- Осы кезеңде қазақ жерін Ресей империясы түгелдей жау-лап алуын аяқтады. Өлкеге ішкі жақтан коныстанушылар ағыла бастады. Ел билігімен катар, жер билігі де түгелдей патша әкім-дерінің қолына көшті, жекелегеи өнеркәсіп орындары, сауда-саттық, ақша қатынасы дами түсті. Патшалық езгіге қарсы күресте қанаты қатая түскен орыстың төңкерісшіл демокра-тиялық мәдениеті әр түрлі келімсектер арқылы қазақ даласына еніп, ол бүқара халықтың жүрегін жылытатынын байқатты. Қала мәдениетінің ықпалы күшейді, ғылым мен мәдшиетке қазақ жастарының ықпалы арта түсті.
Дала халқының сана-сезімі ояна түскен осынау кезеңде қоғамдық аренаға халқымыздың аяулы перзенттері — ұлы демократ ойшылдары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Қүнанбаевтар шықты.
А). Шоқан Уәлиханов (1835—1865)
Қазақ топырағында қоғамдық прогресс үшін ғылым-білімнің маңызын ерекше көре білген Шоқан Шыңғысұлы
Уәлиханов бүкіл әлемдік өркениет қорынан мейлінше мол сусындаған, жан-жақты білімді, озат ойлы, ерекше дарынды адам еді. Ол өзін терең тарихшы, ерінбес этнограф, батыл саяхатшы, талмас географ, білгір әдебиетші, шебер суретші, жалынды публицист, жан сырын ұқкыш нәзік психолог ретінде көрсете білді. Не бары отыз-ақ жыл өмір сүрген Щоқан аз ғүмырының ішінде білім-ғылымның көптеген салаларына бағасын мәңгі жоймайтын үлес қосты.
Шоқан еңбектерінде психологиялық мәселелерге бай-ланысты әр түрлі сипаттағы деректер баршылық. Осылардың ішінде басқа мәселелерден көбірек сөз болғаны — халқымыздың ұлттық санасы, оның ішінде өзіндік психологиялық ерекшелік- тері туралы мәселе еді.
Қазан теңкерісіне дейінгі Қазақстан тарихы мен этно-графиясын зерттеген шовинистік рухтағы орыс ғалымдарының еңбектерінде халқымыздың ондаған ғасырлық тарихы бар мәдениетіне қиянат жасалып, тіпті ұлттық психологиямызға күйе жағылып, екінші сорттағы халық деп келгені белгілі.
Осындай келеңсіз көзқарасқа қыр жағдаНындз алғаш қирата соққы беріп, туған халқының ұлттық ар-камысын қыз-ғыштай қорғап, қазақ халқын «тағы халық» деп карау мүлде қате, бұл білместіктен айтылған сөз, халқымыз ертеден елдігі, өзіндік өнері бар, ылғи да көшіп-конудың салдарынан оқу-білімі-нен кенжелеу калса да, рухани дүниесі бай, прогресс атаулыға үмтылғыш, жаңалыққа ерекше бейім халық деп тебіренді. Осымен қатар Шоқанньщ алдына қойған тағы бір мақсаты өз халкының өмірін жете зерттеп, кен, даласы мен дархан халқын берісі орыс, арысы Еуропа жұртшылығына таныстыру еді. Сон-дықтан ол өз еңбектерінде дала халқының қоғамдық өміріне ерекше үңіліп, жан-жақты зерттеді. Бұл жерде ол танымдық жағынан зор ғылыми маңызы бар деректер келтіріп қана қоймай, кейбір қисынды ой топшылауларын да ортаға салды. Шоқан өз халқының тарихын мәдениеті ерте танылған елдермен сабақ-тастыра сипаттайды: «Біздің бай және поэзиялық қүны жоғары, реалистік әдебиетіміз бар. Ол Шығыстың эпосына емес, индо-германдық эпосқа үқсайды»,— деп ой түйіндей келе, ол қазақ-тардьвд рухани байлығын еркениеті аса бай ірі елдермен төркін-дестіре карайды. Енді бір еңбегінде ол бьшай деп жазады: «Түрік тектес халықтардың ішінде поэтикалық қабілеті жағынан казак бірінші орын алады деуге болады. Біздің Шығысты зерттеуші ғалымдарымыздың арабтар туралы айтқан сәзі қазақтарға дәл келеді. Қазақтар да бәдәуилер сияқты жаратылысынан өлеңші және ақын».
