- XV — XVII ғасырлар — қазақ халкының өз алдына дербес хандық күрып, тайпалар бірлестігі мен феодалдық мемлекеттің нығая бастаған дәуірі еді. Осы кезден бастап, қазақтың өзіне тән мәдениетінің езіндік беті де айқындала бастайды. Ол, әсіресе, халықтың тілінен, әдебиетінен айқын сезіледі. Мәселен, кейбір жазба ескерткіштердің де осы кезде таза қазақ тілінде жазылуы соның айғағы (Қадырғали Қосынұлының «Жылнамалар жинағы» т. т.)-
Қазақтың кең өлкесі сол бір кездерде жасақ пен жортуылдың шаңына булыққан еді. Өзбек, Ноғайлы хандықтары ыдырағаннан кейін қазақ хандығы өз алдына жекё бөлініп шығады. Бұдан кейінгі кезеңдерде де кең байтақ қазақ даласы үлкен майданның орталығына айналды, халқымыз жоңғарлар шабуылына тойтарыс беріп жатты. Зерттеушілердің айтуынша, (X. Сүйіншәлиев, М. Мағауин т. б.) қазақ мәдениетінің біраз тоқырап, тіпті қол жеткен кейбір табыстарының өзінен де айырылып қалуына осы айтылған қиян-кескі соғыстар, жойқын шабуылдар мен жортуылдар себеп болған.
Орыстың ұлы сыншысы В. Г. Белинский әрбір халықтың қаншалықты кенже дамығанымен өзіне тән поэзиясы болады; онда сол халықтың салт-санасы бейнеленеді деген еді. Соған орай, XV — XVII ғасырларда өмір сүрген қазақ ақын, жырау-ларының поэзиясын да ғасырлар сынына сыр бермей, біздің сәулетті заманымызға жеткен асыл шығармалар ретінде, Белинскийдің айтқанындай, халқымыздың сол ерте замандағы салт-санасын, ой-өрісін, мінез-құлқын көрсететін тамаша дерек-тер, қызғылықты мағлүматтар ретінде қарастырған үтымды, ейткені жыраулар толғауларынан адам жанының небір нәзік сырлары, халық басынан еткен мүң-мүқтаж, қайғы-қасірет, қуаныш-сүйініш, ел көкейіндегі арман-тілек әр қырынан көрініс тауып отырды.
- АСАН ҚАЙҒЫ ХV)
Осы кезең ақын, жырауларының ішінде өзінің терең толғаныстарымен жұртшылықка кең танылғаны — Асан Қайғы». Оны қазақ даласының ұлы ойшылы, халқымыздың қоғамдық саяси, әлеуметтік ой-пікірлерінің көш бастаушыларының бірі десек артық бола қоймас. Қазақ халқының өз алдына дербес ел болу үшін бас құрай бастаған кезеңінде Асан Қайғы сынды ойшыл түлғаның дүниеге келуі де заңды еді. Зерттеушілер Асан Қайғы Алтын орданың ыдырау дәуірінде өмір сүрген, Жәнібек, Керей хандардың айналасында болған дейді20. Бір кездегі ғұлама ғалымымыз Ш. Уәлиханов оны көшпенді ноғай — қазақ ұлысының ұлы философы»21 деген еді. Академик М. Әуезов Асан Қайғыны «халык мұңын арман етіп алысты меңзеген… өзі үшін емес елі, жұрты үшін іздеген Асан ел қамқоры»22 деді.
Қазақ аңыздарында Асан — күтты қоныс, жақсы жайлау іздеп дүние кезген жиһангер, халқының сол кездегі хал-ахуалы мен келешегін тебірене сөз еткен жырау. М. Әуезов айткандай, Асан халық тілегінің жоқшысы. Асан қайғысы о дүниені, ақырет жаиын оилағаннан туған қаиғы емес, оның мәні оүкіл қазақ жұртының ортақ мүңымен байланысып жатыр.
Асан Қайғы қазақ қоғамынық прогресі үшін барша жұрт-ты бай, кедей деп бөлмей адамгершілікке баулудың аса қажет екендігін айтады. Ол адамдардың мінез-күлкының жақсаруын қоғамда қажетті ең негізгі фактор деп санайды. Адам бірі мен бірі тату, бейбіт өмір сүріп, өз мүқтаждарын толық қанағаттан-дыру үшін әрекет етуі тиіс, бұл үшін ол өзінің жеке басын үнемі жетілдіріп отыруды ойластыруы қажет. Оның ойынша адамның мінез-құлқы жаксы болуы үшін ол айналасындағыларға аяныш
білдіруі, қамқорлық жасауы тиіс. Адам әрқашанда әділ, қанағатшыл, кішіпейіл, ұстамды болып, басқаларға нүқсан келтірмейтіндей дәрежеде тәрбиеленсш. Өзіне қажетті игіліктерді жасау арқылы ғана адамның қолы бақытқа жетеді, сонда ғана оның басына бақ қонады. Әрине, Асан Қайғы адамдардың салт-санасы қоғамдық әлеуметтік зұлымдықтардан туындайтынын біршама аңғара алғанымен олармен күресудің жолдарын қоғамның таптарға бөлінгендігін анық үға алмады.
