- Қазақстанда соңғы уақытқа дейін педагогика және психология ғылымдарының өкілдері педология туралы айтпаған.
Педологияны қайта жаңғырту психология ғылымы үшін аса қажет. Күні бүгінге дейін психология ғылымының ресми түрде басталуын 1946 жылғы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында психология кафедрасының ашылуымен байланыстырған.Ресми түрде ол Қазақ ССР оқу министрлігінің арнаулы бұйрығымен 1946 жылы 30 тамызда ашылған еді. Х.Досмұхамедовтың 1929 жылы ҚазПи-де педология кафедрасын ұйымдастыруына байланысты, қазақтың ғылыми психологиясының тұңғыш мекемесінің тарихы 1946 жылы емес, одан 17 жыл бұрын, яғни, педология кафедрасының құрылуынан басталады. Өйткені, педология мен психология да бір-бірімен тығыз байланысты ғылым салалары. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетеінің 75 жылдығында осындағы педагогика кафедрасының да мерейтойы аталып өткен. Жиынға келген ғалымдар педагогика кафедрасы 1928 жылы ашылған дейді, ол кезде осы оқу орнында педагогкиа кафедрасы болмаған. Мұнда үшақ кафедра:тіл мен әдебиет, қоғамдық ғылымдар, педология кафедрасы ғана болған. Біздің ойымызша, 1936 жылғы 4 шілдедегі БК(б)П Орталық Комитетінің «Халық ағарту жүйесіндегі педологиялық бұрмалаушылықтар» туралы қаулысына дейін, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында педология кафедрасы құрылып, оның меңгерушісі профессор Х.Досмұхамедов болғаны айдан анық. Осы айтылғанға орай, психология ғылымына қатысты Қазақстандағы дербес кафедраны педология кафедрасы құрылғаннан, яғни, 1929 жылдан бастау алуы қажет деп есептейміз.
Осы кезге дейін ресми құжаттарда біздегі Қазақстандық ғылыми психологияның басы – 1946 жыл дейді. Өйткені, Оқу министрілігінің жарлығымен КазПИ-де осындай кафедраның ашылғаны белгілі. Ендігі жерде бұл қателік түзетпейінше, әділдік болмайды. Ақиқатына келгенде еліміздегі психологияның ғылыми тарихы 1929 жылдан басталатыны шындыққа келеді. Өйткені, сол кездегі жарияланған ғылыми еңбектерде (Ш.Әлжанов, С.Балаубаев, т.б.) көп жағдайда психологияға негіздеме жасалғандығын байқау қиын емес.
- Н.Иманғалиева Педология ғылымы.
1936 жылы 4 ші шілдеде ВК(б))П Орталық Комитеті өзінің «Наркомпростар жүйесіндегі педологиялық бұрмалаушылықтар туралы» қаулысында педологияға жалған ғылым деген айдар тағып, оны жермен-жексен еткен еді. Сол кездегі тоталитарлық режим ғылым саласына да өзінің өктемдігін жүргізетін. Осы қаулының педологияға қиянат жасағаны, оның ақ-қарасын айырмағаны қазіргі кеде белгілі болып отыр. «Педология» грек өзінен алынған, сөзбе-сөз аударғанда оның этимологиясын «Пед» (бала), «логия» (ілім-білім), яғни бала туралы білім деген маынаны білдіреді. Яғни, ол психология, педагогика, физиология, биология, медицина, әлеуметтік ғылымдардың жиынтығынан туындайтын білім саласы. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қалыптаса бастаған бала туралы ғылымның бір саласы. Оның негізін салған американ ғалымы, психолог Стендли Холл. Оның пайда болуы эксперименттік педагогика мен психологияның қоданбалы салаларының дамуы мен ғылым әлеміндегі эволюциялық идеяның өріс алуына байланысты еді. Педологиялық зерттеулер шетелдерде Дж.Болдуин, Мейман, Реседе В.М.Бехтерев, Г.И.Россолимо, А.П.Нечаев есімдерімен байланысты. Педологияға алғаш әділ бағасын берген белгілі орыс психологы, академик В.М.Бехтерев болды. Ол 1903 жылы Санкт-Петербургтегі Әскери Академияда жүйке қызметі, жан аурулары кафедрасын ұйымдастырып, академик И.П.