Ұлттық психика өнер саласында ерекше көрінеді, өйткекі өнер адамдарының өз айналасын көркем түрде қабылдап алу ерекшеліктерін, біртіндеп қалыптасқан халықтың эстетикалық талғамдарын көрсететін қоғамдық сананың бір формасы.
Шокан қазақ ақындарының төгілдіре жырлау қабілетін олардың негізгі ерекшеліктерінің бірі деп бағалады. Күні бүгінге дейін халқымыздың ұлттық психологиясынан елеулі орын алып кале жаткан айтыс өнері, адамның төгілдіре жырлау, суырып салма сияқты ой қабілетініңүлкен тапкырлығын, қиыннан қиыс-тырар қас шеберлігін ерекше қажет етеді. Мұндағы түйдек-түйдегімен айтылатын сөз несері, бұлтаруға ырық бермейтін ащы шындық, әзіл-шыны аралас еткір сөзбен қарсыласының қапысьш тауып, оны кшеттш мүдіртіп тастау, беталды, мақсат-сыз айтылған пікір-таласының орын алмауы, әр сөзінің мірдің оғындай болуы — Шоқан айтқандай қазақтардың шешендік енерге қабілетті, өлең мен жырға икем келетіндігінің айқын айғағы. Шоқан жалпы көшпелі халықтардың кай-қайсысына да осындай касиеттің тән екендігін атап көрсетеді: «Кешпелі ел-дердің қай-қайсысының болсын бір өзгешелігі — олар өлең-жырға бай, шебер келеді. Бәдәуилердің ақын келетіндігі Еуропа халықтарына әбден мәлім. Араб даласын кезгендердің бәрі де жалаңаш жүрген жас баланың өзіне берілген сүраулардың бәріне қисынды, үйқасты өлеңмен жауап қайтаратынын айтып ауыздарының суы құриды. Монгол, түрік тектес рулар дәл осындай». Шоқан бұл халықтарда төкпе, суырьга салма қасиеттің мұншалықты дамып жетілуінің сырын ашуға да тырысты. «Мұндай қасиеттің болуына көшпелілердің алаңсыз емірі әсер етті ме, болмаса ұшы-қиыры жоқ жасыл дала мен моншақтай тізілген жүлдызы көп, ашық аспанды сүлу табиғат әсер етті ме,— ол әзір бізге мәлімсіз». Шоқан осындай қабілеттің пайда болуының көзі жазира кең даладағы көшпелі өмірдің, не әсем табиғаттың әсерінде жатқан болуы керек деп топшылайды.
- Ғалым қазақ халқының ұлттық психологиясын мына төмендегі пікірлерінде жеріне жеткізіп сипаттаған: «…қазақ барлық сенім, әдетімен де,— деп жазды ол,— ойын-сауығымен де, әр кезде жасаған адамдарының тарихи мәні бар оқиғаларды баяндайтын поэтикалык қүны күшті аңыздар, өлең-жырлар жасаумен де, сауыққа құмарлығымен де, халықтың заңның көптеген кодекстерін сақтаумен де, соттық шешімдерімен де, полициялық шаралармен де, ең ақылдылардың қатарына косы-лады». Өз халқының мәдениеті мен әдебиетін, әдет-ғүрпы мен пси-хологиясын ссыншама жоғары бағалаған Шоқанды қайтып қана қадір түтпассың!
Көшпенді ата-бабаларымыздын психологиясы туралы Шоқан бір еңбегінде тағы да былай деп жазды: «Тарихи жағы-нан алғанда қазак халқьшыц поэзиялық рухы тамаша, біріншіден ақындарының еске түту жайы барынша ғажап болғандықтан… өз батырлары туралы деректерді бұл күнге дейін бүрмалаусыз сақтап келген, екіншіден, қазақтың еткен замандағы аңыздары мен сенім-нанымдарын соншалык бағзы калпында сактауы таңырқарлық. Одан да ғажабы — әсіресе, ақындарыньщ эпика-лык жырлары кең даланың кай киыр түпкірлерінде айтылмасын, бір ғана қолжазбадан көшірілгендей көшпелі орданың (қазақтьщ — Қ. Ж.) ауызша тарихынын осыншалық дәлдігі таңырқар-лықтай, сөйтсе де бұл күдік келтіруге болмайтын акиқат факт». Шоқан Уәлихановтың пікірінше, халыктардың ұлттык психологиясын көрсететін белгілердің бірі — сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік касиеттері. Ол сөз енерін халық бойына біткен зор таланттың, керемет қабілеттің, ақындық қуат-тың белгісі деп санады. «Халықтың тұрмысы мен әдет-ғүрпы,— деп жазды ол,бәрінен де артық тілден көрініс табады. Өйткенді қастерлеу және аңыздарының молдығы — терістік және Орта Азия көшпелі халықтарының ерекше қасиеті. Қазақ тілінде араб тіліндегідей жасама бояу сөздер жоқ, ол нағыз таза тіл»..
