Отандық темпераментті психологтар мектебінде зерттеу

  1. ХХ ғасырдың басында Павлов және басқа да зерттеушілер жоғары нерв әрекетінің механизмдерін зерттеуде экспериментальды жағдайдағы иттердің әрекетінде шартты рефлекстерінің айырмашылықтарын зерттеуге назар аударды. Павлов бұл айырмашылықтарды түсіндіруде олар бас миы қыртыстары жүйке процесінің динамикасымен байланысты деген жорамал айтты. Павловтың көз қарасы бойынша ондай көрсеткіштер жүйке процесінің күші, біркелкі және қозғалмалылығы болып табылады. Үлкен жарты шарлар қыртыстарындағы қозғыштық пен тежелушілік негізгі процестері болады.

И.П.Павлов иттің шартты рефлекстік әрекет ерекшеліктерін зерттей отырып, олар қылық-әрекеттеріндегі даралық өзгешеліктердің пайда болуына назар аударды. Мұндай айырмашылықтар ең алдымен иттердің рефлекстік қозулары мен сол қозулардыңсөну теңдігі мен дәлдігінен көрінген. Бұл жағдайлардың көрінуі жүйке процесінде қалыптасатын тұрақты қасиеттер-қозу және тежелуге байланысты екендігі жөнінде эксперименттермен дәлелденген. И.П.Павлов темперамент типінің жүйке қасиеттері ретінде қозу мен тежелу күшін, тепе-теңдігін және қозғалмалылығын атап көрсетті.

Қозу күші мен тежелу күші-бір-біріне тәуелсіз жүйке жүйесінің дербес қасиеттері. Қозу күші жүйке жасушаларының әрекетшеңдік қабілетінің белгісі. Осы күшке орай жүйке төзімді , ұзақ не қысқа мерзімді әсерлі қозуды сақтай алады, тежелуге бейімделеді. Ал тежелу күші жүйке жүйесіндегікүшті әсерлерді басып, сөну және біріктіру шартты реакцияларын іске асыру қызметін атқарады.

Жүйке жүйесі процестерінің тепе-теңдігі қозу мен тежелу құбылыстарының өзара бірдейлік сипатын көрсетеді. Осы екі процесс күштерінің аралық қатынастарынан, бір процесс күші екіншісінен басым болуынан тұлғаның ұстамды, байсалдылығы не ұстамсыз, ауыспалылығы туындайды. Жүйке жүйесінің үшінші қасиеті- жүйке процесінің қозғалмалылығы-бір жүйке процесінің екінші түріне ауысу жылдамдығында көрінеді. Сонымен бірге, жүйке процестерінің қозғалмалылығы адам-қылық әрекетінің өмір жағдайларының өзгеруіне сай қалыпқа ене алу қабілетінде танытады. Жүйке жүйесінің мұндай қасиетінің өлшемін бір әрекеттен екіншісіне, енжарлықпен белсенділікке немесе кері өту шапшаңдығымен бағалаймыз. Жүйке қозғалмалалығына қарсы құбылыс-жүйке жүйесінің селқостығы.

Аталған жүйке прцестерініңнегізінде жүйке жүйесінің типі немесе жоғары жүйке қызметінің типі деп аталатын құрылым түзіледі. Бұл жүйе әр дара тұлғаның жүйке жүйесіне тән негізгі қасиеттер бірлігінен құралады. Ол қасиеттер: қозу мен тежелу процестерінің күші, тепе-теңдігі, қозғалмалылығы. Осы үш қасиетті негізге ала отырып , И.П.Павлов жүйке процесініңкүшіне орай және күшті тип пен әлсіз типті айыра, дәстүрлі Гиппократ типологиясына жақын жүйке жүйесінің төрт негізгі типін ажыратты:

-күшті, қозу мен тжелуі теңдей , қозғалмалы-сангвиник;

-күшті, қозу мен тежелуі теңдей, салғырт-флегматик;

-күшті,қозуы басым-холерик;

-әлсіз тип –мелонхолик;

И.П.Павлов негіздеген типология темперамент психологиясы саласындағы көптеген лабораториялық зерттеулерге бастама берді.50-жылдары жүргізілгеносындай ізденістер нәтижесінде И.П.Павловтың шәкірттері В.М.Теплов , кейін В.Д.Небылицин темперамент типологиясын жаңа элементтермен толықтырды. Ересек адамның жүйке жүйесін экспериментальды талдай отырып, жүйке процесіне байланысты екі қасиетті ашты: лабильдіа және динамикалық. Жүйке жүйесінің лабильділігі-жүйке процесінің туындау және сөну шапшаңдығында көрінеді де, ал динамикалылығы-қоздырғыш, ұнамды және кері әсерлі,тежегіш шарты рефлекстердің оңай және жылдам түзілуінен байқалады.

