Эмпирикалық мәліметтерді жинақтаудың басқа да әдістері

Психологияда сандық өлшемдер мәселесін алғаш шешуге деген талпыныс адамның сезіну күшін физикалы бірліктегі стимулмен байланыстыра отырып, адам организміне әсер ететін бірнеше заңды ашуға және қалыптастыруға әкелді. Оған Бугер-Вебер, Вебер-Фехнер, Стивенс заңдарын атауға болады. Онда физикалық стимул мен адамның сезінулерінің арасындағы байланыс анықталатын математикалық формула, оснымен бірге сезінудің салыстырмалы және абсолютті шектері анықталады. Соңынан объективтілігінен арттырып, психологияны практикалық мәні бар ғылымға айналдырады. Математика психологияға енуінен біртипті зерттеулердің көп рет жасауға болатын әдістерді талап етті, яғни процедура мен әдістердің стандартталу мәселесін шешуді қажет етті.

Стандартталудың негізгі мәні мынада: екі адамның немесе бірнеше топтың психологиялық зерттеулерінің нәтижелерін салыстырғанда қате аз болуын қамтамасыз ету үшін бірдей әдістерді, яғни сыртқы жағдайға қарамай бірдей психологиялық мінезді өлшейтін әдісті қолдану керек.

Мұндай психологиялық әдістерге тест жатады. Бұл әдіс жиі қолданылады. Ол психологиялық құбылысқа дәл және сапалы сипаттама бере алатындықтан, сонымен қатар алдымен шешілуі қажет практикалық мәні бар нәтижелерді салыстыруға болатындықтан тиімді. Басқа әдістерге қарағанда тесттер мәліметтерді жинау мен оларды өңдеуге, психологиялық түсінуге болытындығымен ажыратылады.

Тест – ағылшын сөзі, қазақшалағанда «байқау» немесе «сынақ» деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді психологиялық зерттеулер тәжірибесіне өткен ғасырдың аяғында америка ғалымы Дж.Кэттел енгізді. А.Бине, Т.Симонмен бірге балалардың ақыл-ой дамуы немесе дарындылығын анықтау үшін өзінің жүйесін жасады. Осы кезден бастап, тест кең көлемде таралып және тәжірибелік мәні арта түсті. Тест дегеніміз не?

Тест – бұл күрделі техникалық бейімделуді қажет етпейтін, стандартқа және мәліметтерді математикалық өңдеуге дайын тұратын қысқа, стандартты сынақ.

Тесттердің де бірнеше түрлері бар. Олар: сауал-тесттер, тапсырма-тесттер, жобалаушы тесттер.

Сауал-тесттер белгілі бір психологиялық мінездеменің бар болуын, я айқындылғандығы жайлы сенімді ақпарат алатын сұрақтарға зерттелушілердің жауабын талдау ретінде қалыптасты.

Мұндай мінездеменің дамуы мазмұнына сай келген жауаптардың санына негізделеді. Тапсырма-тест – белгілі бір тапсрымаларды табысты орындау арқылы адамның психологиялық мінездемесі жайлы ақпарат алу. Мұндай тесттерде тапсырмалардың біпнешеуін орындау қажет. Орындалған тапсырма санынан ол адамдағы белгілі бір психологиялық сапаның бар немесе жоқ, сонымен қатар оның даму деңгейіне негіздеме бола алады. Мидың даму деңгейін анықтайтын тесттердің көбі осы категорияға жатады.

Тесттерді әзірлеуге талпынған адамдардың бірі – Ф. Гальтон (1822-1911). 1884 ж. Лондондағы Халықаралық көрмеде Ф.Гальтон антропометриялық зертхана ұйымдастырды (кейіннен бұл Лондондағы Оңтүстік-Кенсингтон мұражайына ауыстырылды). Бұл зертханадан бойының ұзындығын, салмағын, сезімталдықтың әртүрін, реакция уақытын және басқа да сенсомоторлы қасиеттерін өлшеуден тоғыз мыңдай адам өткізілді. Ф.Гальтон ұсынған тесттер мен статистикалық ұсынытар өмірдің практикалық мәселелерін шешу үшін кеңінен пайдаланылады. Бұл қолданбалы психологияның бастамасы еді, соңынан бұл “психотехника” деген атқа ие болды.