Ғұлама ғалымның осы пікірлерін кең-байтақ өлкемізде болған орыс, украин, поляк зиялылары да қостайды. Олар халқы-мыздың салт-санасы мен әдет-ғүрыптарындағы өнегелі де ай-шықты жактарын, атап айтқанда, сөз өнеріне жетіктік, шешендік пен парасаттылык, суырып салмалық, нақыштап сөйлеуге жаны қүмарлық, тағы басқа қасиеттеріне аузының суы күрып таңданғаа Мәселен, «Өлең-жыр,—деп жазды П.И.Пашино,— қазақтардың жан серігі, қарапайым адамдардың өзі суырып салып айтуға бейім тұрады». Ал, А. Брем «қазактар сөз өнеріне жетік келеді — бұл жұрттың бәріне, оқыған адамдарға да, әліпті таяқ деп білмейтіндерге де, байға да, жарлыға да тән қасиет» дейді. Белгілі ғалым В. Радлов «Қазақтар нақышты сөйлеуді бар өнердің алды деп біледі, сондықтан да олардың поэзиясы дамудың жоғары сатысына жеткен»,— деп түйіндеген.
Алғыр ойлы, сезімтал Уәлиханов көп заманнан бері қазақтармен аралас-құралас Орта Азия, Шығыс Түркістан халықтарының тіршілік-тұрмысындағы өзіндік өзгешеліктерін де шүқшия зерттеп, бұларды ғылыми әлемге паш етіп аныктап берді. Мұнң ол сырттан жорымай, солармен мидай араласып, ел арасында жүріп ерінбей зерттеді. Сондықтан да Шоқанның бұл саладағы пікірлері тайға таңба басқандай анық, ғылыми мәні әрі тұжырымды да оралымды. Мәселен, ол кашқарлықтардың (үйғырлардың) психологиясын, әдет-ғүрпын, тіл өзгешеліктерін алғаш рет зерттеушілердің бірі болды. Ол осы халықтың ата мекені Шығыс Түркістанға ғылыми сапармен екі рет барып қайтқаннан кейін үйғырлардың өзіндік ерекшеліктері, көне тарихы мен мәдениеті туралы қүнды еңбектер жазды. Ғалым үйғырлардың бостандық пен тәуелсіздік жолындағы ерлік істерін, өз Отанын жан-тәнімен сүю сезімінің жоғары екендігін көрсете келіп, «патриотизм — олардың ең тамаша қасиеті» екен-дігін ерекше атап өтті. Қашқарлықтардың мінезі жайдары, елгезек, адамға жүғысқыш, еңбеккер және өте кішіпейіл,— деп жазды ол бірде.
Ғалым Шығыс Түркістанды мекендеуші көптеген халық-тардың (қырғыздар, түрікпендер, өзбектер, қытайлар, т. б.) пси-хологиялық ерекшеліктерін, олардың әр-қайсысына тән әдет-ғүрыптары мен салт-дәстүрлерін де өте білгірлікпен көрсете келіп, бұларды ерекше дәріптемей, психологиялық жағынан бір-бірімен тең түсіп отыратындығьш айта келе, ұлттық томаға-түйықтық көзқарасқа да соққы беріп отырады. Шоқан аталғаи халықтардың экономикасы мен мәдениетіндегі артта қалушылықты, әсіресе туған халқы — қазақтардың бұл арадағы кешеуілдеген жағдайын баса айтып, одан шығудың жолдарын көрсеткісі де келді. Бірақ Шоқан көрсеткен жолдың түп-төркіні — тек ағартушылық жол еді. Шоканның психологиялық пікір-лерінде материалистік сарын ерекше байқалады. Оның еңбектерінде адам психологиясы сыртқы ортаға, әсіресе географиялык, табиғат жағдайларының әсеріне байланысты қалыптасып отырады дейтін сындарлы пікірлер баршылық. Бірақ Шоқан адам психологиясының қалыптасуындағы тарихи-қоғамдық факторлардың шешуші ролінен гөрі ұлттық мінез-құлық пен әдет-ғүрыптардың қалыптасуына географиялық орта мен таби-ғат ерекше әсер етеді деп, соңғылардың рөлін асыра бағалап жіберген кездері болды.
