Тергеу болжауының және тергеу жоспарының түсінігі, олардың өзара байланысы.
Қылмыстың тез арада ашылуы, тергеудің сапасы, тергеушінің істі тергеуге байланысты жұмысының мақсатты және ұйымдасқан түрде жүргізілуі тергеудің белгілі бір жоспармен жүргізілуіне тікелей байланысты. Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін тергеу жоспарын жасау арқылы тергеуші тергеу барысында шешілетін сұрақтарды толық айқындап алып, осы сұрақтарды нақтылы қандай тергеу әрекеттерін, жедел іздестіру және басқа да ұйымдастырушылық шаралар жүргізу арқылы шешуге болатынын анықтап белгілейді.
Болжаудың мазмұны мен мағынасына байланысты тергеу болжауы жалпы және жеке болып екі түрге бөлінеді. Жалпы болжау ол нақты қандай қылмыстың болғандығы жөніндегі тергеушінің ой пікірі.
Сонымен тергеу болжауы дегеніміз тергеудің белгілі бір кезеңдерінде туындаған жағдайларға, жиналған айғақты дәлелдемелерге негізделген қылмыстың түрі, оның болу тетігі және қылмыстың басқа да мән жайлары жөніндегі тергеушінің ой пікірі.
Қылмыстық іс бойынша жасалған болжауларды және одан туындайтын сұрақтарды шешу үшін арнайы тергеу әрекеттерін, жедел іздестіру және басқа да анықтама жұмыстарын жүргізу керек.
Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементтері және жоспар жасау техникасы.
Тергеу жоспарын жасау белгілі бір қағидаларға негізделеді. Жоспарды жасау үстінде тергеушінің міндетті түрде ескеретін шартты қағидалары бар.Олар:жоспардың жекелігі, нақтылығы, серпінділігі, жоспарланған шаралардың іске асу айқындығы, заңдылығы және қолайлылығы.
Жоспардың жекелігі дегеніміз ол жоспардың тіке осы қылмысты ашуға, іске керектігі не осы іске байланысты сұрақтарды анықтауға бағытталуы және қылмыстық істі жүргізу үстінде жиналған дәлелдемелерге негізделуі.Анықталатын сұрақтарды, жүргізетін тергеу әрекеттерін және басқа да ұйымдық жұмыстарын тергеушінің тіке өзінің жоспарлауы оның бұл бағыттағы жұмысын шығармашылық арнаға түсіреді, сонымен қатар тергеушінің жауапкершілігін арттырады.
Тергеу жоспарының нақтылығы дегеніміз – ол анықтауға жататын сұрақтардың түсінікті және анық болуы, осы сұрақтарды шешу жолдарының нақтыланып көрсетілуі. Жоспарда жалпы және декларативті сипатта көрсетілген тармақтардың болмауы шарт.
Жоспардың серпінділігі ол тергеудің әр кезеңінде әрқилы тергеу ситуациясына сай өзгеріп тұруы.
Тергеу тәжірибесінде тергеу жоспарының бірнеше түрі бар. Жоспар бағандық және кестелік түрде жасалады.
Қазақстан Республикасының ҚК-нің “ “ бабымен ¾қарсы қозғалған N — сандықылмыстық іс бойынша жасалған тергеу
ЖОСПАРЫ
Тергеу
болжау- лары
|
Анықталатын
сұрақтар,істің мән-жайлары
|
Тергеу
әрекеттері; жедел-іздестіру ж/е басқа да жұмыстар |
Орындау
мерзімі
|
Орындау кімге жүктеледі
|
Шаралардың
орындалу нәтижесі
|
Кестеде көрсетілген әр болжау бойынша жеке жоспар жасауға болады.