Бұл терминД.Кеттелдің (1860-1944) 1890 ж. “Mind” журналында Ф.Гальтонның қорытынды сөзімен“Mental Tests and Measurment” (“Ақыл-ой тесттері және өлшемдер”) мақаласы жарық көргеннен кейін ғалымдардың лексиконына енді. Кеттел бұл мақалада: “Психология эксперимент пен өлшемдерге сүйенбейтін болса, физикалық ғылымдар секілді тұрақты және дәл ғылым бола алмайды. Көптеген адамдарға ақыл-ой тесттерін қолдану арқылы бұл салада алғашқы қадам жасауға болады. Мұның нәтижелері психикалық процестердің тұрақтылығын, олардың өзара байланысын және әр түрлі жағдайда өзгеруін ашуда ғылыми бағалы болады” , — деп жазады.

1905 ж. француз психологы А.Бине интеллекті бағалайтын бірінші тесті жасады. ХХ ғ. Басында француз үкіметі оқушыларды оқу деңгейіне қарай бөлу үшін А.Бинеге мектеп оқушыларына арналған интеллектуалдық қабілет шкаласын жасауды тапсырды. Соңынан көптеген ғалымдар тестердің сериясын жасап шығарды. Олардың практикалық міндеттерді жедел шешуге бағытталғандығы бұл психологиялық тесттердің кеңінен тарауына әкелді. Мысалы, Г.Мюнстерберг (1863-1916) кәсіби таңдап алуға арналған тестер жасады. Олар былайша жасалады: алдымен олар ерекше жетістікке жеткен бір топ жұмысшыларға, содан соң жаңадан жұмыс орнына келгендерге. Бұл ой психикалық жұмысшылардың қызметін табысты орындау құрылымдарының тест кезінде зерттелушінің орындай алатын құрылымдарыемн өзара байланысына негізделеді.

Бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде психологиялық тесттерді көптеп пайдаланады. Бұл кезде АҚШ соғысқа кірісуге дайындалып жатқан болатын. Бірақ соғысып жатқан жақтардағыдай қаруланбаған еді. Сондықтан соғысқа кіріспес бұрын (1971ж.) әскери биліктегілер елдің ең ірі психологтары Э.Торндайкке (1874-1949), Р.Йеркске (1876-1956), Г.Уипплге (1878-1976) психологияны әскери қызметте қолдану проблемасын шешіп беруді ұсынды. Америка психологиялық ассоциациясы мен университтері бұл бағытта жұмысты бастап та кетті. Р.Йеркстіңбасшылығымен әр түрлі әскерлерге әскери қызметке шақырылатындардың жарамдылығын (интеллекті бойынша) жалпы тексеру үшін алғашқы топтық тесттер жасалады. “Альфа” әскери тестісі сауаттыларға, ал “бета” тестісі сауатсыздарға арналды. Бірінші тест А.Биненің балаларға арналған вербалды тестеріне ұқсас болды. Екінші тест вербалды емес тапсырмалардан тұрады. 1 700 000 солдат және 40 000 офицер сыналды. Көрсеткіштер жетіге бөлінді. Осыған орай жарамдылық деңгейі жеті топқа бөлінді. Бірінші екі топқа міндеттерді орындау қабілеті жоғары және тиісті әскери оқу орындарына жіберілетін тұлғалар жиналды. Кейінгі үш топ қабілет көрсеткіші орташа статистикалық тұлғалардан жиналған еді.

Тесттерді әзірлеуде Г.И.Россолимонның қосқан еңбегі зор. Оның есімі тек невролог-дәрігер ғана емес, психолог ретінде де танымал еді. Жеке психикалық қасиеттерді анықтау үшін тұлға туралы толық көрініс беретін сандық бағалау әдісін әзірледі. Бұл әдіспен: зейін, қабылдашылық, ерік, есте сақтау, ассоциациялық процестер (ойда суреттеу және ойлау) – бес топқа бөлінетін 11 психикалық процесті бағалауға болады. Осының әрбір процесін орындауға қарай арнайы шкаламен “күші” бағаланады. Оң жауаптар сызбада нүктемен белгіленеді. Осы нүктелерді қосып, адамның “психолоогиялық бағыты” анықталады. Сыналушылардың категориялары (балалар үшін, интеллигентті ересектер үшін, инттелигенттер емес үшін ) бойынша тапсырмалар беріледі. Бұдан басқа Г.И.Россолимо сызбадағы көрсеткіштерді арифметикалық айналдыру формуласын ұсынды.

