- Мұғалімнің ерекше кәсіптік және қоғамдық қызметі өз тәрбиенелушілшерінің, ата-аналарының, бүкіл жұртшылықтың тарапынан иұғалімнің жеке басына, оның моралдік бейнесіне орасан зор талаптар жүктейді. Ең бірінші білікті мұғалімге қойылатын талап – педагогикалық қабілеттің болуы.
Шығармашылық ізденіс еңбектің, мамандықтың барлық саласына да өте қажет, ал мұғалім үшін ол ұстаздық дарындылыққа жетудің жолы, педагогикалық еңбекте шешуші орын алады. Мұғалімде педагогикалық бейімділіктің болуы – оның еңбектегі нәтьижесінің кепілі. Педагогикалық қабілет пен мінез-құлық қасиеттері мектептегі кезден-ақ біртіндеп көріне бастайды да педагогикалық инутитуттарда әрі қарай дамып, жетіледі.
Демек, идеалдық жағдайда педагогикалық қызмет пен мамандыққа бейімділік аңғартқан, дарынды, қабілетті адамдар айналысуы қажет.
Педагогикалық қабілеттілік (талант, мамандықты сую, нышан) педагогикалық мамандықты ойдағыдай меңгерудің шарты болып табылады, бірақ шешуші кәсібі деп қарастыруға болмайды. Қанашама адам айқын нышанды аңғартып, мұғалімдік мамандыққа үміткер болғанмен, шын мәнінде, педагог болып шыға алмайды, керісінше, алғашында жеткіліксіз қабілеттілік аңғартқан ұстаздар кейіннен педагогиккалық щеберліктің шыңына жеткені қанша? Сондықтан да педагогтың қажетті кәсіби сапаларына еңбексүйгіштігін, тәртіптілігін, жауапкершілігін, мақсат қоя білу іскерлігін, жетістікке жету жолын таңдай білу, ұйымдастырушылықты, табандылықты, өзінің кәсіби деңгейін арттыруды және т.б. жатқызуға болады.
Психологтар -профессиограмманы негіздеуде педагогикалық қабілеттіліктердің түрін анықтауға көңіл бөледі.
Педагогикалық қабілеттіліктер – шәкірттерді оқыту мен тәрбиелеуде мұғалімнің жоғары нәтижелерге жетудің шарты болып табылатын жеке тұлғаның белгілі психологиялық ерекшеліктері.
Педагогикалық қабілеттілктерде жеке тұлғаның коммуникативтік қасиетері жетекші рол атқарады, ең алдымен, қабыладу саласына қатысты перцептивтік (олардың ішінде-бақылағыштық) қабілеттелік. Олар мұғалімге шәкірттің психологиясын, жан дүниесін, оның психикалық жағдайын нақты жағдайда соғанг сәйкес қабылдауға, сынып ұжымының жағдайын дұрыс бағалауға мүмкінш жасайды.
Мұғалімнің коммуникативтік қасиеттерінің құрамды бөлігі эмпатияға даярлығы, демек, шәкірттердің психикалық жағдайын түсінуге ұмтылуы деп білеміз. Осының қажетті шарты – балаға жүрек жылуы. Ең соңында, мұғалімнің коммуникатитвтік қасиетінің үшінші бөлігі әлеуметтік өзара әрекеттегі жоғары дамыған қажеттілік деп есептеледі, ол білім беруге ұмтылуды, балалармен қарым-қатынасты, балалар ұжымының өмірі мен қызметін дұрыс ұйымдастыру қажеттілігінен аңғарылады.