- Отбасының құрылуы. Бірінші баланың өмірге келуіне дейін жас отбасылар міндеттер қатарын шешіп алады. Олардың ішіндегі ең маңызды мәселелер жұбайлардың жалпы отбасылық өмір жағдайына және бір-бірінің психологиялық ерекшеліктеріне бейімделуі болып табылады. Бұл кезеңде жұбайлардың өзара жыныстық бейімделуі жүзеге асырылады немесе аяқталады (егерде некесіз қатынаста болса). Отбасылық бұл даму кезеңінде негізгі күш бастапқы отбасылық бұйым, жабдықтар қолдануға жіберіледі, яғни пәтер-үй мәселесі мен ортақ мүлік арттыру мәселелерін шешіп алулары керек. Дәл осы отбасылық даму кезеңінде туыстары мен қатынастары құрылады.
Жас отбасыларының көпшілігі бірлескен жұбайлық өмірдің басында-ақ ажыраса бастайды. Бұндай некелердің бұзылуының негізгі себептері ерлі-зайыптылық өмірге дайынсыздық, тұрмыстық жағдайдың қанағаттандырылмауы, үйленгеннен кейін пәтер жайдың болмауы.
Еңбек әрекетін бастамаған балалы отбасы. Отбасылық өмірдің алғашқы кезеңінен кейін өмірлік циклдіңнегізгі, орталық кезеңі, яғни құрамында ер жеткен балалары бар жетілген отбасының құрылуы. Отбасылық өмірде бұл едәуір шаруашылық-тұрмыстық белсенділік уақыты. Әйелдердің, ер жетпеген баласы бар аналардың үй шаруашылығымен айналысуға жұмыстан тыс көбірек уақытын бөліп отыруына тура келеді. Мұндай отбасыларының ер азаматтары үй еңбегіне орташа есеппен күніне 1,5-2 сағат бөледі.
Бала дамуының әрбір жаңа кезеңі бір жағынан өткен кезеңдерде отбасы қызмет етуі қаншалықты тиімді болғанының өзгеше тексеруі, бақылауы болса, екінші жағына олардың алдында жаңа міндеттер қойылады, ата-аналардың қабілеттілік пен ептілік, шеберлік сияқты басқа да қасиеттерді талап етеді. Отбасы дамуының бұл кезеңінде де әртүрлі мәселелермен бұзылулар болып тұрады. Сондай-ақ дәл осы кезеңде отбасылық өмірге қанағаттанудың төмендеуі де кездеседі.
Бұл уақыттағы отбасылық тіршіліктің бұзылуының негізгі бастауы, біріншіден жұбайлардың шамадан тыс жүктелуі, олардың күштерінің зорлануы, екіншіден рухани және эмоционалды қатынастарды қайта құру қажеттілігі болып табылады. Дәл осы кезеңде әртүрлі эмоционалды салқындық, жұбайын өзгерту, жыныстық (дисгармония) үйлесімсіздік, серігінің мінезіне көңілі толмау себебін ажырасу, басқа адамды ұнатуларда кездеседі.
Отабасылық өмірдің бірінші кезеңіне тән эмоционалды қатынас мәселесі, конфликттер олардың салқындауына әкеледі. Отбасылық тіршіліктің негізгі бұзылыстары тәрбиелік қиындықтармен де байланысты.
- Отбасылық тіршіліктің аяқталу кезеңдері. Балалардың соңғысы еңбек әрекетін бастап, ары қарай өзінің балаларымен отбасын құру – отбасылық өмірдегі өзгерістерді қамтамасыз етеді. Отбасы тәрбиелік әрекеттегі тоқтатады. Оны жалғастыру әрекеті балалардың қарсыласуына әкеп соқтырады. Күнделікті отбасылық өмірдегі кейбір айқын өзгерістер жас ерекшеліктерімен байланысты. Бұлшық ет күшінің бірте-бірте әлсіреуі күнделікті тұрмыстық қызметті қайта қалпына келтіруді күшейтеді. Жұбайлардың денсаулық жағдайы төмендеуіне қарай денсаулық мәселесі бірінші орынға қойылады.
Осы уақыттарда жағдайға байланысты үй еңбегімен балаға қарауда отбасы мүшелерінің белсенді араласуы маңызды роль атқаралды. Әсіресе немерелерінің алғашқы жылдары “Аталар мен әжелерден” көп күшті қажет етеді.
Өмірлік циклдің, еңбек әрекетінің аяқталуы, зейнетке шығу, мүмкіндіктердің азаюы құрметке қажеттілікті күшейтеді. Бұл кезеңде өзінің қажеттілігін сезіну, өзіне деген сый-құрметтік қатынастың қамтамасыз етілуі аңызды ролі атқарады.
- Отбасылық тіршіліктің бұзылыстары. Отбасы бүкіл өмірлік цикл бойында үнемі әртүрлі қиындықтарға, жағымсыз жағдайлар мен мәселелерге толы болады. Отбасындағы мүшелерінің бірінің ауыруы, үй-тұрмыстық қиындықтар, әлеуметтік қоршаған ортамен конфликттер, әлеуметтік процестердің ауқымды салдарлары (соғыс, әлеуметтік дағдарыстар т.б.) барлық қиыншылықтардың тізімі бола алмайды.
Отбасында кездесетін қиыншылықтар мен оның салдарларын психологтар, социологтар, психиатрлар қарастырады. Бұл аумақтағы зерттеулер екі бағытқа топталады. Біріншісі – отбасындағы ауқымды әлеуметтік процестердің жағымсыз әрекет күшінен пайда болған: соғыс, экономикалық дағдарыс т.б. қиыншылық жағдайында зерттеу. Бұл мәселелер Америкалық зерттеушілердің соғыс алдындағы және соғыстан кейінгі жұмыстарында кеңінен көрсетілген.
Екінші нормативтік стресстер, яғни отбасылық өмірдің күнделікті жағдайында кездесетін қиыншылықтарды зерттеу. Бұл қиындықтар отбасындағы өмірлік циклдің негізгі этаптарынан өтуімен, сондай-ақ отбасын бұзылуға әкелетін: ұзақ айырылысу, ажырасу, отбасы мүшелерінің бірінің өмірден кетуі, қиын ауру сияқты жағдайлардан пайда болатын мәселелермен байланысты.
Бұл жағдайлардың барлығы отбасылық өмірдегі күрделі, көп салдарлы бұзылыстардың көрінуіне әкеп соқтырады. Бұл бір жағынан өзара қатынастағы кикілжіңдердің өсуі, отбасылық өмірге қанағаттанудың төмендеуі, отбасы бірлігінің әлсіреуі болса, екінші жағынан – отбасын сақтап қалуға күшінің артуы мен қиыншылыққа қарсы тұрудың өсуі болып табылады.