Батыс Қазақстан облысындағы 2007-2008 жылдардағы саяси – экономикалық ахуал

Батыс Қазақстан облысында шағын кәсіпкерліктің дамуы көрсеткіштеріне тоқталсақ, 2007 жылдың 1 мамырынақаладағы есепті деректер бойынша 15467 шағын бизнес субъектісі тіркелген, олардың 10847– сі қолданыста (70 %), еңбек ететіндер саны 22207 адамды құрайды.Былтырғы жылмен салыстырғанда тіркелген шаруашылық субъектілерінің саны 9,2% ұлғайды. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатындардың үлесі экономикалық белсенді тұрғындарға қарағанда 22 % құрады.Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен 9733,4 млн. теңге сомасында өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өндірілді. Өнім өндіру, жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемінде сауданың ең жоғары салмағы сақталады.Бюджет кірісіне 1214,0 млн. теңге сомасында шағын бизнес субъектілерінен төлемдер түсті, соның ішінде заңды тұлғалардан- 840,4 млн. теңге, жеке тұлғалардан-373,6 млн. теңге (соның ішінде біржолғы жинақ-30,5 млн. теңге). Салық комитетінің нақтыланған деректері бойынша қаладағы өнеркәсіп өндірісі бүгінгі таңда ет пен бидайды қайта өндеуге мамандандырылған, заңды және жеке тұлғаларға бағынышты нан-бөлке, макарон және кондитер өнімдерін, т.б. тауарлар (өнеркәсіп пен азық-түлік тауарлары) өндіретін 79 шағын қайта өндеуші цехтармен іске қосылған, олардың қолданыстағысы 37 мини-цехтар, 357 адам еңбек етеді.Жылдың басынан бері салық комитеті арқылы 2055 патент және 822 куәлік берілді, тіркеу салымы 14,1 млн.теңгені құрады.Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 58 жер учаскелері бөлінді (5,11га), оның ішінде сатып алынғаны -26 (2,60 га). Сонымен қатар 75 оңды қорытынды тұрғын үйлердің бірінші қабаттарын қайта жоспарлауға берілді, қайта жоспарлауға 50 рұқсат берілді, оның 46 қайта жоспарланып іске қосылды, осыған сәйкесті 22 дүкен, 13 офис, 1 тіс оңдайтын бөлме, 5 дәріхана, 5 дәмхана. 2007 жылдың қаңтар-сәуір айында алкоголь өнімдерін сатуға (сырадан басқа) 37 рұқсат берілді (оның — 33 жеке тұлғаға, 4 –заңды тұлғаға) рұқсат салымы 412,6 мың теңгені құрады.

