Жеке тұлға адамның қоғамдық, тарихи-нақтылы жағдайында, оны оқыту мен тәрбиелеуде қалыптасады. Жеке тұлғаның дамуының, сонымен қатар барлық психиалық сапалар мен үрдістердің қозғаушы күштері не?
Психология тарихында бұл мәселені шеуде екі бағыт қалыптасты: биогенетикалық және социогенетикалық.
Биогенетикалық бағыттың түсіндіруінше, жеке тұлғаның дамуы биологиялық, тұқым қуалау факторымен анықталады.
Сондықтан да жеке тұлғаның дамуы спонтандық (өз еркімен) сипатта болады. Бигенетиктердің айтуынша, адам табиғатынан эмоциялық реакциясы жүруінің кейбір ерекшеліктеріне бейімділік аңғартып қана қоймайды, сонымен қатар белгілі түрткілер жиынтығы бейімдік береді (біреулер қылмыс істеуге бейім келеді, кейбіреулері ұйымдастырушылық қабілетке бейімділік аңғартады және т.б). адамдарда табиғатынан психикалық іс-әрекетініңтүрлері бағдарламаланып қана қоймайды, сонымен қатар оның мазмұны, психикалық даму кезеңдері және оның пайда болу тәртібі алдын ала анықталады. Биогенетикалық көзқарас бойынша жеке тұлғаны өзінің белсенділігінен айырылған биологиялық факторлардың әрекет етуінің жемісі ретінде қарастырады.
Социогенетикалық көзқарас бойынша жеке тұлғаның дамуы қоршаған әлеуметтік ортаның тікелей ықпалының нәтижесі ретінде қарастырылады. Социогенетиктер биогентиктер сияқты даму үстіндегі адамның өзіндік белсенділігін жоққа шығарады, оған селқос рөл беріледі, тек қоршаған ортаға бейімделушілік қызметін ескереді. Егер де социогенетикалық тұжырымдаманың айтқанына жүгінсек, онда мынадай мәселе түсініксіз болып қалады, неге бір әлеуметтік ортада әртүрлі адамдар қалыптасады, оның себебі неде?
Сонымен, биогентикалық та, социогенетикалық тұжырымдама да жеке тұлғаның дамуы заңдылықтарын түсіндіруге негіз етіп алуға болмайды. Биогенетикалық та, социогенетикалық та психикалық дамудың қозғаушы күштерін анықтауға қабілетті емес.
Жеке тұлғаның дамуы туралы шет елде қабылданған белгілі теориялардың қателігі жеке тұлғаның дамуында тұқым қуалау мен ортаның мәнін түсіндіруде емес, онда жеке тұлғаға әртүрлі ықпалдарды механикалық түрде тұжырымдайды, ол “ойыншық”ретінде қарастырылады. Соған сәйкес жеке тұлғаның беосенділігі жоққа шығарылады.
Жеке тұлғаның белсенділігі түрткілер жүйесі арқылы адамдарды іс әрекетке итермелейтін қажеттіліктер жиынтығымен байланысты. Қажеттіліктер тәртіп бойынша, пайда болғаннан кейін тез арада қанағаттандырылмайды.
Оны қанағаттандыру үшін материалдық құралдар қажет, іс-әрекетке, білімге, ептілікке және т.б. жеке тұлғаның белгілі даярлық деңгейі қажет.
Жеке тұлғаның психикалық дамуының қозғаушы күштері адамның өзгермелі іс-әрекетіндегі қажеттіліктермен және қанағаттандырудың шын мүмкіншіліктерінің арасындағы қарама-қайшылқта анықталады.
Жеке тұлғаның қалыптасуында тұқым қуалау мен ортаның негізгі факторлар ретіндегі ролін жоққа шығаруға болмайды.
Педагогтың оқу-тәрбие жұмысында жұртшылықтың арасында өте кең тарған тұқым қуалаудың жеке тұлғаның психологиялық қасиеттерінің пайда болуында шеуші ролі туралы пікірімен санасуға тура келеді.
Қазіргі кезде тұқым арқылы берілетін қасиеттерге мидың құрылымы мен жұмыс істеуінің кейбір ерекшеліктері жататындығы туралы негіз бар. Сонымен қатар жоғары жүйке қызметінің типтері (жүйке үрдістерінің күші, тепе-теңдігі және қозғалғыштығы) тұқым арқылы берліеді. Тұқым қуалаудың белгілі дәрежеде жеке тұлғаның қалыптасуында ролі бар, бірақ оны асыра бағалауға болмайды, әлеуметтік факторлардың да ролін ескерген жөн.
Бір жұмыртқалы егіздердің психикалық дамуының барысын зерттеу нәтижесінде өте маңызды қажетті мәліметтер алынған болатын. Оларда тұқым қуалау бір жұмыртқадан дамығандықтан бірдей екендігін аңғаруға болады. Тіпті бірдей жағдайда өмір сүрген бір жасушалы егіздердің бір-бірінен ерекше айырмашылығыбар. Егіздердің жеке тұлға құрылымында айырмашылғы анық байқалады, ал сыртқы түрі ұқсас болғанмен, психологиялық ерекшелігінде айырмашылқты байқауға болады.
Егіздердің даралық ерекшеліктерінде айырмашалықтарды қалай түсіндіруге болады? Бұл айырмашылықтар оларда басқа адамдармен және өзара қалыптасқан әртүрлі қатынастармен, ролдермен, нақтылы ахуал жағдайларымен түсіндіріледі. Осының барлығын көрсеткендей, жеке тұлғаның қалыптасуында даралық ахуалды қарастыру қажет. Баланы белгілі ортада бейжай нысан түрінде емес, ал оны белсенді субьект ретінде оған тән қажеттіліктермен қарастырамыз. Денсаулығына немесе мінез-құлқына байланысты егіздердің бірі ортадағыбірдей жағдайда оның психологиялық қасиеттері екіншіге қөарағанда мүлде өзгеше болып келеді. Мәселен, ауру егіздердің бірі басқаларға қосылмай, өздерігінен оқшауланып жүреді, ал екіншісі керісінше, көпшіл келеді, сол үйден немесе одан тыс жерден жолдас іздейді, дені сауы спортпен көбірек айналысады. Демек, егіздердің әрқайсысы осы ортақ ортаның шеңберінде өздерінің даралық микроортасын іздейді.