Еліміз тәуелсіздік алғалы саяси-экономикалық, әлеуметтік , тағы басқа да салаларда болмасын табыстарды еншілеп, әлемдегі өзге елдермен терезесі тең дамып келеді.Бұл ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында да нақты айтылып, ертеңгі күндерімізге бағдарлама жасалғанын барлығымыз білеміз. Таяу жылдарда Қазақстанды экономикасы мен мәдениеті дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ендірудің де жоспарлары белгіленіп отыр.
Бұл бағытта Қазақстан Үкіметі, министрліктер мен комитеттер, департаменттер, сондай- ақ басқармалар да өз істеріне жеке- жеке талдаулар жасай отырып, ертеңгі күндері атқарар іс-шараларына бүгіннен-ақ- кірісіп кетті.
Еліміз аумағындағы маңызды буынның біріне айналып отырған сала-экология, яғни қоршаған ортаны қорғау. Республикамызда, сондай-ақ облысымыз көлемінде де соңғы жылдары көптеген өндіріс орындары ашылып, ел экономикасының арта түсуіне септігін тигізіп келеді.
Дегенмен, олардың қоршаған ортаға зардабын тигізбеу жағы да еліміз заңдарының аясында назардан тыс қалмауы керек. Бұл маңызды мәселе үстіміздегі жылы қаңтар айының14 жұлдызында Үкімет басшысының қатысуымен қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Астанада өткен кеңейтілген алқасында да егжей-тегжейлі айтылды, нақты іс-шаралар белгіленді. Осының негізінде жаңадан бағдарлама жасалынды. Аталған саланың қызметкерлері , мейлі ол аудандық, облыстық не республикалық деңгейде болсын, өздерінің күнделікті жұмыс кестесін жасауға, осының негізінде еңбек етуге міндеттелді. Демек , қоршаған ортаны қорғау саласының қызметкерлері де Елбасымыздың Жолдауына осылайша нақты іс-әрекеттерімен үн қосады деуге толық негіз бар.
Мақтарал республикамыздың қиыр Оңтүстігінде орналасқан аграрлы аудан екендігі өздеріңізге де белгілі.
Халқы тығыз орналасқан, халқының саны жағынан облыс көлемінде алдыңғы орындардың бірін иеленгенімен де жер көлемі басқа аудандармен салыстарғанда онша көп емес. Жер асты байлықтары жоққа тән, ірі-ірі өнеркәсіп ошақтарының болмауы да Мақтаралды “өнеркәсіпті аудан” деуге келмейді. Сондықтан да аудан экологиялық тұрғыдан қолайлы аймақтың санатына жатады. Өлкенің экологиялық жағдайын бүгінгісіненде жақсарта түсуге болады. Суармалы әрі құнарлы . Жерде орналасқан алқаптардың төңірегі мен көше бойлары жасыл желектерге оранар болса ауа атмосферасы, қоршаған ортаны мұнан да тазара түсер еді.
Адам баласы тамақсыз бес апта, сусыз бес күн, ауасыз ары кеткенде бес минут қана өмір сүреді екен. Бір күнде адам орташа есепте өкпесі арқылы 25 кг немесе 11 мың текше метр ауаны өткізеді. Ал, организмдегі өзге ағзалардың ауру-сырқауларға ұшырамай жақсы жұмыс істеуі бірінші кезекте жұтатын ауаның тазалығына да тікелей байланысты. Сондықтан да атмосфералық ауаны қорғау бірінші кезектегі міндет. Осы өңірде орналасқан мақта зауыттары мен жанар-жағар май бекеттерінің, мақта майын шығаратын кішігірім өндіріс орындарының , сондай-ақ үлкенді-кішілі автокөліктердің иелері экологиялық жауапкершілікті сезіну барысында жұмыс алып барамыз. Осы мақсатта өндіріс ошақтарын таза ұстап , ауаға жіберілетін шаң-тозаңдарды азайту мақсатында арнайы қондырғылардың жұмысын жақсарту қажет, бақылауды күшейткен жөн. Былтырғы 2007 жылы Мақтарал ауданындағы инспекторлық тексеру кезінде табиғат пайдаланушыларға салған493584 айыппұлдың, 398580 теңгесі осы атмосфералық ауаны бұзғаны үшін салынған, мақсатымыз табиғат пайдаланушыларды атмосфералық ауаны ластамауға шақыру.
Әдетте, халық “Жер-ана” деп қасиетті жерді анаға теңейді.
Бұл орынды да. Өйткені, адам баласының барлық табыстарының бастауы осы жер-анадан басталады.
