Ғылыми баяндамаларға қойылатын талаптар және оның түрлері

Ғылыми зерттеу жұмысының нәтижелерін жазу және оны әдеби көркемдеу – зерттеу жұмысының негізгі элементі болып табылады.

Зертеу жұмысы нәтижелерін баяндау немесе жазюа түрінде орындауда олардың мәтінінің дұрыстығы, оның стилистикасы мен тыныс белгілері ережелерінің дұрыс орындалуына байланысты екеніне шүбә келтіруге боламйды.

Стилистика – стиль туралы ілім. “Стиль” деп белгілі бір жалпы халықтық тілдің аумағындағы тілдік құралдарының қолданылу, сұрыпталу және тіркесу тәсілдерінің қоғамдық айқындалған, қызмет жағынан сәйкестендірілген, іштей топтасқан жиынтығын айтамыз.

Зерттеу жұмыстары мазмұнына сәйкес төмендегілерді болады:

Ғылыми стиль – ғылыми еңбектер,лекция, баяндамаларда жұмсалады. Сөйлеуде жалпылама дерексіз, логикалық, дәлеледеу жағы басым. Тіл тәсілдері: жалпы және дерексіз мәндегі бейтарап, ғылыми терминдер.

Публистикалық стиль – газет, журнал, митинг, жиналыстарда пайдланылады. Сөйлеу қызулы, ұранды болып, көпшілікке ықпал жасау, қоғамдық істерге адамдардың дұрыс қатынасын қалыптастыру міндетін атқарады.

Тыныс белгілерін тіл білімінде пунктуация деп те атайды. Пунктуация – жазуға тән шартты белгі. Ол жазумен байланысты қалыптасты, дамыды, жетілді.

Тыныс белгілері – айтайын деген ойды нақтылы, дәл түсінікті етіп жеткізу үшін, сондай-ақ баяндалмақшы пікірді ала-құла етпей, айқын білдіру үшін қолданылады. Бұл – тыныс белгілерінің ең басты қасиеті.

Жазба тілде болсын, сондай-ақ ауызекі тілде болсын тывныс белгілерін дұрыс қолдана білудің үлкен мәні бар. Тыныс белгілері мүлде қойылмаған немесе дұрыс қойылмаған тексті сөйлемді түсінікті етіп оқу да, мағынасын түсіне білу де қиын.

Тыныс белгілерін дұрыс қою инотациямен тікелей байланысты. Мәселен, хабарлай айтылған сөйлемнен соң кідіріс болады ды, соған орай нүкте қойылады.

Ғылыми жұмыстардың әдеби көркемделінуі төмендегі формалар түрінде орындалады.

Реферат – қандай да бір мәселе төңірегінде әдебиеттерге және басқа да ақпараттарға сыни көзқараста талдау жасалынған дүние.

Баяндама тезисі- баяндама мазмұнында айтылатын мәселелердің қысқа, логикалық нұсқасы.

Баяндама — негізінен ғылыми конференцияларда, ғылыми зерттеу жұмысының бағыты, барысы, нәтижесі т.с.с., жөніндегі хабарлама. Оның баяндалу ұзақтығы 10-20 минут. Көбінесе, аралығы 2 инетервалмен басылған бір беттегі материалды оқып шығуға 2 минут көлемінде уақыт кететіндіктен, оның кғөлемі 5-10 беттен аспағаны жөн.

Баяндама дайындауға қойылатын талаптар.

Баяндама толық 4 батке дейін (суретті қоса есептегенде) Word 6.0, 7.0 for Windows97-2000 редакторында, А4(210х297) форматты парақта дайындалып берілуі тиіс, қолданылатын шрифт — Times New Roman, Kz Times New Roman. Интервал – 1. парақтың барлық жағынан 25 мм алаң қалдырылуы тиіс. Материал төмендегі ретте орналасады: бірінші қатарда ЖОК көрсетіледі, 1 қатар тастап – баяндаманың тақырыбы (бас әріптермен), 1 келесі қатарда мекеменің және қаланың аталуы, бір қатардан соң резюме (тақырыпсыз курсивпен) қазақ (орыс тіліндегі баячндамалар үшін) немесе орыс (қазақ тіліндегі баяндамалар үшін) және ағылшын тілдерінде келтіріледі. Осыдан кейін бір қатар тастап, баяндаманың негізгі тексті басылады.

Әдебиеттер тізімі негізгі тексттен кейін бір қатар тастап басылады.

Ғылыми педагогикалық зерттеу жұмысы нәтижелері бойынша орындалған жұмыстарға, ғылыми есеп, монография, оқу құралдары жазылады. Олардың бірінші беттерінің (титулдік) жазылуы белгілі формаға сәйкес келуі керек.

Текст жазылуы төмендегі өлшемдергесәйкетендіріледі: сол жағы – 30мм кем емес, оң жағы – 10мм кем емес, жоғары жағы – 15мм кем емес, төменгі жағы 20мм кем емес болуы керек.

Кіріспе. Кіріспе сөзі үлкен бас әріппен КІРІСПЕ түрінде жеке жолға жазылады. Кіріспеде – ғылыми мәселенің қазіргі жағдайы, жұмыстың мақсаты, оның жаңалығы және көкейкестіліг жазылады.

Тарау. Тарау өте қысқаша құрастырылғаны жөн. Онда тарау мазмұны, параграфтары т.с.с., ашылатындай, жазылған еңбекутің өн бойын қамти алатын болуы керек. Егер тарау аттарының бірі арнайы атауға, екіншісі басқа мағынада болса, бұл немқұрайлылықтың белгісі деген сөз.

Дұрыс емес

ІІ тарау

Өндірістік еңбек процесін зерттеу әдістері

2.1 Өндірістік еңбек процестері жөнінде жалпы мәлімет;

2.2 Өндірістік еңбек процестерін зерттеу;

Дұрысы

2 тарау

Өндірістік еңбек процесін зерттеу әдістері

2.1 Жалпы мәлімет;

2.2 Еңбек процесін зерттеу әдістері;

Тарау тізбесі араб цмфрларымен нөмірленеді.