- Сот сараптамасын қолдану, пайдалану әдістері.
Қазақстан Республикасында сот сараптамасын сот сараптама органдары немесе сот сараптама органдарының қызыметкерлері болып табылмайтын адамдар жүргізе алады (заңда көрсетілген – сот сараптамасы органдарынан тыс деген тұжырымға сәйкес).
Қазақстан Републикасының “Сот сараптамасы туралы” Заңының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен сот-сараптама қызметін жүзеге асыру функцияларыжүктелген мемлекеттік мекемелерсот сараптама органдары болып табылады.
Қазақстан Республикасының сот сараптама органдарының толық тізбесі аталған заңның 4-бабында көрсетілген. Оларға:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы және оның аймақтық бөлімшелері;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Сот медицинасы орталығы және оның аймақтық бөлімшелері;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен қылмыстық қудалау функциясы жүктелген мемлекеттік мемлекеттік органдар бөлімшелерінен басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес функцияларына сот сараптамасын жүргізу жатқызылған мемлекеттік органдардыфң мамандандырылған бөлімшелері жатады.
Сот сараптамасы органдарындағы сот сараптамаларын жүргізудіңіс жүргізу мәселелері ҚІЖК-нің 245-бабында сараптамамен, ұйымдастырушылық – ведомстволық заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен (ережелермен,нұсқаулықтармен) реттеледі. Әділет министрлігінің сот сараптама органдарына қатысты Қазақстан Республикасы Әдіәлет министрінің 2002 жылғы 24 қазандағы №158 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдіәлет министрінің Сот сараптамасы орталығыныдасот сараптамаларыменмамандандырылған зерттеулер жүргізе жөнінде Нұсқаулық қолданылады.
Процесті жүргізуші орган сот сараптамасы органына сараптама жүргізудітапсырған кезде оныңоның басшасына сараптама тағайындаутуралы қаулыны және қажетті материалдардыжолдайды. Сот сараптамасы орпганының басшысы дегеніміз Сот сараптамасы орталығының директоры, Сот медицинасыорталығының директоры, олардың орыныбасарлары мен Орталықтардың аймақтықбөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес функциясына сот сараптамасын жүргізу жатқызылғанмемлекеттік органдардың мамандандырылған бөлімшелерінің басшылары болып табылады.
Сот сараптамасы органыныңбасшысы сараптаманы тағайындау туралы қаулымен ұсынылыман материалдарды, егер олар тиесінше рәсімделмеген және бұл сараптама жүргізугемүмкндік бермесе, сондай-ақ егер сараптама жүргізу осы сот сараптамасыорганымен көзделмеген немесе ол тиісті мамандар мен құрал-жабдықтар болмаса, себептерін көрсете отырыпорындаусыз қайтаруға құқылы.
Сот сараптамсы орталығының бірінші басшысы нақты қылмыстық іс материалдарына, тағайындалатын сараптаманы жүргізудің қиындық дәрежесіне, сондай-ақ өзге де факторларға байланысты кез келген аймақтық бөлімшелердің бірінде сараптама жүргізуді ұйымдастыруға құқылы. Жоғары білікті сарапшылар комиссияның қатысуын қажет ететінқайталама сараптамалар, негізінде, олрталық немесе ғылыми өндірістік сот сараптамасы зертханалары базасында ұйымдастырылады, сонымен бірге оларды жүргізу үшін Орталықтың аймақтық бөлімшелерінен сарапшылар тартылуы мүмкін.
Сараптама тағайындау туралы қаулыны қабылдау кезінде сот сараптамасы органының басшысы:
- сараптаманы жүргізуді сарапшыға немесе сарапшылар комиссиясына тапсырады;
- сараптама жүргізудің мерзімін белгілейді, олардың сақталуына бақылау жасайды;
- сарапшының тәуелсіздіктері принциптерін бүзбай, сарапшылық зерттеудіңтолықтығымен сапасына, сараптама объектілерінің сақталуына бақылау жасайды;
- сарапшыларға қажетті әдістемелік көмек көрсетеді және оларды құрал-жабдықтармен, аспаптармен, материалдармен қамтамасыз етеді.
Сараптаманы жүргізу қаулыда көрсетілген сот сараптамасы органының қызметкеріне тапсырылады. Егер қаулыда нақты бір сарапшы көрсетілмесе, сарапшыны сот сараптамасы органының басшысытаңдайды және бұл туралы сараптама тағайындаған адамға хабарлайды.
