Ғылыми нәтижелерді ұсыну кезеңдеріндегі зерттеушінің этикасы

Бұл мәселені талқылаудың талқылаудың қажеттілігі, біздің ойымызша, ең бірінші практикалық психологтың жұмысы жеке адаммен тікелей байланыстығында. Әрине, психолог өзі толық құқығы бар жеке адам ретінде алынады. Осыған байланысты практикалық психологтың әлеуметтік мәніне сай көптеген мәселелер туындайды, мысалы, оның жұмысының тиімділігінің көрінісі мамандығының дәрежесі, айналып келгенде практикалық психологтардың кәсіби дайындығы.

Практикалық психологтардың іс-тәжірибесінің мәнін аша білу үшін, оның жұмысының іс-әрекетіне психологтың жұмыс барысында айырықшаланып тұратын, он түрлі негізгі сапасы арқылы сипатталады.

  1. Психологиялық көмектің мақсаттары.

Ісіне білікті психолог өзіне көңіл аударған адамды оның мақсаттарын анықтап көрсететін, мінез-құқының болу керек екендігін мейлінше мүмкіндіктерін ашып береді. Өз ісіне білікті психолог өзіне көңіл аударған адамға мақсаты айқын мәдени-өнімділік тұлға болу, яғни жалпы мәдениет барысында өмірге икемді, алдағы атқаратын істерін толық сезе білетін, өміріне көзқарасы қажетті дәреже танытатын адам деп түсіне алады. Басқа сөзбен айтқанда, өз ісіне білікті психолог психологиялық тұрғыда көмек көрсетуді өзіне көңіл аударған адамның қарым-қатынас жасау барысында атқаратын психологиялық көмек деп қарастырады.

Өз ісіне білікті емес психолог өзіне көңіл аударған адамды тек өзінің жеке мақсаттарына пайдалану мақсатын ғана көздейді.

Клиенттің айтқан ойларын ескермей, өз пікірін қолданып, клиенттің қобалжуына, мазасыздануына алып келеді. Сондықтан “Мен — тұжырымдамасын” (клиенттің) жоққа мүмкіндік береді.

  1. Практикалық психологтың өз кәсібіне байланысты көңіл аударуы және мән беріп, жауап қайтаруы

 Өз ісіне білікті психолог вербальді және вербальді емес кең көлемді мәселелер мен жағдайлар барысында өз мінез-құлық ерекшеліктеріне жауап қайтарып, назар аударуды таба білу керек.

Өз ісіне білікті емес психолог мінез-құлықтың әдеттегі барысына сай мән беруге икемді емес.

Өз ісіне біліктіпсихолог жағдайларға байланысты клиенттің әрекеттеріне баға беруге, тек өз пікірін айтуға ұмтылмайды.

Өз ісіне білікті емес психолог үшін клиенттің әрекеті бір қалыпты, жаттанды болып көрінуі мүмкін.

  1. Практикалық психологтың көзқарасы, тұжырымдамасы.

Өз ісіне білікті психолог өз зерттеулеріндегі мәселенің және жеке адамға әрекет етудің күрделілігін және оларды бір тұжырымдаманың шеңберінде ғана қарап зерттеудің мүмкін еместігін түсінеді, өткені жұмыс ол барысында көптеген тұжырымдамаларды түсініп, пайдалануға тырысады.

Өз ісіне білікті емес психологтың анық тұжырымдамасы болмайды, өзінің практикалық қызметіндегі жағдайларға көңіл аудара алмайды, өз жұмысын белгілі бір шеңбердің ішінде шектейді. Осындай бір сарынды тұжырымдаманың мазмұны оған көп жағдайда түсініксіз болып қла береді.

  1. Практикалық психологтың мәдениетті түрде жемісті істі атқаруы.

