қылмыстар-мүліктік қатынастарға бағытталған нақты бір материалдағы қол сұғушылық болып табылады;
Екінші рекшелігі, экономика саласына байланысты белгілі бір жоғары білімі бар кез-келген экономикалық қылмыстарды жасаған субьектілер, бұл қылмыстарды көбінде осы салаға байланысты бір лауазымдық құзіреттілік берілген тұлғалар жасайды;
Үшінші ерекшелігі, экономикалық қылмыстарды жасау жағдайларына байланысты.Бұл қылмыстар міндетті түрде нақты бір шаруашылық ортаында, атап айтқанда: өнеркәсіптік немесе ауыл шаруашылық , сонымен қатар сауда орындарында, кәсіпорын немесе офис, банк, фирмаларда т.б. жасалады.Бұл жерде міндетті түрде мынадай операциялар жүргізіледі-қаржылық және материалдық есеп-шоттар, мұнда міндетті түрде мамандар, қызметкерлер және сол сияқты басқа да тұлғалар болуы тиіс.
Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы.
Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету қылмыстарын өзіне мүлікті сеніп тапсырылған тұлғалар жасайды.Өздеріне берілген мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жағдайларын теріс пайдалана отырып, олар заңсыз жолмен сол заттарға деген құқықтық меншікті өздері иеленед немесе басқа тұлғаларға иелену құқығын береді. Мүлік әртүрлі формада болуы мүмкін, мемлекеттік немесе жеке меншік.
Қылмыстың субьектілері болып табылатын тұлғалар, олар заңда көрсетлген барлық белгілері бар – мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер мен қарапайым азаматтар.
Бұл қылмыс түрінің криминалистикалық сипаттамасынбарлық элементтері үздіксіз тзбектелген ақпараттық мәліметтерді құрайды және қылмыстық қол сұғушылық затынан көрініс табады.
Иеленіп алу затына- ақшалай қаражаттар, бағалы қағаздар немесе материалдық құндылықтар жатады.
Ақшалай қаражаттарына – мемлекеттік кәсіпорындармен бөлінетін қаржы қаражаттары, банкке салымшылардың салған ақшалары; зейнеткерлік жинақ қорларының, сақтандыру компанияларымен басқа да қорлардың, заңды тұлғалардың және т.б. ақшалай қаражаттары жатуы мүмкін.
Материалдық құндылықтардың шеңьері кең.Атап айтқанда, олар; жер учаскелері, өндірістік комплекстер,рудниктер мұнай ұңғылары, техникалық және компьютерлік жабдықтар, шикізаттар, материалдар, дайын өнімдер, сауда обьектілері, ғимараттар, пәтерлер және т.б.