ҚІЖК-нің 249-бабы 2-бөлігінде және 250-бабы 1-бөлігінде көзделген жағдайларда сот сараптамасы органының басшысы екі не одан да көп сарапшылардан комиссия құрайды. Олардың біріне комиссия қызметін үйлестіру жүктеледі.
Сараптама мерзім алдағы зерттеулердіңқиындық дәрежесіне қарай ведомстволық нормативтік актілертараптарын ескере отырып белгіленеді. Мысалы, техникалық күрделіәдістерді пайдалануды көздейтін комиссиялық көп объетілі зерттеулерді жүргізу 30 күн ішінде жүзеге асырылады, қысқартылған мерзім (3-7 күн) техникалық күрделі зерттеулерді қажететпейтін аз мөлшердегі объектілер үшін белгіленеді.
Зерттеулер жүргізу үшін 30 күннен артық мерзім қажет болған жағдайларда,онда сарапшының алдын ала іс материалдарыменүш күн ішіндетанысқан және оның сараптама жүргізугеқажетті уақытты бергеннен кейін, аймақтық бөлімшебасшысы нақтымерзімін белгілейді. Сараптама жүргізудің мерзімін ұзарту туралышешім сараптама тағайындаған органмен келісу және оның келісуіжазбаша түрде расталуы керек.
Егер сарапшы қосымша материалдар алу қажеттілігі туралы тұжырымға келсе, ол сот сараптама басшысымен келісе отырып, үш не бес күн (көп бъектілі сараптамалар үшін) мерзім ішінде сараптама тағайындаған органнан сұралады. Ерекше жағдайларда, 5 күннен ауысуы мүмкін. Аталған жағдайда өтініштіжасау күнінен бастап қосымша материалдар немесе өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы хабарлама алған күнге дейін сараптама жүргізтоқтатыла тұрады.
Өтінішті қанағаттандырудан бас тартқансараптама тағайындаған органмен келісе отырып, қаулының сұрақтарыбастапқыда ұсынылған іс материалдары жол беретінауқымда шешіледі немесе сараптаманы тағайындау туралы қаулыныорындаусыз қайтарылады.
Сарапшының қорытындысы екі данада жасалынады. Бірінші данасы сараптама тағайындаған органға жіберіледі, екіншісі-сот сараптамасы органының мұрағатында сақталады.
Сарапшы болып тағайындалған сот сараптамасы органының қызметкері өз атынанқорытынды шығарады және ол үшін жеке жауап береді. Сондықтанда сарапшығазерттеудің нәтижесін және қорытындының мазмұнын алдын ала белгілейтіннұсқаулар беругесот сараптамасы органыбасшысының құқығы жоқ. (ҚІЖК-нің 245-бабы 3-б.) алайда, сарапшының қорытындысы немесе қорытынды беру мүмкін еместігі туралы хабарламасы сараптама тағайындағанорганға тек сот сарапртамасы органының басшысы арқылы жолданады.
Сарапшының қорытындысына сот сараптамасы органының басшысы қол қойып сараптама тағайындаған органға жолданған ілеспехатқоса тіркеледі,онда сараптаманы шығару күні, оны жүргізудің құны, қорытындымәтіні мен бейнеліматериалдардың бет саны иуралы мәліметтер болады.
Сарапшының ұсынған қорытындысын оқып-зерттеу кезінде, сот сараптамасы органының басшысы қорытындының жеткілікті түрде негізделмегенін, сараптаманы жүргізумен оныңнәтижелерін рәсімдеу кезде әдістемелік және іс жүргізу бұзушылықтарын анықтаған немесе қорытындының дұрыстағына күмән келтірген жағдайларда, ол тиісті өзгертулер енгізу үшін қорытындыны сарапшыға қайтаруға құқылы.