Бүгінде тесттер – психологиялық зерттеуде кеңінен пайдаланылатын әдіс. Бірақ тесттерінің объективті және субъективті әдістерінің арасында сыналатындардың өз есептеріне негізделген сауалнама-тесттер де бар. Осы тестерді орындауда тестіден өткізудің нәтижесіне, әсіресе оның жауабы қалай түсінілетінін білетін болса, саналы немесе сансыз әсер ете алады. Алайда объективті тестер де бар. Оларға жобалау тестерді жатқызуға болады. Тестің бұл категориясына сыналатындардың есебі қажет емес. Сыналушының орындайтын тапсырмасын зерттеуші еркін түрде түсіндіреді. Мысалы, сыналатын адамның түрлі-түсті карточкалардың түсін таңдауынан оның эмоционалды күйін білуге болады. Кейде сыналушыға белгісіз жағдай салынған сурет беріледі де, психолог оны сипаттауды сұрайды, соның нәтиджесінде сыналушының психикалық ерекшеліктерін сипаттайды. Бірақ жобалы тестер психологтың кәсіби дайындығының жоғары және тәжірибесінің мол болуын, сыналушының интеллектуалды дамуының жоғары болуын талап етеді.

Қазір тест әдісі психологияда басқа әдістермен қатарқолданылады. Оның көмегімен белгілі қабілеттілікті, ептілікті, дағдыларды анықтауға, жеке тұлғаның кейбір сапаларын ерекше дәл сипаттауға, беліглі бір салаға жұмысқа және мамандыққа жарамдылық деңгейін анықтауғақолданылады. Тесттің белгілі дәрежеде диагностикалық құндылығы – негізіне алынған ғылыми эксперименттің деңгейі мен психологиялық дәйектерге байланысты. Жеткіліксіз негізделген және тексерілген психологиялық тесттер педагогикалық тәжірибеде кәсіби іріктеу, психологиялық даму кемістігін тап басып айқындай алмайды.

Мектеп оқушыларының жетістіктерін, интеллектуалдық дамуын көптеген басқа да қалыптасқан сапалардың деңгейін тест арқылы өлшеу оқу-тәрбие тәжірибесінің ажырамас бөлігі болып табылады. тест әдісі психологияда да, педагогикада да кеңінен қолданылады. Кей жағдайда педагогикалық тестті психологиялық тестілеуден ажырату мүмкін емес.

Егер тесттің педагогикалық астары туралы айтатын болсақ, ең алдымен үлгерім тестін қолдануды көрсетуге болады: оқу, жазу, арифметикалық амалдар сияқты қарапайым ептілік тесті кең қолданылады. Тест зертеу әдісі ретінде күнделікті үлгерімді практикалық тестілеумен білім деңгейін анықтап, оқу материалын меңгерцдің сапасын тексереді.

Тәжірибеде тестілік тапсырмалардың көптеген түрлері қолданылады: Америкада тестологиялық өндіріс саласы ерекше дамыған.

Білім беру және балалар мен ересектердің дамуында жеткен көрсеткіштерді салыстыруға халықаралық тесттер қоданылады. Адамдардың белгілі бір қызмет түрлеріне жарамдылығына ол емтихан болып табылады. қазір электронды есептеу машиналарының “адам-машина” жүйесінде компьютерлік бағдарламалар кең көлемде дамып келеді. Оқушылардың үлгерімін анықтау тесті, адамдардың кәсіби жарамдылығы мен бейімділігін анықтайтын тест жиі қолданылады.

Психологиялық әдістердің бірі — модельдеу.Ол дербес әдіске жатады. Ол басқа әдістерді қодану қиындығында ғана жүргізіледі. Олардың ерекшелігі белгілі бір психологиялық құбылыс жайлы ақпаратқа сүйенетіндігінде, екінші жағынан, оны қолданғанда сыналушы қатыспайды немесе нақты жағдай есепке алынады. Сондықтан моделдеудің әр түрлі әдістерін объективті немесе субъективті әдістерге жатқызу қиын.

Модельдер техникалық, логикалық, математикалық, кибернетикалық және т.б. болуы мүмкін. Математикалық моделдеуде ауыспалылардың өзарар байланысы мен олардың қатысы, зерттелетін құбылыстардағы қайталанатын элементтер мен қатынастар көрсетілген математикалық мән немесе формула қоданылады. Техникалық моделдеуде зертеудегі елестететін құрал немесе құрылғы жасалуы қажет. Кибернетикалық модельдеу информатика және кибернетика саласының психологиялық міндеттерін шешуге пайдаланылады. Логикалық модельдеу математикалық логикада қолданылатын идеялар мен символға негілген.

