- Әбу Насыр әл-Фараби өмір сүрген заман Шығыс әлемінде ғылым мен білімнің дәуірлеп тұрған кезі еді. Ұлы ғұламанын балалық; Жігіттік шақтары өткен қазақ даласы да сол кезде мәдени орталықтардың бірі болды. Тарих шежіресі бізге IX-X ғасырлар арасында Отырар қаласы (бұрынғы Фараб) Таяу және Орта Шығысқа баратын үлкен сауда жолы болғандықтан, ол, сондай-ақ, өнер-білімнің, мәдениет пен әдебиеттің өркендеп өскен, көптеген ғұлама ғалымдар шығарған белгілі ел болғандығы жайлы сыр шертеді. Әрине, осындай құнарлы ортаның Фарабидің аты әлемге жайылған ғалым болуына себі тигендігіне күмәндануға болмайды.
VIII-ХІІ ғасырлар арасында әлемдік философиядағы қисындар араб тілінде сөйлейтін халықтардың еншісіне тиген еді. Платон мен Аристотельдің, Гален мен Архимедтің Орта Азиядан Үндістанға, одан сонау Испаниядағы Пиренеи түбегіне дейін араб тіліне сан рет аударылып, көшіріліп, түсіндіріліп жатты. Бұл жайт Орта және Таяу Шығыс елдерінде, физика, математика, медицина және тағы басқа ғылымдардың дами түсуіне, сонымен қатар Шығыс мәдениетінің қалыптасуына зор әсер етті. Араб ойшылдары өз зерттеулерінде табиғат сырларыныңзаңдылықтарынтәжірибе жүзінде ашуға талаптанды. Олар Платоннан гөрі Аристотель іліміне ерекше ден қойып, оны әрмен қарай творчестволықпен дамыты түсті. Орта ғасырлық араб философиясында сол кезде басты үш бағыт болды. Мұның біріншісі — ортодоксті ислам (халифаттағы үстем таптардың идеологиясы), екіншісі — неоплатондық ағым (суфизм), ал үшіншісі ағым — перипатетизм, немесе аристотелизм (Аристотель жолын қуушылар) еді. Соңғысы қоғамның прогрессивтік топтарының көзқарасын бейнеледі. Перипатетизм ағымындағы ғалымдар түрлі философиялық мәселелерді зерттеуде алдымен табиғат заңдарына жүгінді. Олар прогресс атаулыны табиғатты зерттеуден табамыз деп түсінді. Бұл ағымның көрнекті өкілдерінің бірі — әл-Фараби.
Әл-Фарабидің әлеуметтік көзқарасының, қоғамдық ой-санасының философиялық пікірлеріңің қалыптасуына ерекше әсер еткендердің ішінен Аристотель мен Платоннан басқа Араб философиясыныңнегізін салушы әл- Киндиді айырықша атап өтуге тиіспіз. Фарабиеңбектерінің көпшілігі Аристотель мен Платонның философиялық мұраларын оқып, үйренуге, оларға түсініктеме жазуға, олардыңқайшылықтарын табуға, сондай-ақ, әл-Киндидің философиялық көзқарастарын одан әрмен қарай жалғасытырып, дамытуға бағытталған. Фараби, әсіресе, гректің ұлы ойшылы Аристотельдің философиялық мұраларынаерекше көңіл бөледі, Фарабидің біраз еңбегі ұлы ұстазының филссофиялық мұраларын оқып үйренуге, оны зерттептүсіндіруге арналғаны да осыдан болса керек. Алайда, әл-Фараби тек өзінен бұрын өмір сүрген философтардың мұраларын зерттеп, оларға жай түсініктеме берумен ғана қанағаттанып қоймаған, ол, сонымен ойшылдардың мұраларын әрмен қарай творчестволықпен дамытқан. Шәкірті ұстазынан озады дегендей, Фараби психология саласында Аристотельден әлде қайда ілгері кетеді. Мәселен, Аристотель «Жан туралы» бір ғана трактат жазса, Фараби бұл ғылым жайлы жеті еңбек жазған.
