- Республикадағы психология ғылымы, әсіресе, соғыстаң кейінгі жылдарда елеулі кдрқынмен дами бастады. Оған да бірнеше сәтті жагдайлар себеп болды. Мәселен, 1946 жылы КазПИ-де республика бойынша тұңғыш психология кафедрасы құрылды. 1946 жылғы БК(б)П Орталық Комитетінің орта мектептерде логика мен психологияны оқыту жөніндегі қаулы-сына сәйкес Қазак университетінде логика және психология мұғалімдерін даярлайтын бөлім ашылды. 1951-1953 жылдар арасында осы бөлімді жүзге жуық адам бітіріп шықты. Бұлардың көпшілігі психологиядан мамандық алып, республиканың жо-ғары және орта арнаулы оку орындарында мұгалімдік қызметке жолдама алды. 50-ші жылдары республика үшін психолог кадр-ларын даярлауда профессор Т.Тәжібаевпен бірге согыс жылдары Саратовтан Алматыға келген профессор И.Л.Стычинский (1896-1969) зор үлес қссты. 1919 жылы сондағы университеттің медицина факультетін бітірген ол жүйке аурулары кафедрасының әуелі ординаторы, кейіннен доценті қызметін атқарады. 1921-26 жж. халық ағарту институ-тында, университетте психологиядан сабақ береді. 1931 жылдан Саратов медициналық институ-тының кафедра меңгерушісі, ал 1935 жылдан профессоры. 1944-
1949 жж. Алматыдағы «Ана мен баланы қорғау» ғылыми-зерттеу институтының директоры, 1947-1969 жж. Абай атындағы Қазак пединститутының профессоры, психология кафедрасының мең-герушісі, 1958-62 жж. Қазақстан психологтар қоғамының төр-ағасы болды. Ол көптеген жеке еңбектер мен мақалалардың авторы. Олардың кейбірі: «Бөбектердің психологиясын зерттеу» (Саратов, 1921), «Психика және жүйке саласын зерттеу» (Саратов, 1925), «Сөйлеу кемістігін топтастыру туралы» (Харьков, 1939), «Ойлау мен сөйлеу» (Халық мүғалімі, 1951, N4), «Педагогикалық психология- ның бүгінгі тандағы міндетгері» (Қазақстанмектебі, 1967, N3), т.б.
Өткен ғасырдың 40-жылдар аяғында Абай атындағы КазПИ мен Қазақ университетінде психология кафедралары ашыльш, ғылыми мамандар дайындауға нақты мүмкіндік туған-дығын жоғарыда айттық, Республикада сол кездері психология ғылымы саласында тұңғыш диссертация қорғағандар: Е. Суфиев, А.Темірбеков, М. Мүқановтар еді.
Қазақстандағы психология ғылымының өркен жаюьша шама-шарқынша үлес косқан ғалымдардың алгашқы тобына Адбдолла Темірбеков (1904-1972) пен Елеш Суфиевті (1919-1980) жатқызуға болады. Темірбеков 30-40 — жылдары Орал, Қызылорда пединституттарында директордың срьшбасары, Абай атындағы КазПИ-де факультет деканы, Өскемен пед-институтының ректоры кызметін атқарады, 1962-72 жылдары, Алматы шет ел тілдері институтының педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі болып істейді. Студентгерге қазак, орыс тілдерінде психологиядан сабақ береді. Ол 1968-70 жж. Қазақстан психологтар қоғамының төрағасы болды, пединституттар мен университтер үшін С.Балаубаевпен бірлесіп «Психология» оқулығын (Алматы, 1966), сондай-ақ мектеп оку-шыларының отаншылдың сезімін қалыптастыру туралы бірнеше еңбектер («Советтік патриотизм және оны оқушыларда тәрбие-леудің кейбір мәселелері», Алматы, 1953) жазып, осы тақырыпта кандидаттық диссертация қоргады.
