- Ғылыми психологиямен психотерапияның пайда болуына дейін-ақ ерлі-зайыптылардың арасындағы, ата-аналар мен балалардың арасындағы өзара түсінісуі отбасы бақыты мен отбасы тұрғындарының алғы шарты ретінде қарастырылып отырады. Отбасындағы өзара түсінбеушіліктің негізгі белгілері – талас-тартыс, жанжалдар, ұнамсыз, сәтсіз, бақытсыз отбасының ерекше белгісі – келіспеушіліктер болып табылады.
Отбасылық психотерапияның алғашқы сатысынан-ақ зерттеуші ғалымдарды “Өзара түсіністікке қалай жетуге болады?”, “Отбасы мүшелері бір-біріен мәліметті қалай алмасады?”, “Бір-біріне қалай қарайды”, “Олар қалай шешім қабылдайды?” деген сұрақтар қызықтырады.
Отбасылыққарым-қатынас жұмыстарының көпшілігінде қарым-қатынас жолдары жайлы ілімдер бар. Ілім бұл – мәліметтердің берілу процесін зерттейтін, мәліметтікқателердің жалпы себептерін анықтайтын кибернетика мен ақпараттық теориялардың даму нәтижесі. Қарым-қатынас жолдары жайлы ілімдердің пайда болуына дейін отбасы мүшелерінің арасындағы ақпарат алмасу өте мардымсыз (немқұрайлы) болған.
Қарым-қатынас жолдары жайлы ілімдер, қарым-қатынас процесінің күрделі екендігін көрсетті. Мәлімет (ақпарат) алмасу процесін қамтамасыз етуші аралық көріністер, беріліс механизмдер қатары анықталды.
Қарым-қатынас прцесін зерттеу барысында тренингтік әдістемелерде жасалды. Біріншіден бұл, қарым-қатынас барысындағы қабылдаушылық пен назар аудару жаттығулары отбасы мен айналысатын дәрігерлер мен психологтар ерлі-зайыптылардың өзара түсінісуі, сондай-ақ ата-аналар мен балалардың өзара түсінісуі, ерлі-зайыптылардың өзара түсінісуінің маңызды сәттерін жеткізуге көрсетілген қызығушылығы екенің әрқашан анықтап отырған. Дегенмен, T.Gordonның (1957) зерттеулерінен кейін бұл маңызды сәттер көрсетілді. Отбасы мүшелерінң алмасатын ақпараттарының көптеген бөліктері көбіне енбей қалатындығы көрсетілген. Мәлімет берген адам айтқысы келгенінің барлығы түсінікті және қабылданды деп ойлауға бейім.
- Қарым-қатынастық мәселелер. Психикалық зардабы бар адамның жанұясындағы адамаралық қарым-қатынас процесінің ерекшеліктері байланысын талдауға қажетті белгілер мынадый:
- Отбасы мүшелерінің бірінің нақты бір қажеттілігінің болуы;
- Ал ол қажеттіліктің қанағаттандырылуы отбасы мүшелерінің басқасының әрекетіне байланысты;
- Қажеттілікті сезінуші отбасы мүшесі нақты мәліметті білдірсе (өтінішг жасау, ым-ишара білдіру);
- Немесе ол адамның психологиялық ерешеліктеріне байланысты ақпаратты (мәліметті) білдірмейді;
- Қанағаттандырудың мүмкін еместігіне қарамай, қажеттілік сақталып қалады;
Ол қажеттілікер, жұбайының қанағаттандыруына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы: махаббатқа, симпатияға, қандайда бір қатынасқа көмекке, құрметке т.б. Отбасында мұндай қажеттіліктердің қанағаттандырылуы отбасының басқа мүшелеріне байланыстылық ситуациясы күнделікті кездесіп отырады.
Қарым-қатынастағы тосқауыл деп қандай да бір қажеттілікті сезінуші және басқа адамның (қажеттілікті қанағаттандырушы) психологиялық ерекшеліктерін немесе ақпарат алмасуы қиын болғандағы олардың өзара қарым-қатынасын айтамыз.
Қарым-қатынастағы мәселе ретінде отбасылық психотерапияға қатысушылардың бұл процес басында толтырған “Танысу сауалнамасының” сұрақтарына берген жауабтарында байқалған ситуацияны қарастырайық.
Сауалнамада мынадай сұрақ: “Көз алдыңызға елесететіңіз, сіз ауыр сөмкені көтеріп келе жатырсыз, ал сіздің жұбайыңыз (еріңіз) көмектесуді ойламайды да. Бұндай жағжайда өзіңізді қалай ұстайсыз?” жауап берушілер мынадай жауап варианттарыфн таңдауы тиіс.
- “Көмек беруі үшін тіке айтамын”
- “Ештеңе айтпаймын, бірақ наразылық пішін білдіремін”
- “Ишаралаймын”
- “Ол түсініуі үшін, бірдеңе жасауға тырысамын”
- “Ештеңе істемеймін”
Сауалнаманы 58 адам (69%) тотырады. Ең көп берілген жауап “Ештеңе істемеймін” және “Ештеңе істемеймін, бірақ наразылық пішін білдіремін” жауаптары болады. Бұл ситуация қарым-қатынас мәселесінің нақты анықтамасын қарастыруға, мысал келтіруге мүмкіндік туғызады.