2007 жылдың қаңтар мен сәуір айында жүзеге асырудың барлық каналдары бойынша бөлшек тауар айналымы 14618,7 млн. теңгені құрайды, келесі кезеңге сәйкес былтырғы жылдан 16,4 % өскен.Нарық айналымының тауар айналымы жалпы көлеміндегі бөлшек салмағы 106,1% немесе 9589,8 млн теңгені құрап отыр. Нарықсыз тауар айналымы көлемі 43,2 өсіп, 5028,9 млн теңгені құрап отыр, оның себебі тұтыну мәдениетінің өсуіне байланысты және де тауарларды жиі дүкендерде және нарықтарда сатып алуына байланысты .Көтерме сауда айналымы көрсетілген мерзімде 51418,7 млн теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда келесі кезеңге сәйкес 2,0 есеге өскен.Нарықтын тауар массасы жылдан жылға көбейіп жатыр, тауар ассортименті тұтынушыларға үлкеуінің белгілеу керек. 2007 жылдың 1 мамырына тауар қалдықтарының көлемі: көтерме саудада – 907,1 млн теңгені құрап отыр, бірақ негізгі тауар қалдықтары бөлшек саудада – көрсетілген күніне 1513,5 млн теңге құрап отыр. Тауар айналымының өсуі сауда кәсіпорындарының өсуіне, тұтыну тауарларының көбеюіне және халықтын табысының өсуіне қамтамасыз етіледі.01.05.2007 жылға қалада 995 дүкен мен сауда үйлері, 28 базар, мұнымен қоса 1 шағын базар жұмыс істейді.Халыққа қызмет көрсету саласын: қоғамдық тамақтандыру 268 объектілері, 150 шаштараз, киім тігу мен жөндеу бойынша 20 ателье, 38 авто шеберхана, 50 автозаправкалық станциялар, аяқ киімді тігу мен жөндеу бойынша 65 шеберхана, 24 монша мен сауналар.2007 жылдың қаңтар мен сәуір айлары қоғамдық тамақтандыру кәсіпорын көлемі 185,8 млн. тенгені құрап отыр.Автомобиль, мотоциклдерге техникалық қызмет көрсетулер, жеке пайдалану құралдарын жөндеу, күнделікті тауарлар көлемі 2173 мың теңгені құрап отыр.Батыс Қазақстан облысында 2007 жылы инфляцияның жалпы деңгейі 116,4% құрады, ол республикалық көрсеткіштен 2,4 пайыздық пунктке төмен.
Азық-түлік тауарларының бағасы 24,2% өсті (республикалық көрсеткіш – 126,6%), ол май және жануар май бағасының 58,4% (күнбағыс майы – 89,7%, жануар майы – 21,3%), нан және жарма өнімдері – 42,6%, макарон өнімдері – 49,4%, сүт өнімдері – 35,2%, жұмыртқа – 48,5%, ірімшік және сүзбе – 31,3%, шұжық өнімдері – 19,1%, кондитер өнімдері – 17%, алкогольді сусындар мен темекі өнімдері – 16,2%, ет және ет өнімдері – 12%, картоп – 16%, көкөніс пен жеміс – 16,2% (соның ішінде қызылша – 28,1%, орамжапырақ – 17,9%, пияз- 3%) қымбаттауымен түсіндіріледі.
Азық-түлік емес тауарлардың баға индексі 10% құрады, ол республикалық көрсеткіштен 0,5 пайыздық пунктке төмен. Аудио визуалдық жабдықтар бағасы 6,2%, газеттер, кітаптар мен кеңсе тауарлары – 13,9%, жуғыш және тазалағыш құралдар – 10,5%, автокөліктер – 7,7%, тұрғын үйді күнбе-күн ұстап-күтуге арналған тауарлары – 9,8%, ойыншықтар – 7%, жеке гигиена тауарлары – 9,2%, тұрмыстық аспаптар – 8%, зергерлік бұйымдар, қол және қалта сағаттар – 7,2%, құрылыс материалдар – на 32,8%, спорт, туризм және демалысқа арналған жабдықтар – 20,5%, дизель отынының – 18,1%, бензиннің бағасы 13,7%-ға өскені байқалады.
Ақылы қызмет көрсету құны 11,3%-ға өсті, ол республикалық көрсеткіштен 4,1 пайыздық пунктке төмен. Қонақ үйлер мен мейрамханалардың 38%, амбулаториялық қызметтерінің – 24,6%, білім беру қызметтерінің – 14,1%, шаштараздар мен сұлулық салондарының – 34,2%, киімді тігу, тазалау және жөндеу – 21,4%-ға қымбаттауымен түсіндіріледі. Газ 16,7%-ға қымбаттады (соның ішінде сұйытылған газ – 37,5%), қоқыс жинау – 42,9%, электрқуат тарифі – 6,7%.

2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жұмыспен қамту қызметінде 3277 адам есепте тұр, экономикалық тұрғыдағы белсенді халыққа тіркелген жұмыссыздар үлесі 2007 жылғы 1 қаңтардағы 1,2%-дың орнына 1,0% құрады.

