- Монгол шапқыншылығынан кейін біртіндеп есін жиған халқымыз 1456 жылы Шу бойында алғашқы қазақ хандығын құрады, сөйтіп, дербес ел болудың іргетасын қалайды. Осы кез-ден бастап қазақ атына байланысты рухани мұралар да бой көтере бастайды. Қазақ халқының құралу дәуірі халқымыздың санасында, бүкіл рухани-мәдени мұрасында үлкш із қалдырғаны белгілі. Біз төменде талдауға алғалы отырған фольклорлық ма-териалдар (мақал-мәтелдер) осы кезеңдегі көшпенді қазақтар-дың психологиясынан елес беретін қызғылықты деректер болып табылады.
Ата-бабаларымыз өздерінің сан ғасырлар бойғы ұлы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, өзіндік салт-сана мен әдет-ғүрып, дәстүр рәсімдерін қалыптастырды. Бұлар адамдардың тұрмысына сіңген жөн-жосық, жол-жоралғылары, әр адамның іс-әрекетінің қоғамдық ортада қалыптасқан нормалары мен принциптерінің көріністері еді. Көшпелі халық өзі өмір сүргш қоғамның әлеуметтік-эконо-микалық жағдайларына, мәдениеті мен тарихына, табиғатына орайлы жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілек-терін дүннеге әкелді. Мәселен, жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық нормасы белгіленді, оның мәні «сегіз қырлы, бір сырлы» делінетін канатты нақыл сөздермен қисын-далды. Адамға қойылатын талап-тілектер мыналар еді: көшпелі мал шаруашылығын жете игеру; еңбек сүйгіштік, қиыншылықка төзе білу, ел намысын корғау, жаудан беті қайтпау, ата тегін жадында сақтау, сөз асылын қастсрлеу, тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау, ата салтын бүзбау (жасы үлкенді сыйлау, қү-дайы конақтың мәселін қайтармау, көрші хақын жемеу, т. б.). Халқымыздың бойындагы осынау асыл қаеиеттерді өткен ғасырларда қазак даласында болған Еуропа зиялылары асқаіі көрегендікпен дәл басып айткап еді.
Көшпшді өмір тіршілігі қара күшке мығым, қиыншы-лыққа төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш болумен бірге, жан-жүйесі жағынан да жан-жақты жетіліп, кемел адамдарды қалыптастырды. Үйде де, түзде де бала ее білгеннен бастап із кесіп, жол қарап, жүлдыз санап өсті. Олардың көзі қырағы, құлағы сақ, қияндағыны шалатын болды. Аң аулап, мал бағып, күнделікті күйбең тіршілікпен жүрсе де жас өскін ақынның сөзін, жыраудың жырын, әншінің елеңі мен әуенін қалт жібермей тыңдап, ел аузындағы үтымды макал мен мәтелді, ертек пен жүмбақты, терме мен шежірені жадында сактап, халық-даналығын өзіне рухани азық етіп отырды. Әрдайым көшіп-қонуға дайын отырған қазақтар үшін аң-қүс аулау, мал күзету, жау түсіру тұрмыстың дағдылы машығына айналды. Әрбір жас, әрі жауынгер, әрі малшы, әрі шаңырақ иесі болып саналды. Халық аузында мақал бодып кеткен «өнерді үйрен де жирен», «Жігітке жетпіс өнер де аз», «Шебердің колы ортак», «Жауда жүрсе, ат ойнатқан батырым, үйде жүрсе, күрт қайнатқан батырым» деген сияқты бес аспап адамның психологиясы жайлы қанатты сөздердің біздің заманымызға дейін жеткені мәлім. Кешпелі қауым бірін-бірі жақсы білген, әр адамның қадір-қасиеті, оның жасына, жол-жоралғысына, әлеуметтік ортадан алатын орнына карай белгілэгіп отырды. Мұндай қоғамдық, адам аралық қатынастарды қаршадайдан көріп өскен бала да өсе, ержете келе ортақ мүдделілікті, өмірге көзқарастың сәйкес-тілігін, кісіліктің белгісін, жеке бастың өзіне бүра тартуына мүмкіндік бермеді. Психологиялық тұрғыдан «бірауызды» болып қауымдасқан жандар үнемі өздерінің рулық одағына етене сіңіскен салттар мен дәстүрлерді ұстанды. Осыған орай көшпелі тұрмыс тәліміне лайықталған бата беру, ант ішіп ақталу, айтысқа, дау-дамайға төрелік айту сияқты этностық таптаурын-дар (стереотип) кең өріс алды. Әрине, осы таптық санамен бірге әркімнің жеке басының әлеуметтік және биосфералық факторларға орайлас жеке-дара, жас, жыныс ерекшеліктердің де болатындығы еске алынды. Мә-селен, көшпелі халық қыз баланы ерекше кадірлеп, қастерлеп, әлпештеді. Оны әдемілік пен әдептіліктің, сүлулық пен іңкәр-ліктің символы деп үқты. Халық мінезі жақсы, әдепті жігітті «қыз мінезді жігіт екен» дейтін болды. Сондай-ақ «кыздың жиған жүгіндей», «қыздың тіккен кестесіндей» деген тіркестер де қыз баланың нәзіктілігі мен шеберлігі, үқыптылығы мен биязылығы жайлы айтылды.