Е. Суфиев Оралдың А.С.Пушкин атындағы педагогика-лык институтының химия-биология факультетін бітіргда (1937). Ол біраз жыл мектептерде мүғалімдік қызметте болады. 1946-80 жылдар арасында Ақтобе, Алматы, Шымкент қалаларындағы жоғары оқу орындарында психологиядан сабақ береді. Өмірінің соңғы жылдары Қазақ қыздар педагогикалық институтында психология кафедрасының меңгерушісі болды. Е. Суфиев психология саласында жазылған біраз еңбектердің авторы. Ол көп жылдар бойы қазақ шәкірттерінің орыс тілін меңгеруінің психологиялық негіздерін зерттеп келді. Оның 1952 жылы ҚазМУ-дің ғылыми кеңесінде қорғаған «Қазақ мектептерінің бастауыш кластарындағы оқушылардың орыс тілін меңгеруінің психологиясы» атты диссертациясында қазақ балаларының орыс тілі сабағында ақыл-ойы мен ауыз екі сөйлеуінің даму ерек-шеліктері психологиялық тұрғыдан талдауға алынды. Автор оқушылардың ұғынуына қиындық келтіретін кейбір орыс тілінд-егі атауларға тоқталып, мұның табиғи-ғылыми жағын И.П.Пав-ловтың жоғары жүйке жүйесі қызметі туралы іліміне негіздей отырып түсіндіреді, оқушылардың кейбір психикалық функция-ларын (қабылдау, зейін, ойлау, т.б.) дамыта түсу, орыс тілін оқыту әдістерін жетілдіру жөнінде біраз ұсыныс-кеңестер береді. Оның қаламынан психологияның әртүрлі тақырып-тарында жазылған бірнеше еңбектер туындады. Олардың кейбірі: «Баланың дамуы және оның мектепке әзірлшу (1965), «Психология оқулығының қазақша аудармасы туралы» («Халық мүға-лімі», 1950, N2), «Қазақ мектебінде орыс тілін оқытудың кейбір психологиялық мәселелері» (1967), т.б. Осы еңбектердің қай-қайсысы да казак мектептеріндегіоқу-тәрбие процесін жандандыру үшін қажетті дүниелер еді.
Қазақстандағы ғылыми психологияның дамуына елеулі үлес коскандардың бірі — Мәжит Мүқанов (1920-1985). Ол Ұлы Отан соғысынан оралғаннан кейін Ленинградтың Н.И.Герцен атындағы педагогикалық институтын бітіріп (1949), кейіннен Қазақ университетінде психология мамандығы бойынша аспи-рантураны тәмамдайды, 1950 жылы профессор Т.Тәжібаевтың жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғайды. Мұнда ол қазақ жауынгерлерінің ұлттық психологиясына, халқымыздың Отан соғысы майданында көрсеткен ерлік, батырлық қимыл-дарына талдау жасайды. Ол 1953-60 жылдар арасында Алматы-ның шет ел тілдері педагогикалық институтының, 1960-85 жылдары Қазақтың Абай атындағы пединститутының психология кафедрасының меңгерушісі болды. М. Мүқанов 1980 жылы докторлық диссертация қорғап, кешікпей профессор атағын алды. Ол жалпы психология, жас, педагогикалық, этнос психо-логиясынан жазылған оннан аса жеке еңбектердің авторы.
