Mенің жүрек қалауым

студент дәптері, хрестоматия, «Өзін-өзі тану» пэніне кіріспе» оқу құралы.

Адамның өмірінде дер кезінде өзінің бейімділігін, бір нэрсеге икемдігін, өзінің жолын тауып, дүрыс бағытын анықтауы өте маңызды. Өзін неге, қандай іске арнағанын біреу ерте, біреу кеш түсінеді. «Осы өмірде менің немен айналысқым келеді жэне менің неге икемім, ебім бар?» Біреулер бүл сұраққа 10-12 жасынан бастап жауап іздей бастаса, кейбіреулер қырыққа келгенде де ғана бүған көңіл аударады екен. Бірақ сіз қанша жаста болсаңыз да, өз өміріңізді жақсы жаққа бүруға ешқашан кеш болмайды. Тек қана тура жолды, өмір жолын тандауды адамның өзі жасайды: оның өзі эрқашан кім болуға талаптанса, сол болады. Бірақ кейде жас жігіттер де, бойжеткендер де өз өмірін неге арнап, бағыттайтынын элі білмейді, өмір жолын айқындамайды. Олардың таңдауы өте көп, қайсысын жүректері қалайтынын өздері де анық сезінбейді. Не болмаса, керісінше, олар өздерін еш нэрсе қолынан келмейді деп есептеп, не істерін білмейді. Бүл жағдайда не істеу керек? Жастарға өз тандауын жасап, өмірден өз орнын табуына қалай көмектесуге болады?

Ең алдымен, эркімнің есінде болатын нэрсе — эр істің мақсаты туралы ойлаған дұрыс, ал өмірдің мақсаты — алға ұмтылу ғой. «Өмірдің мэні мақсатқа жету жолындағы эрекеттің парасаттылығы мен пәрменділігінде, ендеше тұрмыс-тіршіліктің эрбір сэтінде алда үлкен мақсат тұруға тиіс», — деп А.Горький айтқандай, мақсатымыз -өмір жолын табу үшін оқу мақсат, өзіңмен жұмыс істеу мақсат, өзіңці тэрбиелеу мақсат. Көпжылдық ізденіс пен қажырлы еңбектің нэтижесінде ғана белгілі бір нәтижеге жетіп, белестен асуға мүмкіндік туады.

Жүрек қалауымен мамандық таңдауда сізге ата-анаңыз, мүғалім-дер мен өз саласы бойынша тэжірибесі мол мамандар көмек көрсете алады. Бірақ ең тэжірибелі деген кісінің өзінің де сіздің жасайтын таңдауыңызды шешуге қүқығы жоқ. Ең басты, шешуші мэселелер, мысалы, мамандық тандау, өмірлік серігіңізді таңдауды сіз өзіңіз ғана жасап, сол үшін жауапкершілікті өз мойныңызға алуыңыз керек. Егер қателессеңіз, соңында ол қатені өзіңіздің түзетуіңізге тура келеді, ал енді басқа біреу қателессе, сіз өз өміріңізді, өз бақытыңызды сарп етіп, құрбан етіп, өзгенің қатесін түзетуге мэжбүр боласыз.

Өмір жолыңызды тандауда өзіңіздің ішкі дауысыңызды тындағаныңыз жөн, ол көп жағдайда анағұрлым қателеспейтін жетекші болады. Жай ғана уақытты өткізіп өмір сүруге болмайды,

«уақытгы малайларша өткізбейтіндей жағдай жасау керек, себебі адамның қолында — іс, басында — ой болмаса, тап сол сэтте-ақ жүрегі де, адамшылығы да бүліне бастайды» (К.Д.Ушинский). Бүгініміз -өткеннің нэтижесі, эрі болашақтың бастамасы болғандықтан, «ұйықтар алдында өткен күнде өзіңнің не істеп, не тындырғаныңды ой елегінен бір өткізбей тұрып, көз жүмушы болма» (Пифагор).

Егер сіз өз таңдауыңызды жасасаңыз, эрқашан ойлаңыз: сіз оған адал, берілгенсіз бе, өміріңіздің аяғына дейін артатын жүгіңіздің салмағын сезесіз бе? Әрбір мамандық пайдалы жэне игілікті, ал эрбір адам өз мамандығына байланыссыз өмірде лайықты, керек, өз орны бар адам, азамат бола алады. Бейімділік тек мамандық таңдаумен ғана шектеліп қоймайды. Ең соңында эр адам өз орнында адамдардың жүрегіне жол таба алатындай, жердің нэрі және элемнің жарығы болып, тек қана жақсы істер жасауы тиіс. Сондықтан сіздердің болашақта немен айналысып, өздеріңізді неге арнайтындарыңызды анықтап, бағдарлауға әлі де болса кеш емес.

Өмірдегі орныңызды тауып, жүрегіңіз қалайтын іспен шүғылдаиу неліктен қажетті деген сұраққа қосымша мынадай себептер бар:

  1. Сүйікті ісіңізбен айналыса отырып, сіз оған бар уақытыңызды арнап, тез арада өз салаңызда озық маман боласыз, өз ісіңіздің шебері атанасыз.
  2. Сүйікті ісіңізбен айналысу сізге күш-жігер беріп, қуатыңызға қуат қосып, өзіңізді жігерлі, қуанышты, мықты^кэне сергек сезінесіз.
  3. Сіз мейірімді,ақжарқын болып,агрессивтілік дегеннің не екенін ұмытасыз.
  4. Сіз өзіңізді мақсаттарыңызға жеткен адам жэне өзіңізге сенімді сезінесіз.
  5. Ең ақырында, тек сүйікті ісіңізбен шүғылдану арқылы сіз шын мэніндегі қолыңыз аузыңызға жеткен, қамсыз адам боласыз.

Ә дегеннен өзіңіздің сүйікті, үнайтын ісіңізді таба алмасаңыз, уайымдамаңыз. Ештеңеден қорықпаңыз. Есесіне тэжірибе жинақтайсыз. Ал тэжірибе дегеніңіз — ең қымбат тауар. Мүмкін сіз екінші, үшінші жұмыста өзіңізді сынап көрерсіз. Бірақ нәтижесінде өз мүмкіндіктеріңізді толық ашатындай, көңіліңізге ұнайтын істі табарсыз. Сондықтан, міндетті түрде іздеңіз, ойланып, таразылаңыз. Ешқашан берілмеңіз, табанды болыңыз, ұнжырғаңызды түсірмей, сеніммен қараңыз жопе міндетті түрде сеніміңіз, үмітіңіз, дұрыс таңдауыңыз сізді алдамайды, көздеген межеден шығатын боласыз.