Мақтарал ауданы бойынша жалпы жердің көлемі -176898 гектар. Мұның ішінде егістік жер көлемі- 137650 гектар, көп жылдық егіс көлемі-3048 гектар. Барлық елді мекендер мен кенттер , қаланың орналасқан аумағы 19 мың гектар жерді алып жатыр. Қалған21200 гектар сол 137650 гектар суармалы жердің барлық үлкенді-кішілі су ағатын арықтар, каналдар.
Аграрлық саланың ғалымдары мен диқандар жер құнарлығын арттыруда ауыспалы егіс жүйесінің тиімді екенін алға тартады. Ал, жыл сайын мақтаның апатына айналған зиянкестерге қарсы улы химикаттарды пайдаланғаннан биологиялық әдістің ұтымды боларын жыл сайынғы тәжірибелер дәлелдеп келеді.
Жер, қоршаған орта бүгінде адам баласының аялауына аса зәру десек әсте қателеспейміз. Өйткені, мұнда өзіміз өмір сүреміз, ұрпақ өсіреміз, еңбек етеміз.
Сонымен қатар санитарлық-гигиеналық тазалықты сақтау маңызды мәселе. Күл-қоқысты, тұрмыстық қалдықты, шығынды суларды үйдің жанына немесе жақын жерге , аяқ астына, адам көп жүретін жерлерге тастау, олар ауа температурасы көтерілген шақтарда қолаңсы иіс шығарып , қоршаған ортаны бұзады, жерді ластайды,әртүрлі жұқпалы аурулардың бастауы болады. Эколог мамандардың арнайы зерттеулеріне зер салар болсақ, тұрмыстық қалдықтар адам ағзасына зияны өндіріс орындарынан тарайтын улы заттардан да әсері көп. Аймақта мақта зауыттары тек науқандық аралықта ғана жұмыс істегендіктен қоршаған ортаға салыстырмалы түрде алсақ жоғарыда көрсетілген тұрмыстық қалдықтардан әсері аз. Ал, керісінше мұнда кафе-барлар мен көпшілік тамақтанатын асханалардан аяқ алып жүре алмайсыз.Бұған қоса 300 мың халқы бар ауданда60 мыңға жуық отбасы болса, балалар бақшалары, мектептер, ауруханалармен мекеме-ұйымдарды қосыңыз, демек күнделікті тұрмыстық қалдықтар көптеп жиналады деген сөз, сол қалдықтарды ерінбестен арнаулы жерге тастаған жөн, сондықтан да әрбір басшы мен ұжым мүшелері ауданның әрбір тұрғыны туған ауылы мен қаласының, жалпы туған жерінің жанашыры, патриоты болғаны жөн. Біздің ауданда 24ауыл әкімшілігіне қарасты 183 елді мекен бар, яғни 183 қоқыс-қалдықтарын тастайтын орын болуы тиіс және олар айналасына арнаулы құрылыс жүргізіліп, қоршалып тосқауыл орнатылуы керек. Бұл дегеніміз барлық қоқыс қалдықтардың есебі жүргізіліп, оған арнаулы рұқсатпен жұмыс істейтін мекемелер ұйымдастырылуы қажет, –жаңа қабылданған экологиялық кодекстің талабы осылай!
Сонда ғана белгілі бір дәрежеде экология саласында тәртіп қалыптасады, мәдениет өркендейді. Осы орайда айта кететін бір жағдай , Мақтарал ауданында үй-жай қарқынды жүріп жатыр. Бірақ кез-келген жерден жерді қазып, топырақ сатумен айналысып бизнес жасауға, қоршаған ортаны қорғау заңы бұзылу фактілері бар.
Мақтарал ауданының негізгі бағыты мақта шаруашылығы болғандықтан мақтаны суғару, басқа да егістерді сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі Сырдария өзенінен Достық каналы арқылы, ауданда ұйымдастырылған 56 су қауымдастығы, Мақтарал су шаруашылығынан келісім-шарт жасасып аудан мақташыларына ағын-су жеткізіп береді… Бұл өңірге ағын-су оңайлықпен келмейді, соған қарамастан қысқы сор шаю кезінде жазғы мақталық егістерді суғаруда, суды ысырап ету, ретсіз пайдалану, суды жауапкершіліксіз автокөлік жолдарына шығарып жіберу, “фильтрация арқылы кетіп жатыр” –деген сияқты себептермен келеңсіз көріністерді көруге болады…
Мақтарал ауданы мақта алқаптарында, су жүретін арықтар жағаларында , осыдан 15-20 жыл бұрын неше мыңдаған ағаштар бүкіл өңірді жасыл желекке бөлей, өзінің көлеңкелерімен мақташыға, егістіктерде жұмыс істеген адамдарға дем алуға үлкен көмегін тигізетін, азынаған желдерден қорғайтын, сол ағаштардың қазіргі таңда оннан бірі де қалған жоқ. Қайтадан құрылған су қауымдастықтарының міндеті өздерінің мүшелерімен бірлесе отырып сол ағаштарды қайта отырғызса , елбасының “Жасыл ел” бағдарламасына қосқан бірден-бір үлкен үлестері болар еді…
“Жердің көркі– ағаш” дегендей, жасыл желек жан жадыратады, қоршаған ортаны тазартады, адамдарға қуаныш сыйлайды. Сондықтан Мақтарал тек мақтаның ғана өлкесі емес, жасыл желекті сұлу аймаққа да айналса екен дейсің. Біз, эколог мамандар мақтаралдың ұйымшыл да, еңбекқор халқы Елбасымыздың“Жасыл ел” бағдарламасына қосыла отырып туған өлкелерін түлете береріне сенеміз.