 2.И.П.Павловтың ілімдерін психологиялықбағыттарда көрсетуге (хабардар етуге) едәуір күш салған оның жолын қуушылар Б.М.Теплов пен В.Д.Небылицин болып табылады. Осылардың күш салуы арқасында әртүрлі индивидтердегі қозғыштық пен тежелгіштік процесінің күшін жеке-жеке анықтаудағы зерттеулер жалғастырылды және орталық жүйке жүйесінің жалпы және жартылай қасиеттер түсінігін енгізуге мүмкіндік берді. Теплов пен Небылицин тіршілік үшін күрестегі негізгі құрамдастарының бірі ретінде, нерв жүйесінің әр алуан қасиеттерімен әр түрлі индивидтердегі сезімталдылықтың ролін көрсетті.В.Д.Небылицин өзінің электроэнцефалографикалық зерттеулерінде, белсенділік адамдар іс-әрекетіндегі индивидуалдық айырмашылықтарының көрсеткіші ретінде, бас миыныңмаңдай қыртыстарының алдыңғы бөліктері мен мидың бағаны мен ретикуляциялы формациясының(дамудың белгілі кезеңі және сол даму кезеңіне тән құрылыс) өзара бірлесіп әрекет етуімен байланыстылығын көрсетті . Осы сияқты ұсыныстар англиялық зерттеушілер Г.Айзенк пен Дж.Грейлер де болды. Олар жүйке жүйесінің күші – баяулығының вариациясы (өзгерген, өзгеше түрі) маңдай қыртыстарының ретикуляциялы формациясының өзара әрекеттестігі ерекшеліктерімен экстроверсия-интроверсия сияқты индивидуальды қасиеттер арасындағы байланысты анықтайды деп есептеді. Осындай зерттеу бағыттарынан П.В.Симонов адам мен жануарлар бас миындағы ми құрылымын 4-ке бөліп көрсетті. Олар: маңдай қыртыстары, гипокамп, гипоталамус және миндалик. Оның көзқарасы бойынша бұл төрт ми құрылымы Гиппократтың бөліп көрсеткен темперамент типтерінің арасындағы индивидуальды айырмашылықтарды түсіндіруге қажет. Қызметтік басымдылықты еске ала отырып ми құрылымы әрекеттестігінің әртүрлі қисындарынан П.В.Симонов бойынша темперамент типін қарастыруға болады. Егер «маңдай қыртыстары менгипокамп» парларын қарастырғанда гипокамп (тәжірибе, ес мүшесі) қызметіне қарағанда «маңдай қыртыстары» (болжау және мұқятылық мүшесі) қызметінің басымдылығында экстоверт типін көрсетеді. Маңдай қыртыстарына қарағанда гипокамп

Қызметінің басымдылығы «интроверт» типін көрсетеді. «Гипоталамус-миндалин» парлары мотивациялық жүйе болып табылады. Сондықтан миндалин қызметіне қарағанда гипоталамус қызметінің басымдылығы қорқыныш беріледі, ал гипоталамус қызметіне қарағанда миндалин қызметінің басымдылығы мотивациялық тұрақтылықты немес индивид әркетіндегі тұрақтылықты білдіреді.

Мидың төрт құрылымының өзара әркеттестік қызметін қисындастыра отырып, темпераментіне сәйкес индивидтер іс-әрекетінің төрт типін құрауға болады.

Маңдай қыртыстары (лобная кора)-ЛК

Гипокамп-ГП

Гипоталамус-ГС

Миндалин-МА

  1. Қызметтер басымдылығы

ЛК>ГП

ГС<МА болса

Холерик типін сипаттайтын «экстроверт тұрақты» типі шығады.

  1. Қызметтер басымдылығы

ЛК>ГП

ГС>МА болса

Сангвиник типін сипаттайтын «экстроверт мазасыздық» (үрейлілік) типі шығады.

  1. Қызметтер басымдылығы

ЛК<ГП

ГС>МА болса

Меланхолик типін сипаттайтын «интроверт мазасыздық» типі шығады.

  1. Қызметтер басымдылығы

ЛК<ГП

ГС<МА болса

Флегматик типін сипаттайтын «интроверт тұрақты» типі шығады.

П.В.Симоновтың төрт ми құрылым концепциясы Гиппократтың нақты кестесімен Павловтың орталық жүйке қызметімен бір жерден шығады. Сонымен қатар экстраверсия, интроверсия, тұрақтылық, мазасыздық сияқты темпераменттің негізгі пайда болу факторлары жайлы айтылады. Келтірілген басымдылық типтері барлық төрт ми құрылымының өзара әркеттестігінің әртүрлі өтпелі варианттарының толықтырмайтындығын да айта кету қажет. Сондық Гиппократтың темперамент типтерін ми құрылымы қасиеттерінің басымдылығы көрсетілген негізгі нұсқасы ретінде қарастыру қажет. Қорыта келгенде тағы бір айта кететін жәйт бүгінгі таңда И.П.Павлов өңдеген индивидуалдық айырмашылықтар жаратылысын түсіндірудегі негізгі теория әлемдік деңгейге көпшілік таныған деп есептелінеді. Г.Айзерктің өзінің докторлық диссертациясын ұлы физиолог И.П.Павловқа арнағаны да өте қызық.