1.Саяси өмірдегі күнделікті болып жатқан оқиғалар мен процестер “саясаттың психологиялық алаңы”көпшілік ересек адамдар тобының назарын өзіне аударады .Әсіресе сайлау науқанында қоғамның барлық тобы саяси белсенділік танытады .Практикалық саяси психологияның маңызды міндеттерінің бірі –саяси қызметтің не екенін, неге онда жағымсыз құбылыстардың орын алатынын түсіндіру .
Сайлау науқаны –белгілі бір қызметке мемлкекттік билік органына, жергілік басқару органына саилауды жариялағаннан, ресми түрде сайлау қорытындысын жариялаған күнге дейінгі кезең .басқа сөзбен айтқанда сайлау науқаны оған қатысушылардың белгілібір шенін қабылдаумен олардың жағдайды бағалауымен әр түрлі іс шараларды өткізумен байланысты оқиғалар түріндегі бір тұтас сайлау процесінің бір бөлігі.
Саяси қызметінің ерекше түрі ретінде сайлау науқанының сипаттамасы .
Бірінші. Сайлау науқаны бұл билік құралы .Сайлау ең алдымен билік үшін күрес .
Екінші. Сайлау науқаны –бұл ерекше саяси басқарма .
Үшінші. Кез –келген сайлау науқаны құқықтық реттеліп отырады Билік үшін күрес күрделі қарама-қарсылықпен дағдарыс туғызбау үшін әрелде саилаупроцесінің барысын реттеп отыруға арналған заң нормалары жасалады
Төртінші. Сайлау науқаны –бұл өндірістік саяси қызмет. Саяси қызметтің еңбек заты төрт топтан тұратын писхологиялық саяси жағдай болып табылады .
Олар:
1.Эмоциялық жағдай тобы –организмнің өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру шараларына реакциясы
2.Практикалық жағдайлар тобы-өз мақсатына жету үшін жұмыс күшінкөлемін сарыптауға реакциясы ( сайлау барысында пайда болатын шаршау , қобалжу, әлсіреу, мативацияның жоқтығы, стресс т.б.);
3.Мотивациялық жағдайлар тобы- сайлау процесіне қатысушылар арасындағы жеке қатынастар сипатына реакциясы (бүкіл қоғамға,және жеке адамға қажеттілігін түсіну,атараксия, қайғы мен қуаныш, толқу, эйфория мен ашу-ыза, экстаз т.б.);
4.Гуманитарлық жағдайлар тобы- саяси ақпараттың сапасына сайлауды әлемнің саяси бейнесінің бір бөлігі ретінде тану процесіне реакциясы.
Бұл психикалық жағдайлар ақпаратқа қажеттіліктен , оның толықтығына,ұйымдастырылғандығына,нақтылығына, жеткіліктігіне, сенімділігіне қажеттіліктен қалыптасқан.
Бесінші. Сайлау науқаны – азаматтардың іс-әрекетімен мінез-құлқынаақпараттық-психологиялық әсер ету процесі.
Сайлау психологиясы-көпшіліктің саяси іс-әрекетіне ықпал ету және оларды белгілі бір кандидатқа дауыс беругекөндіру мақсатында жасалатын әдістер жиынтығы.
Сайлаушыны еш уақытта белгілі бір кандидатқа дауыс беруге зорлауға болмайды, сондықтан субьектіге әсер етудің әртүрлі әдіс-тәсілдеріне баса назар аударылады.
Сайлау технологиясының негізгі ерекшелігі– сайлаушылардың іс-әрекетін реттеуші әлеуметтік-психологиялық механизмдердіигеруге, азаматтардың құндылықтары мен қызығушылықтарына , көңіл-күйіне, ұмтылыстарымен мақсаттарына бағытталуында.
2.Сайлау тәжрибелері көрсеткендей көбінесе сайлауда ашық бәсекелестік күрес пікірлер мен бағдарламалар қақтығысында ,өркениетті технологияларды жете пайдалану нәижесінде емес ,келеңсіз технолгиялар арқылы сайлаушыларды өз жағына шығару арқылы жеңіске жетуде
Нормативті технологиялар қоғамда өмір сүріп отырған заңдарға , нормаларға негізделген іс-әрекет болса, ал көлеңкелі (девиантты) технология-мұндай талаптар мен стандарттардан бас тартқан қызмет болып табылады. Заң бойынша көлеңкелі технологияларға тыйым салынған технологиялар:
1.Сайлаушыларды сатып алу;
-сайлау науқаны барысында сайлауларға ақшалай сыйлықтар. Сый-сияпат және басқа да материалдық құндылықтарды беру;
-тауарлар сатуда жеңілдіктер беру;
-кез-келген тауіарды тегін тарату т.б;
2.Үгіт-насихат жүргізу құқығын бұзу. Сайлау алдындағы үгіт-насихатты жүргізуде заңдық тәртіпті бұзу.
Азаматтарға, қоғамдық ұйымдарға, саяси партияларға сайлау науқанында заң бойынша үгіт-насихат жүргізуге рұхсат етіледі. Үгіт-насихат БАҚ, баспа материалдарын шығару (күнтізбе, плакат т.б.), көпшілік іс-шараларды-жиналыс, азаматтармен кездесудебаттар, митинглер, демонстраттар өткізу арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен бірқатарда үгіт-насихат жүргізудің мерзімі мен шараптары заңмен анықталады.
3.Бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) бостандығы арқылы зиян келтіру БАҚ-ын заңға қарсы мақсатта пайдалану. Үгіт-насихат әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни жеккөрушілік және жаулық, билікті басып алуға шақыру конститутциялық құрылымды зорлықпен өзгерту, соғысты насихаттау.