Павловтың шартты рефлекстер теориясымен үндесетін «Қосарланған рефлекс» (сочетательные рефлексы) дейтін ілімнің іргесін қалайды. Ғалым 1908 жылы өзі ұйымдастырған психоневрологиялық ғылыми-зерттеу институтының жанынан шағын педологиялық ғылыми зертттеу мекемесін ашады. Мұнда бала психикасының жалпы дамуы мен қалыптасуын кешнді зерттеу мақсатында білікті тәрбиешілерді іріктеп оларды құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен. Олар баланың туған күнінен бастап (бала туғаннан соң 7-10 күнде осы мекемеге қабылданған), зерттеуге алынатын болағн. Бала есейгенге дейін осы мекеменің қамқорлығында болып, физиологиялық, анатомиялық, психологиялық тұрғыдан бақылауға алынған. Баланың жан-дүниесі, оның физиологиялық, анатомиялық өсуімен қосарлана зерттелінеді. Бұл бір кездегі К.Д.Ушинскийдің «Адам – тәрбиенің нысанасы» деген еңбегінде дамды туғаннанбастап, жан-жақты танып білу үшін, оны жан-жақты зерттеу керек деген ойының жалғасы болып табылады.Бала жанын жан-жақты зерттеу – педологияның ерекше көңіл бөлген мәселесі болды. Сөйтіп, В.М.Бехтерев ғылым тарихында педологияның зерттеу лабораториясын ашқан бірінші орыс ғалымы болды. Кейіннен мұндай орталықтар мен бірнешезерттеу орындары Брюс-сельде (1913) және Еуропа мен Америкада пайда болды. В.М.Бехтеревтің «Тәрбие мен даму баланы зерттеудің ең негізгі кредосы» дейтін идеясын 1950 жылдары оның шәкірті Б.Г.Ананьев «Баланың антропологиялық психологиясы» тұрғысынан зерттеді. В.М.Бехтеревтің бастауымен 1907 жылы педологиялық институттің Жарғысы жасалды. Мұнда баланы ұзақ уақыт бойына бақылау, анасымен қоса жан-жақты қамқорлыққа алу мәселесі қатты ескерілді. Жарғыда, сондай-ақ, институттағы бала тәрбиесі, үде ата-насы тарапынан берілетін әлпештеу, аймалау, жүрек жылуынан кем болмауы тиіс дейтін қағида орын алды. Институтта үш бөлім (психология, гигиена мен физиология, педагогика) болды. Мұндағы ғылыми қызметкерлер бірлесіп, жас өскінді жан-жақты тәрбиелеуде, яғни, В.А.Сухомлинский айтқандай, «Балаға жүрек жылуы» дейтін гуманистік идеяны басшылыққа алды. Партияның жоғарыда аталған қаулысынан кейін, педологияға мұндай көзқарас болмады. Қайта мұның теориктері мен практикатері қуғын-сүргінге ұшырады. Осы қаулының зардабы психологтарға да қолайсыз әсер етті, оның “Бала және педагогикалықпсихология” дейтін салаларының да дамуына тұса салынды. Педологияға оң көзқарас тек соңғы жылдары, яғни, ғылымда демократиялық прицип қалпына келгеннен кейін ғана, қайтадан өріс ала бастады. Ғалымдар (психологтар, физиологтар) педологияның теориялық қисындарының әлсіздігін мойындай келіп, оның пратикалық зерттеу әдістерінің маңызын жоққа шығармайды. Әсіресе, қиын балаларды тәрбиелеу туралы түйіндерінің, тест арқылы зерттеу әдістерінің құндылығын мойындайды. Академик В.П.Зинченко педологияның ғылыми концепциясында бала тұлғасын зерттеуде төмендегі 4 приципті басшылыққа алғандығын былайша тұжырымдайды: 1. Баланы бір ғана психологияның көмегімен жан-жақты зерттеуге болмайды, оны гигиеналық, физиологиялық, антропологиялық, басқа да әлеуметтік ғылымдармен бірлесе зерттеу қажет. 2. Бұл прицип генетикалық деп аталады, баланы үнемі даму үстінде зерттеу сенімді болады. 3. Әлеуметтік ортамен байланыстыра зерттеу (Л.С.Выготскийдің қоғамдық-тарихи теориясына сәйкес). 4.Баланы өмірде іс-әрекет үстінде зерттеу.
В.П.Зинченконың осынау пікірлерін, ММУ-дегі психология кафедрасының профессоры А.Г.Асмолов қолдап, “Педология” журналын шығарды. Бұл айтылғандар Орталық партия комитетінің жоғарыда аталған Қаулысынан зардап шеккен педологияны қайтадан өмірге келтірудің бір көрінісі еді.