Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарында орнықты экономикалық өсуі қамтамасыз етіліп, соның негізінде жеке бастамашылық пен кәсіпкерлік қанат жайып, сыртқы сауда мен инвестиция тартылымы белсенділікке ие болды.Қазақстан экономикасы жыл сайын 9-10% қарқынмен өсіп келеді. Өткен онжылдықта елдің ІЖӨ 5 есеге артты (22 млрд. АҚШ долларынан 100 млрд. долларға дейін).
Бүкіләлемдік банктің саралауы бойынша Қазақстан орта деңгейлі табысы бар елдердің тобына кіреді. 2007 жылы жан басына шаққандағы ІЖӨ 7 мың АҚШ долларына теңеледі.
Бүкіл әлемдік банктің бағалауы бойынша Қазақстан әлемдегі инвестиция үшін аса тартымды жиырма мемлекеттің қатарында. Қазақстан экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 70 миллиардтан астам АҚШ долларына жетті. Өз кезегінде қазақстандық бизнес те шет елдерге белсенді инвестиция салуда (26 млрд. АҚШ доллары).
Ұлттық қор қаржысын қоса есептегенде, елдің халықаралық активтері 40 миллиард АҚШ долларынан асады.
Соңғы он жылда сыртқы сауда айналымы 6 есеге артты, 2007 жылы 80 миллиард АҚШ долларын құрауы мүмкін.
Қазақстанның жетекші компаниялары («ҚазМұнайГаз», «Қазақмыс», «Қазатомпром» және басқалар) халықаралық бизнес жүргізу деңгейіне қол жеткізді және ғаламдық экономика әлемінде таныла бастады.
Қазақстан – бұл әлемдік сарапшылар үздіктердің бірі деп таныған қаржы және банк жүйесі қалыптасқан ел. Елімізде «Қазкоммерцбанк», «ТұранӘлем» банкі, Халық банкі сияқты жоғары халықаралық рейтингке ие ірі банктер жұмыс істейді.
Республикада бизнесті дамыту үшін барынша жайлы жағдай жасалған.
Қазақстан – жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлес қосып отырған мемлекет. Қазақстан әлемде мұнай қоры бойынша – 7-ші орынды, газ қоры бойынша – 6-ші орынды, уран қоры бойынша – 2-ші орында иеленеді. 2017 жылы Қазақстан әлемдегі ірі мұнай және газ өндірушілер мен экспортқа шығарушыларының ондығына кірмек.
Сонымен бірге, Қазақстанда тау-кен саласы, түсті және қара металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы, шағын және орта бизнес және басқа да көптеген салалар серпінді дамуда.
Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруге әзірлік үстінде және іс жүзінде заңнамалық базаны ДСҰ-ның талаптарына сәйкестендірді.
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізді әлемнің 50 бәсекеге қабілетті елдер қатарынан табылуы үшін алдымызға нақты міндеттер қойды. Бұл міндетті орындау үшін қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеулерін алға жылжыту, өзіміздің бәсекеге қабілетті инновациялық технологияларымызды құру қажеттігі ашып көрсетілді.
Бұл жерде ғылымда көптеген жаңа бағыттар ашу емес, керісінше, бар бағыттарды нәтижеге жететіндей қылып азайту, яғни экономикамызға жақын арада мақсатты нәтиже беретін бетбұрыс алу керек. Нанотехнологиялар – бұл қазақстандық ғылымда бар бағыттарды белгілі – бір және еліміз үшін маңызды деңгейге дейін қысқарту. Әңгіме қазір жүргізіліп жатқан зерттеулерді әкімшілік қысқарту, мәселен, «Ғарыш саласын дамыту» бағдарламасында қарастырылған немесе биотехнология, фитохимия, метеллургия және т.б. салалардың басты зерттеулерін жабу немесе қысқарту жөнінде емес, қазіргі кезде әрекеттегі қазақстандық ғалымдардың нанодеңгейдегі материя құрылымын басқарумен байланысты бағыттардан нақты пайдаға асатын тауарлық формалар алуға бағыттау жөнінде болып отыр. Нанотехнологияның даму тарихына көз жүгіртсек. XIX ғасырда Левенгуктың микроскобынан кейін адамдардың жаратылыстану ғылымын салаларға бөлу процесі аяқталды – физика, астрономия, химия және биологияға. ХХ ғасырда, әсіресе 1931 жылы электрондық микроскоп ойлап табылған соң, ғылымды материяға терең ену деңгейіне қарай интенсивті бөлшектеу басталды, мәселен физика молекулярлық, атомдық, ядерлық, кванттық болып бөлінді.