Егер сарапшы өз зерттеулерініңжәне оның нәтижелерернің дұрыстығына сенімді болса, сот сараптамасы органының басшысы алғаш зерттеу жүргізген сарапшыны қатыстыра отырып, сараптама жүргізуді сарапшылар комиссиясына тапсырады. ҚІЖК-нің 249-бабы 4-бөлігіне сәйкес комиссиялық сараптама жүргізу барысында сарапшылы комиссияның әрбір мүшесі жеке зерттеулер көлемін жүргізеді, содан соң комиссиямүшелері алынған нәтижелерді бірлесіпталдайды және ортақ пікірге келгенде қорытындыға не қорытынды берудіңмүмкін еместігі туралы хабарламаға қол қояды. Сраапшылар арасында келіспеушілік болған жағдайда олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігіжеке қорытынды береді не пікірі комиссияныңбасқа мүшеленрінің қорытындысымен сәйкес келмеген сарапшыпікірін қорытындыда жеке тұжырымдайды.
Қылмыстық іс жүргізу заңы медициналық сараптама жүргізудің арнайы тәртібін белгілейді (ҚІЖК-нің 247-бабы).
- Сот сараптамасының жүргізуде ғылыми техникалық әдістерін қолдану
Сот сараптамасы органынан тыс сараптама жүргізудің іс жүргізу мәселелері ҚІЖК-нің 246-бабында көрсетлген.
Егер сараптама жүргізуді сот сараптамасы органының қызметкері болып табылмайтын адамға тапсыру ұйғарылып отырса, онгы тағайындау туралы қаулыны шығарғанға дейінгі қылмыстық процестіжүргізуші орган сараптама тапсыруды белгілеп отырғансубъектінің жеке басы мен кәсіптік сапаларын анықтауға міндетті.
Хабардар адамды сарапшы етіп дербес тағайындаған кезде одан бас тартуға негіз болған іс жүргізу сипаттағы кедергілердің жоқтығына сенімді болуы керек.
Сараптама тағайындау туралы қаулы шығарулған соңсараптама тапсыру ұйғарылған адам шақырылалы.
Процесті жүргізуші орган ұйғарылған сарапшының жеке басын куәландырады.Хабардар адам сарапшылықзерттеге арналған материалдарды олардың жеткіліктітуралы мәселені шешу үшіналдын ала оқып-зерттейді.
Хабардар адамның сараптама жүргізуін кедергі болатын шарттар болмаған кезде, оған қаулының көшірмесі тапсырылады, ҚІЖК-нің 83-бабында көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, оған сондай-ақ көрінеу жалған қорытынды берудің қылмыстық жауапкершілігі туралы ескертіледі. Осы әрекеттерді орындау туралы қаулыда хабардар адамның қолымен күәландыратын белгі қойылады. Дәл осы сәттен бастап ол нақты қылмыстық ісбойынша сарапшының іс жүргізу мәртебесінеие болады. Осылайша сарапшы жасаған шағым мен оның өтініші белгіленеді. Сараптама тағайындаған адам сарапшының өтінішін тағайындамау туралы дәлелді қаулы шығарады.
Сараптама тағайындау туралы қаулының көшірмесімен бірге бір мезгілдесарапшыға зерттеуге арналған қажетті іс материалдары қолхат ала отырып тапсырылады.
Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық процесті жүргзуші орган комиссиялық,кешенді, қосымшажәне қайталама сараптамаларжүргізуді ұйымдастыруға құқылы.
Сараптама жүргізу тапсырылған адамды шақыру талабы ол жұмыс істейтін ұйым басшысы үшін міндетті.
- Сот сараптамасына берілген объектіні қайтадан тексеру жолдары
Сараптаманы жүргізу барысындапролцесті жүргізуші орган және сарапшы өзара әрекеттерді жүзеге асырулары мүмкін, ал бұл нақты іс боыйншасот сараптамасының мүмкіндіктерінкеңейтуге мүмкіндік туғызады.
Сараптама тапсырылған сәттен бастап хабардар адам сараптама тағайындаған органға (адамға) қатысты тәуелсіздік пен өзіндік дербестікті сақтай отырып, белгілі бір іс жүргізуөклеттілігіне ие болады.
Алайда, қылмыстық процесті жүргізуші органныңфункциясы тек сараптаманы тағайындауменжәне сарапшыға немесе сот сараптамасыорганына материалдарды тапсырумен шектеліп қана қояды ыдеп айтылығандық емес.
Кезінде тергеушінің сот сараптамасын “басқаруы”туралы тезис шығарылып,сондай-ақ әдебиеттердепрокурордың сарапшы қызметіне қадғалаужүргзу жөнінде де сөз қозғалды.