Ғалымның кеп жылдар бойы зерттеуі ақыл-ой, интеллект мәселесін бұлардың адамның жан дүниесіндегі алатын орнын анықгауға, ойлау әрекетінің мән-жайын ашуға бағышталған. Автор акыл-ойдың өрістеп отыруын тарихи-этникалық тұрғы-дан зерттеп, әр қилы дәуірдегі адам интеллектісінің дамуы оның емір сүрген ортасына, тіршілік жағдайы мен әлеуметтік қарым-қатынасына байланысты болып отыратындығын казақ елі өмірі-нен алынған нақтылы деректермен дәлелдейді. Мәселен, ол қазак халқының Қазан төңкерісіне дейінгі өмір тіршілігі мен экономи-калық жағдайына, әлеуметтік ортаға байланысты ақыл-ойы мен интеллектісінің дамуындағы бірсыпыра өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасу жолын арнайы жүргізілген тәжірибелер аркылы сипаттайды, Ол халқымыздың ақыл-ойы мен емір тәжірибесінің жиынтығын ғылымда продуктивті және рефлексия (ой жүйелі-лігі) деп аталатын ғылыми атаулар теңірегінен іздестіреді. Осы айтылған жан қуатының көріністерінің айтыс өнері мен мақал-мәтелдерде орын алатынын айта келіп, ғалым өзге кісінің жағдайына көңіл аударып, оның ішкі ойын өзіне айтқызбай-ақ алдын ала білу, яғни ғылыми тілде когнитивтік эмпатия деп аталатын жан касиетін Сырым батыр мен жас келіншектің ара-сын дағы өткір сөзге құрылған диалог арқылы жақсы көрсетеді. М.Мүқанов сауатсыз адамдардың (тәжірибе Қытайдан келген қазақтарға жасалынған. — Қ.Ж.) ойлау қызметінде де рефлексия бар екендігін дәлелдеп, әр халықтың тарихи дамуында айналыс-қан кәсібі (казақтар үшін мал шаруашылығы) оның өзіндік ақыл-ой ерекшеліктерінің қалыптасуына елеулі әсер ететіндігін байқаған. Мәселен, тәжірибе жасауға қажет болған жағдайда олардың май шамның орнына тезек отын пайдалануы. Автор оқымаған адамдарда теориялық пікір айту кездеспейді деу қате, өйткені, теорияның төркіні тәжірибеден ербіп отырады деп түйіндейді. Зерттеуде әр халықтың өмір сүру барысында, тұрмыс-тіршілігінде кездесетін түрлі ырым-жорамалдар әртүрлі заттар мен құбылыстардың түр-түсін, жеке қасиеттерін айыра білудегі кейбір өзіндік ерекшеліктері (бұған жағрапиялық орта, сондай-ақ табиғаттың экологиялық жағдайлары мысқалдап әсер ететіндігі), адамның өсіп-жетілуіндегі ауыз екі сөз бен жазба сөздің ес процесінде тигізетін түрлі ыкпалы туралы сөз болады. М.Мұқанов жүргізген еядігі бір эксперименте оқымаған сауатсыз адамдардың есте сақтау қабілеті күшті болатындығы аныкталған. Мәселен, көшпенді ата-бабаларымыздың тыныс-тірлішігінде жазба-деректердің болмауы, түрлі ақпарат хабары мөлшерінің аздығы, сезім мүшелерін косарлай пайдалануы олардың суырып салма, шешендік кабілетінің күшті болуы М.Мұқановтың пікірінше ауыз екі сөз әлдеқайда көп сакталады, өйткені ол жиі пайдаланылады. Және жұрт бұған бар ықылас-ынтасың салады, ал жазба сөздің есті онша өсірмейтіндігі — оқыған адамның білгендерін қағазға (қойын дәптеріне) жазып алуға әдеттенгеніне байланысты болса керек.
Автор кейбір ғалымдардың «халықтардың жағрапиялық орналасуына, ұлтына, т.б. қасиеттеріне қарап тілдері бай, кедей деп бөлетіні, мәселен, «түркі тілдес халыктардың тілі кедей, кур-дел! ойды жеткізуге икемділігі аз, өйткені бұл тілдер тек кейінгі кезде ғана қалыптасты»,- дейтін үшқары пікірлерін әшкерелеп, оны нақтылы фактілер келтіріп дәлелдейді. Шындығына келеек қазақ халқының сөз байлығы кейбіреулер айтатындай, әсте кедей емес, қайта тілдік қоры орасан бай өркениетгі халықтардың қай-қайсымен болса да жарысқа түсе аларлық, дариядай мол дүние. Мәселен, Ш.Жәнәбіловтың «Қазақ тіліндегі мал шаруашылығы-ның терминдері» деген зерітеуінде (1953) негізінен мал шаруашы-лығымен айналыскан ата-бабаларымыз торт түлікке байланысты үш мыңнан аса атаулары бар екен. Соның ішінде тек түйенід озіне ғана қарасты үш жүздей сөз кездесетіні нақты деректер арқылы көрсетілген. Соңдай-ақ қазақтың он томдық түсіндірме сөздігінде «коз», «бет» үғымдарының әрқайсысының қырықтан астам синонимдерінің бар екендігі де көп жәйтті аңғартса керек.
