- ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырыдң басында адамдардың темперамент қасиеттерінің күнделікті жағдайда көрінуін сипаттайтын зерттеулер пайда болды. К.Юнг адамдарды ішкі және сыртқы психикалық белсенділік себептеріне байланысты экстраверт және интроверт деп бөлді. Нидерландтық Г. Хейманс пен Э. Вирсма индивид әрекетіндегі негізгі темперамент қасиеттерін анықтауға сұрақ жауап әдісін зерттеп дайындады. Олардың айтуынша мұндай қасиеттерге мыналарды жатқызуға болады.
Эмоционалдылық – эмоцианалдықтың жоқтығы, яғни күнделікті жағдайлардағы эмоционалды реакциялардың көріну жиілігі.
Белсенділік-енжарлық, дамалыс уақытындағы әркеттің көрінуі ретінде.
Бірінші қызмет белсенділік – екінші қызмет енжарлық сыртқы орта тітіркендіргіштеріне реакцияның көрінуі немесе сөнуі күшімен жылдамдығының көрсеткіші ретінде.
Кейінгі зерттеулерде (мысалы Г.Айзенк зерттеулерінде) индивиттер іс әрекетінде бірінші қызмет басымдылығы мен экстроверсия арасындаұқсастық бар. Гуморальды және конститутциональды теориялардан айырмашылығы бұл зерттеулер аясында темпераментке кіретін әрбір қасиет индивидуальдық көріну деңгейіне ие деген мақұлдаулар айтылған. Сондықтан адам популяциясында сол және басқа қасиеттерінің әр түрлі деңгейде көрінетін индивиттер бар. Анастазии көрсеткенде бұл тәсіл темперамент белгілерінің үйлестіру үздіксіз шкалада жүреді деген қортындыға келуге мүмкіндік берді. Ч. Спирмен факторлық анализді көптеген қасиеттерді индивид психикасы құрамының азырақ ең маңызды санына енгізіп көру арқылы қолданды. Факторлық талдауды қолдану арқасында психологияда темпераменттің факторлық теориясы шықты, құрылуын жалғастырғандар Гилфорд , Л.Терстоун , Г.Айзенк және т.б.
«Фактор» сөзі психологияда математикалық түсінікте емес, қозғалыс күшін білдіретін бастапқы мағына, көрініс пенпроцесс себептері ретінде қолданыла бастады. Басқаша айтқанда факторлар психика құрамының формальды –динамикалық құрылымындағы темпераментте индивид іс әрекетіндегі қасиеттерінің көріну себептері ретінде қатысады.
Дж. Гилфорд 20 жыл бойына анкеталау әдісін қолданып темпераменттің13 факторлық теориясын құрды. Олардың негізіне, мәлім болғанындай негізгі қасиеттердің қарама –қарсы болып көрінуі, нақтырақ айтқанда субъектте бір қасиеттің максималды немесе минималды көріну деңгейіне ие болды.
Гилфорд мұндай факторларға мыналарды жатқызды:
- Белсенділік
- Доминантылық
- Ержүректілік
- Өзіне сенімділік
- Байсалдылық
- Көпшілдік
- Рефлексивтік
- Депрессиялық
- Эмоционалдылық
- Ұстамдылық
- Әділділік
- Тілектестік
- Толеранттылық
Темпераменттің 13 факторлық теориясына негізгі жетіспеушілік тұрақты қасиеттер арасындағы нақты аймақтың болмауы, яғнижағдайға байланыссыз пайда болуы және нәзік қасиеттердің индивид дамуындағы теріс қалыптасуы .
- Темпераменттің 7 факторлық теориясын Л.Терстоун өңдеді. Ол да анкета әдісін қолданып мынадай факторларды бөліп көрсетті:
- Белсенділік
- Жігерлілік
- Импульсивтілік (ырықсыздық немесе албырттық)
- Доминатылық (орталық жүйке басымдылығы)
- Стабилділік
- Социабелділік
- Рефлексивтілік
Терстоунда Гилфорд сияқты жолды қолданған. Әрбір фактор екі қарама –қарсы минималды және максималды көрініске ие. Факторлардың көріну деңгейі балмен өлшенеді. Терстоун темперамент профилінің графикалық көрінісін ұсынды. Бірнеше факторларды ғана салыстыру темперамент қасиеттерініңәр түрлі сандық және сапалық көрсеткіштеріне ғана назар аударуға мүмкіндік береді.
Олардың арасында күнделікті тұрақты қасиеттері де, өзгермелі қасиеттер де бар. Бірақ көпшілік темперамент зерттеушілері, темперамент қасиеттерін өмір бойы өзгермейтін формальды динамикалық қасиеттер деді.