Әрбір отбасы, әке-шеше, аға-жеңге, бойжеткенді ылғи да таза, мінезінің жайдары болуын қадағалап отырған. Жас өспірім шақтағы олардың балқыған, толқыған, еліктегіш касиеттерін ескеріп, оған «қырық үйден тыю» салу керектігін де үнемі еске алған. Халқымыз сұлулык пен сымбаттылықты, шеберлік пен нәзіктікті қажетсінетін үй ішіндік еңбекке (кесте, ернек, кілем тоқу) көркем сөз, ән-күй, айтыс секілді түрлі өнерге баулуды — бойжеткентәрбиесінің бастыміндеті деп білген. Халықтық дәстүр қыз балаға тәлімі-тәрбие беруде тек бағыт, бағдар берумен қатар, өнеге көрсетіп, әдептілік жөн-жосык нүсқайды. Оның барлық сыры мен сыпайы салты оның санасына, әдебі мен әліне, тілі мен дініне, әні мен күйіне, мінезі мен күлқына кіріге өрілген төрт үғым төңірегінде топтасады. Олар: адал мен арам, обал мен сауап, Адам үшін ең қымбат түсінік жанымен сезіну, ойлану, толғану, әсерлену, әрекеттену. Мұның алғы шарты — бақылай білу, көре білу, кісінің ішкі сыр-ын танып үғыну арқылы өзін өзі түсініп, имандылық пен өнегені бойына сіңіріп, шама-шарқына қарай оны жүзеге асыра білу. Халық бүгінгі бойжеткенді ертеңгі отбасы үйтқысы, болашақ-тағы асыл жар, аяулы ана, ел ардағы, акылман әже деп түсінді. Олай болса, бойжеткен үшін — имандылық, инабат-тылық, ізет-тілік, әдептілік, ісімерлік, биязылық, мейірімділік — бәрі жарасымды болды.
Өзіндік дербес жазу-сызуы (кенжелеп дамыған халықтар өздерінің ғасырлар бойы қастерлел жинаған рухани байлығын көп жағдайларда ауыз әдебиеті аркылы сақтап келгені мәлім.
- Фольклордың негізгі саласының бірі болып табылатын мақал-мәтелдерде адам жанының небір нәзік сырлары: ерлік пен батырлық, дсстық пен ынтымақтық, жауыздық пен зұлым-дық, ақыл-ой, ерік-қайрат сияқты іргелі мәселелерімен қатар қазіргі психология ғылымында кездесетін үғымдардың да үлкен тізбегі (арман, қиял, ес, ықылас, ынтық, ниет, ашу, қайғы, т. б.) сан қырынан сөз болған.
