- Отбасылық психотерапия – тұлғааралық қатынасты түзетуге бағытталған және отбасының ауру мүшелерінде айрықша көрінетін эмоционалды қайғыруды жою мақсатына жүргізілетін психотерапияның ерекше түрі болап табылады. Отбасылық терапия бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Оның ұзақтығы психикалық қайғырудың күрделілігіне „ауру белгісін көтерушіге”, отбасында тұлғааралық қақтығыстың сипатына, мотивациясына да байланысты болып келеді. Алғашында отбасылық терапия жиілігі аптасына 1-2 кездесу болып жалғасын табады. Отбасылық терапияны жиі төрт кезеңнен қарастырады.
1) Отбасылық анықтау (диагноз), диагностикалық кезеңі;
2) Отбасылық қақтығысты жою кезеңі:
3) Қайта құру кезеңі;
4) Қолдау көрсету кезеңі;
- Диагностикалық кезең. Отбасылық диагноз түсінігінде, отбасы мүшелерінің жекелік – тұлғалық қасиетін есепеке алу арқылы, қатынастағы бұзылысты типке келтіру. Отбасы қатынасын диагностикалау поцесіне психотерапевтке қосыла отырып, диагностикадағы мәселелі болжамды ұсыну мен тексеруге қатысады. Отбасылық диагностиканың өз алдына ерекшелігі сол, ол барлық кезеңде жүргізіліп, алдын ала психотерапевтік техниканың іріктелуін белгілеп отырады. Екінші жағынан ерекшелігі отбасы мүшелерінің бірінен алынған ақпараттың келесі мүшесімен сәйкестігі, психотерапевттің қатысушылар мінез-құлқы туралы бақылау және сұрау барысындағы қалыптасқан өз әсері де алынады.
- Отбасы қақатығысын жою. Екінші кезеңде психотерапевт отбасы мүшерімен бір жақты кездесуде отбасы қақтығысын анықтау және оның шығуы мен қайнар көзін табады. Психотерапевт пен отбасы мүшелері арасында тепе-теңдік байланыс орнату нәтижесінде, қақтығысқа қатысушылардың барлығына бірдей түсінікті тілде сөйлеуге үйретеді. Сондай-ақ өзіне делдалдық қызметті алып, қақтығыс туралы бірінен алынған ақпарат көлемін келісу рұқсаты арқылы екіншісіне жеткізіп отырады. Бейвербльды құрамда алынған ақпаратты психотерапевт отбасылық терапияда „роботманипулятор” тәсілін қолдана қарама-қайшылық туғызатын хабарды ым-ишарада көрсете отырып, сезім мен төзімділік ым-мшарасын да байланыстыра өтеді. Отбасылық терапияның осы кезеңінде психотерапиялық жетекші әдістерге жататындар: директивке (тапсырма) жатпайтын психотерапия, жеке тұлғада қатынасқа байланысты саналы меңгермеген тұстары вербльды түрде мақсатталған, отбасы мүшелерінің бір-біріне өзара әсер етуіне арнайы құрастырылған әдістер жатады.
- Қайта құру кезеңі. Бұл кезең топтық пікірде өтеді, ол отбасы мәселелеріне немесе бір отбасын жеке алып, сондай-ақ қарама-қарсы топтағы ұқсас мәселемен оның туыстарымен алмастыра қарастыруға болады. Бұл топта мінез-құлықтық тренинг өткізілумен қатар, талас сөзді ереже бойынша құрастыруды меңгертеді.
- Қолдау көрсету кезеңі. Отбасылық терапияда жағдайға байланысты ролдік мінез-құлықтың кеңейтілген өрісін табиғи түрде пайдалануды меңгертеді және алдыңғы кезеңдерде қалыптастырған эмпатиялық қарым-қатынас дағдыларын бекіту болып табылады. Кеңес беру мен түзету жұмыстарында шынайы өмірде қолданатын қарым-қатынас дағдыларын меңгертеді. Отбасы терапиясы бойынша бөлінген кезеңдер процесті құрылымға келтіреді, диагностикалық көрсеткіштердің мақсаты мен көлеміне байланысты, психотерапиялық әдістердің жүйелі қолдануы негізделеді.