Өз ісіне білікті психолог көптеген ойларды, сөздерді және өзінің мәдениет тұрғысында тәртібінің үлгісін басқа мәдениеттің шеңберіндегі үлгілерімен шығаруға тырысады. Оның жеке басының және мәдениетінің дәрежесі, байқағыштығы мәдени бағытта іс-әрекетті атқара алуының негізі болып табылады. Мұның өзі өзіне көңіл аударған адамның (клиент) тіршілігіне араласа отырып, мәселелерді бірлесіп шешуіне жол ашады және де мұның өзі өз ісіне білікті психологқа бұрынғы түсінігінен бөлек өмір жолын табуға мүмкіндік береді. Сөйтіп, өз ісіне білікті психолог мәдени іс өнімділігін “Мен” деген тұжырымдаманың негізінде емес, өзіне көңіл аударған адаммен өзара қатынасқа байланысты. Жоғары мәдениеттілікті көрсететін практикалық психолог кәсібіне негізделген байланыстарғ байланысты жүзеге асырады.

Өз ісіне білікті емес психолог “Мен” деген тұжырымдаманың мазмұны арқылы түсінетін бір шеңбер ішінде ғана іс-әрекет атқаруға шамасы келеді, ол өзінің мәдени өнімді іс-әрекетін жалпы мәдениеттің нормалары, мінез-құлықтың стандарты деп түсінеді.

  1. Конфеденциальдылық (клиент тарапынан түскен құпияны сақтай алу қабілеті)

Өз ісіне білікті психолог жұмыстағы құпия сақтай алуы әр уақытта көрініп тұрады. Ол психологиялық бағдарламаның мазмұнына және өзіне көңіл аударшының маңыздылығына бірден көңіл аударып отырады. Сондай-ақ, психологиялық ақпаратты тапсырушыны, өзіне көңіл аударушыны және психологиялық ақпаратпен пайдаланушны бір-бірінен нақты ажырата алады.

Өз ісіне білікті психолог кәсіби қызметі барысында барлық қатысушылардың жауапкершілік шегін дұрыс түсінеді және оларды заң жүзнде бір-бірінен дұрыс ажыратып отыру жауапкершілігін жүзеге асырады.

Өз ісіне білікті емес психолог құпиялылықты сақтай алмайды, психологиялық ақпараттарды таратып жіберуге, оларды сақтай алмауға икемділік танытады.

  1. Практикалық психологтың іс-әрекетідегі шектеулер.

Өз ісіне білікті психолог өзінің кәсіби қызметіне үнемі көңіл бөліп, өз мүмкіндіктері мен мамандық дәрежесін дұрыс бағалай алады. Өз мүмкіндіктерін дұрыс түсініп, соның шеңберінде жұмыс істейді. Өзіне ұқсас әріптестерімен психиатрлармен, терапевт-дәрігерлермен, психоневрологтармен, нейропсихологтармен және басқалармен бірігіп жұмыс істей алады. Өз ісіне білікті психолог өз жұмысына жеке басының “Мен-тұжырымдамасын” қолданудан аулақ тұрады. Оны тек қана кәсіби бағытта өсудің бір мүмкіндігі ғана деп санайды.

Өз ісіне білікті психолог өзінің кәсіби бағытта өсу мәселесіне өз әріптестерімен кәсіби түрде қарым-қатынас жасаудың қажеттігі бар деп қарайды.

Өз ісіне білікті психолог психолог өзіне көңіл аударған адамдарға: “Мен, бұл мәселелер төңірінде жұмыс істемеймін” – дегені оның өз ісін жете білмейтіндігін көрсетпейді, керісінше, сыпаылық танытып, бейтаныс істерден шектей отырып, өз үшін де, өзіне көңіл аударған адам үшін де тәжірибе жүзінде орынды үлгіні көрсетеді.

Өз ісіне білікті емес психолог жауапсыз жұмыс істеп, кез-келген жұмысты қолға алады, іс жүзінде қолданыла алмайтын мәселелерге барады. Басқа өз ісіне білікті кәсіби дәрежесін танытамын деп, өз пікірі бойынша ған жұмыс істеуді қарастырып, өзінің “Мен — тұжырымдамасын ” психологиялық ақпараттың қайнар көзі деп санайды. Оның бұл мәселе төңірегіндегі көзқарасы: “Психолог ретінде менің жасағандарым қалайда, әрі әр кезеңде дұрыс, өйткені, мен солай деп санаймын” – деген сенімді ойда болады.

  1. Практикалық психологтың жұмысындағы тұлғааралық әсері.