Облыс халқын жұмыспен қамту 2006-2007 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша 2007 жылы 5754 жаңа жұмыс орнын құру көзделген, 10987 жаңа жұмыс орындары құрылды, соның ішінде экономикалық қызмет түрлері бойынша: өнеркәсіпте – 675, ауыл шаруашылығында – 1142, құрылыс пен коммуналдық шаруашылықта – 1492, саудада – 1265, көлік пен байланыста – 428, білім беру мен денсаулық сақтауда – 696, экономиканың басқа салаларында – 1916, уақытша және маусымдық жұмыстарда – 3373. Құрылған жұмыс орындарының саны 2006 жылмен салыстырғанда 13,5% аз. Жалпы құрылған жұмыс орындарының 5385 (49%) – ауылдық жерде.
14642 адам жұмысқа орналасты, соның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы – 11146 адам (2007 жылға бағдарламада қарастырылғаннан 152,7%), шағын бизнесте – 3496 адам. Жұмысқа орналасқандар саны 2006 жылмен салыстырғанда 1% аз.

Халықтың жұмыспен уақытша қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында бағдарлама бойынша 2007 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарға 7000 адам жіберу көзделген, 7390 адам жіберілді.
Кедей отбасылардың саны 2008 жылдың 1 қаңтарына 3501 отбасыларын құрады және 2007 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 745 отбасыларына азайды.
2007 жылдың қаңтар-қарашасында жұмыс істейтін бір адамның орташа айлық еңбек ақысы 48702 теңге құрады, ол 2006 жылдың қаңтар-қарашасынан 24% көп.

Меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар арқылы 157,3 млрд. теңге көлемінде негізгі капиталға инвестициялар салынды, ол 2006 жылдың қаңтар-желтоқсанынан 41,2% көп.
Шетелдік инвестициялар 106,0 млрд. теңге сомасында (1,9 есе көп) Қарашығанақ газконденсат кен орнын жайластыруға, геологиялық барлау жұмыстарына, Орал қаласында балабақша салуға, Орал қаласындағы облыстық аурухананың терапия бөлімін, №4 БЖОМ, Мұхит атындағы көшені қайта жаңартуға, Орал қаласындағы облыстық аурухананың хирургия бөлімін жөндеуге жұмсалды.
Негізгі капиталға республикалық бюджет қаражаты есебінен инвестициялар 8,0 млрд. теңге құрады, ол 2006 жылдың деңгейінен 26,8% аз. Ақжайық ауданының Чапаев ауылында, Зеленов ауданының Переметный және Трекин ауылдарында, Жаңақала ауданының Жаңғала ауылында жалпы білім беретін мектеп, Ақжайық ауданының Чапаев ауылында, Зеленов ауданының Дариян ауылында 50 кереует-орындық туберкулезге қарсы 2 аурухана салынды. Орал қаласында 150 кереует-орындық онкология диспансерінің құрылысы жалғастырылуда.
Жергілікті бюджеттің қаржысынан 4,2 млрд. теңге бөлінді, ол 2006 жылдың деңгейінен 14% аз. Жәнібек ауданының Жасқайрат ауылында 40 орындық интернатымен 196 орындық, Сырым ауданының Қазақстан ауылында 80 орындық мектептің, Орал қаласында арнайы ЕПМ-де 50 кереует-орындық туберкулезге қарсы бөлімінің, Бөкей ордасы ауданының Саралжын ауылында және Теректі ауданының Федоровка ауылында мәдениет үйдің, Жәнібек АІІБ ғимаратының, Ақжайық ауданының Первомай ауылына газ құбырдың құрылысы, Шыңғырлау аудандық интернат үйін, Орал интернат үйінің монша-кір жуу комбинатын қайта жаңарту аяқталды.
Орал қаласында қауіптілігі 1,2,3 сыныпты ТӨҚ көмінділері полигоны, Теректі ауданының «Барбастау-Ақжайық-Индер» автожолындағы Восход (Ақсоғым) ауылына кірме жолында жасанды құрылыс салу құрылысы, Круглоозерное психоневрологиялық интернат үйінің тамақ пісіру блогын қайта жаңарту жүргізілуде.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен тұрғындардың өз қаражаттары үлесіне жалпы көлемнің 24,9% тиесілі немесе 39,1 млрд. теңге, ол 2006 жылдың деңгейінен 0,8% көп. Қаражаттар газдандыруға, тұрғын үй, сауда объектілерін, автосервис салуға жіберілді.