- Фараби Аристотельдің пантеистік пікірлерін қайта қарастырып, мұның негізінде натуралистік пантеизм деп аталатын ілім жүйесін ұсынады. Зерттеушілердің (А. Закуев, С. Григорян, А. Машанов, А. Көбесов, М. Хайруллаев т. б.) айтуынша ұлы ғұлама өзінің философиялық пайымдауларын негізінен идеалистік сарында өрбіткен Фараби материяның өзі форианы сақтаушы, сол арқылы заттар алуан түрлі сипаттама алады дейді. Бүкіл әлемді қозғалысқа келтіруші «алғашқы қозғаушы» құдай жөніндегі Аристотельге тән концепция әл-Фараби көзқарасында да белгілі орын алды. Әрине, мұнысы үшін ұлы ғұламаны біз кінәлай алмаймыз. Өйткені Фараби де өзінің басқа әріптестері сияқты өз дәуірінің перзенті еді. Әл-Фрабидің мистика мен қара түнек жайлап тұрған исламдық Шығыста дін иелерін шошындырған ғылыми тұжырымдамаларының бірі өзі ғана (мәселен, жан мен тәннің арақатынасы туралы) шын мәнінісіндегі ғылыми ерлік еді. Сондықтан Фарабидің саяси — қоғамдық, философиялық көзқарастарына баға бергенде, біз оның кейбір олқылықтарымен қатар, осы секілді ғылыми әлемді дүр сілкінткен прогрессивтік жақтарын да естен шығармауымыз қажет.
Философия, психология ғылымдары үшін танымдық мәні зор, іргелі мәселенің бірі — жан мен тән проблемасы. Осы мәселенің шешіліміне қарай ғалымдар сонау ескі заманнан бермен қарай қарама-қарсы екі топқа бөлініп келеді. Мәселен, идеалистер жанды, рухты алғаш пайда болған, ол тән белек, мәңгі бақи өмір сүре береді десе, материалистер дүниенің алғашқылығын, жанның тәнмен байланыстылығын, тән өмір сүруін тоқтатса, жан да бітетіндігін дәйектідеректермен дәлелдеп түсіндіреді.
Әл-Фараби осы мәселеде дәйекті пікір айта алмай, материализм мен идеализмнің арасында ауытқып жүрді, дін мен мистика түгелдей тұмшаланған сол кездегі шығыс әлемінде жан туралы салиқалы тұжырымға келу оңай да емес еді. Фараби өзінің «Мәселелердің түпкі төркіні» дейтін трактатында Платонның «Жан тәннен бұрын пайда болған, бұл екеуі бір-бірімен байланысты емес» дейтін қате тұжырымын сынға алды. Сөз боп отырған мәселеге орай Фараби былай дейді: жан мен тән бірлікте өмір сүреді, Платонның жан тәннен бұрын пайда болған деуі қате түсіні, жан-тәннің тірлік қасиеті, адамда қатарынан екі жан болмайды. Жанның ойдағыдай дамып, қалыптасуы үшін тән саулығы қажет. Тән саулығы жоқ жерде жан саулығы да жоқ. Miнe, жан мен тән жөніндегі Фараби түсінігінің негізгі желісі осындай еді.
Бірақ осы мәселеге байланысты айтылған Фараби пікірлерінде қайшылықтар да кездеседі. Ол «тәннен бұрын жан пайда болған» дейтін Платонның қате тұжырымына қарсы шыға отыра, өзі де жанның мәңгі бақи өлмей, өмір сүретіндігін мойындайды. Дене қызметі тоқталып, тән де жан мәңгілікке жасай береді, ол қайтып оралмайды, жаңадан өзгеріске де түспейді. Денеден кеткен рух басқа адамдардың жандарымен қосылып, бүкіл әлемдік жан дүниесін құрайды. Әсіресе, көңілі, рухы таза, адал адамдардың жаны мәңгі өмір сүреді де, залым зымияндардыңжаны бірден шіріп, қурап бітеді, — дейдіғұлама.