Өз ісіне білікті психолог оның іс-әрекеті өзіне көңіл аударған адамдарға әсер ете алады, және де, керісінше, клиенттің әсері оған да ықпалын тигізетіні түсінеді. Өзіне көңіл аударған адаммен өзара тигізетін әсер деп түсініп, клиенттің өзіне әсерін өз сезіміндей, ойындай және мүмкіндігіндей, ықыласындай ескеріп, айқындайды, әрі түсінуге тырысады. Өзі ісіне білікті психолог мұны өзіне көңіл аударған адамның көңіл-күйін оның қобалжуын қайта сұрай отырып, ашық және жабық сұрақтарды қолдану арқылы жүзеге асырады. Өзіне көңіл аударған адамға мұның бәрінің әсер етуі, бір-біріне өзара әсер ететіндігі маңызды нәрсе, яғни мұның өзі ойларда, сезімдерде, тілектер мен мүмкіндіктерде болатын өзгерістерді көрсетеді.

  1. Психологтың психологтың жұмысындағы адамның жетістегі.

Психологтың жұмысында адамның жетістігі өзіндік құндылығымен сипатталады. Өз ісіне білікті психолог үшін өзіне көңіл аударған адамның адамгершілігін сыйлау, оның сол адаммен қарым-қатынас жасау барысындағы, оған психологиялық ақпараттар беруде пайдаланудағы аксиома болып табылады. Өз ісіне білікті психологтың жұмысының бір көрінісі өзіне көңіл аударған адамға психологиялық ақпаратты жеткізу ең басты нәрсе.

Өз ісіне білікті емес психолог үшін өзіне көңіл аударған адамға сыйластық көрсетпеу оның қызметінің рефлексиясы болып саналмайды, ол өзінің жұмысы барысында басқа адамдарға деген менмендік көрсетуге, керек болса мазақ ету қатынасына баруы оның кәсіб рефлексиясының пәні болып табылмайды. Ол басқаларға үстінен қарау позициясын көрсетуі өз кәсібін өте жоғары санауына икемді екенін көрсетеді.

Өз ісіне білікті емес психологтар үшін психологиялық ақпараттарды беру мен қабылдау барысында арнайы кәсіби мәселелер болмайды. Ол көп жағдайда жалған пікірлермен немесе арнайы терминдермен араластыра отырып, өзінің мықтылығын айрықша көрсеткендігін байқатады.

  1. Жалпылама теория.

Өз ісіне білікті психологтың жұмысында жалпылама теория маңызды орын алады. Бұл жалпылама ғылыми білім өз жұмысының барысындағы көп көңіл бөліп отыратындықтан, жаңа теориялар мен жаңа қағидаларды үнемі жүзеге асыруды талап етеді. Өз ісіне білікті психолог олардың негізінде психологиялық көмек көрсетудің өзіндік тұжырымдамасын дамытады. Ол бір ғана теориян ұстанғанмен жаңа білімдерді игеруге, ұқсас көзқарастарды қабылдауға икемділік танытып, өзінің практикалық жұмыс барысында жүйелі жолға көшуге тырысады.

  1. Жалпылама теорияларға қатынасы.

Өз ісіне білікті психологтың жалпылама теорияға қатынасы – сол теорияны шындықтың көрінісі деп түсінуімен сипатталады. Осыдан оның мәдени және жыныстық тиістіліктен туындайтын ойлау мәнерін дұрыс көріп байқайды және түсінеді.

Өз ісіне білікті психолог кез-келген теорияда оның пәні мен тәсілдерін сипатталуы бар екенін түсінеді, егер пән (адамдардың ішкі дүниесі) барлық зерттеушілер үшін біреу болса, онда оны сипаттау тәсілі, талдауы, жалпыламалауы барлық авторлар үшін әр түрлі болып келеді. Ол мұны өз теориясын қорытындылағанда көретіндіктен, басқа теориялармен салыстыра алады.

Өз ісіне білікті емес психолог әртүрлі теорияның авторларына қарсы шығып, теорияның заты мен әдістерін жеке көрсете алмайды. Ол үшін өз теориясын басқа авторлардың теориясымен салыстырып қарау мәселесі ескерілмейді.