- Егер де іштей жеке тұлға ортаға мәнді тәуелді болса, әлеуметтік психологияда суреттелетін және түсіндірілетін адамдардың қарым-қатынасымен және өзара іс-әрекетімен байланысты оның мінез-құлқының түрлеріне жатады.
Әлеуметтік психологияда кең тараған теориялардың ішінде әлеуметтік үйрету теориясы жатады. Ол әлеуметтік писхологияның бөлімі және пәні ретніде жеке тұлғаның әлеуметтенуін қарастырады.
Әлеуметтенуді қоғамдық тәжірибені индивидтің меңгеру және белсенді өндіру үрдісі, соның нәтижесінде ол жеке тұлға болып қалыптасады және өмірге қажетті білімді, дағдыны, ептілікті меңгереді, демек, белгілі міндеттерді шешу барысында олармен қарым-қатынас және іс-әрекет жасау қабілеттілігі деп түсінеміз.
Әлеуметтену – адамның қоғамдық өмірдің тәжірибесін меңгеруінің жан-жақты үрдісі. Әлеуметтену адамныңәртүрлі адамдармен өзара тиімді қарым-қатынасқа қажетті адамзаттық қатынастардың мәдениетін, әлеуметтік нормаларды меңгеруін қамтиды. Сонымен қатар ол адамның қоршаған әлеуметтік шындықты белсенді танып білуін, дара және топтық жұмыстың дағдыларын меңгеруді, ол үшін қажетті қабілеттіктерді дамытуды қажет етеді.
Әлеуметтену ұғымы адамның әлеуметтік тәжірибені меңгеру нәтижесі, сонымен қатар қызметі болып табылады. Индивидтің әлуеметтенуінің негізгі қайнар көздеріне жанұя, мектеп, қоғамдық институттар мен ұйымдар, баспасөз, радио, теледидар, білім беру жүйесі жатады. Әлеуметтену үрдісі негізінен бір-бірімен қарым-қатынас арқылы іске асады.
Дара адамның жеке адам санатына көтерілуі үшін маңызды факторлар: идентификация, яғни дара адамның өзін басқа адамдармен теңестіре, қоғам талабына сай болу ниетімен қалыптасып бару процесі.
Әлеуметтенудіңжеке, бірақ өте қажетті қызметі – идентификация1.Балалар өсу және дамуымен қатар ата-аналарына, жора-жолдастарына, қоршаған ортадағы адамдарға тән әртүрлі ережелерді, қатынастарды және мінез-құлық түрлерін көптеп меңгереді. Сол адамдардан олардың көзқарасын және өмір тәжірибесін қабылдайды. Идентификация арқылы бала әлеуметтік және жыныстық мінез-құлықтыңәр түрлерін бойына сіңіреді.
Ата-аналар алғашқы сәбилік кезеңдегі балалар үшін идентификация негізгі қайнар көзі болып табылады. Одан әрі оларға жора – жолдастары, жоғары жастаға балалар және басқа үлкендер қосылады. Идентификацияның қайнар көзіне бойындағы бағалы қасиеттері мен жағымды мінез-құлық түрлері үлгі болатын басқа адамдар жатады.
Ерлер мен әйелдердің жеке тұлғасының қалыптасуында негізгі идентификациялық үрдістердің бірі жыныстық–ролдік жіктелу жатады. Жыныстық–ролдік жіктелу дегеніміз бір жынысты дамдардың психологиясы мен мінез–құлқына тән ерекшеліктерді меңгеру үрдісі.
Жыныстық ролдік жіктелуде негізгі қызметті ата-аналар атқарады. Отбасында жыныстық-ролдік мінез-құлық тәрбисінде балалар үшін үлгі өнегенің көзі — ата-аналар болып атбылады. Балаларға ата-аналарынан олардың жыныстық ролдік ұстанымдары, соған сәйкес талаптаыр мен мінез-құлық үлгілері беріледі. Отбасында, әсіресе, ананың ролі орасан зор. Қыз балаларға оның үлгісі, ер балаларға әкенің жеке басының өнегсі ерекше әсер етеді. Әкелеріне негізінен ер балалардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру жүктеледі, олардың қыз балаларға қарағанда, ер балалар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу талап етіледі. Қыз балалар тәрбиесімен негізінен анасы айналысады.
Осындай әлеуметтену жағдайында мерзімді басылым, бұқаралық ақпарат құралдары ерекше рол атқарады. Сонымен, қазіргі қоғамда жыныстық-ролдік тұрақты көзқарастар мен мінез құлық түрлерін балаларда қалыптастыру үшін құралдар жеткілікті, екі-үш жас шамасында балаларды белгілі бір жынысқа тән мінез-құлық белгілері мен түрлері, көзқарастары мен бағалар анық аңғарыла бастайды.
