Криминалистикалык, габитоскопия тусінігі;Қылмысты ашып, тергеу үшін адамның сырткы келбетінің белгіл*ерін пайдалану-дың ғылыми негіздерін француз криминалисі А.Бертильон 94 салды. 19 ғасырдың 70 жылдары ол тіркеу максатында қылмыс-кердін белгілерін сипаттау жүйесін үсынды. Онда адамның сырткы келбетінің әр белгісі нақты анықтама мен белгіге ие болады.
Кейін анатомияның антропологияның, психологиялық, фи-зиологиялық, морфологиялық, сот медицинасының және басқа ла ғылымдардың жетістіктерін қолдану аркылы, сонымен катар тергеу, жедел-ізЛІЬтіру және сараптама тәжірибесін ескере оты-рып, криминалистикада адамның бет әлпеті туралы ілім — габитоскопия калыптасты.
Криминалистикалық габитоскопия — адамның сыртқы келбетінің әр түрлі көріністе сақталып калу зандылықтарын зерделейтін және қылмысты ашу, тергеу және оның алдын алу мақсатында адамның бет келбеті туралы деректерді жинау, зерт-теу және пайдалану әдістері мен техникалық криминалистік тәсілдерді қүрастырушы криминалистік техниканың саласы.
Адамның сыртқы кескінінің элементгер жүйесі.
Адамның сыртқы кескінінің элементгер жүйесі түрінде, яғни көрінетін детальдар (бөлшектер) ретінде қарастыруға болады,
Бастың, беттің, дененің, аяқ-қолдың құрылысы; адамның функционалдык белгілері (жүріс-тұрысы, мимикасы); жалпы физикалық деректер (жынысы, жасы, антропологиялық типі); киімі мен қолға ұстайтын ұсақ затгардың детальдары — осының бәрі криминалистік маңызы бар элементтер болып табылады.
Бір адамның бет келбеті екінші адамның бет келбетінен белгілерімен, атап айтқанда сырткы бейненің жеке сипатгама-ларымен немесе оның элементтерімен ерекшеленеді.
Криминалистік идентификация теориясында белгі зерттеулердегі зат касиеттерінің объективті көрінісі ретінде анықталады.
Габитоскопия адамның бет келбетінің белгілері жалпы бет келбетінің немесе оның элементтерінін, байқалатын сипаттама-лары ретінде аныкталады.
Сипатгамалау жалпыдан — жекеге, жоғарыдан — төменге қағидасы бойынша жүргізіледі.
Мандай — ашық (мандай беттің элементі, ал ашық белгісі) немесе күлағы — сопақ түрлі (құлақ, бет келбетінің элементі, сопак белгісі).
Адамның сыртқы бейнесінің белгілері және элементтері жүйесін классификациялауға сәйкес карастырады. Онын негізінде адамның сыртқы бейнесінің элементтері мен белгілерінің тиістілігі жатыр.
Анатомиялық элементтер мен белгілер.
Адамның сыртқы пішіні элеменггерін бақылау (зерделеу) барысында көрінетін денесінің мүшелері жатады: жалпы денесі, басы, беті, мойыны, иығы, кеудесі, арқасы, аяқ-қолы, шашы әжімдері, операция мен жаракат іздері. Олардың келесі белгілері болады: нысаны, түрі, мөлшері, орны, түсі, нұсқасы, үйлесімі элементгерінің нысаны, нүскасы, конфигурациясы (үйлесі) гео-метриялық фигуралар мен сызықтарға (үшбүрышты, ирек т.б.) және кең тараған заттарға (алмұрт тәрізді т.б.) сәйкес аныкта-лады. «Нысан» (форма) термині әмбебап мағынаға ие, ал «нұска» (контур) термині элементтердің сырткы шегін сипаттау үшін, «үйлесім» (конфигурация) термині — толықтығы мен ені маңыз-ды емес элементгерді сипаттау үшін қолданылады. «Көлем» (величина) арқылы абсолюттік және салыстырмалы мөлшер элементтің сандық сипаттамасын: үзындығын, енің, биіктігін жуандығын, т.б. белгілеу үшін қолданылады
Адамның сыртқы келбетінің бейнеленуі.
Қылмысты ашу және тергеу тәжірибесінде қолданатын адам-нын сыртқы келбетінін бейнеленуін субъективті және объек-тивті деп бөледі.
Субъективті бейнелену адамды немесе оның бейнесін көзбен бір немесе бірнеше көру нәтижесінде пайда болады. Әдетге ба-кылау (қарау) кейін онда пайда болған бейнені материалды белгіленген бейнемен (сипаттамамен, суретпен) толыктырыла-ды. Демек, шындығы, растығы көрген адамның жеке касиет-теріне және көру жағдайына байланысты бейнелену субъективті болады.
Объективті бейнелену адамның келбетін арнайы кұралдар мен әдістер арқылы кабылдау нәтижесінде пайда болады, сон-дықтан олардын шынайылығы өте жоғары.
Субъективті бейнелегенде — ойдағы бейне; сипаттама; субъ-ективті портрет жатады объективті бейнеленуге фотосуреттер; кипопленкалар; бейнетаспалар; рентген суретгері мен флюорог-рафиялар, маскалар мен адамның іздері жатады.
Субъективті бейнеленудің кең тараған түрі — ойдағы бейне. Ол көп факторлардың әсеріне, атап айтқанда: бақылап отырған адамның сол кездегі жағдайының, эмоцияларының, жынысы-ның, жасының, жалпы дамуының, кергіштігінің, мамандығы-ның (субъективті факторлар) әсеріне байланысты боладьі.