Өзінің этнос психологиясына байланысты көп жылғы зерттеулерін қортындылай келіп, профессор М.Мүқанов адам-ның ойлау әрекеті инвариант™ (өзгермейтін) және өзгермелі болып отыратындығын, мұның өзі қоғамдық-әлеуметтік, тарихи дәуірдің бір кезеңінен екіншісіне өткенде ойлау механизмі өзіндік ерекшеліктеріне орай өзгеріске түсіп отыратындығы — адам интеллектісінің инвариантты жағы психологиялық дамудың алғы шарты және басты тірегі ретінде яғни қоғам дамуы мен кісінің ой-өрісі шарттас болатындығын, мұның дамудың барлық кезеңдерінде де орын алып отыратындығын дәлелдеп берді. М.Мүқанов қазақ этнопсихологиясы саласында ұлттық кадр-ларды даярлауға да біраз үлес қосты. Оның жетекшілігімен бір-неше адам (Б.Ыбыраев, Қ.Нүрғалиев, Н.Нұртазина, т.б.) диссертация қорғады. Осы салада бірер еңбектер жазылды. Осы деректер М.Мүқановтың ұлттық психология саласында жемісті еңбек еткенінің жақсы айғағы.
Осы жылдары республиканың психология ғылымы сала-сындағы сұраныстарына орайлас бұлардан басқа да бірнеше диссертация қорғалды, жеке еңбектер жарық көрді. Мәселен, Абай атындағы Қазақ пединститутында психологиядан қазақ тілінде дәріс оқыған ғалымның бірі — Әбдірахман Асылбеков (1907-1970) еді. Ол жалпы, жас, педагогикалық психология сала-ларынан студенттерге лекция оқумен катар, тәлім-тәрбиенің психологиялық астарлар жөнінде жазьшған бірнеше төл еңбек-тер мен мақалалардың авторы. Оның қаламынан «Окушылардыц ынтасын тәрбиелеу» (1958), «Қоғамдық пайдалы еңбек арқылы оқушыларға коммунистік тәрбие беру» (1959), «Бала тәрбиелеу-дегі семьяның ролі» (1966), т.б. еңбектері дүниеге келді. Ол 1962 жылы «Мектеп окушыларында ынтаның қалыптасуы» атты диссертация қорғап, психология ғылымының кандидаты атағын алған болатын. Автордың психологиядан жазған туындылары оның жас ұрпақты оқытып-төрбиелеуде ата-ана, ұстаз, тәлім-герлер үшін қажетті дүниелер.
Кәрім Қойбағаров (1928-1985) Қазак мемлекеттік уни-верситетінің логика және психология бөлімін бітіргеннен кейін 1951-54 жылдары психология кафедрасының аспирантура-сында оқиды. 1953-60 жылдары осы кафедранын ассистенті, ал 1960 жылдан өмірінің соңына дейін аға оқытушы қызметін аткарып, университетте психологиядан қазақ тілінде сабақ берді. Ол «Бастауыш кластардың оқу әдеттерін қалыптастыру» дейтін диссертация (1964), «Сұлтанмахмүттың психологиялық козқарастары» деген бірнеше ғылыми мақалалардың авторы, қазақ тіліне аударылған «Жалпы психология» (Алматы, 1980), «Жас және педагогикалық психология» (Алматы, 1987), «Семья өміріндегі әдеп және психология» (Алматы, 1986) атты кітап-тардың тәржімашыларының бірі. Оның «Балаларды мектепке әзірлеу» (1961), «Балаларды адамгершілк сезімге тәрбиелеу» (1966) дейтін педагогикалық психология саласында жазған жеке-жеке кіташпалары — ата-аналар мея мұғалімдер үшін жазылған төл еңбектер еді.