- Фараби таным мәселесінің түп қазығына келгенде дуалистік көзқараста болды. Мәселен, ол танымның бірінші басқышы – түйсіктерді материалистерше түсіндіргенімен, ойлауға келгенде жаңсақ түсінікке жол береді. Ол ойлау материядан тыс тұрған ерекше рухани күштің әсерінен туып отырады деп тұжырымдады. Ал, Фарабидің түйсік, қабылдау, қиял процестерін сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының денедгі (нервтегі), мидағы түрлі бейнелері деуі ғылыми тұрғыдан өте байсалды түсінік еді. Мәселен, көз айна тәріздес нәрсе, ол сыртқы дүниенің сәулесі түсіп отыратын алғашқы саңлау. Көру түйсігі көзге зат әсер еткенде ғана пайд болады. Егер көзден зат кетсе, онда түйсік тумайды, құлақ ауадағы тербелістер әсер еткенде ғана естиді. Сезім мүшелерінің қай-қайсысы да адамды сыртқы дүниемен байланысқа түсіретін аспап. Көру түйсігі көзден шыққан шырақтың нәтижесі, көзге зат әсер етпей-ақ түйсік пайда болады дейтін Платон пікірімен Фараби келіспейді. Қараңғыда зат та, оның бояуы да анық көрінбейді, көзге сырттан күшті әсер келіп түскенде ғана адамда түйсік пайда болады, дейді Фараби. Ұлы ғұлама жан қуатының басты-басты түрлеріне сыйпаттама бере келіп, психологияның бұдан басқа да проблемалары жөнінде сөз қозғайды. Мәселен, ол психиканың қалайша дамып жетілгендігі жайлы мәселеге де ерекше мән берген. Психика айрықша сапада тұрған қасиет. Жануарлар мен адамдардың тән құрылысының өзгешелігіне қарай олардың жан қуаттары да өзгеше болады. Материалдық элементтердің қосылысынан (ыстық, суық, дымқыл, құрғақ) жануарлар психикасы түзілген. Осы элементтердің ең жоғарғы қосындысынан барып адам психикасы пайда болған. Адам жаны дүниенің теңдесі жоқ туындысы. Оның жануарлардан негізгі айырмашылығы ақыл-парасатпен сөйлей алу қабілеті, өнермен айналысуы, еңбек ете алуы. Бұл айтылғандарсыз адамның тәні де, жаны да ойдағыдай дамымайды.
Ұлы ойшылдың еңбектерінде бала психикасының қалайша дамып, жетілгендігі жөнінде де қызғылықты пікірлер көп. Баланың жасы өскен сайын оның акылы да, яғни тәнімен бірге жаны да өсіп отырады. Мұның бәрі оның тіршілік қажетінен туындайды. Мәселен, балада ең алдымен өсіп-өну қуаты пайда болады. Бұл оның дене бітімінің қалыптасуында үлкен роль атқарады. Алдымен, тән түйсігі, кейіннен барып дәм, иіс айыратын түйсіктері, заттың түрін, түсің, пішінін түйсіне алу қабілеті пайда болды. адам психикасы негізінен өмір барысында, оқу — тәрбие үстінде қалыптасады. Бұл жерде оның өз бетінше әрекеттеяуі, өзіндік белсенділігі қасиеттері де оның өмірден алатын тәжірибесінен туындайды. Адам дүниеге ақылды, не ақылсыз, тұлым, не ақ ниетті болып келмейді. Бала ойлау, сөйлеу қабілетіне туыстан болатын икемділікпен ғана дүниеге келеді. Оның осы пікірлері де қазіргі ғылыми психологиятүйіндеген тұжырымдармен ғажап үндеседі.
Фарабидің адамның әртүрлі дара өзгешеліктері туралы айтқан пікірлері де көңіл қоярлықтай. Жеке ерекшеліктер адамның дербес өмір сүру тәжірибесінен, оның дене бітімінея, өзіндік белсенділігінен туындайды, яғни адам бір-бірінен тәні жөнінен өзгеше болса, жаны жөнінен де сондай өзгеше болады, жан қуаты біреуде мол, біреуде кем келеді, бұл жағдай оның темпераментіне де байланысты, тәнді жетілдіруге болатыны сияқты жанды да жетілдіре беруге болады. Фараби еңбектерін-де психология ғылымының бұдан басқа мәселелері де жан-жақты сөз болады. Біз бұлардың бәр-бәріне тоқтала бермей, ғұламаның психологияның жеке салаларына байланысты айтқан пікірлеріне арнайытоқталудыжөн көрдік.
Қоғамдық (әлеуметтік) психологияның сан қилы мәселелері әл-Фараби еңбектерінея елеулі орын алған ғылыми проблемалардың бірінен саналады.
Г.В.Плехановтың айтуынша, қоғамдық психология-ның мән-мағынасын түсінбейінше бізге әдебиеттің, өнердің, философияның және тағы сондайлардың тарихында бір адым ілгерібасуғаболмайды.
