Х.Досмұхамедотың аталмыш ғылым саласын ерекше көңіл аударғаны қазіргі әлеуметтік, сондай-ақ этнопсихология ғылымдарына қатысты кейбір ой-түйіндері 1925 жылы автор қаламынан туынждаған “Аламан” атты еңбегінен жақсы байқалады. “Көптің пайдасын ойлап тұрса да, деп жазды автор, — бүгін жұрттың қамын жей тұрса да, өзінің менмендігін көп үшін құрбан қыла алмайтын, өз дегенін күшпен орындайтын: өз басын артыққа санап, сөзін сөйлеп, соңына ермегендерді, қарсы тұрғандарды түсінбегендігімен, ақылсыздығынан қылды деп білетін, көңіліне жақпаса, өзі қойған бастығының бұйрығына, өзі қалаған тәртіптің жолына бас ұрмайтын; Отан сезімі, мемлекет сезімі кем, менмендік сезімі өте күшті құлықты аламандық дейміз…” Міне, бұл – Х.Досмұхамедотвң бұдан 80 жыл бұрынғы ойлары. Осы аламандық қазақ халқының мінез-құлқында әлі де бар ма, бар болса оның қазіргі көріністері қандай? Бұ сұраққа жауап бермес бұрын қазақ халқының ұлттқ психологиясының қалыптасу факторларының (тарихи, шаруашылық, мәдени, тіл, салт-дәстүр, табиғи, идеологиялық және діни, әлеуметтік, демографиялық – Н.И.) қазіргі заманғы өмір салтындағы ықпалын қарастыра кетпесе болмайды. Қазақтың тарихи санасында сонау түркі тілдес ата-бабаларымыздың мирас болған жауынгерлік пен намысқойлық сияқты қасиеттер осыншама үлкен аумақты шет жұртқа таптатпай, қырағылықпен қорғай білуге мүмкіндіктер берді. Қазақ халқының ұлттық психологиясында елеулі із қалдырған оқиғалар оның ұлт ретінде қалыптаса бастаған (қазақ хандықтары құрылған уақыт, яғни ХV ғасыр шамасы – Н.И.) кезеңдерден басталады. Жеке хандықтар болғанымен, орталықтандырылған тұтас мемлекеттің құрылмау, орталық өкіметке бағындыру шараларының жүгізілмеуі, ірі діни және мәдени орталықтардың қалалардың жетілмеуі (қазақ халқының дінге көзқарасы өз алдына үлкен әңгіме арқауы – Н.И.), оның бергі жағында елімізде белгілі себептермен капиталистік қатынастардың дамымай қалу, соның салдарынан қзақ тілінің экономикалық айналыс тіліне айнала алмау,- міне мұның барлығы- жоғарыдағы айтылған ұлттық психологияның қалыптасуында із-қалдырған тарихи факторлар. Бұған қазақтардың ұлт ретінде қалыптасу процесі өте ауыр жағдайда – патшалық самодержавиенің отарлау саясатның үстемдік жағдайында жүргенін тағы қосып қойыңыз.
Қазақ халқының қанына қорқақатық пен жалтақтық сияқты құлықтарды сңіруде 1929-1932 жылдар зобалаңы да, 1937-1938 жылдардағы қанды репрессияны іске асыру “жығылған үстіне жұдырық” болды да шықты.
Х.Досмұхамедовтың түсінігінде қазақ елінде жиі кездесетін “аламандық” ұғымы басқаға бағынбайтын бәсекешіл топтың психологиясын білдіреді. Қазіргі әлеуметтік психологияның тілімен айтсақ, бұл – бейресми, яғни бірімен-бірі үнемі бәсекеге түсіп тұратын, шекіспей бекіспейтін ұйымдасып қылмыс жасайтын топтар мен корпорациялар, мафиоздық бірлестіктер. Автор аламындықты рушылдық психологиямен байланыстырады. Ол ру менмендігінің бір сипаты аламандықты жатыр деп түсінеді. Ғалым “аламандық қазақ мінезінің бадырайып (психологияда мұны “мінездің акцентуациясы” дейді – Н.И.) бесенеден белгілі болып, көрініп тұратын мінез бітісі”, — дейді. Мінез акцентуациясын – жеке адамға, сонымен қатар, әр түрлі әлеуметтік топтарға да тән құбылыс. Аламандыққа байланысты автор түйіндерінде қазақ халқында бұрынғы кезде атамекенді қорғау сезімдерінің кемдігі байқалады деген пікір бар. әрине, осы түйінмен келісе қою қиын. №6 (18), 2008 (қараша-желтоқсан)