Отбасы психотерапиясында жиі қолданылатын тәсілдер:
1) Үнсіздікті мәнді пайдалану;
2) Тыңдай білу қабілеті;
3) Сұрақтар көмегімен меңгерту;
4) Қайталау;
5) Жинақтау және түйіндеу;
6) Аффект бейнесін нақтылау (ашып түсіндіру);
7) Конфрантация ерлі-зайыптыларда саналы меңгерілмеген белгілер, қатынас және мінез-құлық таптуарындарын қайта өңдеу мен саналы меңгеруге мақсатталған;
8) Ролдерде ойнау;
9) „Жанды скульптура” жасау;
10) Видеотүсіруді талдау;
2.1. Пало Алто мектебі.
Пало Алто мектебінің өкілі Джей Хейли, „мәселені шешу терапиясы” әдісінің авторы. Ол М.Эриксон бірнеше тәсілдерді бірге қарастырды. Хейли айтуынша отбасы қатынасына ерлі-зайыптылардың отбасы мүшелерінң арасын бақылау деңгейіндегі күрес болып табылады. Нышаны – қоршаған орта мінез-құлқын бақылау тәсілі. Джей Хейлидің пікірінше психотерапия міндеті әсер етудің басқа тәсілін қолдануына адамдарға мүмкіндік беру.
- Психоаналитикалық от басы терапия. Психоаналитикалық отбасы терапиясының мақсаты – қастысушылардың өткен қатынастағы саналы түсінбнеуі емес, бүгінгі шындық негізінде бүтін сау тұлға деңгейінде өзара әрекетке түсу жағдайы, жеке басының өзгеруі болып табылады. Психоаналитикалық бағыттағы терапевттер басқаларға қарағанда олар да директивке жақын.
- Жүйелі отбасы психотерапиясы.
Бұл бағыттың көрнекті қайраткерлері – Мара Сельвини-Палацциоли, Клу Маданес, Сальвадор Минухин және басқалар болды. Қазіргі таңда жүйелі деген бағыт кең қолданыста келешегі, экономикалық мақсаттылығы және отбасы тераписындағы мәнді терпевттік бағыт. Жалпы теориялық деңгейде бағыттың дамуына көп еңбегі сіңген Ильи Пригожин болды.
- Стратегиялық отбасы психотерапиясы. Отбасы терапиясында бұл бағытты „мәселені шешуші”, „қысқа” негізі мәселе шешу әдістері деп аталады. Бұл бағыттағы танымал тұлғалар – Джей Хейли,Карл Уитекер, Клу Маданес. Психотерапевтер кездесу кезінде отбасы мүшелерінің жеке бас даму ерекшеліктеріне көңіл бөлмейді.
- Мінез-құлықтық психотерапиясы. Мінез-құлықтық отбасы терапиясы басты ұстанымы мінез-құлық деп қарастырып, одан кез-келген жағдайға байланысты мінез-құлықтағы қарсыластық, оны тек жағымды жағдайдан қараудың қажеті жоқ деп түсіндіреді. Бұл бағытөкілдерін әрекеттің жүйелілігін талдау қызықтырады.
- Комуникативтік отбасы терапиясы. Коммуникативтік отбасы терапиясы – ол Пало Алто бағытынан бөлініп шыққан. Оның көрнекі қайраткерлері П.Вацлавик, Д.Джексон және бсқалар болды. Коммуникативті отбасы тераписының мақсаты коммникация жағдайын өзгерту немесе „саналы қимылда нашар қызмет бейнесіндегі интеракцияны өзгерту” мақсаты болып табылады.
- Ерлі–зайыптылар психотерапиясы.
Ерлі-зайыптылар психотерапиясы – отбасы жұбына бағыттала арналған, отбасы қақтығысын және дағдарыс жағдайды жеңуге көмектеседі, қажеттілігін қанағттандыруды өзара қаматамасыз ету, өзара қатынаста үйлесімге жетуді көздейді.
- Отбасылық кеңес беру. Отбасылық кеңес беру – отбасы терапиясының көп түрінің бірі, онда терапевттік қатысу шекарасы мен оны ажырататын белгілері бар. Отбасылық кеңес беру отбасы терапиясын өзара толықтыра отырып бірге дамиды. Отбасылық кеңес беруде мақсат, отбасы мүшлеренің мәселелерін зерттеу, өзара әрекеттерінің өзгеруіне және жеке тұлғалық жетілуге мүмкіндік туғызу болып табылады.