Химия мен биология да дәл осындай өзгеріске ұшырады, атомдық химия, молекулярлық және микробиология, генетика және т.б. пайда болды. Сонымен бірге жаңа салалар интеграциясы да қатар дамыды, мәселен химия мен биологияның, биологияның химия мен физикамен, жаңа өз алды пәндер дамыды, мысалы бионика, кванттық химия және т.б.
ХХ ғасыр ортасында бұған технологияның жетілуіне бағытталған ірі бизнес қосылды. Bell фирмасы зертханасында жаңа ақпараттық эра көзі болып табылатын алғашқы транзистор құрастырылды.IBM фирмасының зертханасында зондтар көмегімен жеке атомдарды орынын ауыстыра отырып, жаңа қасиеттері бар керемет материалдарды құрастыруға мүмкіндік берген магниттік зондтық микроскоптар сериясы жасалды.
Бұл екі жаңалық ғылым мен технологияға «нано» деген тіркес беріп, наноғылым мен нанотехнологияларды дүниеге әкелді.2005 жылы IBM зертханасы қызметкерлері жекелеген атомдарды көруге және жекелеген электрондарды басқаруға мүмкіндік беретін жаңа микроскоп түрін жасап шығарды. Әлем «басқарылатын материя» жөнінде айта бастады, ал желілік компьютерлік технологиялардың дамуы 10 -9 және одан да төмен дәрежесінде жаңа «нанотехнология» деген атау алған технологиялардың көмегімен материяның атомдарының үлкен санын жеке басқарудың нақты екендігін дәлелдейді.
Материалдар мен жүйелерге жаңа жаңа қасиеттер бере отырып, нанотехнологиялар барлық әрекет ететін техникалар мен өнеркәсіптің облыстарында прогресстің қозғаушы күшін қамтамасыз етеді.
Өйткені, нанотехнологиялар материялардың атомдық құрылымдық деңгейінде басқарады, бұл бүгінде барлық сферадағы өндірістің күнделікті әдістеріндегі көптеген инновациялық шешімдердің негізі болып табылады. Әңгіме генетика тәралы болсын, клондау немесе бактериялар немесе микроорганизмдер, көлік жасау немесе тамақ өнеркәсібі болсын, барлық жерде де инновациялық шешімдер көбіне нанотехнологиялармен байланысты. Нанотехнологияның бұндай рөлі ғылым мен технологияның сферасында бәсекеге қабілетті технологиялық даму мен өзінің интеллектуалды меншігін дамыту үшін қажет сыни технологияларды қалыптастырады.
Қазақстан ғалымдарының нанотехнология аумағындағы барлық еңбектерін жинап, оларды өздік құндылыққа аударып және оның дамуына әсер ету – міне Елбасының нақты қойып отырған міндеттері. Салалық ҒЗИ мен зертханалардағы жұмыс үстіндегі ғалымдар үлкен ізденістер жолында еңбек етуде. Ендігі жерде еліміздің материяның наноқұрылымдық деңгейінде жұмыстанып жатырған ғалымдардың барлық күштерін біріктірудің тиімді механизмін жасау қажет. Асқан дәлдікпен реттелетін көлем мен құрамды наномасштабты құрылым элементтерін талдау, соңынан бұндай элементтерді керемет қасиеттер мен функцияларға ие ірі құрылымдарға жинақтау өнеркәсіптің көптеген салаларында өзгерістер төңкерісін тудырады. Нанотехнологияның дамуы қоғам өміріне микроэлектроника мен интегралды кестелерден де көбірек қуатты өзгерістер әкеледі, өйткені нанотехнологиялар электроникаға қарағанда өнеркәсіптің көп салаларын қамтиды. XXI ғасырда өндіріс пен әлеуметтік өмірде түбегейлі өзгерістерге әкелетін ғылым мен техниканың төңкерісі болуы тиіс.
