- Нышандар мен қабілет ара қатынасы мәселесінде арнайы қабілеттер нышанының сұрақтары қарастырылмады. Адам іс-әрекеттерінің көп түрлілігінің арасында әрбір индивид интелектінің жалпы нормасында меңгере алатында, әрқайсысы меңгере алмайтыны да кездеседі. Жоғары ақыл-ой потенциалыда кейбір іс-әрекет түрлерін меңгерудегі жеңілдігі мен жылдамдығын, табыстылығын қамтамасыз ете алмайды. Бұндай жағдайда психологтар жеке тұлғаны арнайы қабілетінің жоқтығын айтады және ондай мүмкін еместіктің себебтерін анықтауға тырысады.
Жалпы қабілеттер мен қатар адамның арнайы қабілеттерінде бөліп көрсетеді, ондай бір индивидке тән психологиялық ерекшеліктер басқада болмайды. Арнайы қабілеттерге музикалық, көркемдік, суретшілік, математикалық, әдеби поэзиялық және т.б. қабілеттер жатады. Шынында біздің әрқайсысымыз арнайы қабілеттерді дамыту үшін әбден жетілген әдістерді қолдансақта суретші, ақын, музикант немесе математик бола алмаймыз. Туа берілген және жүре пайда болған нышандар байланысының нәтижесінде, нышандар қабілетті дамыту үшін қажетті жағдай болып табылады, ал нышандар жаратылысы адамға туа берілгенбас миының құрылымдық және қызметтік ерекшеліктеріне байланысты.
Адамдар мен жануарлар арасындағы жоғары жүйке іс-әрекеті айырмашылықтарын түсіндіру үшін Павлов және оның қызметтестері зерттеулерінде адамдар мен жануарларға бірдей жалпы типін құрды. Бұл қосылысты Павлов бірінші сигналдық жүйеден айырмашылығ үшін екінші сигналдық жүйе деп атады. Ұлы физиолог адамның жоғары жүйке іс-әрекетінде бір сигналдық жүйеден, тағы бір сигналдық жүйенің салыстырмалы түрде басымдылығы бар екенін түсінді. Оның көзқарасы бойынша адамдар басымдылығына қарай үш арнайы типке бөлінуі мүмкін: суретшілік, ойшылдық, орташа. Схемалық түрде былай келтіреміз. ІСС>ІІСС-суретші, ІСС=ІІСС-орташа, ІСС<ІІСС-ойшыл.
Павловтың екі сигналдық жүйесі ілімін жалғастырушылар шарты «рфлекстің, рефлекісін» зерттеуді бастады, яғни адамдардағы тек қана бірініші сигналдық қоздырғыштар ғана емес (жарық түсі, дыбыс толқыны) сондай-ақ сөздің де әсері бар екенін атап өтті. Бұндай зерттеулер қалай физиологтарға жүргізілсе, солай психологтарға жүргізілген. Одесса университетінің психология кафедрасында сөйлеу тітіркендіргіштерінің шартты рефлекстерінің зерттеулері жүргізілді. Бірақ зерттеулер нәтижесі арнайы нышандар мен қабілеттер дифференциациясына бергендері аз. Ғалымдарға арнайы қабілеттер немен байланысқан түсіну үшін тағы 50 жыл қажет болды.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында адам миының үлкен жарты шарларына зақымдану мәселесінен жоғары психикалық функция қасиетінің бұзылуы табылған (қабылдау, ес, ойлау, ақыл-ой, сөйлеу, жекелік қасиеттер). Бұл деректер мынадай қорытынды шығаруға мүмкіндік береді: анықталған бас миының үлкен жарты шарларының қыртысы учаскесі ерекше белгіленген және жеке тұлға психика құрамына тиісті интегративті іс-әрекетін қамтамасыз етеді. Бұл жиналған деректер сол жарты шарда сөйлеу орталықтары шоғырланған, ал оң жарты шарда айналадағы дүние объектерінің үлгісі бейнеленуін қамтамасыз ететіндігін көрсетті. Бұндай зерттеулер бағыты «нейропсихология» деген атқа ие болды. Бұл бағыттың негіздеушілерінің бірі профессор А.Р.Лурия болды.
- Нейрохирургияның қатысу жағдайында пациенттің оң және сол жарты шарлары қызметтік бақылауға енгізгендігі үлкен табыс. Бас миы жарты шары қызметінің бірі тоқтағанда операция жүргізу үшін әдіс қолданған. Бір жарты шардың тоқтап қалуында екі жарты шар өзіндік қызметтік мүмкіндігінде максималды ережеде жүре бастады. Ғалымдар әрбір жеке тұлғада сол жарты шарды және оң жарты шарлы екі адам болады деген қорытындыға келді. Сол жарты шарлы адам өте сөзшең, дұрыс эмоцияда эйфориялық жағдайда болады, іске аспайтын жобалар құрады, болашаққа мақсатты бағытталған.