Алайда, сарапшының үстінен процесті жүргізуші органның басқару рөлі мен бақылау функциялары туралы айтлары туралы айтуға бола ма, гегер болса ол неден көрінеді? Принципті түрде мұндай бақылаудыңтек екі аспектісі – іс жүргізу және әдістемелікті айтуға болады.
Сарапшыға сараптама тағайындау органның іс жүргізу бақылау тралы мәселе оң шешіледі. Қылмыстық процестіжүргізуші органныңбелсенді рөлі іс жүргізуережелерінен көрінеді,тергеу тактикасыменсот ісін жүргізу мақсаттарымен анықталады. Сот сараптамасы – процесті жүргізуші органның бір жағынан, сарапшының екіншіжағынан суретке асыратын іс жүргізу әрекеті. Сараптаманы тағайындау фактісі, сарапшыны таңдау, сарапшы тапсырмасының көлемі, зерттеуге ұсынылатын материалдар процесті жүргізуші органғабайланысты болады.
Бірқатар ТМД елдерінің ҚІЖК-не сәйкес тергеуші сараптамаға құқылы, бұл оған зерттеу барысында тікелей бақылау жасаға мүмкіндік береді. Тергеушінің сараптама тағайындалғаннан соң да сарапшы тапсырмасын түзету, сондай-ақ араптамангы жүргізуді толығымен немесе ішінара тоқтату құқығы сақталған. Тергеуші дер кезінде қосымша материалдарды ұсынуқажеттілігін, жаңа дәлелдерді жинау қажеттілігін анықтайды, жаңа дәлелдерді анықтауды белгілеуді, сарапшы қорытындысын бағалауда пайдалы ақпаратты алады.
Алайда, сарапшы зерттеу әдістемесін таңдауда, жүргізілген зерттеулердіңнәтижелерін сарапшылық бағалауда ерікті.
Әдебиеттерде сараптама жүргізу кезінде процесті жүргізуші органның белсенділігін көтеру бағытталған негізгі ұсыныстар бар: сарапшының пайдалануына әдістер, техникалық құралдар ұсынылуы мүмкін, алайдабұлар ұсыныстық сипатта болып, оларды сарапшы өзінің қалауымен пайдаланады.
Қазақстан Республикасыныңы іс жүргізу заңында, ҚІЖК-нің 244-бабы 1-бөлігінің 5) тармағында көзделгеннен басқа жағдайларда (яғни, бір мезгілде сезіктімен, айыпталушымен не жәбірленушімен бірге), сараптама тағайындаған органмен сараптама жүргізу кезінде қатысу құқығы көрініс таппаған.
Алайда, кез келген процесті жүргізуші орган іс бойынша әрбір іс жүргізу әрекеттеріне қатысушы бола отырып, әрине, мұндай құқыққа ие болады. Сараптама жүргізу кезінде оның қатысуы сараптаматақырыбына қатысты қосымша мәселелер қоюға, қосымша материалдар ұсынуғажәрдемін тигізуі, ал оларды ұсынудың қажеттілігімен мүмкіндігі сараптаманы жүргізу барысында анықталуы мүмкін.
Егер процесті жүргізуші орган сараптама жүргізу кезінде өзініңқатысуын қажет деп тапса, онда ол бұл жөніндесарапшыға хабарлауы тиіс.Сарапшы сараптама жүргізудің орны мен уақытын хабарплайды.
Процесті жүргізуші орган барлық сарапшылықзерттеуді жүргізу кезінде де, сондай-ақ оның жеке кезендеріне қатысуға құқылы. Алайда, ол сарапшының қорытынды шығару кезінде (қорытыныды беру мүмкін еместігі туралы хабарлама), ал комиссиялық немесе кешендісараптама жүргізу жағдайында, зерттеу қорытындыларын талқылауға қатысуға құқысы жоқ.
Сарапшы мен сараптама тағайындаған органның арасында әдістемеліксипаттағы мәселелер бойынша келіспеушілік болған жағдайларда,соңғысының қарамағында іс жүргізу құралдары болады, оларды сарапшының қорытындысын алғаннан және бағалағаннан кейін пайдаланылуы мүмкін, олар – сарапшыдан жауап алу, қосымша немесе қайтылымасараптама тағайындау, құзіретті жоқтығы себептерімен сарапшыға қарсылық білдіру.