Асан Қайғы туралы деректердің барлығында да оны Жәнібек хандығы тұсында емір сүрген, сол хандыққа караған қазақ елінің жоғын жокгаған ойшыл жырау ретінде көрсетеді. Зерттеушілердің (Ш. Уәлиханов, Г. Потанин, Қ. Халидов, С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Б. Кенжебаев, М. Бяткин, Ә. Мар-ғүлан, Ә. Тәжібаев, М. Әуезов, М. Фетисов, X. Сүйіншәлиев, М. Мағауин, т. б.) айтуынша Асан Қайғы толғауларында негізі-нен мемлекетгік, елдік мәселелер, қоғамдық ойлар қозғалып, кең даланың сүлу табиғаты, жер байлығы, жан-жануары, география-лық жағдайы, тұрмыс тіршілігі сөз болады. Асан Қайғы толғау-ларын оқьш отырғанымызда, біз оны көбінде хан айналасынан көреміз («Ай, хан, мен айтпасам білмейсің, айтқаныма көнбей-сің… Өзіңнен басқа хан жоктай, өзеуреп неге сейлейсің»). Бірақ осыған орай, оны ханның шашбауын көтерген, сарай жырауы деуге болмайды. Ол қашан да ханға жағынбай, жарамсақтанбай тура сөйлеген адам сияқты. Осы жайтты оның толғаулары жақсы аңғартады. Біздіңше, Асан Қайғы барша жұрттың, барлық көшпенді қазақ халқының мүң-зарын білдіруші, жоқтаушысы. Оның есіміне жалғанған «Қайғы» сөзі халықпен байланысының
белгісі іспеттес.
Заман құбылысын, қоғам шындығын, байлық пен кедей-лікгің шығу тегін теңсіздік пен әділетеіздіктің шын сырын үға алмағанымен де оның нағыз туманист ойшыл-жырау екендігіне шүбәкелтіругеболмайды.
Оның адам түгіл құрт-қүмырсқа, жан-жануарға дейін жаны ашып, аяушылық білдіруі осы айтқанымызды дәлелдей түссе керек. («Қүйрығы жоқ, жалы жоқ құлан қайтып күн көрер, аяғы жоқ, қолы жоқ жьшан кайтып күн көрер?!»).
Жырау толғауларында адам және оның қасиеттері, өмір сүрудің мақсаты, тіршіліктің қызығы іспеттес философиялық мәнді тұжырымдар жиі үшырайды. Ел үшін еңіреген ерлерді дұрыс тани алмай, кімнің дос, кімнің қас екенін ажырата алмай-тын кездеріміз де болады деп тебіренеді жырау («Ауылдағы жамандар, ер қадірін не білсін… Көшсе қона білмеген, қонса көше білмеген, айтқанына көнбеген, жұрт қадірін не білсін!»). Жырау халқымыздың жас үрпағын адамгершілік қасиет-терге баулып, оларды кішіпейіл, көпшіл болуға, қарапайым да қайырымды болуға, әрі істі кеңесіп істеуге, асып-саспауға, достың көңілін қалдырмауға, өтірік айтпауға, қандай жағдайда да адамға адамгершілік қасиеттің (кешірімді болу, ерегіспеуі, үсак-түйек нәрсеге бола босқа қырқыспау т. б.) ауа-дай қажет екендігін, мұн-сыз өмір сүрудің мазмұнсыздығын, сайып келгенде, барша жұртты бірлікке, татулыққа көпшіл болуға шақырып, бір жеңнен қод бір жағадан бас шығарған жаідайда ғана ауызбТрлпі күшті, кез-келгенге жем болмайтын ілгері ел болатынымызды еске салады. Қай заманда да халқымыз терең ойлап, тебірене сөйлеуге ерекше мән берген. Мұны ұрпақ тәрбиесіндегі негізгі мәселе деп үққан. Бұған Асан Қайғы да ерекше мән берген сияқты.
Жырау түсінігінде севдің де сөзі бар, айтылып сол жерде қалатын сөз бар да, ауыздаң шыға сала ел аузына ілігіп, ұрпақ-тан-ұрпаққа мұра боп сакталып, талай ғасырлар жасайтын сөз бар. Соңғысы мақал-мәтел түрінде кездесе ме, әлде даналық афоризм түрінде кездесе ме, немесе түтас толғау түрінде кездесе ме, әйтеуір көзделген нысанаға дөп тиіп, жүрекке қозғау салып, іске түрткі болып, аддмды белсенді тіршілікке меңзейді. Тек шындық пен әділеттілікті, халыктың мүң-зарын, арман-тіле-гін білдіре алса ғана сөз қүңды болады. Адамдардың күнделікті қарым-қатынасына, коңіл күйіне, жан дүниесіне орайлас сөйлей білу бұл үлкен өнер деп ой тастайды ақылгей жырау. Мәселен:
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады…
Ой түбінде жаткан сөз
Шер тодкытса шығады,— дейді. Асан Қайғының кайтпас, қажырлы қайраты бәрінен бұрын өзінен кейінгі ұрпақ мүддесіне арнйлды. Сондықтан да халқымыз Асан Қайғы айтгы деген аталы сөздерді әркез қастерлеп еске түтады. Халық даналығының заңды мирасқоры Асан толғауларының тәрбиелік мәні зор.
