Мамандық әрекеттердің психикалық процестерін анықтау үшін психодиагностикалық әдістемесінің бағытталуы

  1. «Жетістікке жету қажеттілігі» әдістемесі.

Психологиялық анализдің қажеттілігін ескеріп, тұлғаның адаптациялық мүмкіншіліктерін бағалау керек. Әлеуметтік жұмыс бойынша маманның кәсіби маңызды қасиеттерді зерттеуге ерекше көңіл бөлу керек, әсіресе: эмпатикалық ерекшеліктеріне, коммуникативтік қабілеттеріне, төмен конфликттікке.

1 . «Жетістікке жету» әдістемесі.

Теоретикалық негіздеу. Әдістеме Ю.М.Орловпен құрастырған. Ф.Хоппе ұғымдан жетістікке жету қажеттілігі туралы түсінік бастама алады. «Мен» — деңгейі. Адам санасезімінің неғұрлым жоғары деңгейде жоғары талап деңгейі көмегімен ұстап тұру талпынуы. Кештеу бұл ұғым «жетістікке жету мотивіне» айналды. Х.Хенхаузен оны өзінің қабілеттерін жоғарылату талпынысы етіп анықтаған.

Мақсаты. Кез келген іс-әрекетте жетістікке жетудің адамның қажеттілігінің анықтау дәрежесін шығару.

Нұсқау. Ұсынылатын әдістеме тест-сұраулық түрінде болады, 23 бөлімдерден тұрады. Зерттелетін адам «ия», «жоқ» деп жауап беру керек.

Тест материалы.

  1. Өмірдегі жетістік бір жағдайға, есептен гөрі тәуелді.
  2. Егер мен ұнататын істен айырылсам, өмірдің мәні жоғалады.
  3. Кез келген істі орындау барысы қызықтырады, нәтиже емес.
  4. Адамдар, менің ойымша, жұмыстағы кемшіліктерден жақындармен нашар қатынастардан гөрі көп зардап шегеді.
  5. Көп адамдар, менің пікірімше, алыс мақсаттармен, жақын емес, өмір сүреді.
  6. Менің өмірімде басқа нәрседен жетістіктер көбірек болды.
  7. Әрекеттік адамдардан гөрі, эмоционалдық адамдарды ұнатамын.
  8. Қарапайым жұмыстың өзінде оның кейбір элементтерін жетілдіргім келеді.
  9. Жетістікке жетемін деп, қорқудыда ойламаймын.
  10. Менің жақындарым мені жалқау деп ойлайды.
  11. Менің төмендеуімде жағдай кінәлі, өзім емес.
  12. Менің ата-анам мені өте қатал бақылайды.
  13. Менде қабілеттіліктерден шыдамым басым.
  14. Жалқаулығым қойған мақсаттардан айнытады.
  15. Өзім-өзіме сенімді адаммын.
  16. Жетістікке жету үшін қауіп-қатерге ұшырауымда мүмкін.
  17. Мен еңбекқор емеспін.
  18. Барлық нәрсе ойдағыдай болса, менің кұшім көбееді.
  19. Мен журналист болғанда, оқиғалар туралы емес, адамдардың ойлап тапқан жаңалықтар туралы жазар едім.
  20. Менің жақындарым жоспарларымды қолдамайды.
  21. Менің құрдастарымнан гөрі, өмірге деген талаптарым төмен.
  22. Қабілеттіліктерден табандылық менде көбірек.
  23. Күнделікті істерден босасам, мен одан көп жетістікке жетер едім.

Нәтижелерді өңдеу. Әр жауап үшін 1-ұпай қойылады:

«ия» -2,6-8, 14, 16, 18, 19, 21-23 бөліктер бойынша.

«жоқ» -1, 3-5, 9-13, 15, 17, 20 бөліктер бойынша.

Жетістіктерге қажеттілік (ЖҚ) «ия» мен «жоқ» жауаптарының қосындысын тең. Бағалау шкаласы 0-ден 23-ке дейін.

Нәтижелердің интерпретациясы. Неғұрлым көп ұпай жинаса, соғұрлым онда ЖҚ көп.

2 . Жұмыспен қанағаттанудың бағасы.

Теоретикалық негіздеу. Бұл әдістеме В.А.Разоновамен құрылған. Жұмыскердің тиімділігі көбінесе жұмысымен қанағаттануға тәуелді. Егер жұмыс істеуге жақсы жағдай жасалған болса, бастықпен, әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болса, айлығының деңгейі кәсіби өсуінің перспективасы бар болса, онда жұмыскер өзінің жұмысына қанағаттанып жүреді.

Мақсаты. Еңбек жағдайымен, іс-әрекеттің мазмұнымен, бастықтармен әріптестермен жақсы қарым-қатынасымен және басқа факторлармен қанағаттануды зерттеу.

Нұсқау. Зерттеу жеке және топта өткізілуі мүмкін.

Зерттелетіндерге анкетаны береді (табл.35), оларда 14 тұжырымдамалар, жауаптық 5 варианты (бағалау шкаласы 1-5 ұпай)

Әр тұжырымдаманы бағалау керек, оны шеңберге аласыз.

1 ұпай — өте қанағаттанарлы

2 ұпай — қанағаттанарлы

3 ұпай — онша емес

4 ұпай — қанағаттанарлықсыз

5 ұпай — өте қанағ-сыз.

Тест материалы.

Тұжырымдама өте қанағат қанағат Онша емес қанағ-сыз өте-қанағ-сыз
1. Мекемемен қанағаттануыңыз

2. Физикалық жағдайлармен қанағаттануыңыз

3. Жұмыспен қанағаттануыңыз

4. Жұмыскерлердің бірлігімен қанағаттануыңыз

5. Бастықтың стилімен қанағаттануыңыз

6. Бастығыңыздың кәсіби біліктілігімен қанағаттануыңыз

7. Еңбек жалақысымен қанағаттануыңыз

8. Басқа мекемелермен салыстырғанда еңбек жалақымен қанағаттануыңыз

9. Кәсіби жоғарлауымен қанағаттануыңыз

10. Жоғарлау мүмкіншіліктермен қанағаттануыңыз

11. Өз тәжірибеңізді және қабілеттеріңізді қолдануыңызбен қанағаттануыңыз

12. Интеллектіңізге талаптарымен қанағаттануыңыз

13. Жұмыс күнінің ұзақтығымен қанағаттануыңыз

14. Жұмыспен сол дәрежеде қанағаттануыңыз, басқа жұмыс іздеуге ықпал ететін.

 

         

Нәтижелерді өңдеу: Анкетадағы ұпайлар қосылады. Егер бір топ жұмыскерлерді зерттеген болса, онда топ бойынша орта бағалар анализдер өткізіледі, бағалау төменгі шкала бойынша: 5-20-«өте қанағат»; 21-32 ұпай – «қанағат»; 33-44 ұпай-«онша емес қанағ-сыз»; 45-60 ұпай-«қанағ-сыз»; 60-тан жоғары – «өте қанағ-сыз».

Нәтижелерді интерпретациялау. Зерттеу нәтижелері бойынша 14-тен 70 ұпайға дейін алуға болады. Егер адам 40 немес одан көп ұпай жинаса, онда ол жұмысымен қанағаттанбағандығын көрсетеді. Егер жұмыскер аз ұпай алса, онда оның қанағаттанбауы жоғары болады.