Кейбір жүргізілген эксперименттерде белгілі бір адамдар мен балаларды идентификациялауға мүмкіншілік жасайтын тетіктер мен шарттар ашып көрсетілді. Мәселен, идентификацияның нысаны көп жағдайда үлкендер болатындығы, оларға негізінен балалар көп еліктейтіндігі атап көрсетіледі.
Отбасында ана ықпалды болған жағдайда, қыз балалар негізінен әкесіне емес, анасындай болуға еліктейді; ал ер балаларда ерлердің мінез-құлқы мен қасиеттерін алуда қайшы келетін жамудың белгілі қиындықтары пайда болуы мүмкін. Ал әкенің беделі басым болса, керісінше, қыздар көп жағдайда өздерінің әкелеріне ұқсауға ұмтылады. Сонымен қатар бір уақытта қыз балалардың бойларында анасына тән көптеген мінез белгілері қалыптасады.
Персонализация – дара адамның өз басының басқа адамдар өмірінде қадірі барын түсіне білуі, сонымен бірге, нақты әлеуметтік топта өзінің кісілік мүмкіндіктерін іске асыра алуы.
- Басқа әлеуметтік мүшелермен жеке адам өз “Мені” негізінде қатынас түзеді. Ғылымда “Жеке адамдық рефлексия ” деп аталған бұл “Мен” ұғымы өзі ішінде әр адамның өз жөніндегі танымын, өз мүмкіндіктерін және өз қадірін сезе білу сияқты сапаларын қамтиды. Жеке адамның өзіне өзі берген бағамсының астам не төмен болуынан сол адамның ішкі жан арпалыстары келіп шығады.
Әлеуметтенудің басқа да факторлары – еліктеу, сендіру, әлеуметтік фацилитация, басқаның айтқанына көнгіштік (конформизм)
Еліктеу – бұл басқа адамдардың тәжірибесін жеке тұлғаның саналы немесе санасыз қайта жаңғыртуы, оның ішінде мұның қозғалысы, қылығы, сырт пішіні және іс-әрекеті.
Еліктеу тетігі туа біткен болып табылады. Еліктеу қозғалысының әртүрлі түрлерін жоғары сатыдағы жануарларда, алдымен адам тәріздес маймылдарда аңғаруға болады. Адамдарда бөбектік және мектепке дейін жас кезеңдерінде еркеше анық байқалады. Ересек адамдарда басқалармен салыстырғанда дамуда қосымша рол атқарады.
Сендіруді үрдіс ретінде қарстыра отырып, оның нәтижесінде адамның қатынасжасайтын басқа жолдардың ішкі тәжірибесін, ойларын, сезімдерін, психикалық жағдайларын санасыз қайта жаңғырту іске асады. Сендіру тетігі арқылы басқа адамдардың көңіл-күйін білеміз, дұрыс түсінеміз.
Әлеуметтік фацилитация – бұл бір адамдардың мінез-құлқының басқа адамдардың іс-әрекетіне ынталандырушылық ықпалы, оның нәтижесінде іс-әрекет ерікті, белсенді және интенсивті іске асады (фацилитация – жеңілдету мағынасында қолданылады). Еліктеу және сендіру фацилитация мен бірге жүреді, ол көптеген жағдайда таныс, жақын адамдардың төңірегінде көрінеді.
Таныс емес, шет адамдардың арасында қолайсыздық, беректі кету сияқты балалардыа қарама-қарсы құбылыс — әлеуметтік ингибиция аңғарылады (ингибация – тежелу деген мағынаны білдіреді).
Әлеуметтік ингибиция жеке тұлғаға жаңа әлеуметтік тәжірибені меңгеруін кедергі келтіреді және әлеуметтенуге қарсылық білдіреді.
Әлеуметтік психологияда басқаның айтқанына көнгіштік (конформизм) сияқты әлеуметтену тетігіне ерекше мән беріледі. Конформизм дегеніміз адам мінез-құлқының бір түрі. Ол саналы түрде қоршаған ортадағы адамдардың көзқарасымен алшақтық байқағанына қарамастан іштей олармен келісімге барады. Конформизм — басқаның айтқанына көнгіштік, қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынастың өзіне артық қиындық туғызбау үшін басқаның айтқанына көну, келісімге келу.
1 Идентификация – identificatio дегн латын сөзі, қазақшасы ұқса, бірдей деген мағынаны білдіреді.