XX ғасырдың 70-80-жылдарындағы халқымыздың жекелегея ерекшеліктері этнопсихология, этнолингвистика, салыстырмалы психология ғылымдары тұрғысынан зерттеліне бастады. Осындай тақырыптардың бірінде «Хат танымайтын адамдардың затгы топтастыруының ерекшеліктері» (В.В.Ста-тивкин), «Жұмбакты шешудің психологиясы» (К. Нұрғалиев), айтыс өнері мсн мақал-мәтелдердегі кісініц ақыл-ой ерекшелік-терінің бейнелЕнуі (М..Мұқанов) зерттелді. Кейіннен психология ғьлымының басқа салаларынан да (жалпы, бала, педагогикалык, сот-зад, әлеуметтік, спорт, т.б.) зерттеулер жүргізіліп, бірнеше едбектер жазылды. Бұл жерде Ш.Бәймішеваның «Нейро-психологиядағы синдромдық талдау формалары», Мәджелат Мүкановтың «Қабылдау мш есті микроструктуралық талдау», Б.Есшғазиеваныц «Силлогизм және ойды психологиялық тұрғы-дан талдау», Қ.Шерниядованың «Мектеп жасына дейінгілердің қабылдау ерекшеліктері», т.б. еңбектерін атауымызға болады. Бұл айтылғандарға коса Ж.Түрікпенұлы, С.Сүлейменова, Р. Жанабекова, Д.Дүйсенбеков, Б.Орманбаевалардын зерт-теулерін атаған жөн. Психологияның басқа да жекелеген салаларынан бірнеше төлтума еңбектер жарык көрді. Олар: М. Мүқанов «Педагогикалык психология очерктері», «*Акыл-ой өрісі», Ө.Жекебаев «Қылмыскер мінез-қүкынын әлеуметтік-психологиялық аспектілері», Ғ.Досболов «Алдын ала тергеудің психологиясы», Н.Фелифоров «Басқарудың әлеуметтік-психо-логиялық негіздері», В.Яковлев «Діндардың жан дүниесі», СЖақыпов «Таным әрекетінщ психологиясы», Ә.Алдамұратов, Қ.Рахымбеков «Жалпы психология», «Қызықты психология», Ғ.Илешов «Медициналық психология», К.Оразбекова «Иман және инабат», т.б. Осы жыддары қолдарыныздағы кітаптың авторы «Психология» (1962), «Қазақ ағартушылары жастар тәр-биесі туралы» (1965), «Қазакстанда психологиялық ой-пікір-лердін дамуы» (1968), «Әл-Фараби» (1978), «Аталар сөзі — акыл-дың көзі» (1980), «Ұстаздық еткен жалықпас» (3987), «Акылдың кені» (1991), «Әдеп және жантану» (1994), т.б. елуден астам жеке еңбектер мен сегіз жүзден астам ғылыми мақалалар жазды. Соңғы жылдары қазақ халқының сан ғасырлық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің даму жолдарын көрсететін диссер-тациялар қорғалып, бірнеше төл тума еңбектер жарық көрді. Осы тұста В.Чистовтың «Әбу Нәсір әл-Фарабидің психологиялық мұрасы» (М., 1989), К.Шәймерденованың «Абай Қүнанбаевтың педагогикалық көзқарастары» (Алматы, 1988), К.Ыбыраеваның «Мүхтар Ә>езовтың педагогикалық көзқарас-тары» (Алматы, 1991), А.Ақажанованың «Қазақстанда жас және педагогикалық психологияның дамып, қалыптасуы» (1989) атты диссертацияларын атауымыз қажет. Ш..Құдайбердіұлы, А. Бай-түрсынов, Х.Досмүхамедов, М.Жүмабаев, Ж.Аймауытовтардың тәлім-тәрбиелік мұралары бойынша бірнеше еңбектер жария-ланып, диссертациялар қорғалды. Психологиядағы іргелі зерт-теулердің қатарына В.К.Шабельникаовтың «Әрекетгің жоспарлы қалыптасу жағдайындағы функциональдық құрылысы гакзисі-нің психологиялық механизмдері» (1990), Н.А.Логинованың «Бехтерев пен Ананьевтің ленинградтық ғылыми мектеэініц сабақтастығы» (1990), В.Е.Клочконың «Ақыл-ой әрекетінің инициациясы» (1983), Б.Хамзиннің «Шәкірттердің конструк-тивті-техникалық әрекетінің қалыптасуындағы операциялық пш түлғалардың бір-біріне әсері» (1989), Ж. Намазбаеваның «Арнайы мектептердегі шәкірт түлғасының қалыптасуы (1986), С.М.Жақыповтың «Оқыту процесінің психологиялық құрылымы (1998), А.М.Кимнің «Қазіргі түсіну психологиясы» (2001), Қ.Жарықбаевтың «Қазақстандағы психология ғылымы (XX ғ. Тарихы мен даму кезендері)» (2003), С.Бердібаеваның докторлық диссертацияларын жатқызуға болады.