Оның этнопсихологиялық пікірлерінің бұдан басқа да кейбір келісе бермейтін жақтары бар. Мәселен, ол халқымыздың басты-басты психологиялық ерекшеліктерін (қонақ жайлылық, үлкенді сыйлау, т. б.) дұрыс көрсете келіп, осы ұлттық мінезде кейбір өзгермейтін, тіпті түқым қуалайтын жақтары да бар деген пікір айтты. Мәселен, ол 1862 жылдың 6 желтоқсанында А. Н. Майковқа жазған хатында ол өз туысқандарында байқала-тын мінездерінің қолайсыз жақтарын «менмендік қазақ халқы-ның ұлттық ерекшелігінің бір көрінісі еді» десе, 1862 жылы 2 қаңтарда профессор Бекетовқа жазған бір хатында өзінде байқа-латын кейбір салдыр-салақтықты мойындай келе, мұны да «қазақ халқының өзіндік пси-хологиялық ерекшелігі еді»,— деп біржақты тұжырым жасайды.
- Шоқанның психологиялық пікірлерінің екінші бір арнасы оның дін жөніндегі толғаныстарымен астарласып жатады. Ғұлама ғальш алғашқы адамның қиялы мен діни сенімдері оның табиғатқа тікелей қатынастарының бейнесі ретінде пайда болғанын айтады. Ол қазақ дала-сында кейінірек тараған шаман дінінің пайда болуының да белгілі себептері бар дейді. Білім-ғылымнан кенже, тәжірибесі аз адамның табиғатпен күрестегі енжарлығы, оған тәуглді болуы-діни елестер мен сенімдердің, пайда болуы-ның көзі. Оның ойынша діни сенімдердің пайда болуының екінші бір кезі адамның жан-дүниесінің, оның сана-сезімінің кейбір ерекшеліктерінен туындайды. Дүниедегі ерекше бір керемет — адамның өзі. Оның жаны, қабілеті, ойлайтын жәнг бәрін білгісі келетін рухани өмірінін, зерттелуі аса қиын нәрсе. Адамньщ табиғат күштерінен қорқуы — діни түсініктерінің пайда болуының басты себептерінің бірі. Жас сәбиге үқсаған алғашқы адам үшін табиғаттың апаттары қанша қаһарлы болса да ол одан жасырына жан сауғалай алушы еді. Ендігі бір үлкен қырсық адамның өзінде болды. Өзі сезінетін, бірақ түсіне алмайтын сиқырлы күштеи қорқу, үрейленуден теріс түсініктер туындады. Шоқан казақ халқындағы шамандық үғымдарды (ем, үшық, сиқыр, арбау, кесір, кие, тіл тию, көз тию, ырым, т. б.) шығу тегін түсіндіргенде де онық психологиялық жақтарын ашқанда да материалистік позицияны берік ұстады. Ол осы ұғымдардың адам баласының ерте кезде табиғаттың алдында дәрменсіздігінен, оның сан қилы құбылыстарын түсінуге шамасы келмеген кезде пайда болғандығын, мұның дала жұртының ғылым мен мәдениет-тен кенже қалғандығынан күнделікті тұрмыста әлде де сақталып келе жатқандығын нақтылы мысалдар келтіре отырып, тәп-тіштеп түсіндіреді. Ғалым діннің гносеологиялық шығу тегің, тамырын ғылыми тұрғыдан түсіндіре алса да, оның әлеуметтік мәнін ашып көрсетпеді.
