Қарастырылған мотивациялық факторлар уақыт өте келе жеке адамға етене болатыны соншалық, оның тұлғалық бітістеріне айналады. Олардың қатарына : табысқа жету немесе сәтсіздіктен қашу мотиві, мазасыздану, локустық қадағалау, өзіндік бағалау, талаптану деңгейін жатқызуға болады.
Сонымен қатар жеке адамды тұлға ретінде сипаттайтын оның қарым-қатынасқа деген қажеттілігі (аффилиация мотиві), билік мотиві, басқаларға жәрдемдесу мотиві (альтуризм) және өшпенділік сияқты адамның басқа адамдарға дген қатынасын реттейтін әлеуметтік маңызды мотвтеріне кеңірек тоқтала кетуге болады.
1) Табысқа жету және сәтсіздіктен қашу мотиві. Табысқа жету мотиві теориясы бойынша, адамда іс-әрекет пен функционалды байланыста болатын, табысқа жетуге бағытталған екі түрлі мотив болады. Бұлекі мотивке ие жеке адамдардың жүріс-тұрысының қозғаушы күштері арасында елеулі айырмашылықтар болады.
Табысқа жету мотивін ұстанған адамдар өз іс-әрекеті алдына нәтижесі сөзсіз табысқа әкелетін іс-әрекет түрлерін, әдіс-тәсілдерін таңдап алып, оған жетуге белсенді ат салысады. Мұндай адамдардың когнитивті сферасында табысты күту, яғни табысқа жету сенімділігі болады. Олар өз іс-әрекетін басқалардың қолдауын, құптауын сезініп, осыған сай іс-әрекеті жағымды эмоцияларға толы болады. Оларға өз ісіне бар күш-жігерін жұмсау, қойған мақсатына бар зейінін шоғырландыру тән болып келеді.
Керісінше, сәтсіздіктен қашу мотиві басым адамдарда іс-әрекеттегі негізгі мақсат табысқа жету емес, сәтсіздіктен қашу болып табылады. олардың бар күш –жігері осы мақсатқа жұмылдырылғандықтан, оларда сенімсіздік, сынға ұшырау, сәтсіздік қорқынышы нәтижесніде жағымсыз эмоция басым болады. Олардың бойында сәтсіздікке ұшырау қаупін үнемі сезінгендіктен іс-әрекетке деген ықыласа төмендейді.
Табысқа жету мотиві бар адамдар, әдетте, өз мүмкіншіліктері мен іскерлік дағдыларына сай іс-әрекет түрлерін таңдап алады. Талаптану деңгейі мен мүмкіндіктері арсында толық теңдік орнаған. Ал сәтсіздіктен қашу мотиві бар адамдар өз мүмкіндігін бағалауда жоғары өзіндік бағалау және төменгі өзіндік бағалау нәтижесінде ең қиын немеес ең оңай іс-әрекет түрін таңдап алады. Олардың бойындағы талаптану мен мүмкіндік деңгейі арасында сәйкестік болмайды.
Табысқа бағытталған адамдарөз алдына қойған мақсаттарына жету үшін барлық мүмкіншіліктерді пайдаланады. Ал басынан сәтсіздікке бағытталған адам өзіне сенімсіздік білдіріп, сыннан қорқады.
2) Аффилиация мотиві.Бұл мотив адамдардың өзара қарым-қатынас кезінде адамдармен жағымды, эмоциялық тұрғыда жылы қарым-қатынасжасауға талпыну реніде көрінеді. Бұған қарама-қарсы адамның басқа адамдар тарапынан шеттетілуінен, өзін қабылдамауынан қорқу мотиві де байқалады. Адамдардың жеке адам аралық қарым-қатынастағы белсенділіг немесеенжарлығы оның бойында аталмыш мотивтердің басымдылығымен айқындалады. Аффилиация мотиві көбіне жеке адамның қоршаған орта тарапынан қлодауға ие болуы және өзіне деген сенімділікті қалыптастырумен қатар өз-өзін бекітуге деген талпынысымен байланысты жүзеге асады.
3) Билік мотиві. Бұл мотив адамның басқа адамдарға үстемдік немесе билік көрсетуге талпынуы.
4) Альтуризм немесе көмек көрсету мотиві. Альтуристік мінез-құлықты адамның қоршаған ортадағы басқа адамдардың жағдайын жасауға бағытталған әрекеттері ретінде түсіндіруге болады. Мұнда қамқорлық көрсету, басқаларды қолдау, қорғау, жайландыру, талпыну мотивтері ретінде көрінеді.
5) Агрессия мотиві. Адамға моральдық , материалдық немесе физикалық зақым келтіретін әрекеттерді агрессия деп атайды. Агрессия тек фрустрацияға деген реакция ретінде ғана емес, басқа адамдарға бөгет жасау, оларға әділетсіздік көрсету, оларды кеміту, зақым келтіру ретінде көрінуі мүмкін.