- Отбасын зерттеудің басты мақсаты, біріншіден отбасылық диагноз қою, яғни отбасылық тіршілік әрекетіндегі, оның бір немесе бірнеше мүшелерінің нервтік-психикалық бұзылыс сақталуын анықтау, екіншіден отбасылық және оның мүшелерінің нервтік-психикалық бұзылыстарының коорекциясына қажетті психологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Отбасын зерттеу міндеттері өте күрделі. Бұл мынадай жағдайлармен қамтамасыз етіледі:
- Отбасының әлеуметтік-психологиялық жүйе ретіндегі күрделілігі. Отбасында көптеген қарым-қатынас пен өзара байланыстар болады. Осы қатынастардың қалыптасуында отбасы мүшелерінің жекелік ерекшеліктерінің бірқатарлары, отбасының әлеуметтік ортасы, әдет-ғұрпы, дәстүрлері, әлеуметтік-экономикалық жағдайы т.б. жүзеге асады.
- Отбасы мәселесіне бірде-бір тәсіл, оның мәні мен құрылымы жайлы бірде-бір түсініктің болмауы. Әзірге отбасын зерттеу үшін теоретикалық базис ролін атқаратын ешқандай теория жоқ. Ал бұның орнына отбасы психотерапия мәселесіне әртүрлі бағыттар, ағымдардағы салыстырмалы тәсілдердегі көптеген мектептер бар.
- Отбасы психотерапиясының зерттеу тақырыптары – отбасы, отбасының әлеуметтік орта аумағы, бірлескен тәжірибенің едәуір әсерін сезінетін пікірлер мен әлеуметтік стереотиптер әсерімен бейімделген пікірлер. Әрбір адамның өзіндік отбасылық тәжірибесі болады және отбасылық қарым-қатынасты түсінуі үшін бірден-бір дұрыс үлгі деп есептейді.
- Отбасында болған көптеген оқиғалардың құпиялылығы (сырлы болуы), сондай-ақ олардың өзгермелілігі, айқын нұсқасының болмауы отбасын зерттеуін қиындатады.
Бұның барлығы зерттелуші отбасы алдына күрделі міндеттерді қояды.
Бұл міндеттерді 3 топқа бөлуге болады:
1) Отбасы психотерапиясына көрінген мәселелер, яғни бірқатар сұрақтарды шешу, нервтік-психикалық бұзылыстар себебін зерттеуде отабасына жолығу қажет пе?
2) Нервтік-психикалық бұзылыстың пайда болуымен дамуында қандайда бір рольді атқаратын отбасылық зерттеу жүйесі;
3) Отбасы жайында қажетті мәлімет алудың әдістері мен жолдары
Отбасылық психотерапияға мәселесі. Нервтік-психикалық бұзылысы бар индивидті тексеруші дәрігер немесе психолог бірінші кезекте, дәл сол жағдайда отбасылық психотерапи