Шоқан психологияда өзіндік теориялық тұжырымдар ғана жасап қоймай, өзін шын мәніндегі практик психолог ретінде де көрсете алды. Оған ғалымның жекелеген адамдарға берген сипаттамалары жақсы дәлел Мәселен, құлжалық Тоғалдай деген кісіге берген психологиялық сипаттамасында былай деп жазды: «Тоғалдай сығыр қисық көзін үлкен көзілдірігімен сәндеген, қаршыға түмсық, арықтау келген қарт. Оның аузы сәл қисық, үс-тіндегі ерні үш бүрыш сияқты, ортасы үш бүрыштың төбе қиығындай да, ернінің екі шеті ерінге тіреледі…, қушиған сүйір иегі қылтанақсыз, тап-таза. Еріндерінің арасынан онымен тамаша табысқан көгілдір-буырылдау, кофе түсті сынық тістері көрініп түрды. Жасына қарамастан, ол ете сөзшең екен, шүнаң-дап-ақ түр. Үстіне жібек шапан киіп, қара белбеу буынған, оған темекі дорба мен желдеткіш ілген». Ал Шоқанның қытай қызына берген мінездемесі де тамаша! «Бет ажары бірқыдыру сүйкімсіз де емес… қою қара шашы артына қарай жиналып, сәнді өрілген, сүмбідей өкшесіне түсіп түр. Басына әр түрлі көбелектер мен сүйкімсіз бүршіктері бар қолдан істелген гүл шаншылғаа Ерін-деріне далапты қалың жаққан және ол маржан тасындай қып-қызыл Ол өзінің қысықтау көзімен біресе жоғары, біресе төмен қарап, көз алдыңнан әсте кетпей қояды».
Осы үзінділердегі адам портреті сом күйінде суретшінің қыл қаламымен полотнаға түсірілген бояулы суреттей бейнеленгеа Бұл суреттемелер өзінің көркемдігімен, адам жанының нәзік қырларын көрсеткендігімен оқырманды бірден өзіне баурап алады. Шоқан шығармаларында осы іспеттес психологиялық бейне жасау мол Мәселен, Құлжадағы түрлі ұлт өкілдері сауда-герлердіқ киген киімдері, сырт келбеттері, нақты істері мен сөз-дері, тіпті қолдарындағы заттары мен шылдырлаған теңгелеріне дейінгі үсак-түйектер автор назарынан тыс қалмайды. Мұның бәрін білгірлікпен суреттеп беру тек адам жанын Жазбай тани-тын аса сезімтал психолог кісінің ғана қолынан келетіні белгілі. Көркем очерк түрінде жазылған Шоқан күнделіктері мен жол жазбалары — «Құлжа сапарының күнделігі», «Қашқария сапарының күнделігі» психологиялық жағынан қүнды дүниелер. Табиғатты көз алдыңа әкеліп, кісіні кызықтыратындай бейнелеп жазу, бұларды сол өңірдегі халық өмірімен, жеке адамдардың қайталанбас өзіндік психологиялық ерекшеліктерімен байла-ныстыру шеберлігі жағынан Шоқан күнделіктері Байрон мен Лермонтовтың Кавказ очерктерімен өте үқсас және бұлардан еш кем түспейді,— деп жазды академик Әлкей Марғүлан.
Шоқан туған халқының әдет-ғүрпының түрлі жақтарын талдай келіп, қазақ арасындағы кейбір жағымсыз әдеттерді де мейлінше сынап, олардың психологиялық астарларына үңіліп, осы айтылғандардың казақ кауымын ілгері бастырмай келе жат-қан мерездер деп қарады. Мәселен, осындай кінәраттардың бірі барымта екендігін, оны жұрттың көпшілігі баюдың, мал жинау-дың ең жеңіл әдісі деп қате түсініп жүргенін баса айтты. Ол мұндай «кәсіппен» айналысқан адамның еңбекке ынтасы бол-майды, жан-жүйесі жағымсыз, үскынсыз келеді, белгілі бір кәсіп-пен айналысу уақытты, зор ынтаны» керек етеді,— деп дұрыс тұжырымдады. Осылайша ол жастарды мұндай сүрқия кәсіптен бойын аулақ салуға шақырып, осынау жексүрын қасиеттің адамды арамтамақтыққа, еріншектікке итермелейтінін айта келіп, осы жаман әдеттің сайып келгенде қазақ даласында түрлі кәсіптің дамуына кедергі келтіретініне тоқталды.
Шоқанның исихологиялық пікірлері осы айтылғандармен шектелмейді, оның мол рухани мұрасында жан сырлары туралы басқа да түйінді ойлар баршылық.