- Бала және отбасының үйлесімді дамуын қолдауға бағытталған қызметтер сапасын көтеру арқылы, бала және отбасы өмір сүру деңгейін жақсарту;
- Отбасында психологиялық сауаттылық мақсаты ақпараттық-ағарту ұйыммен азаматтық қоғам құрылымдары арасында серіктестік қарым-қатынас орнату;
- Биологиялық отбасында баланы психологиялық қолдау арқылы тиімді дамуына жағдай жасау;
- Баланың биологиялық отбасында нәтижелі дамуын қамтамасыз ету және психологиялық жол көрсетілу негізі ата-анамен әріптестік деңгейде қарастырылады;
- Отбасы жұмысына негізделген ұстанымдар нақты “Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы” еңбегінде қарастырылған.
Отбасы жұмысында қажетті жаңалықтар:
- Отбасы-бала дамуы мен қалыпты өмір сүруіне тиімді жалғыз мүмкіндік орын;
- Бала үшін туған отбасы, діңгек болып табылады, сондықтан отбасындағы негізгі жұмыс сәтсіздікті жоюға, алдын алуға бағытталады;
- Әрбір жағдайдың бірегейлігі кез-келген ойдан хабар береді, соындықтан көмек беруге икемділік қажет;
- Серіктестік — өзара әрекеттестіктің барлық жағының негізгәі ұстанымы;
- Қызметтің мобильділігі – отбасымен жұмы жасаудың бірінші нәтижесі;
“Баланың жеке басын дамыту мектебі” және “Ата-аналар мектебінде” психологтың негізгі этиклық қалыптарына келесілер кіреді:
— құзырлылық – психолог маман иесі отбасында, әдістәсілдерді қолдану арқылы көмектеседі. Стандарта бала және ересекті қорғау үшін қарастырылған сналы пікір мен іс-шараларды мұқият қолдану;
— нақтылық және кәсіби жауапкершілік. өз іс-әрекетінде психолог әділ, құштарлы және жауапты маман болып табылады. Кез-келген адамға құрметпен қарайды. Атқаратын әлеуметтік ролдерін нақты ажыратып, соған сәйкес қызмет атқарады.
— адам құқығы және абыройын құрметтеуі. Психолог индивидтің жеке құқығын, өзіндік анықтауын және автономиясын құрметтейді. Диагностикалық және коорекциялық шараларды жүргізер алдында, ол бала мен ата-ананың нақты келісімдерін алады. Психолог клиенттердің мәдени, жекелік және ролдік ерекшеліктеріне түсіністікпен қарайды және осы факторлармен байланысты түсініспеушліктерді жедел анықтап отырады.
— айналаның қолайлы сипатына қамқоршы. Өз іс-әрекетімен психолог әрекетке түсетін бала мен ересек өміріне қолайлылық енгізуге ұмтылады. Туындаған қақтығысты жауапты түрде шешеді. Шынайы түрде басқа адамның ерекшелігіне мұқият қарайды.
— әлеуметтік жауапкершілік. Адамның қолайлы өмір сүруіне өз үлесін қосуда, маман психологиялық білімді көтеруді жариялайды.
Аталған ұстанымдары ескерілуі “Баланың жеке басын ждамыту” және “Ата-аналар мектептерінде” жұмысты тиімді ұйымдастыру, сонымен қатар отбасы татулығына бағытталған маңызды психологиялық жағдайлардың бірі болып табылады.