Пайда болған ситуация қарым-қатынас мәселелсінің бірінші белгісіне сәйкес отбасы мүшелерінің бірінде нақты бір қажеттілік бар. Бұл ситуацияда жұбайларда бір немесе бірнеше қажеттілік: ауыр жүктен жеңілдеу, назар аудару, жан ашырлық, аяушылық білдіру. Қарым-қатынас мәселесінің екінші белгісіне қажеттілікті қанағаттандыру басқа адамның (бұл жағдайда еркектің) әрекетіне байланысты. Үшінші белгісі шамалы күрделі.Қасында келе жатқан жолдасы әйелінің жағдайын жақсы түсінуі мүмкін, мысалы:жолдасы оған ауыр екенін түсінсе (ым-ишара түсінуі, әйелінің немесе басқа біреудің тікелей айтуын естуі) немесе оған ауыр және жәбірленгенін қаншалықты онымен бірдей сезініп, түсінсе онда соншалықты тез көмекке кірісуі мүмкін.
Осылай болған жағдайда ғана қарым-қатынас мәселесінің үшінші белгісіне сәйкес келеді. Ең соңғы төртінші белгіге сәйкес ситуация: қарым-қатынастағы тосқауыл, яғни әйелімен ерінің ерекшеліктері немесе олардың өзара қарым-қатынасы, нақты ақпарат қарым-қатынас жолдарымен жүрмейді, ол оған айтпайды және ым-ишара білдірмейді.
Қарым-қатынас мәселелерінің дамуы – қандайда бір әсермен пайда болады және отбасының психозардаптық ерекшеліктеріне әкелетін процестердің жиынтығы. Қарым-қатынас мәселесі дамуының нәтижесінен отбасында психозардаптық ерекшеліктер пайда болуының клиникалық талдуы бойынша даму кезеңдерін бөліп көрсетуге болады.
- Ақпараттың жеткіліксіздігі. Бұл кезеңде пайда болады және анық қарым-қатынас мәселесіне айналады. Қанағаттандырылмаған қажеттілік жағдайының басқаға байланысты болуы және қарым-қатынастың мүмкін еместігі.
Бұл қарым-қатынас мәселесі индивид басқаға ойша қарайды, яғни серігіне ойша өтінішпен, талаппен, ым-ишарамен қарап, жауабын естиді. Бұл қарым-қатынас – анығырағы ойша тәжірибе жүргізудің нәттижесі серігі жайлы елестетуіне, оның жекелік психологиялық ерекшеліктеріне индивид қатынасына, сұранысқа қарай әрекет етуіне байланысты болады. Ойша тәжірибе жүргізу көбіне қарым-қатынас тосқауылы да болады. “Неге сен маған барлығын айтпадың?”, “Мен сені күледі деп ойладым” бұлар кейінірек пайда болатын диалог ойша қарым-қатынас пен оның мүмкін болған тосқауылдық ролінің мәнін анықтайды. Осы кезеңде жарым-жартылай қарым-қатынастың орнауы мүмкін, мысалы қандай да бір ақпаратты жеткізу үшін жасалған қорқу немесе ұялғандағы әрееттер. Жоғарыда келтірілген “Ештеңе айтпаймын, бірақ наразы пішін білдіремін” деген мысал, тек қана (физический) өзінің шаршағандығының ғана емес, нақты жартылай ым-ишаралық қарым-қатынасты білдіреді.
Осылай немесе басқаша болсын бірінші кезеңнің қорытынсында отбасы мүшесі үшін маңызды қажеттілік (махаббатқа, симпатияға, жанашырлыққа, құрметке т.б.), одан берілген ақпарттың түсініксіздігі немесе мүлде берілмегендіктен қанағаттандырылмай қалады.
- Бұзылған қарым-қатынасты түзету кезеңі. Қарым-қатынас мәселесі бұл кезеңде өз дамуында және “Әлсіз қанағаттанбаушылықтың” бастауы ретінде қалуы мүмкін. Дегенмен де оның ары қарай дамып кетуі де мүмкін. Оның мәні отбасы мүшелері өз қажеттіліктерін қарым-қатынасқа түсіруге тырысатындығында, бірақ оны тікелей айтуға, көрсетуге оның күші жетпейді, ол ашық сұраудың, талап теудің жолдарын іздейді. Назар аудару мен қамқорлыққа қажеттілікті сезінуші әйел, жодасының әрекетіне, мінезіне дегеніне, айтқанына жетпей қоймайды. Өз қассиеттерінің немесе отбасылық көзқарастарының ерекшеліктеріне байланысты, оның тек көңіл бөліп, назар аударуы мен қамқорлығына мұқтаж екендігін, мойындай алмайды. (ей, скажем, представляется, что такое признание может вызвать у муже чувство превосходства над ней, что было бы ей неприятно). Сондықтан ол қажет деген әрекетіне қарай, жақсы отбасында осылай болуы керек деген сияқты болымсыз себептермен айтқаны орындата бастайды. Мұндай тәсіл көбіне өз қажеттіліктерін ашық жеткізуге мүмкіндік береді және ақпарат жеткізіп әрекетті қажетіне қарай өзгертуіне қол жеткізеді.
Дәл сол уақытта жаңа мәселеде тууы мүмкін. Біріншіден отбасы мүшелерінің бір-бірі жайлы көзқарастарының бұрмалануы немесе бұзылуы. Жоғарыда келтірілген мысал бойынша өз әйелін қоршаған орта үшін отбасынгың беделін, абыройын маңызды орынға қояды деп есептей бастайды. Екіншіден нақты ақпарттық ресмилікке бүркемеленуінен (тасалануынан) болмыстың шындықпен сәйкес келмеуі мүмкін. Келтірілген мысалда күйеуі үшін таңданаралықтай жағдай болмауы мүмкін емес, себебі алдын әйелі үшін барлығы “ереже бойынша болуы ” оншалықты маңызды емес еді.
Нәтижесінде ерлі-зайыптылардың бір-бірі жайлы көзқарстары бұзылады, соған сәйкес өзара түсінісуі де болады.
- Әрекеттік қарым-қатынас кезеңі.