Компьютер мен бағдарламалық қамтамасыз етудің дамуы ЭСМ жұмыс істеу заңдарындағы психикалық құбылыстарды модельдеуге бастады, өйткені адамдардың ойлауда қолданылатын операциялары, міндеттерді шешудегі ойлау логикасы компьютерлік бағдарламаларда жұмыс істеуіне қарай адамның мінезін көщге елестетуге және сипаттауға болады.

 Сұхбаттасу әдісі. Танымның кеңінен таралған құралдарының түріне психологияда сұхбаттасу әдісі жатады. Сұхбаттың мақсаты – жауап берушінің сөзінен объективтік және субъективтікдеректер туралы ақпарат алу. Психологияда қолданылатын сұхбаттасу әдісін екі түрге бөлуге болады: 1. “Бетпе-бет” – сұхбаттасу, арнайы жоспармен зерттеушінің жүргізетін сұхбаты;

  1. Сырттай сұхбат – анкета. Ол өз бетінше толтырылады. Ауызша сұхбат психологиялық зерттеулер үшін дәстүрлі әдіс болып табылады. оны әртүрлі ғылыми мектептер мен бағыттардың психологтары ертеден бері пайдаланып келеді. Бірақ сұхбаттасуға алғашқы ақпаратты жинау әдісі ретінде біршама шектеулік тән. Психологиялық зерттеулерде сұхбаттасуды қолданудың аясы жан-жақты:
  • зерттеулердің алғашқы кезеңдерінде бақылау жоспарымен жұмыс істеу үрдісінде тек қана сұхбаттасу пайдаланылады. Сұхбаттасу мәліметтерінің көмегімен зерттеу мәселесі бойынша өзгерістер анықталады, жұмыс гипотезасы ұсынылады;
  • сұхбаттасу басқа әдістердің көмегімен алынған мәліметтерді анықтау, кеңейту және бақылау үшін қызмет етеді. Сұхбаттасудың екі түрі кездеседі: қалыпты және қалыптан тыс.

Қалыпты сұхбаттасуда қойылатын сұрақтар және олардың бірізділігі алдын ала анықталып, барлық жауап берушілергемазмұны бірдей болады. Зерттеушіге кейбір сұрақтардың мазмұнын өзгертуге немесе жаңа сұрақтар енгізуге, сұрақ беру тәртібін өзгертуге болмайды.

Қалыптан тыс сұхбаттың әдістемесі керісінше, толық икемді, кейбір өзгерістерді енгізуге болатындығымен сипатталады. Зертеуші сұхбаттың жалпы жоспарын басшылыққа алады, нақты жағдайларға сәйкес сұрақтың атын, сұрақтың қойылу тәртібін өзгертуге құқы бар.

Әңгімелесу – сауалнаманың бір нұсқасы. Сауалнамаға қарағанда әңгімелесу әдісі процедураны жүргізудің еркіндігімен ерекшеленеді. Әдетте, әңгімелесу жайлы жағдайда өтеді, ал сұрақтар сыналушының жағдайы мен ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады. Басқа әдіске құжаттарды зерттеу әдісі немесе адамның қызметін талдау әдісі жатады.Психикалық құбылыстарды зерттеу барысында әр түрлі әдістерді кешенді түрде қоданғаннан зертеу тиімді болатынын ескерген жөн.

Анкета әдісі – арнайы жасалынған сұрақтардың көмегімен жаппай материал жинау әдісі. Соңғы кезде психологияда бұл әдіске ерекше мән беріліп, тез арада респонденттерді жаппай сұрауға мүмкіншілік туды, әдістемесі тиімді және жиналған материалды автоматты түрде өңдеуге мүмкіндік береді.

Анкета-мәселені шешу үшін арнайы сұрақтар дайындалатын эмпирикалық әлеуметтікпсихологиялық әдіс. Анкетаны дайындау үлкен жауапкершілікті, кәсіби шеберлікті қажет етеді. Мұнда 30 — 40 минуттан артық уақыт берілмейді. Ол жазбаша, ауызша, жеке және топтық түрде жүргізіледі.

