- Психикалық зардап. Нервтік психикалық ауру барысында маңызды немесе негізгі роль атқаратын күрделі индивидуалды психикалық уайымдар. Отбасылық психиатрия психикалық зардап жайлы білімдерді нақтылап дамыта түсуде.
Психикалық зардап – бұл отбасы бұзылыстарының жағымсыз әсерлерін және жекелік психикалық бұзылыстарды жанамалаушы фактор. Отбасының бұзылуы күрделі индивидуалдық психикалық уайым-психикалық зардапқа әкеп соқтырады, ал бұл зардаптың дамуынан отбасы мүшесінің нервтік-психикалық ауытқушылығы байқалады.
Психикалық зардап біліміне негізделе отырып отбасындағы оның пайда болуы мен дамуындағы мәні мен негізгі заңдылықтарын қарастыру керек.
Отбасы – психикалық зардаптың бастауы ретінде. Психиклық зардап – бұл ең алдымен айқын эмоционалды жағдай қалыптасқан психикалық уайым.
В.Н.Мясищев “Адамның кез-келген терең уайымына зер салу арқылы уайым негізінде адамның қоршаған ортадағы әртүрлі өзара қатынастары бар екендігіне, яғни қатерлі уайым бұзылған қарым-қатынастың салдары болып табылатындығына көз жеткізуге болады. Орнын жоғалту, өсек-аяқ, жала, жұбайын ауыстыру, баласынан айырылысу, жетістікке жетудегі сәтсіздіктер, өзіндік қорлану т.б.лар адамның болмыстағы қатынас жүйесінде маңызды, негізгі рольде болса ғана қатерлі уайымның бастауы бола алады. Олардың маңыздылығы аффективті күш пен аффективті реакцияның жағдайы болып табылады” деп жазған.
Отбасылық басқарушы ролі патогенді жағдайлармен психозардаптық уайымдар, пайда болғанда бірнешебірнеше ситуациялар қатарымен қамтамасыз етіледі. (3 жағдай)
- Отбасының қарым-қатынастық басқарушы қызметі адамның қарым-қатынас жүйесінің негізінде;
- Отбасылық қатынастың көп жақтылығы мен өзара байланысының тығыздығы;
- Глобальды отбасылық қанағаттанбаушылық жағдай.
Нақты бір уайымды қамтамасыз етуші патогенді отбасылық жағдай – бұл индивидтің отбасы мен шынайы отбасы өміріне қатынасындағы саналы және сансыз күтулері отбасындағы айқын айырмашылық. Осы патогенді жағдай салдарынан фрустрация жағдайы байқалады (саналы немесе санасыз). Фрустрацияның жалпы психологиялық заңдылықтарына сәйкес көрінуінен көптеген зардаптардың пайда болуы мүмкін. Осы зардаптардың бөлігінен, олардың жеткілікті көрінуі және нақты жекелік ерекшеліктердің бар болуы әртүрлі психогенді ауруларға тап болдырады. Қанағаттанбаушылықтың зардаптық әсерінің өзгешілігі нақты жағдайдың (түсінікті) саналы деңгейіне байланысты.
Саналы қанағаттанбаушылық жағдайында жұбайлардың отбасылық қатынасқа қанағаттанбайтындығы анық байқалады. Мұндағы негізгі өзгешелік глобальды сипатты нұсқайтын, отбасылық өмір минимальды талаптарға да сәйкес келмейтін қанағаттанбаушылық болып табылады. (“Біздің отбасылық өміріміз біркелкі, түнде де, күндіз де нашар”, “Отбасын құруда менің жолым болмады”, “Біз қателесіппіз, бір-бірімізбен жақсы тұрмаймыз”). Тез арада ажырасуға кедергі келтіретін қандайда бір маңызды және психологиялық түсінікті(көбіне балалар, түрлі қиыншылықтар өмірлік-тұрмыстық ажырасуда пайда болатын) жағдайлардың арасындағы кикілжіңдермен байланысты.
Немесе толығымен түсінікті емес қанағаттанбаушылық көрінеді. Жұбайлардан отбасылық өмірге салыстырмалы қанаттанушылық байқалады (“Орташа өмір сүрудеміз”, “Басқалардан жаман емес”), отбасылық өмірге қанағаттанарлық деген баға беріледі. Қанағаттанбаушылық жанама түрде анықталады. Біріншіден сезімдер мен жағдайлардың көрінуі арқылы және тікелей қанағаттанбаушылықтың шекарасы: бір қал ыптылық, зерігу, өмірдің мәнсіздігі, қуыныштың болмауы. Отбасында жүріс-тұрыстың негізгі қозғаушы мотиві қажеттілік болып табылады (қалағаныңды істейсің, қалағаныңша өмір сүресің, керек дегенімізді аламыз). Екіншіден отбасылық өмірдің әртүрлі бөліктеріндегі көптеген наразылықтардан пайда болады. Жұбайлардан алынған сұрақ-жауап нәтижесі бойынша көптеген ерлі-зайыптылардың жалпы отбасылық өмірге қанағттануына қарамай, олар өмірдің кейбір жеке бөліктеріне, мысалы тұрақты жеріне, денсаулығына, баласының мінезі немесе үлгеріміне, бос уақытын өткізуіне қанағаттанбайтындығы мәлім болды. (3)
- Отбасылық қауіп-қатер.
Бұл қауіп-қатер типіне тән белгі барлық отбасына қатысты күдік, қорқыныш, қауіптену ретінде көрінетіндер болып табылады.
Отбасылық қауіп-қатер негізінде индивидтің отбасылық өмірдегі қандайда бір маңызды аспектісіне нашар білінетін қанағаттанбаушылығы жатады. Бұл жұбайының сезіміне, өзіне сенбеушілігі болуы мүмкін, мысалы: индивид отбасылық қатынаста көрінетін сезімін қысылып шығарады. Сондай-ақ бұл жағдайдың маңызды аспектілері әлсіздік, отбасыдағы оқиғаларға қатысуға, оларды дұрыс бағытқа салуға қабілетсіздігін сезіну болып табылады.
Отбасы нервтік психикалық күш қалыптасу барысында оның мүшелері бірнеше жолдарды басынан өткізуі мүмкін:
- Индивид үшін үнемі психологиялық қысым, қиын немесе демалыссыз жағдайлар жасау. Бұған маскүнемнің әйелі мысал бола алады. Ол оны үнемі қорқытып, ақшасын алып қойып, қорғансыз ұстайды, әйелі оған қарсы тұра алмайды.
- Отбасы мүшелеріне олар үшін анық, төтенше маңызды сезімдерін көрсетуіне, негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруына кедергі келтіру. …
- Индивидтің ішкі кикілжіңдерін қолдау немесе жағдай жасау.