Адамның танымдық процесі сезімдік және ақыл-ой сатылары арқылы жүзеге асады деп үйретеді. Дүние туралы алғашқы мәліметті адам сезім мүшелері арқылы алады. Сезім мүшелерінің бастысы — көз. Халық көру мүшесі — көзді қос шамшырақ деп ерекше қастерлеген. Расында да, көрмеген нәрсенің түр-түсі, формасы туралы адам санасында дұрыс ұғым тумайтыны хақ. Халықтьщ «Көрмегенге көсеу таң», «Көрмей білмейсің» дейтін макалдары осындай жайтта туған. «Көп жасаған білмейді, көпті көрген біледі», «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргшнен сүра» іспеттес мақалдар да осы пікірімізді онан сайын толықтыра түседі. Мақал-мәтелдерде адам түйсіктері ақьщ ой, сезім процестерімен байланыста болса ғана өз мәніне ие болатындығы, («Көңілдегі сырды көз біледі», «Көз көрмей, көңіл сенбес», «Жүректің сырын, көздің нұры паш етер»), сондай-ақ, адамның сезім мүшелерінің тану қабілетінің шегі жоқ екендігі жөнінде де тиісті мағлүматтар берілгш («Көз көруге тоймайды, құлақ естуге тоймайды»). Макал-мәтелдерден таным-ның сезімдік және ақыл-ой басқыштарының бір-бірімен бай-ланысы туралы айтылған қызықты жайттарды да көптеп кездестіруге болады. Сыртқы дүниенің толып жатқан құбы-лыстарының барлығын тікелей сезу қиыа Дүниеде біз тікелей біле алмайтын затгар мен құбылыстар да моя Адам есітіп-көр-генін, сезіп-сипағанын акылға салып өңдеп, бір-бірімен салыс-тыра, талдай жинақтап, жалпылай алу қабілетіне ие болады. Жанама, жалпылай, сатылап тану аркылы біз құбылыстардың ішкі мәніне, олардың бірінің себеп, екіншісінің салдары екендігіне, бірінің екіншісінен туып отыратындығына көзіміз жетеді. Мәселен, «Бой жетпеген жерге ой жетеді», «Көз көрмегш жерге сөз жетеді», «Көз жеткізер, көз жеткізбегенді сөз жеткізер», деген мақалдарда біз жоғарыда айтқан таным процесінің негізгі екі сатысының өзара байланысы мейлінше анық та, айқын айтылған. Атап айтқанда, «Көз жеткізер, кез жеткізбегенді сөз жеткізер» деген мақалдың мәні адамда болатын сигнал жүйелерінің бол-мысын (адам миындағы бірінші, екінші сигнал жүйелері Қ.Ж) және олардың арасындағы байланысты жақсы аңғартады. Халық керу мен ой, сөз арқылы танып білудің арасында елеулі айырмашылық бар екеяін жақсы аңғара алған. Бұл жерде «Көз жеткізер» дегш сөз тек көз туралы айтылып қоймай, жалпы мағынада, яғни сезім мүшелері арқылы танып білу жөнінде де айтылып отыр. Көз, құлақ, тері т. б. сезім мүшелерінің жүмысы — бірінші сигнал жүйесінің қызметі болып табылады. Ал, «сөз жеткізер» тіркесін қазіргі ғылыми тілмен айтатын болсақ, бұл — екінші сигнал жүйесі аркылы танып білу деген сөз. Сөз бен ой түйсіктері арқылы тікелей бейнеленген нәрселердің ішкі мәнісін, негізгі сырын тереңірек ажыратуға мүмкіндік беретін өте күрделі психикалық күбылыстар.
Ерте кездің езінде-ақ адамдар сыртқы ортаны тануда практиканы, тәжірибенің, маңызы зор екенін көре білген. Таным процесінің басынан аяғына дедін, яғни тікелей пайымдаудан абстракты ойлауға дейін іс-әрекет, тәжірибе қосарласа жүріп отырады. Практика — дүние танудың негізгі бағытын көрсетіп отыратын басты өлшем екендігін макал-мәтелдер былайша тұжырымдайды: «Шынайы еңбек, алғыр ой — анық досың, біліп қой», «Көп көрген — нүсқа, көп істеген — ұста», «Сау-сақ бірікпей ине илікпейді», «Сөзің қысқа болсын, қолың ұста болсын» т. б. Бұларда іс-әрекеттің арқасында ғана адам өзінің мақсатына жететіні, тек осылай еткенде ғана оның дүниені толық тани алатыны, айтылған. Адам психологиясының жетіліп, қалып-тасуы бір күннің ісі емес, ол ұзақ уақытты қажет етеді, мұндай қабілетке кісі үнемі оқу, үздіксіз іздену арқылы жетеді. Мәселен, «Көргеннен көрмегенім көп, білгеннен білмегенім көп», «Көргенің бір тоғыз, көрмегенің тоқсан тоғыз», «Естімеген елде көп», «Адам туа білмейді, жүре біледі», «Сөйлей-сөйлей шешен болар-сың, коре-көре көсем боларсың» деген мақалдардан да осы идеяны жақсы аңғарамыз. Өмірді танып білу шексіз процесс Танымның қайнар бұлағы — қоғамдық тарихи тәжірибе. Адам психологиясының, сана сезімінің біртіндеп қалыптасуы ортаға, коллективке тәуелді екендігін де мақал-мәтелдер көрсете алған Мәселен, «Жақсымен жүрсең — жақсы боларсың, жаманмен жүр-сең — жын үрып, баксы боларсың», «Көп жастың ішінде бір кәрі болса, бала болар; кеп кәрінің ішінде бір бала болса, дана болар» т. б. осы іспеттес аталы сөздер жоғарыда айтқан тұжы-рымды қуаттайды.