- ӨТЕБОЙДАҚ ТІЛЕУҚАБЫЛҰЛЫ
Жан (психика) құбылыстары туралы әр кезде өмір сүрген қазақ ойшылдары, ақын-жыраулар мен ғұлама-ойщылдардың шығармаларында көшпенді ата-бабаларымыздың жан дүниесі әр қырынан сөз болған.
Мәселен, ортағасырлық ғұлама ғалым Өтейбойдақ Тілеу-қабылұлының (1388-1483) жан туралы пайымдаулары ерекше назар аудартады. Оның басты еңбегі «Шипагерлік баянда» көп-теген психологиялық үғымдар (түйсік ойлау, сөйлеу, қиял, дағды т.б.) туралы кьізықты мағлүматтар бар. Ол өзінен бұрын өмір сүрген ұлы ғұламалардың (әл-Фараби, Жүсіп Баласағүни т.б.) жан туралы түсініктеріне сүйене келіп, бүткіл тіршіліктің басқарушы, реттеушісі жүрек дейді. Сөйте тұра жаң құбылыс-тарын басқаруда мидың атқаратын рөлін де жоққа шығармайды. Оның адам есіне, ойлауына байланысты айтқандары ғыльши тұрғыдан дәйекті де нанымды.
Ғұлама есті — корген, естіген нәрсені жадта еақтау үшін аса қажет дейді. Адам тез аңғарғыш, байқағыш жәңе есте кал-дырғыш болуы тиіс («…тез, шапшаң, жеткілікті аңғарып, ойға қонымды, кеңілге толымды, өте наньшды, бүге-шүгесіне дейін ойда сақтау»). Автор есті дамыту үшін көптеген тгіу-тас, жер-су және жан-жануарлардың аттарын жаттап алудың қажет-тілігіне үлкен мән береді. Адамның есте сақтау кабідетінің ойда-ғыдай дамуына негіз болатын касиеттің бірі — зерделілік пен зейінділік. Оның пікірінше, саналы іс-әрекет зейінсіз іске аспай-ды. Осы еңбекте зейін көбіжсе «мәңгілік аңғарым» деген үғым мағынасында беріліп, оның адамның мақсатты қызығуына байланысты қалыптасатыны біраз соз болады.
Ойлау процесінде сезім мүшелері арқылы затты, іс-әре-кетті жан-жағынан қара, колыңмен ұстап көр, бір-бірімен салыс-тыр, одан соң барып толған, өйткені толғану саралаіібаса, ойлау дараланбайды дей келе, ойлаудың сойлеу қызметіне байланысты екендігін баса айтады. Ойдың сөз арқылы бейнеленуіңің арқасын-да адам өзінен бұрынғылардың ілім-білімдерін есіне сақтап калады, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады. Айтар ойымызды шижамалап («жазбаша» деген үғым Қ.Ж.) қағазға түсіргшде ғана оны түгелдей есте сақтай аламыз. Ойды басқа адамға жеткізу үшін оны сараптап, толғана талдау Қажет. Айтар ойыңды алдымен өзің түсініц ал, алдамшы сезімге беріліп, үстірт ойлау — үлкш қателік, жақсылап түсіну үшін көзбеи көріп, құлақпея естіп, қолмея ұстай білу қажет.
Ғұлама-ғалым сөз саптау, сөйлеу мәнгріж де ерекше мән берген. Оның пайымдауышпа, жүмсақ, байыпты, сыпайылықпен сөйлеу кімге де болса жарасымды қасиет («Жақсы сөйлемелік (сөй-леу) жанға шырай бермек»). Сөйлеу әдебі дегеніміз ойды бүкпей ашық айту, яғни сй жинақтылығы, оның мазмұнды болуымен байланысты.
Бала түйсігінің дұрыс қалыптасуы үшін сезім мүшелерін таза ұстап, оның түрлі сырқаттарын дер кезінде емдеп отырған абзал.
Баланың өң мен түсті, тәтті мен ащыны дұрыс ажырата алуын, алыс-жақыннан келетін дыбыстарды дәл естуін ата-ана-лар мүкият қадағалауы тиіс, мұның өзі әр затты жан-жақты түйсініп, оның сыр-сипатын түсіне білуге жәрдем етеді.
Ғалым мінезге батырлық пен батылдықгы, қайсарлық пен әділдікті жатқызады. Ешнәрсеге қызықпайтын енжар адамның ешкімге шапағаты болмайтындығын айта отырып, ондайларды барынша шенеп-мінейді. Адам өмірге келген соң, белсенді өмір сүруге, «сегіз қырлы, бір сырлы» болуға үмтылуы тиіс дейтін тұжырым аталмыш еңбекте кеңінен«орын алған.