Тану үшін көрсету — ҚР ҚІЖК-нің 228-бабында көзделген тәртіпке сәйкес жүргізілетін және танушы тұлға бұрын көрген объектімен ұксастығының немесе айырмашылығының болуын шешу мақсатымен куәға, жәбірленушіге, сезіктіге немесе ай-ыптаушыға ұксас объектілерді көрсетуден тұратын тергеу әрекеті. Нақтырақ айтқанда, оның барысында бірдейлестірудің арнайы түрі — танушы тұлғаның есінде қалған бейнені тануға ұсынылған объектінің белгілерімен ойша салыстыру жүзеге асырылады.
Тану үшін көрсетудің түрлері:
Танылатын объектілер сипаты бойынша: а) адамдар; ә) мәйіттер; б) андар; в) заттар (кұжаттар) болып бөлінеді.
Объектінің өзі немесе бейнесі ұсынылған байланысты тікелей және бейне аркылы (тікелей емес) тануды, ал адамның (аңның) сыртқы келбеті белгілерінің сипаты бойынша статикалык және динамикалык белгілер бойынша тануды ажыратады.
Тергеу әрекетінің тергеуші; танушы тұлға; оған көрсетілетін бүкіл азаматтар; куәгерлер катысуы тиіс. Кажетті жагдайда оған прокурор, аудармашы (мылкау, саңырау адамдардың белгілерін түсінетін тұлға), занды окіл және танушы кәмелетке толмаған тұлға болса, педагог қатыса алады.
Тану нәтижелерінің шүбәсыздығы криминалистік тактика-ның ұсыныстарымен және ҚР ҚІЖК-нің 229-бабында кездел-ген талаптардан шығатын жалпы ережелерді сақтауымен кам-тамасыз етіледі.
Тану үшін көрсетудің баска тергеу әрекетінен басты айырмашылығы үксастыруда, ал баска тергеу әрекеттері үшін ұкса-стыру — міндетті емес элемент. Сондай-ак, аталған процесс алы-нған мөліметтердің беріктігін камтамасыз ететін қатаң іс жүргізу шеңберде жүргізіледі. Баска тергеу әрекеттерде бүрын байкал-ған объектіні тану міндетті емес және оны бақылау үшін ар-найы шаралар көзделген.
Тану үшін көрсетуді дайындау және жүргізу.
Тану үшін көрсету — өзіндік ерекшеліктері бар бірнеше түрден түратын күрделі тергеу әрекеті. Сонымен катар оның барлық түрлеріне тарайтын ортак ережелер құрастырылған. Олар тану үшін көрсетудің өзін, оны дайындауды, алынған нәтижелерді бекіту мен оларға баға беруді қамтиды.
Тану үшін көрсетуді дайындау тануға қатыстырылатын адамнан жауап алуды, тиісті объектілерді іріктеуді, тергеу әрекетін жүргізу уакытымен орнын аныктауды, техникалык құралдардын дайындығын тексеруді қамтиды.
Тануға катыстырылатын адамнан алдын ала жауап алудың максаты — объектіні кезінде кабылдау мән-жайларын, оны байқау жағдайларын және тану негізін қүрайтын белгілерді ай-қындау болып табылады. Ең алдымен жауап беруші тұлғаның объектіні кабылдау мән-жайларын, ал канша уақыт созылға-нын; жарықтану сипатын; объектіні каншалықты есінде сакта-ғанын; оның психикалык және физикалық жағдайының кан-дай болғанын аныктаған жөн.
Содан кейін есінде сакталып, тануға көмектесетін (объекті-нін) жалпы және жеке белгілері аныкталады.
Жеке объектілерді тану үшін көрсетудін ерекшеліктері
Адамды тану үшін көрсету танушы тұлға онымен таныс емес, бірак тани алатын болғанда немесе құжаты жок адамныңчнеме-се кұжаттары кудік тудырған адамның тұлғасын аныктау кажет болғанда жүргізіледі.
Тергеуші тергеу әрекетіне катысушы тұлғаларға олардың куқықтары мен міндеттерін және тергеу әрекетінің мақсатын түсіндіргеннен кейін танылуға тиіс адамға көрсетілетін субъектілердің арасынан кез келген орынды тандап алу ұсы-нылады.
Сосын танушы тұлға шакырылып, оған да оның кұкыктары мен міндеттері түсіндіріледі.
Керсетілетін субъектілерді толығырақ кабылдау үшін тергеуші оларға тұруды, бұрылуды, жүріп, отыруды үсына ала-ды. Содан кейін танушы түлғадан кімді танығанын, ал таныса, қандай белгілері бойынша танығанын сұрайды. Аталған белгілер хаттамада көрсетіледі және техникалық құралдармен бекітіледі.
Тану аякталған соң көрсетілген топты суретке түсіреді және танылған тұлғаны сигналетикалық фотосурет ережелері бойынша жеке суретке тусірген жөн.
Егер қылмысты өз көзімен көрген тұлға сезіктіні дауысы не жүрісі бойынша есінде сақтаса, тануды осы функционалдык белгілер арқылы жургізеді. Аталған сипаттағы тануды, танылуға
тиіс түлға бетін бет пердемен немесе баска да тәсілмен жасыр-са, жүргізіледі. Дауысы бойынша тану оның диапазонын, күшін, жоғарылығын, тембірін, әуенділігін, сондай-ак сөйлеу ерекшеліктерін (кекештену, сакаулану, т.б.) сипаттайтын белгілері бойынша жүзеге асырылады.