- Индивидуалды айырмашылқтарды зерттеу психологиясы немесе дифференциалды психология-психология ғылымының саласы ретінде қандайда бір белгілермен біріктірілген (жас шамасы, жынысы және т.б.) топ адамдардың немесе жеке индивидтер айырмашылықтарын зерттейді. Бұл жерде зерттелетін ерекшеліктер көлемі көлемі өте кең, ал оның жиынтығы әртүрлі индивидуалдылықтың физиологиялық негізі ретіндегі жүйке жүйесі қасиеттерінен бастап кәсіптік қызушылықтарына дейін және әлеуметтік қалыптасуы.
Дифференциалды психологияғы темперамент, мінез бітістері, этология сияқты ғылыми білімдер қосылса да антикалық кезеңдерде пайда болып, көптеген ғасырлар бойы даму жолыда болған, ал дербес ғылым ретінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қалыптаса бастады.
Индивидуалды айырмашылықта психологиясының дамуына маңызды жағдайдың бірі тәжірибе сұрақтары болып табылады. Тәрбие мен оқыту, өндіріс өрісінде тәжірибені психологияда қолдану және адамдардың индивидуалды психикалық ерекшеліктерін ескерусіз және мұқият зерттеусіз адамның өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру мен жүйелеу мүмкін емес.
Сонымен дифференциалды психология индивидуалды айырмашылықтардың шығуы мен жаратылысын зерттейді. Ондай айырмашылқатр адамдарға ғана емес, жаратылыстағы барлық жануарлдарға тән. Жануарлар іс-әрекетін зерттеу, бір клеткалылардан бастап, адам тәрізді маймылдарға дейін үйрену сипатында, эмоционалды реакциясында, мотивация және басқа іс-әрекеттегі акспектілерінін индивидуалды айырмашылықтарының бар екендігін көрсетті.
Индивидуалды айырмашылықтар индивидтің тұқым қуалаушылық арасындағы қоршаған орта мен көп санды және күрделі байланысынан туындайды. Тұқым қуалаушылық факторлармен қоршаған ортаның даму әрекетін үш негізгі зерттеу әдістерін бөлуге болады. Олар әрекет белгілеріне қарай жасанды сұрыптаулар, ұқсастықтардың стастикалық зерттеулері және жанұядағы психологиялық кескін айырмашылықтары.
- Дифференциалды психологияны зерттеумен көптеген ғалымдар айналасқан. Олар А.Анастазий, К.Юнг, Э.Кречмер, Леонтьев, А.Николаевич, С.Л.Рубинштейн, Павловжәне т.б. Анастазий Анна (1908ж) америкалық психолог. Анастазийдің негізгі зерттеулері топтық және индивид іс-әрекетіндегі айырмашылықтар, оларды анықтауға көптеген тесттер құрастырған, жеке адам кескіндерге факторлық талдау, шығармашылық қабілеттердің дамуы сияқты мәселелер аясында жүрді. Сонымен қатар психологияның бұл саласының-психологиялық көрінісінің ерекшеліктерін анықтауға күш салып, оның мәселелеірнің негізгі мазмұнын, себебтерін және әдіс-тәсілдерін көрсеткен.
Леонтьев Алексей Николоаевия (1903-1979ж.ж.) совет психологы. Бірінші көлемді зерттеуі «ес дамуы» болған. 1932 жылдан бастап, Леонтьев қасына жас зерттеушілерді жинап психологиядағы іс-әрекет мәселесін қарастыруды бастаған. 1934-1940 жылдары Леонтьев адамдағы сезімталдылық генезизін эксперименталдық зерттеулерде жүргізген.
Марксистік психологияның методологиялық позициясының негізгі түсініктерін және жалпы мәселелерін, дифференциалды психологияның арнайы аумағы ретінде дифференциалды психологияға эксперименталдық теоретикалық өңдеулер жасағанда А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, В.М.Теплов және т.б.
Қазір дифференциалды психологияның да алдыңғы 10 жылға қарағанда темпераменттің нақты физиологиялық механизмдерін анықтауда берерері мол.