Қазақстанда нанотехнологиялар мен аралас пәндер облысында зерттеулер жүргізетін және жетістіктері бар ғылыми ұжымдар бар. Бұл жартылай өткізгіштер мен металл жүйесі наноқұрылымдары мен нанокластерді талдау облысындағы зерттеулер, нанокөлемді катализаторлар, сенсорлық наноқұрылымдық материалдар мен көміртекті наноқұрылымдар облысындағы құралдар. 2003 жылдан бастап наноқұрылымдық зерттеулер Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің фундаменталды зерттеулері бағдарламалары бойынша жүргізіле бастады. 2006 жылдан бастап наноматериалдар мен нанотехнологиялар бойынша қосалқы зерттеулер индустрия және сауда Министрлігінің «2006–2008 жылдардағы түрлі мақсаттардағы перспективалық жаңа материалдарды жасау» бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылып келді.
Қазақстан экономикасы диверсификациясы үшін қабылданған артықшылықты бағыттар бойынша нанотехнологиялардың үлкен маңызы бар. Әсіресе, металлургия кластерінің дамуы үшін нанотехнологияның маңызы басымырақ. Қазіргі кезде ұнтақты және композициялық материалдар рөлі ұдайы өсіп келеді және бұл сферада қазақстандық ғалымдар қондырғыш материалдардың қызмет мерзімін ұзартатын жаңа нано және композициялық жабындар, машиналар мен механизмдердің жоғары төзімді және отқа шыдамды тетіктері үшін наноқұрылымды легирленген ұнтақты құрыш пен құймалар, түсті және сирек кездесетін металлдардың аса таза ұнтақтарын, күн энергетикасы мен электрондық техника үшін жартылай өткізгіштер материалдарын алу технологияларын жасақтауда елеулі жетістіктерге жетті. Иондар мен химиялық қосындылар нано көлемге, яғни 10-9 м тең. Бұл рудаларды өңдеген кезде иондық және жұқа қабатты флотацияны, әртүрлі сепарацияларды (фото және радиометрикалық, электромагниттік т.б.) қолдануға мүмкіндік береді. Нанотехнологиялық зертханалар нанотехнологиялардың қоршаған ортаға әсерін алдын- ала анықтай алатындай құрал жабдықтар мен білікті мамандармен жабдықталуы керек. Семейдегі ядролық полигондағы ядролық және термоядролық технологияларды зерттеулер жүргізген кездегі қайғылы жағдайларлы естен шығармауымыз керек.Нанотехнологияның информациялық саламен бірлескен еңбегі үлкен жетістікке әкелуі анық. Қазіргі кездегі нанотехнологиялар нарығына салым 2,5 млрд евро ғана бөлінсе, Еуропалық одақтың басты атқарушы органы 2010 жылы салым көлемі 100 млрд евроны, ал 2015 жылы 1 трлн евроға өседі деп болжамдайды. Электрондық құрылғылардың көлемі асқан жылдамдықпен кішірейіп келе жатырғанын ескерсек, жетекші әлемдік державалар және корпорациялар информациялық салалар алдыңғы орындардың біріндегі нанотехнологиялық бағдарламаларға инвестицияларын өсіруге ұмтылыстарын айқын байқауға болады.
Егер шет елдерді мысалға келтірсек, мәселен жапония икемді күн батареялары мен FOLED-дисплейлерді дайындауда жетекші орында келеді. FOLED – икемді органикалық дисплей. Қазір бұған ұқсас құрылғылардың прототиптері келесі толқында ұялы байланыс пен видеокамераларда, цифрлық фотоаппараттарда жаппай кеңінен қолданыла бастайды.Sharp компаниясы 1 ден 3 микрометр аралығындағы, яғни бірден үш мың миллиметрге дейінгі қалыңдықтағы пленка түріндегі күн батареясын жасап шығарды. Бұл қазіргі кездегі аналогтардан 100 есе кіші.Күн батареялары қабатымен ұялы телефондар, көліктер,тіпті арнаулы киімдерді жабу жоспарлануда.