Оң жарты шарлы керісінше сөзге сараң, адрессиялы, өткен бейнелермен байланыста болады. И.М.Брагинмен Т.А.Доброхотовтар пікірінше адам иының оң және сол жарты шарлары өзіндік уақыт мерзімінен өтеді, яғни солдан оңға қарай даму жолында болады. Бұл жерде сол жарты шарлардың болашаққа, ал оң жарты шардың өткенге қызметтік ассисметриялық бағытта екендігі айтылып отыр.
Көптеген эксперименталды зерттеулерден қоршаған орта заттарын қабылдау анализаторлардың қосақталып жұмыс істеуімен қамтамасыз етілетіндігі анықталған бинонулярлы (екі көзбен бірдей көру қабілеті) көз, бинауральды есту, бимануальды сипап сезу.
Әрбір анализатор бас миы үлкен жарты шарларының қыртысында өзіндік орталық өкілдікке ие. Осылай сол көз, сол құлақ, сол қол, оң жарты шардағы өзіндік өкілділікке ие, ал оң көз, оң құлақ, оң қол сол жарты шардағы өзіндік өкілдікке ие. Қосақталып жұмыс істеуде анализаторлардың бірі басқарушы, ал екіншісі атқарушы қызметін атқарады. Анализаторлар өкілділігіне сәйкес бас миының басқарушы және атқарушы жарты шарлары жайлы айтуға болады. Бұл мәліметтер заттық ортаның бейнеленуін қамтамасыз ететін сол және оң жарты шарлы функционалды маңызды еместігін көрсетті. Функционалды маңызды еместігіне сәйкес адамдар медиальды тұрғыдан кеңістігіне қатысты екіге, яғни оң және солға бөлінеді.
Басқа зерттеулерге сол жарты шарға қарағанда оң жарты шардың басымдылығында сол қолдылық, ал оң жарты шарға қарағанда сол жарты шардың басмыдылығында оң қолдылық қамтамасыз етіледі деп көрсеткен. Орган қызметінің басымдылығында зерттей отырып, анализаторлардың қосақталып жұмыс жасауында адамның бас миы оң және сол жарты шарларының қызметтік басымдылығының зерттеу әдістері жасалынады. Басымдылық нышандарының барлығын біріктіріп оқымыстылар бас миы үлкен жарты шарларының функционалды ассиметриялары жайлы айта бастады. Сонымен бірге басымдылық толық немесе жартылай болуы мүмкін екендігі көрсетілген. Бұл бағыттағы жиналған мәліметтерді ескере отырып, психологтар, дәл сол мидыңфункционалды ассиметриялары арнайы қабілеттер нышаны ретінде қарастырылады.
Біз нышандарды бас миы құрылымының туа берілген, ерекшеліктері ретінде қарастырамыз. Бұл бағыттағы зерттеулер әрбір индивид жарты шарлы ассиметриялы болып туылады деп көрсетті. Кейбір зерттеушілердің мәліметтері бойынша оң жарты шар құызметі (солақай) мен оң жарты шарлы қызметінің (оң) басымдылығы адам популияциясында индивидтер санышамамен бірдей болып туады. Бірақ шындығында солқолды индивидтер саны едәуір сирек кездеседі. Бұл жерге біраз түсіндірмелер енгізу қажет. Біріншіден әртүлі қызметтің басымдылығы толық немесе жартылай әртүрлші нұсқакда орынға ие.
Үлкен жарты шарлар қыртысы күрделі құрылымын ескере отырып жартылай басымдылықнұсқалары едәуір көпболуы мүмкін, бірақ бұлбасымдылық нұсқаларының нәзік бөлшектер нышаны дифференциялды психологияаумағында шешілмейді. Екіншіден сол жарты шарлар “мылқау” болып туылып индивид дамуындағы белгілі бір жас кезеңінде сөйлей бастайды (барлық сөйлеу орталықтары сол жарты орналасқан). Үшіншіден тарихпен байланысты адамзат оң қолдың мәдениет орнатқан. Бұның барлығы сол жарты шарға қарағанда оң жарты шардыңжартылай басымдылығымен туылған белгілі бір индивидттер тобының сол қолдылығының көрінуінің тепшуін анықтайды. Көрсетілген себептер әсерімен сол жарты шар қызметін қарағанда оң жарты шар қызметінің басымдылығын сақтай отырып индивидтер жасырын сол қолдыларға айналады. Жоғарыда айтылып өткен әлеуметтік қысымнан соң оң жарты шарлар арасынан сол қолды индивидтердің жартысына жуығы (америкалық психологтардың мәліметтері бойынша 20-25%) өмір сүреді және сақталып қалады.
Қорытындылай келе индивид психикасының арнайы ұйымдастырылуында негізгі орын бас миы үлкен жарты шарларының туа берілген функционалды ассиметриялары аралығын айта кету қажет. Функционалды ассиметриялар және тұлғаның арнайы қабілеттерінде жүзеге асырылуын көріну деңгейінің нышандарын анықтайды. Функционалды акссиметриялар шындықта бар екендігімен темпераменттің формалды-динамикалық қасиеттеріне арнайы бағыттар қосу арқылы индивидуалды қасиеттердің жалпы типінде өз белгісін қалдырады.