Соңғы кездері ондаған оқу құралдары мен оқулықтар, терминологаялық сөздіктер, библиографиялық көрсеткіштер, ұлттық психология салаларынан арнаулы дәрістердің бағдарла-малары, т.б.жалпы саны 100-ден астам басылымдар жарык көрді. Республикадағы психология ғылымының дамып, өркввдей түсуіне ғылыми форумдар үйымдастырудың маңызы ерекше. Осы мақсатта өткізілген «Ойлау және қарым-қатынас» (Алматы, 1973), «Кісінің белсенділігі және оқыту мәселесінің психологиясы» (Целиноград, 1976), «Мекгеп реформасының талап-тарына орай бала және педагогикалық психологияның проблема-ларын жандандыру» (Алматы, 1986), академик Т.Тәжібаевтың туғанына 80 жыл толуына байланысты өткізілгея «Қазақстан-дағы психология және педагогика ғылымдарынын өзекті проблемалары» атты ғылыми-теориялық конференция (Алматы, 1990), сондай-ақ 1992 жылы өткізілген «Халық педагогикасы мш психологиясы дәстүрлерінің оқу-тәрбие ісінде қолданылуы» атты ғылыми-практикалық конференцияның материалдары біздегі психология гылымының өрістей түсуіне ұлкен серпіліс жасады. Қазіргі кезде психология саласынан 90-нан аса ғылым кандидаты мея 1 доктор, профессор қызмет етеді, бұлар Казак-стан психологиясының дамуына елеулі үлес қосып келеді. Ғалым-дарымыздың зерттеу тақырыптары нарық экономикасына өту кезеңіндегі әр түрлі топ өкілдерінің (жұмысшы, шаруа, қызмет-кер, оқушы, т.б.) психологиясы қалайша әсер етіп отыргандығы, әр түрлі этнос адамдарыньвд жеке тұлғасы қалайша қалыптасып жаткандығын, мемлекеттік тілді меңгеруге байланысты кісінің жан қуаттары мен жеке-дара ерекшеліктерінде туындайтын өзгерістердің егемендік, тәуелсіздік, жағдайында ерекше белең алып отырғанын саясат психологиясының астарларын ашуға бағышталуы тиіс. Республикада этникалық психология проблемаларын зерттеу, ягни ұлттық мектептер проблемаларымен қатар, тіл, мәдеииет, әдет-ғұрьш, дін, т.б. төңірегіндегі этнопсихо-логиялық еңбектердің қажеттілігі күн өткеи сайын арта түсуде. XX ғасырдың 50-жылдарында ұлттық психологияның проблемалары, әсіресе ұлттық мінез-құлық жөніндегі зерттеулердің іргесін қалағандардың ішінде, алдымен ауызға аларымыз — белгілі қазақ психологы Төлеген Тәжібаев. Ол өзінің «XIX гасырдың екінші жартысындагы Қазақстандағы ағарту мея педагогикалық ойдың дамуы» атты кітабыңда (Алматы, 1958) «¥лттық мінез-құлық проблемасы өте қызықты және өзекті, алайда бұл әлі айқындала қоймағандықтан өз зерттеушілері — филоссфтарды, психологтарды, тарихшыларды, әдебиетшілерді және этно-графтарды күтуде» деп атап өткен болатьш.