2007 жылдың қараша айында өнімділігі 15 мың тонна құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін, өнімділігі 45 мың тонна әк өндірітін, өнімділігі 30 мың тонна тұрба өндіретін зауыттар іске қосылды.
227,9 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, немесе 2006 жылдың деңгейінен 6,7% көп. Батыс Қазақстан облысы Ішкі саясат департаментінің деректері бойынша қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысында 2007 жылдың 1 желтоқсанына:

1. 10 саяси партиялардың облыстық филиалдары тіркелген;

2. 350-ден астам қоғамдық бірлестіктер тіркелген. Соның ішінде 100 шамасында белсенді жұмыс атқаруда: 4- әскери-патриоттық, 35 – жастар, 5- әйелдер, 5 — денсаулық сақтау, 7 — ғылыми-білімдік, 5 — мәдениет және өнер ұйымдар, 7 – мүгедектерді қолдау жөнінде ұйымдар, 14 – қоғамдық бастамаларды қолдау жөнінде, 2 – БАҚ даму жөнінде, 7 — әлеуметтік қорғау, 2 — құқық қорғау, 4 – спорт ұйымдар және 3 – экологиялық.

Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың аймақтық бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттен 6 700, 0 мың теңге қаржы бөлінді;

3. Облыс көлемінде аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының саны 95, оның ішінде 82 (86,3%) басылым, 13 (13,7%) электрондық бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген.
Жалпы басылымдардың 18-і (18,9%) мемлекеттік тілде, 17-сі (17,9%) ресми тілде, 38-і (40,0%) екі (қазақ-орыс) тілде, 22-сі (23,2%) үш (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінде шығады.
Ал басылымдар іс әрекетінің 36 (37,9%) қоғамдық – саяси тақырыпты, 31 (32,6%) тұрғындарды жарнамалық ақпаратпен қамтамасыз етуге, 11(11,6%) ғылыми- әдістемелік, 6-ы (6,3%) көңіл көтеретін бағытта, 5-і (5,2%) әр бағыттағы танымдық, 1-і (1,1%) діни («Благовест»), 1-і (1,1%) экологиялық бағытта және 4-і (4,2%) жастар тақырыптарын жарықтандыруға бағытталған.
4. 54 жастар бірлестіктері тіркелген, оның ішінде 16 аудандық. Мемлекеттік жастар саясатын Батыс Қазақстан облысы бойынша аймақтық бағдарламаны жүзеге асырыу мақсатында 2007 жылы 318 626,0 мың теңге қаражат бөлінді, оның 273 626,0 мың теңгесі жас отауларға арналған тұрғын үй құрылысына бөлінді;
5. Әділет департаментінде тіркеу өткен діни бірлестіктердің саны 59, соның ішінде:
28 мұсылмандық (барлығы сунниттік бағыттағы);
13 православиялық;
1 католик;
1 буддистік;
13 протестанттық;
1 ескі жора православиялық шіркеуі;
1 көне діни әдеп-ғұрып шіркеуі;
1 «Бахаи» өзге діни бірлестігі;
Облыс көлемінде 58 діни ғимарат тіркелген, соның ішінде :
47 мұсылмандар мешіті;
10 православия;
1 ескі жора православиялық шіркеуі.
Облыста 9 шетел миссионерлер заңға сай өз жұмысын атқаруда, олардын жұмысына мониторинг жасалынып, үнемі бақылау жүргізіледі.
Діни бірлестік жанынан Орал епархиясының «Благовест» атты газетінің басылымы жарық көруде. Аталған басылым бетінде тұрақты мұсылман мен православия діндер және діни мерекелер жөнінде мәлімет беріледі.