Мақал-мәтелдерде адам мінезін екі үлкен топқа бөліп, оны синтездей көрсетушілік басым келеді. Бұларда жақсы адамның психологиясы пиғылы жаман адамға қарсы қойылып, бұл екеуі бір-бірімен салыстырылып отырылады. Мәселен, жаман мінезді адам онда былайша сыйпатталады. «Жаман қорықканын сыйлайды», «Жаманньщ намысы болмайды», «Қазан қолыңды кірлейді, жаман жүзіңді кірлейді», «Жаман ісінен көрмейді, кісіден көреді». Жаман адам — өз, намыссыз, о л ісі түскенді, не қорыққанын ғана сыйлайды, мінін көрмейді, оғаш қылығын басқадан көруге тырысады, шамасы келсе сағыңды сындырады, мш-мен болып, бәлсініп кісіні менсінбейді, («Жаман өзі бола алмайды, болғанды көре алмайды»), жамандық туа бітпейді, ол өнегесіз ортадан, нашар тәрбиеден пайда болады, («Адам туа жаман емес, жүре жаман»).
Жақсы адам қайда жүрсе де берекелі, беделді, инабатты келеді. Соңғылар жөнінде «Жақсыға тең жоқ», «Жақсы көпке тәуір, дана елге бауыр», «Жақсының басына іс түссе ашынар да, ашылар», «Жақсымен сөйлессең қуанасың»,— дейді халық даналығы.
Халқымыз қашан да өз ісіне есеп беріп, өзін де, өзгші де әділ бағалай білген адамдарды қастерлеген, кісінің өзін-өзі тәрбиелеуіне ерекше көңіл бөлген. Осы идеяны мына мақал-дардың мазмұны жақсы көрсетіп түр: «Өзін-өзі түсінген дана, өзін-өзі жеңген қаһарман», «Ортаңа қарап өзіңді таны», «Өз ақылын шамалаған қор болмас», «Өзім білемін деген ерге баспас», «Өзім білем дегш жігіттің басына ойран салғаны», «Өзім білем деген өлер, көп біледі деген күлер», «Өзім білем» деп өз^-реу нашар қасиет. Басқаның кемшілігін айтып түзету үшін мұндай кемшіліктен алдымея өзің азат болуың керек. «Өзгенің мінін білгенсін, өзіңде мін болып жүрмесін», «Өз қатесін кәрмеген, кісінің қатесін сезбейді», «Өзіңді ер білсең, өзгені шер біл», «Білемін деп мақтанба, сенен де білгіш табылар» , деп өнегелілікке баулып отырған халық өз үрпағын.
Мақал-мәтелдерде әр халықтың өзіндік әдет-ғүрып, дәстүр салты, ұлттық мінез бітістері, әлеуметтік сезімдері мен көңіл күйлері, ерік-жігер қасиеттері, алуан ойлары мен талап-тілектері, бір сөзбен айтқанда, оның әлеуметтік психологиясы тамаша бейнеленген.
Тәлім-тәрбие, оку-білім, адамның жас кезеңдері, қоғам-дық өмірдің сан қилы жақтары мен қым-қиғаш кайшылықтары, • мұндағы әр түрлі топтар, жеке адам мен коллектив арасындағы қатынастар да мақал-мәтелдерге арқау болған.