Анкета әдісінің (сырттай сауал жүргізу) өзінің ерекшеліктері бар. Сырттай сауал жүргізу кейде адамдардың өткір пікірталастарын туғызатын мәселелерге олардың қатынасын анықтау немесе қысқа мерзімнің ішінде көп адамға жаппай сұрау жүргізу қажет болғанда ғана анкета әдісі қолданылады. Анкета қалыпты сұхбаттасуға қарағанда көп жағдайда құпиялылығына толоықтай кепілдік береді, сондықтан да сұралғандар шын көңілден ешқандай бүкпесіз жауап береді. Бірақ анкетаны белгілі бір жұмыс гипотезасынсыз жүргізуге болмайды.

Сауалнама – зерттелгендерден сұрақ-жауап қою арқылы ақпарат алуға негізделген. Сауалнама жүргізудің бірнеше нұсқасы бар. Олардың әрқайсысының артықшылығы мен кемшіліктері де бар. Сауалнаманың үш түрі бар, олар: ауызша, жазбаша және еркін.

Ауызша сауал, әдетте зерттелушінің реакциясы мен мінез-құлқына бақылау жасау үшін қолданылады. Сауалдың бұл түрі жазбашаға қарағанда адам психологиясына терең бойлатады, себебі зерттеушінің қоятын сұрақтары зерттелушінің мінезіне қарай түзетіле алады. Мұндай нұсқа көп уақытты, арнайы дайындықты қажет етеді, өйткені жауаптардың объективтілігі зерттеушінің мінезі мен тұлғалық ерекшеліктеріне де байланысты.

Жазбаша сауал, аз уақыттың ішінде көптеген адам санын қамти алады. Мұның ең көп тараған түрі – анкета. Оның кемшілігі мынада, қойылған сұрақтарға зерттелушілердің реакциясын біле алмайсың және зерттеу барысында оның мазмұнын өзгерте алмайсың.

Еркін сауал – жазбаша және ауызша сауалнаманың бір түрі,мұнда қойылатын сұрақтар алдын ала белгілі болмайды. Мұндай сауалнамада зерттеудің тактикасы мен мазмұнын оңай өзгертуге болады, онда зерттелуші жайлы әр түрлі ақпарат алуға болады. Сонымен қатар стандартты сауалнама уақытты аз алады, ең бастысы нақты зерттелуші жайлы алынған ақпарат басқа адамның ақпаратымен салыстырылады, өйткені мұнда сұрақтар өзөгеріп отырады.

Сауалнама әдісін қарастыра келе, біз алынатын ақпараттың дәл екендігі жайлы және психологиядағы сандық және сапалық сипаттама мәселелеріне тірелдік. Бр жағынан, бұл проблема зерттеудің объективтілігімен байланысты. Психологтар өзіне көптен бері мынадай сұрақ қойып жүр: “Бақыланып жүрген құбылыстың кездейсоқ екенін немесе оның объективті бар екенін немен дәлелдеуге болады?” Психологияның қалыптасуы және дамуы барысында эксперимент нәтижесінің шынайылығын дәлелдейтін әдіснамасы анықталады. Бұған дәлел сондай жағдайдағы басқа зерттелушілерді зерттеудегі нәтижені қайталау. Ұқсастықтар көп болған сайын, табылған құбылыстың бар екендігі жоғары. Бұл нәтижелерді салыстыруға болатындығы проблемасына да байланысты. Әр түрлі адамдардың белгілі бір психологиялық мінездерін қалай салыстыру қажет?

Американдық ғылыми әдебиеттерде “Архивтік әдіс” термині қолданылады. Онда сыналушының іс-әрекетін бақыламай, оның күнделік жазбаларына, еңбек нәтижелеріне, оқу және шығармашылық іс-әрекетінің жазбаларына көңіл бөледі. Ал Отандық психологияда ол іс-әрекет нәтижесін талдау немесе праксиометриялық әдіс деген терминмен қолданылады. Бұл әдіс әр түрлі мақсатпен қолданылады. Мұнда биографиялық әдіс кеңінен таралған. Адамның өмір жолы зерттеледі. (оның жазбалары бойынша). Сондай-ақ контент – анализ әдісі де кеңінен таралған бұл әдісті талдауда көп кездесетін тақырып, сөз, термин, пікір немесе аяқталған кейбір, басқада көп кездесетін мәліметтерге көңіл бөлінуі сондай-ақ жобалау әдістері де осы топқа кіреді.

Іс-нәтижелерін талдау әдісі — оқушының іс-әрекет нәтижелерін шығармаларын, конспект, сурет т.б. талдау негізінде алынады.