Тергеу қарауының мақсаты — іздер мен заттай дәлеледе-мелерді талдау арқылы қылмысты тіркеп, ашуға мүмкіншілік беретін дәлелдемелерді табу және бекіту.
Заттай дәлелдемелер — бұл тергеудегі оқиға туралы ақпарат-ты қамтитын материалдық дүниенің объектілері. Олардың маз-мұны, табылу орны және баска да белгілері қылмыстың жасалу мән-жайлары туралы мәлімет беруі мүмкін әдетте оларды кыл-мыстық «тілсіз куәгерлер» деп атайды. Кдндай да болмасын қылмыстық істе заттай дәлелдемелер болады және олардың біреуі де алдын ала қараусыз іс материалдарына тіркелмейді. Тергеудің нәтижелері оның криминалистік жағынан сауатты жүргізілгеніне байланысты болады. Сондықтан криминалистер оқиға орнын және сонда табылған объектілерді караудың аса маңыздылығына ерекше көңіл бөледі.Қараудың шынайылыгы (объективтілігі) барлық объектілерді табылған кдлпында зерттейді және бекітеді, сонымен қатар тергеушінің немесе басқа да тергеу әрекетіне катысушылардың түжырымдары мен пікірлерін хаттамада көрсетуді көздейді.
Қараудың толықтылыгы мен жан-жактылыгы қылмыска қатысты оқиға орнында табылған бүкіл заттар мен іздер табы-лып, зерттеліп, хаттамада егжей-тегжей көрсетіліп, фотосурет немесе бейнежазба арқылы бекітілуін қамтамасыз етуі. Соны-мен катар, тергеудің толықтылығы деп алғашқы қараудың жеткіліксіздігінен оны кайталау қажеттілігін тудырмауын ай-тады.
Қараудың жоспарлылыгы нақты әрекеттердің шеңберімен кезектілігін анықтаудан, қолда бар күш пен құралды бөлуден тұратын тергеушінің және баска да карауға қатысушылар әрекетінін кезектілігін дұрыс анықтауды қамтиды. Ол бүкіл кажетті әрекеттерді толық және сапалы орындауды және ақырында тергеулік қараудын мүмкіндігінше тиімділілігін қам-тамасыз етеді.
Окиға болған жерді қарау тактикасы.
Окиға болған жерді қарау қылмыс іздерін баскд да заттай цәлелдемелерді табу максатымен, оныңжасалу жағдайын және кылмыстык іс үшін маңызы бар басқа да мән-жайларды анык-тау мақсатымен жүргізіледі.
Дайындық сатысы окиға туралы хабар алынғаннан кейін қаратуға дайындалады және нак сол жерге жүзеге асырылатын дайындық әрекеттерін қамтиды. Окиға туралы хабарланған бойда, тергеуші:
— не және кдйда болғанын анықтап, окиға орнындағы жаб-дыктарды қорғауды камтамасыз ету үшін оқиға орнын корғау туралы нүсқау жергілікті әкімшілік немесе полиция органы аркылы беруге;
— қорғауды ұйымдастырушы қызметкерлерге мәліметтерді аса пайдалы болатын оқиғаны ез көзімен көрген тұлғаларды анықтау кажеттілігі туралы ескертуге;
—егер жәбірленушілер болса, оларға медициналык, көмек көрсету туралы нұскду беруге;
—полиция қызметкерлері сезікті тұлғаларды үстауға және болған оқиғаның зиянды зардаптарын болдырмауға шара қол-данған — колданбағанын аныктауға;
— тергеу портфелінің, фотоаппараттарының және қарау жүргізуге қажет басқа да құралдардың толык. жинақталуын оқиға орнына шығу алдында тексеруге және қажетті маман-дарды шақыруға міндетті.
Тергеулік қараудың басқа түрлерін жүргізу.
Мекен жерлерді қарау олар окиға орны болғанда жүргізіледі. Қарауды ұйымдастыру аумақ көлеміне байланысты болады: мәселен, ол үлкен болған сайын, оған катысушылар саны да көбейеді. Қарауға көп кызметкерлер катысканда карауды са-палы жүргізу үшін оларды белгілі аракашыктык, сан тізбектеп кою керек. Карауға катысушылар мен тергеуші арасында же-дел байланыс болу кажет, ол тергеушіге оқиға туралы хабардар болуға мүмкіндік береді.
Үй жайды қарау. Криминалистік маңызы бар деректер үй-жайды, кызмет орнын, сауда, қойма және өндіріс орындарын көрме залдарын, павильондарды және т.б. кдрау барысында алы нуы мүмкін. Оларды қараудың негізгі максаты — жұмыстын бағыты мен тәртібін айқындау объектіні сипаттайтын жекс белгілерді табу және жалпы жағдайда зерделеу; қозғау белгісін беретін жабдык жүйесімен танысу, т.б. жайларда караудын оқиға орнын қарау ережелерін ескере отырып сағаттілімен пе-риметр бойынша жүргізген жөн.
Заттарды қарау дербес тергеу әрекеті ретінде келесі жағ-дайларда жүргізіледі: а) олар оқиға орнын, жерін, жайды қарау, тінту барысында табылып, оларды карау үшін ұзак уақыт пен арнайы жағдайлар кажет болғанда (К,Р ҚІЖК-нін 223-бабы); ә) заттай дәлелдемелер ретінде танылуы мүмкін заттарды тергеушілерге жәбірленушілер, куәгерлер, сезікті немесе баска да тұлғалар ұсынғанда (ҚР ҚІЖК-нің 222-бабы) тергеуші олар-ды сараптық зерттеу үшін сакталуын камтамасыз ете отырып. оларды өзінің жұмыс бөлмесінде карайды.