1970-90-шы жылдарда түрлі баспалардан профессор Н.Жанділдиннің «Ұлттық психологияның табиғаты» (Алматы, 1971), профессор М.Мүқановтың «Ақыл-ой өрісі» (Алматы, 1980), профессор Н.Елікбаевтың «Қазақ ұлтының психологиясы» (Алматы, 1992), К.Жүкештің «¥лттық психологиянын табиғаты» (Алматы, 1993) монографиялары жарық көрді. Бұларда осы заманғы этникалық психологияның теориялық проблемалары сөз болды. Бұлардан басқа «Қазақ мектебіндегі оқыту мш тәрбиенің этнопсихологиялық аспектілері» (1990), «Қазақстандағы оқыту меи тәрбиенің ұлттық проблемалары» (1991) жалпы білім беретін орта мектептерге арналған «Әдеп және жантану» (1994), жоғары оқу орындарына лайыкталған «Қазақ тәлім-тәрбиесі» (1995), «Этнопсихология» (1998) т.б. еңбектер жарық көрді. Мәселен, академик Т.Тәжібаевтьщ 80 жылдығына орай өткізілген «Қазақстандағы психология мен педагогиканың өзекті проблемалары» (1990) атты республика-лық-ғылыми теориялық конференцяның «Этникалық және тарихи психология» секциясында он екі адам Қазақстаннан баяндама жасаған болса, «Халық педагогикасы мен психология дәстүрлерінің оқу-тәрбие ісінде қолданылуы» тақырыбына арналған ғылыми конференцияда (1992) жиырма бір баяндама тындалып, талқыланды. Қазақстан ҮҒА философия институты үйымдастырған ғылыми-теориялық конференцияда (1992) этнопсихологиядан отыздан аса ғылыми баяндама ұсынылды. Алматы облыстық ұлттық тәлім-тәрбие ассоцияциясы үйымдастырған «Казақстандағы этнопедагогака мен этнопсихологияньхң теориялық және қолданбалы проблемалары» атты конференцияда 60-тан аса баяндама тындалып, оның екі секциясы этнопсихология мәселелеріне арналды (1994). Кейіннен өткен ғылыми жиындарда бұлардың саны бірнеше жүзден асты. Этнопсихология проблемалары төңірегінде бірнеше кандидаттық доктор-лык диссертация қорғалды. Алдағы жерде де әл-Фараби атында-ғы Қазақ ұлттық университетінің психологияның мамандан-дырылған кеңесінде осы салада бірнеше докторлық диссер-тациялар қоргалмақшы.
Соңғы кездері этнопсихологияның әр түрлі мәселелері төңірегінде профессор Қ.Жарықбаев, профессор В.К.Шабель-ников, доценттер С.Бердібаева, Қ.Рахьшбеков т.б. бірнеше еңбектер жазды. Этнопсихолгиялық зерттеулерде жекелеген кемшіліктер де орын алып келеді. Мәселен, нақтылы эксперименттік-психологиялық жүмыстардың саны әлі де мардымсыз, көптеген этнопсихологиялық түсініктердің мазмұны, негізінең, шетелдік зерттеулердің мәліметтері мен тұжырымдарына сүйенген. Зерттеушілер көбінесе бұған дейін жеткілікті тұрде белгілі болған америкаң француз, неміс, т.б. халықгардың этникалык зертгеулеріне көбірек сілтеме жасайды. Интернационалдық саясаттьщ жасанды үрандарының да әсері әлі күнге этнопсихологиялық зерттеулерге әсерін тигізуде. Жақын шет елдердегі этностық мәселелер мен психологиялық ерекшеліктер де олардың өзара қарым-қатына-сындағы этнопсихологиялық жәйттер байыпты, салиқалы тұрде зерттелген емес. Соңдай-ақ жекелегеи ғалымдардың Н.Елікбаев, К.Жүкеш. т.б. еңбектерінде ұлттык психологияның жалпы тюрияльщ аспектілері жөнінде кеңінен айтылады да, казақ этно-сының әдістемелік (методологиялық) проблемаларын зерттеуге аз көңіл бөлінеді. Жекелеген ұсыныстар мен корытындылардың дүдәмал жақтары да аз емес. Күні бүгінге дейін қазақ этноп-сихологиялық ой-пікірінің қалыптасу тарихына арналған зерт-теулер, әсіресе, казақ қоғамдық ойының XVIII ғасырдағы алып-тары — Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би т.б. этнопсихо-логиялық мұралары жөнінде зерттеулер жоқ.