Өткен жылдан бері еліне еңбегі сіңген ардагерлерді Отанымыздың елордасымен таныстыру дәстүрі қалыптасып келеді. Сол үрдісті биыл Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы жалғастырып отыр. 22-28 сәуір аралығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 62 жылдығы қарсаңында соғыс және еңбек ардагерлерінің үлкен тобы туристік саяхатқа Астана қаласына барып қайтты.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған мәселелер қатарында ерекше көрсетіліп кеткен бағыттың бірі – Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін нығайтуға байланысты «Қоғамдық келісімді және тұрақтылықты әрі қарай нығайту үшін Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін арттыру» мәселесі. Бағыттың бұлай аталуының өзі өзіндік этносаралық және конфессияаралық келісімнің жетілдірілген моделі қалыптасқан Ассамблеясының ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтудағы ерекше орган болып табылатындығын көрсетеді.
2007 жыл 29 мамырда М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ акт залында «Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңі – ерікті демократиялық қоғамның жеделдете дамуы» тақырыбына арналған Батыс Қазақстан облысы активінің жиналысы өтті.
2007 жылы 29 мамыр күні Орал қаласының Абай алаңында облыстық ішкі саясат департаменті және «Нұр Отан» ХДП партиясының қолдауымен жастардың құрылыс, «Жасыл Ел» жастар жасақтарының слеті өтті.
Облыстың студент жастары Елбасы Н.Назарбаевтің 2005-2007 жж. арналған тұрғын – үй бағдарламасын жүзеге асыруды қолдайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын жүзеге асыру аясында «Қазақстанның ауыл жастарының одағы» қоғамдық бірлестігі ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаментінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен БҚО жастар қауымдастығы ЗТБ-мен бірлесе отырып 2007 жылдың 28-29 қазан күндері Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында «Ауылдың болашағы жастардың қолында!» атты ІV Республикалық «РАУАН – 2007» ауыл жастарының cлеті өткізілді.
Ауылдағы жастар саясатының даму бағыттарын айқындау және ауыл жастарының белсенділігін арттыру мақсатында өткізіліп отырған слет барысында ауыл жастарының проблемаларымен айналысатын жастар ұйымдарының бірігу мәселесі, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңына құрастырмалы ұсыныстар енгізу және оларды жүзеге асыру талқыланды.
«РАУАН – 2007» ІV Республикалық ауыл жастарының слетінің жұмысына республикалық жастар қозғалысының көшбасшылары, Астана, Алматы қалаларының және барлық облыстардың жастар ұйымдарының өкілдері, БҚО аудандарының жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
2007 жылдың 1 қараша күні Орал қаласы, облыстық мәслихаттың мәжіліс залында «ІІІ Азаматтық форумның шешімдерін іс жүзіне асыру маңызды мәселе» атты дөңгелек үстел өтті.
Кездесудің мақсаты Батыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында азаматтық қоғамды одан әрі дамыту мәселелерінде ІІІ Азаматтық форум мақсат-міндеттері шеңберінде үйлестіру.
Облыста мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар ынтымақтастығының перспективалы бағыттарын және «үшінші сектор» мен үкімет арасындағы байланыстар дамуының тетіктерін айқындау. Бұл тұрғыда ІІІ Азаматтық форумды мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы үнқатысудың әлеуетті тетігі екендігін өз дәрежесінде ұғыну.
Бүгінгі таңда елімізде азаматтық қоғам құрудың алғышарттары қалыптасып отыр деп толық айтуға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік стратегиясы. Алматы Атамұра,2003ж
  2. Назарбаев Н.Ә.. Қазақстан-2030. Алматы: Білім,1998ж
  3. Назарбаев Н.Ә.. Нарық және әлеуметтік экономикалық даму. М:Экономика,1994ж
  4. «Қазақстан 2030» стратегиясы. 1998
  5. Республикалық және облыстық мерзімдік басылымдар
  6. WWW. akorda.KZ интернет сайты