Біздің Қазақстаннан бөлек туған отанымыз жоқ. Сондықтан да әрбіріміз өзіміздің саналы ғұмырымызда туған елімізге, туған жерімізге жанашырлықпен қарай, қоршаған ортаны саф күйінде сақтауға ұмтылғанымыз абзал. Бұл бүгінгі сондай-ақ ертеңгі ұрпақ алдындағы азаматтық парызымыз болып табылады.
Киіне білуде өнер.
Қазақта еркектердің киімі әйелдердікіне қарағанда беркелкілеу. Тіптен жейдені (көйлек-дамбал) каптал шапанды, түйе жүн шекпенді, сеңсең тонды барлық жерлерде бірдей киген. Ал жалпыға тән еркек киімінің кешенінде көйлек дамбалдан басқа бешпет, көкірекше, шапан, шалбар, бөрік, қалпақ, тақия секілді бас киімдер, көксауыр, саптама етік болған. Осындай еркек киімі ғасырлардағы артына салып бізге жеткенімен оның құрамында, пішімінде, тігісінде уақыт талабына сай әр түрлі ұрпақ енгізген сапалы өзгерістер болып келгендігі даусыз.
Әсіресе жігіттердің киімі сымбатымен көз тартатын болған. Олар ойық немесе тік жағалы болып келетін ақ жібектен, сұрыптан, шыттан тігілген көйлек пен дамбалдың үстіне белі қымталған денеге мығым қонатын бешпет, кеудеше, жүріп тұруға ыңғайлы болу үшін ауына үшкіл салған шалбар киетінде балағын етіктің қонышына салатын. Бешпет пен шапанды белдікпен, кездеме белбеумен буынатын болған.
Бешпет шалбар көбінесе көгілдір, қоңыр, шымқай күрең мәуіті, барқыт бедерлі жібек маталардан тігілетін. Бешпеттің қаусырмасы етекжеңі кейде кестелі жолақпен тоқыма ызбаларымен жиектелетін. Әсіресе өсімдік сарынды өрнектермен кестеленген күрделі бешпет пен жарғақ шалбар жоғары бағаланған.
Үйлі жайлы болып егде тарта бастаған еркектердің киім кешегі әдетте жігіттердікіне тән элементтерден тұрғанымен бешпеті оншама қымталмайтын да үстіне кесте жүргізілмейтін. Пішімі молдау шалбары кеңдеу болатын.
Қарттардың киімі мейлінше қарапайым, көбінесе көктеп тігілетін және әшекейсіз болған. Оларға арнайы қалыптасқан салт бойынша молырақ жейде, шалбар арасында түйе жүн салып сырылатын көкірекше, бешпет, шапан тігілетін болған.
Сырт киімнің көне түрлерінің бірі кебешк болып табылады. Оны асқан ұқыптылықпен шаршылап, қылшығын сыртына шығарабасқаған жұқа киізден мейлінше ұзын атқа отыруға ыңғайлы, артында жармасы бар етіп шалбарымен қоса пішетін болған. Шапанға ұқсас болғанымен тік немесе қайырма жағалы болатын кебенекті ат үстіндегілер үскірік аяз бен ызғырық желден жаңбыр мен қардан сақтану үшін қысқы киімнің үстіне киген. Қазақтың кебенек кигін келер, кебін кигін келмес дейтіні де осыған байланысты. Еркектердің бас кимі жергілікті жағдайға, қолда бар материалдарға ба йланысты әр түрлі болған. Олардың ішінде ең көп тарағаны бөрік. Ол төрт үшкілден төрт түрлі күмбез іспетті етіп пішіліп арасына жүн салып астарланатын да барқытпен, шұғамен, күдерімен тысталатын болған. Көбіне кәдеге жаратылған аң терілер елінің атымен құндыз бөрік, сусар бөрік, пұшпақ бөрік, елтірі бөрік деп аталған. Халық арасында түлкі тымақ, малақай кейінірек европалық үлгідегі құлақшынды да кеңінен тараған.