Сонымен қатар, бұл батареялардың FOLED-дисплеймен интеграциясы да күтілуде. Екі визит кәртішкесі ауданындай икемді өте жұқа күн батареясы салмағы тек қана 1 г және қуаты 2,6 Вт. Құрастырушылар мәліметінше, бұл велосипед жарық шамын электроқуаттауға әбден жетеді. Информациялық технологиялар мен нанотехнологиялар арасындағы осындай тығыз байланыс тек қана информациялық технологиялар саласы әлемдік нарығы мен болашақтағы перспективалар тұрғысынан ғана емес, ең алдымен, жоғарыда тоқталғанымыздай, осы жерде информациялық технологиялар саласы мен нанотехнологиялардың байланысы сферасында салмақты үлесі бар қазақстандық ғалымдар бәсекеге қабілетті орын ала алатыны тұрғысынан өте маңызды. Қазіргі таңда Қазақстанда әрекет ететін Ұлттық нанотехнологиялық зертхана өз қызметі барысында нанотехнологиялармен айналысатын ел ішіндегі ғалымдар ұжымына арқа сүйейді: Физико-техникалық институт, Қазақ ұлттық университеті, металлургия және байыту институты, химиялық ғылымдар институты, органикалық катализ және электрохимия институты, Қарағанды мемлекеттік университеті, Евразиялық ұлттық университет. Бүгінгі күні Қазақстан әлемнің жетекші нанотехнология орталықтарымен келісімде. Олар Корнель университеті; Олбани, World Technology Evaluation Сenter, Inc. Университеті жанындағы «Олбани НаноТех» Ренселеров политехнологиялық институты; АҚШ тың әскери теңіз флоты зертханасы; Дрезден, Техникалық университеті; Жапония, Материалтану Ұлттық университеті; Гренобль, Микро және нанотехнологиялар инновациялық орталығы; Лондон, Университет колледжі; Иоффе атындағы физика- техникалық институт, РҒА СО жартылай өткізгіштер физикасы институты, Қатаң заттар физикасы институты, П. Л. Капица атындағы физикалық мәселер институты, Қазан физика техникалық институты, Ресей; Жартылай өткізгіштер және қатаң заттар физикасы институты, Қосалқы физика институты, Белоруссия; Жартылай өткізгіштер физикасы институты, Электрондық физика институты, Қосалқы физика институты, Украина.
Бұның бәрі жастардың алдында шексіз мүмкіндіктер ашады. Өйткені, нанотехнологияның жемісті жетістіктеріне қарамастан, олардың нәтижелерін жаппай тираждау технологиялары бүгінгі күнге дейін әлі құрылмай келеді.Нанотехнологияның потенциалды мүмкіндіктері мен қазіргі кездегі бизнесте қолданылатын тауарлық формалары арасында үлкен алшақтық орын алған. Нанотехнологияның көптеген керемет өнімдері жаппай өндіріс тауарларына айналмай отыр, сондықтан бұны жүзеге асыратын технологияларды іздестіру әлемнің барлық жетекші корпорациялары мен зертханаларындағы стратегиялық міндеттердің бірі болып табылады. Әрбір жас қазақстандық адамдармен талап етілген ғылым мен технологияның жаңа саласында ұлы жаңалықтар аша алады.
Композиттік наноматериалдар бүгінде тек қана Mercedes секілді қымбат тұратын көліктерде ғана қолданылады, бірақ оның жақын арада көптеген көліктерге қолданыла бастайтыны сөзсіз, өйткені алғашқы компьютерлердің өздері де ең алғашында тек қана элита, яғни үлкен көлемдегі есептеулермен айналысатын ғалымдар үшін арналып шығарылғаны, ал қазір аяқ астынан планетадағы көпшіліктің ажырамас күнделікті қажет тауарына айналып отырғандығы белгілі. Нанотехнологияның қазіргі кездегі қымбат тұратын тауарлық формаларымен де ерте, кеш пе дәл осылай болатындығы сөзсіз.Қазақстандық ғалымдар адамға қажет осы салада өздерінің интеллектуалдық үлестерін қосуына үлкен мүмкіндік алып отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Казахстан: в цифрах и фактах.- Алматы: Статистика, 1998
- Материалы сайта «Межрегиональный центр делового сотрудничества» www.mcds.ru
- www.cvi.kz сервері материалдары
- Модели перехода от административной экономики к рыночной. Под ред. Байзакова С.Б. — Алматы: Рауан, 1997
- Морозов Т.Р., Победина М.П., Поляк Г.Б. Региональная экономика: учебное пособие. — М.: Банки и биржа, ЮНИТИ, 1995
- Назарбаев Н.А. Долгосрочная стратегия развития Республики Казахстан: «Казахстан — 2030» — Алматы: Рауан, 1998
- Тонкопий М.С.Экономика природопользования» — Алма-ата, 2000
- Хасбулатов Р.И. Мировая экономика — М.: ИНСАН, 1996
- Эрхард Л. Секреты «экономического чуда».- М.: БЕК, 1997
- stat.kz сайты материалдары