Мәселен, мақалдардың бір тобында («Көптің ойы — көл», «Халық қартаймайды», «Көппе теятек болсаң да, көпке теятек болма». «Көптен бақыт құтылмас») адамға қажетті барлық игіліктерді жасаушы — халық, еңбекші бүкара; қандай керемет адам болса дакөптен, халықтан бөлек жүріп өнімді ешнәрсе жасай алмайды, адамдар бір-бірімен байланысып, тіршілік еткшде ғана өз қажеттерін, алға койған мақсаттарын ойдағыдай орындап отырады дегш сындарлы пікірлер аңғарылады.
Ғылым прогреете объективтік факторлармен қатар субъективтік жағдайлардың да, яғни қоғам дамуының кейбір кезеңдерінде қабілетті адамдардың да ролі болады, деп үйре-теді. Қоғамдық дамудың зәру міндеттерін шешу жолында бүқараның қозғалысын басқаруға, белгілі бір топты, партийны басқаратын басшылардың, көсемдердің, кемеңгер адамдардың кажеттілігі туады.
Осы идеяның саңылауын біз мақал-мәтелдерден де байқаймыз. Мәселен, «Бір данаға жол берсең, жанған отқа күймейсің», «Мьвд қосшыға бір басшы», «Жасықтың көбінен де асылдың азы жақсы», «Басшысын таппаған ел азады, басшысыз — ел жетім», деген даналық сездерде халықты басқаруға ақылды, көреген, білгір, озык ойлы адамдардың қажет бола-тыны, бұлар өздерінін жекебасының ерендігімен, зор талант-қабілеттілігімен әлеуметтік өмірде елеулі роль атқаратыны, қоғамдық прогресті шама-шарқынша тездетуге себепші болатыны айтьшады.
Қоғамның дамуына кесір-кесапатын тигізетін, оның прогресіне қарсы тұратын, барып тұрған керітартпа, реакционер адамдардың да кездесетіндігі белгілі. Мұндайлар жөнін-де де халқымыз дұрыс тұжырымдаған: «Мың адам салған көпір-ді бір адам бүзады», «Бір жаман бір топ қолды ірітеді», «Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ», деген мақал-мәтелдерден осы айтқан пікіріміз тайға таңба басқандай білініп түр.
Халқымыз жеке адамдардың қоғамдағы орнын асыра бағалауға бармайтындығын да ескерген. «Білгірім өлді деп қайғырма, бірегей туар тағы бір», «Қанша жақсы болса да жалғыз жігіт би болмас», «Қатардан ассаң да халықтан аспақ жоқ», деген мақал-мәтелдерде ұлы адамдарды қажет болған жағдайда қоғамның өзі тудырып отыратындығы, ондайлардың орны толмайды деп жоқтаудың дұрыс еместігі, оларға босқа табына берудің кажетсіздігі, мұндай басшыларды халық алдағы уақытта да өз ортасынан тәрбиелеп шығаратындары дұрыс топшыланған.
Адам психикасының қалыптасуында оның накты іс-әрекеті мен мамандығы, дәстүрі мен салт-санасы, әдет-ғүрпы, коллективі мен әлеуметтік ортасы тиісінше ыкпал жасап отырады, жеке адамның санасы қоғам мен қарым-қатынас жасау процесінде, түрлі қоғамдық атрибуттардың, қондырмалардың әсер етуінің нәтижесінде өзіндік мазмұнға ие болады.» Коллектив өнегесі, қоғамдық пікір — адам психикасын қалып-тастыруда таптырмайтын қуатты фактор. Қоғамдық сананың сипатымен белгіленетін қоғамдық пікір, адам мен қоғам арасындағы қатынастарды реттеп отыратын басты түрткі. Қо-ғамдық пікір — әлеуметтік топтардың, таптың, қоғамның, коллективен ойы. Мақал-мәтелдерде тәрбие процесі үшін қоғамдық пікірдің, коллективтің ролі ерекше маңызды екендігін дұрыс тұжырымдағаа Мәселен, «Халык айтса, калт айтпайды», «Халык — қатесіз сыншы», «Тентекті халқы түзейді» деген тұжырымдар жеке адам сана-сезімінің жақсы жақтарын дамытуда, еңбек сүйгіштікке, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуде коллек-тивтің жетекші роль атқаратындығын керсетеді.