Әбу Насыр әл-Фарабидің үғымынша әлеуметтік топтар-дыңеңүлкені адамзат қоғамы, халықтар бір-бірінен үш ерекше-лігімен ажыратылады дейді. Бұл айтқандарға әрбір халықтың табиғи әдет-ғұрпы мен салт-санасы, мінез бітістері мен тіл ерекшеліктері жатады. Фараби түрлі тайпалар мен халықтар-дың психологиялық ерекшеліктерін көп жағдайда географиялық ортаға қарай түсіндіреді. Әрине, мұның қазіргі ғылым тұрғысы-нан дәйексіз түсінік екені белгілі. Осы жерде біз Фарабидің түрлі қоғамдық топтар туралы айтқан пікірлерімен беттесіп отырмыз. Фараби айтып отырған адамзат қоғамы, халыктар мен тайпалар бәрі де әлеуметтік психологияда үлкен топтар немесе макроорта делінеді. «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактат» деген еңбегінде Фараби осындай топтардың әрқайсысына жеке-жеке сипаттама беріп, бұларды әлеуметтік психологияның негізгі категориялары ретінде ұсынып, ғылыми талдау жасайды.
Адам табиғи дамудың жемісі екенін мойындай келе, Фараби оны сол кездегі көптеген ойшылдардай биологиялық тұрғыдан тек «сөйлейтін хайуан» деп кдна қарастырмайды. Адам — қоғамның бір атрибуты. Ол өзінің табиғатында ынжық, нашар, қаскөй емес, қажыр-қйратты, күш-жігері бар мейірбан тұлға. Ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Әрбір адам белгілі әлеуметтік топтьщ, яки қоғамньщ мүшесі ретінде ғана өмір сүреді. Фарабидің айтуынша «Өзінің табиғаты бойынша әрбір адам өмір сүруі және кемеліне келуі үшін көптеген мәселеге мүқтаж болады. Мұның бәрін ол жалғыз өзі жасап ала алмайды, Сондықтан да, ол басқалармш қатынасқа түсуі қажет. Бірлесіп бір-бірінің мүқтажын тауып отырған жағдайда адам да, қоғам да үйлесімді дамып, кемелдеяіп отырады. Адамзат қоғамының тууына негізгі себепші болған нәрсе — олардың материалдық тұтыну қажеттері, бұлар оның өмір сүруіне мүмкіндік береді, бірлесіп әрекет еткенде ғана адам осындай қажеттерін өтей алады. Адамдар көбейе келе түрлі топтарға, қоғамдарға бірігеді. Осындай қоғамдардың бірін ол толық қоғам, екінші бір түрін толымсыз қоғам деп атайды. Толық қоғамның өзі үшке бөлінеді. Олар: үлкен, орта, және кіші қоғамдар. Үлкен қоғам жер бетін мекендеуші барлық адамдарға ортақ. Орта қоғам белгілі бір хлық, не тайпа. Ал кіші қоғамды бір қаланың өкілдері құрайды. толымсыз қоғамға қалаға жақын мандағы ауыл тұрғындары, яғни бір квартал мш бір көшеде, бір үйде тұратын адамдар да кіреді. Фараби үғымында қала тек географиялық, немесе территориялық бөлік емес. Фараби қаланы тек территориялық әкімшілік бөліністің объектісі ретінде карамайды», ол мұны «мемлекет», «халық» үғымында, яғни феодалдық қоғамдағы сан алуан әлеуметтік топтардың түрлі өкілдерін сипаттау үшін қолданады. «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактатта» түрлі қалаларға талдау бере отыра, Фараби сол қоғамдағы жекелеген топтардың әлеуметтік жағдайын, атап айтқанда, олардың неядей кәсіппш айналысатьшдығық тұрмыс-салтын, кейде оларға тиісті қоғамдық байлыктардың адамдарға тиетін үлесін көрсетпекші болады. Сейтіп, Фараби эр алуан топтың өкілдері туралы сөз қозғап, әлеуметтік психологияның іргелі мәселелерін күн тәртібіне бірінші қойған ғалым болды. Біздің ойымызша Фарабидің «қала» үғымын түрлі әлеуметтік топтарды даралап сипаттауға қолдануы тектен тек болмаса керек. Тарихидеректергежүгінсек, ортағасырдақала тұрғындары тікелей айналысқан кәсібіне, көбіжсе, қоғамнан алатын әлеуметтік орнына қарай бір жерге шоғырланып, бір топ екінші топтан бөлек тұрған. Мұндағы топтардың өздеріне тән ортақ моральдық-психологиялық қасиет — ерекшеліктері де болған. Қала тұрғьшдарьш түрлі топқа бөлген кезде мұның себебін ғұлама материалдық жағдайлардан іздегісі келеді. Фараби материалдық қажеттерді өтеу үшін адамдарға ең алдымен материалдық игіліктерді өндіру қажет екенін, осы жерде адамдар арасында пайда болатын қоғамдық, әлеуметтік қатынастардың қандай принципке негізделуі керектігін айқан түсіне алмады.