- Физиологиялық деңгейдегі қажеттілік пен қауіпсіздік деңгейіндегі қажеттілік қанағаттандырылған соң махаббатқа қажеттілік, құштарлық, тиістілік қажеттілігі пайда болады және мотивациялық қажеттілік дами береді. Адам достарының, балаларының, сүйгенінің жеткіліксіздігін сезіне бастайды. Ол ыстық достық қатынасты аңсайды, оған өөзіндей қабылдайтын, отбасылық қатынастағыдай әреуметтік топ қпжет. Дәл осы мақсат адам үшін ең мәнді және маңыздығ аайналады, ол алдыңғы мұқтаждығы мен үнемі аштығын, “махаббат” ұғымының өзін күлкілі жексұрындық ретінде қабылдағанында ұмытып кетуі мүмкін. Ал қазір ол жалғыздық сезімінен азап шегеді, өзінің шеттелгендігін қатты уайымдайды, өзінің туыстарын, сүйгенін, досын іздейді.
Көптеген романдардың, автобиографиялық очерктер, поэзия, драматургиялардың, сонымен қатар жаңашыл әлеуметтік әдебиеттердің негізгі тақырыбы ретінде жазылсада, қазіргі таңда бұл қажеттілік жайлы ғылыми мәліметтер өте аз. Бұл негіздемелер балалар психикасынамынадай: отбасының бір мекен жайдан екіншісіне жиі көшуі, туысқандардың жоқтығы немесе оларды жоғалту, отбасынан, достарынан, көршілерінен ажырау, үнемі өзін көшіп келуші, не көшіп кетуші және бөтен сезінуі сияқты факторлардың деструктивті әсері жайлы жалпы түсінік береді. Біз әле ең маңыздысы біз өз Отанымызда, үйде, жақындарымыздың, бізді түсінетіндердің арасында өмір сүретіндігіміз, нақты бір топқа, ұйымға, ұжымға тиісті екендігіміз жайлы көзқарас, ойларға үйренбегеміз.
- Біздің психикалық өмірімізде сезімдер ерекше орын алады. Сезімдер – бұл адамның қоршаған,и объектитвтік шындыққа және өзіне-өзінің қатынасының көңіл-күйі. Сезімдер адам өмірінің мазмұнын байыта түседі.
Балаларда сезім туған кезінен бастап аңғарыла бастайды. Сәбидің алғашқы жылауы оның эмоциялық өмірі бастауының көрсеткіші болып табылады.
Жоғары сезімдер рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру немесе қанағтандырмау негізінде пайда болады. Жоғары сезімдер анық байқалатын қоғамдық сипатта болады және адамның қоғамдық өмірінің әртүрлі жақтары мен құбылыстарына қатынасын білдіреді. Жоғары сезімдердің мазмұны , олардың бағыттылығы адамның көзқарасымен, адамгершілік мінез-құлық ерекжелерімен және эстетикалық бағалаулармен анықталады.