Этнопсихологиялық тұрғыда «айтыс», «терме», «бата беру», «естірту», «көңіл айту» сиякты фольклорлық жанр түрлерінің психологиялық табиғаты толыққанды анықталған емес. Этникалық психология және ғылыми психологияның сабақтастығы да айқындалмаған. Әсіресе, имандылық тәрбиенің этнопсихологиялық негізін зерттеу (иманшарттын негізі) мен діни-рухани ескерткіштердің тәрбиелік процестегі мәнін ашу назардан тыс калып келеді. Осы кезде психология ғылымының үйымдық мәселелері жәйлі де айтып өткеніміз абзал Республи-када 1958 жылдан бастап Психологтар қоғамы, жастар мен мектеп окушыларына кәсіби бағдар беретін Алматы қалалық зерттеу орталығы (1987), Қазақстан психологтарының ұлттық ассоцйациясы (2003), 1992 жылы этностар психологиясын зерттейтін «Ұлттық тәлім-тәрбие» ассоциациясы, 1998 жылы академик Т.Тәжібаев атындағы этнопсихология және этнопедагогика орталығы құрылды. Этнопсихологиялық зерттеу жүмыстары жоғары оқу орындарының психология кафедра-ларында жүргізіледі. Ұлттық ғылым академия жанынан этнопсихология бөлімшесін, неге этнопсихология ғылыми-зерттеу орталығын ашу — зәру шаралардың бірі.
1988 жылдан бастап елімізде психологиядан мамандар даярлау ісі қолға алынды. Қазіргі кезде әл-Фараби атындағы Қазақ университетінде, Қараганды, Алматы, Шыгыс Қазакстан, Қостанай, Атырау, Тараз университеттері мен Петропавл, Ақ-төбе педагогикалық институтында психолог кадрлары даяр-ланып жатыр. Мектептерге «психология» маманының штаты енгізілгенмен күні бүгінге дейін ол дербес пән ретінде оқытылмайды. Сонғы кездері, әсіресе, жариялылық, демократиялық бетбүрыстар республиканың егемендік алып, тәуелсіздігін жариялаған тұста психологиялық зерттеулердің комплексті тақырыптары қолға алынып, оларды ұлт өміріне орайластыра жүргізудің қажеттігі ерекше сезіле түскеяін жогарыда айтып кеттік. Ал психологияның басқа салаларындағы зерттеулерді ұлт мүддесінг жақындатуымыз керек. Мәселш, біздегі ауыл-село мектептерінің әлсуметтік-психологиялық мәселелері, мал шаруашылығы түрлі салаларына қажетті мамандиқтыц психо-логиялық ерекшеліктері, жетімдер үйлері мси мею.«п-интернат, гамназия, лицей, медресе, колледж окушыларьгаың психология-лык ерекшеліктері, акыл-есі кенже дамыған балаларды оқытьш тәрбиелеу, талантты, дарыңды шәкірттердің психолгиясын зерттеу, үгп тілділік пен көптілділіктің психологиялық астарларын іздестіру, ұлт (қазақ) мектептері оку бағдарламаларының психологиялық аспектілері, оларға тиісті өзгерістер енгізу, кешкі және сырттай оқитын орта мектептердің, кәсіптік-техникалық училищелердің оқу мазмұнын аныктау, орта, арнаулы, жоғары оку орындарындағы жүргізіліп жатқан тәлім-тәрбие жүмыс-тарының, әсіресе бакалавриат пен магистратурада оқудың психологиялық астарларын зерттеу — алда тұрған еміршең гылыми проблемалар болып табылады.
Психология саласында жүргізіліп жатқан әр тарапты зерттеулер қазіргі қоғамдық дамудың, онын таныс-тіршілігінің жаңа сипатын, демократиялық бағыт-баі дарын. қазақ елінің егемендігі мен тәуелсіздігі жағдайында, адам хүқы мен оның ізгілік, мейірбандық, имандылық секілді адами қасиеттерінін өріс алуынан туындап жатқаны хақ.