- ХХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап жеке адамдарды зерттеуде ең бір қарқынды кезең белсенді бағыт ала бастады. Соның нәтижесінде жеке адам туралы түрлі теориялар қалыптасып қазіргі бұл теориялардың 48 нұсқасын бөліп көрсетуге болады. Бұл теориялардың негізіне 5 көрсеткішті жатқызамыз.
1.Мінез құлықты түсіндіру тәсілі;
2.Жеке адам туралы мәлімет;
3.Жеке адамдарға деген көзқарас;
4.Жас ерекшелігі;
5.Жеке адамдарды сипаттайтын ұғымдар.
Мінез-құлықты түсіндіру жолдары бойынша жеке адам туралы теорияларды негізінен психодинамикалық, социодинамикалық, және ракционисттік деп бөлуге болады.
Психодинамикалық теориялар типіне жеке тұлғаны сипаттаушы және психологиялық және ішкі субьективтік мінездемесіне сүйене отырып әректтерін түсіндіретінтеориялар жатады. Егер К.Левин ұсынған символикавлқ көріністегі формулалы теорины пайдалансақ онда B– құлық, F — функционалды тәуелділік, P — жеке адамның ішкі субьективті психологиялық көріністері, E — әлеуметтк орта, онда психодинамикалық теорияның символикавлқ көрінісі мынадай үлгіде болады:
B = F ( P )
Социодинамикалық теориялар жеке адамның мінез – құлқының сыртқы орта әсеріне тәуелді және ішкі күйіне мән бермейді деп түсіндіріледі. Оладың мәні символикалық түрде:
B = F ( E )
Интеракционисттік теориялар бойынша адамның мінез-құлқының мәселесін шешудегі әрекеттері сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен пайда болады. Мұндай әрекеттер адамның өзекті әрекеттерін басқарады.Символикалық түрде:
B = F ( P,E )
Теорияларды типтерге бөлудің келесі негізі — тұлға –мәліметтер алу жолы. Осы тұрғыдан барлық теориялардыэксперименталды жэне эксперименталды емес деп бөлуге болады. Эксперименталды теорияларға тәжірибе барысында жинақ мәліметтерді сараптау және жалпылау арқылы құрастырылған теориялар жатқызылады. Эксперименталды емес теория авторлары эксперимент жасамай-ақ өмірден алған байқа сүйеніп, теориялық түрде талдап қорытады.
Тұлғаға құрылымдық және динамикалық құрылым көзқарастағы авторлар тұлға теорияларын басқаша және құрылымдық теория үшін басты мәселе — тұлға құрылымын оны сипаттауға көмектесетін ұғымдар жуйесін анықтау. 1 тақырыбы — тұлға дамуындағы кайта құрылу, өзгерістер оның динамикасы болып табылатын теориялар динамталъ аталады. Сонымен қатар бірқатар теориялар жас кезеңдік педагогикалық психология шеңберінде пайда болған. Олар дамуындағы шектелген жас кезеңін қарастырады, туылғаннан орта мектепті бітіргенге дейінгі, яғни нәресте бс ерте бозбалалык шакка дейінгі. Кейбір, басқа теория авторлары тұлға дамуын бүкіл өмір бойында бақылайды.
Тұлға теорияларын жіктеу кезінде көңіл бөлінетін нәрселер: ішкі қасиеттері, тұлғанын, қырлары мен қасиеттері немесе ол сыртқы көріністері, мысалы, мінез-құлқымен жасаған іс-әрекеті. Осылай қасиеттер теориясын бөліп қарастыруға болады. Бұл теорияларының қағидаларына орай, барлық адамдар бір бірінен жеке, тәуелсіз қырларының жиынтығы мен даму дәрежесі бойынша ажыратылады, бірнеше адам бір адамның мінез-құлықтартарын байқап, оларды жалпылау арқылы тұлғаға біртұтас сипаттама бере алады, Тұлға қырларын бағалаудың екінші жолы барлық адамдарды типологиялық топтарға біріктіруді жорамалдайды. Мұндай топқа кіретін адамдардың психологиялық сипаттамалары жақын, мінез-құлықтары ұқсас. Сонда әрбір типологиялы психологиялық сипаттамалары өзгеше, баскаға ұқсамайды деген сөз.
Тұлға теорияларының жіктелуін қарастырған тек Р.С Немов қана емес. Б.В.Зейгарник теориялардың пайда болуы және жағдайларына тәуелді мазмұнды-мағыналық және тарихи аспектілерде қарастырған. Ол келесі теория топтарын бөліп көрсетеді мен неофрейдизмнің тұлға теориялары, гуманистік тұлғалары, экзистенциалды психологияның тұлға теориясы, әлеуметтік мектебінің тұлға теориялары және т.б. Осылардың кейбіреулерін жалпы түрде карастырайық.
Қазіргі кезде тұлға зерттеуде жеті негізгі тұлға теорисы дамыды. Әрбір бағыт өзінің теориясымен және өзінің құрылымымен ерекшелінеді.
Тұлғаның психологиялық сипаттамасы. Қазіргі кезде психологияның ерекшелігі психиканы зерттеуші бағыттың көптігі тұлға теориясының кеңдігі мен мәселенің күрделілігі психологияның, алдында тұрған теориялық міндеттерге және ғылымның қажеттіліктеріне байланысты. Тұлға — психологиялық сипаттамасы, бірқалыпты жоғары даму жүйесі, индивидуалды қажеттіліктермен қамтамасыз ететін, және белгілі бір жағдайларда адамның тұрақты жүріс-тұрысы.
Тұлға теориясы — бұл болжамдардың жиынтығы мен немесе тұлға дамуының табиғаты мен механизмінің болжамы.
Тұлға теориясын тек түсіндіруге тырысып қана қоймай ол адамның жүріс-тұрысын сипаттайды .