Адамның индивидуальды және жекелік айырмашылықтары

  1. Адамның «Homo sapiens» (гомо сапиенстің) биологиялық түріне жатуы индивид түсінігін жалпылайды. Яғни генетикалық ес және дене құрылысына (конститутциясына) байланысты. Индивидтің бұл ерекшелігін “конститутциялық деңгей” деп атайды.Конститутциялық деңгейді біз жыныстық айырмашылықтан байқаймыз, яғни еркек және әйел деп бөлеміз.Мұнда салмақ, бой және дене бөлімдерінің белгілі бір геометриялық байланыстары конститутциялық ерекшелікті құрайды.Сонымен қатар бұған терінің түсі және тағы басқа конститутциялық атрибуттағы ,дене құрылымдары мен бөліктерін анықтайтын нәсілдік тиістілігін жатқызуға болады.

Әрбір индивид туылған сәттен бастап сыртқы ортаның тітіркендіргіштері- не әрекет етеді.Бұл тітіркендіргіштер индивидуальды сезгіштікті білдіреді, ал сезгіштік индивидтің психикасының іргетасын құрайды. Сондықтан психикалық деңгейдің индивидуальды ерекшеліктері туралы айтылады.Кез-келген сыртқы ортаның тітіркендіргішіне соған лайықты әсерлі жауап болады, ол біріншіден моторикадан (қимыл-қозғалыстан) байқалады. Әрбір реакция латенттік периодпен баяндалады,яғни тітіркендіргіштің іс-әрекет етуінің уақыт аралығы мен соған лайықты іс-әрекеттің басталуы. Әртүрлі индивидтердің сенсомоторлық қатынастарының айырмашылығын байқау үшін “реактивтілік” ұғымын енгіземіз,яғни сезгіштік пен реактивтілік әрбір индивидтің психикасын ұйымдастыру қасиетін санды және сапалылық ерекшеліктерін көрсетеді.Олар жеке тұлғаның психикалық құрамында динамикалық айырмашылықтарын айтады.

 2.Бірақ өмірдің белгілі бір уақытына қарай индивидтің психикасында санды және сапалы жаңа ұйымдастыру деңгейі сана сезім пайда болады.

Сана сезімді индивид жеке адам болып табылады. Сондықтан жалпы және дифференциалды психологияның зерттеулерісубьекттің психикасының индивидуальды және жекелік айырмашылықтары кызықтырады. Егерде сезімділік пен реактивтілік индивидтің психикасында биологиялық түрде болса,ал сана сезіминдивидте биологиялық әлеуметтік ортамен байланыс жасаудан пайда болады. Жеке адам индивидтен сана сезімі арқылы ерекшеленеді, яғни сана сезім психиканың жоғарғы формасы болып табылады.

Жеке адам әлеуметтік ортаның мүшесі, сонымен қатар әлеуметтік қызмет ететін, өзін-өзі тани білетін және өз қабілеттілігін түсінетін саналы индивид болып табылады. Индивидтің психикасы мен жекелік кескіндері қосылып, ерекше қосылыс тудырады-индивидуальдылық.

Жалпы және дифференциалды психология аумағында адам психикасының әртүрлі деңгейде ұйымдастырылуының өзара байланыстылығында өте маңызды мәселе туды. Адам индивид болып туылып, жеке адам болып қалыптасады,ең алдымен барлық психологтарды психика құрамының бірінің басқаларына әсері қызықтырады. Бұл мәселелер индивидуальды айырмашылықтардың биологиялық және әлеуметтік рөлде көрінуі жайында.

Дифференциалды психологияның маңызды мәселесі жеке адам мен индивидке тұқым қуалаушылық арқылы немесе жүре пайда болған психикасының байланысы (арақатынасы) болып табылады. Бүгінгі таңда бірсыпыра зерттеушілер тұқым қуалуаушылықтың маңыздылығы 100%, жүре пайда болғандардың маңыздылығы 100%, деп есептеді. Әрине бұндай жауап ешкімдіде қанағаттандырмайды, өйткені ұлы зерттеушілер С.Л.Рубинштейн және Б.М.Тепловалардың көзқарастары бойынша жеке адам мен индивид психика құрылымында тұқым қуалаушылық,табиғи жәнеи жүре пайда болғандардың арқатынасын қарастыру қажет екен. С.Л.Рубинштейнннің жеке адам психикасында жүре пайда болғандар ішкіден сыртқа икемделуі арқасында пайда болады деген көзқарасымен сәйкес келеді. Ал Тепловтың көзқарасымен сәйкестену бойынша псхикалық қасиеттердің ішкісі тұқым қуалаушылық(генетикалық) механизммен емес, табиғи мен байланыста. Осы зерттеушілердің күш салуы арқасында барлық тұқым қуалаушылық табиғи болып табылады деп дәлелдеді. Бұл соңғысы дифференциалды психология аумағында адамдар психикасындағы индивидуалдық айырмашылықтар түсінігіне жол ашты.