Психологияны оқуда тақырыптарға әдістемелік бағыт

Психологияны оқуда тақырыптарға әдістемелік бағыт беру, біріншіден, лекцияны оқудың әдістемелік негіздері болып табылады. Лекцияның жан-жақты дайындалуы-оны жақсы оқудың тек әлеуетті мүмкіндігі ғана. Лекция, бұл-тыңдаушылардың көзінше жүзеге асатын әрекет болғандықтан, оның аяқталуына орай тыңдаушылардың сол ғылымды жақсы көріп кететіндері немесе онымен одан әрі шұғылданғысы келмейтіндері сол сәтте-ақ анықталады.

Жас оқытушыларға қажет кеңестер

  1. Кіріспе лекцияға аса байыппен қара.
  2. Алғашқы лекциядан бастап қатаңда, қайырымды да болып көоінуге тырыспа, өз өзіңізбен бол.
  3. Студенттердің курсты баяндауда жүйелі түсінулерінен қажетінше күш жұмсайды.
  4. Баяндау екпіні баяуда тезде болмауы тиіс, өйткені біріншісі өзіңді және тыңдаушылардың жартысынан көбісі жалықтырса, екіншісіне өзің де ілесе алмауың мүмкін.
  5. сенің лекцияңа деген студенттердің қызығушылықтарын асыра бағалама, бұл сенің лекцияғв келешекте жақсы дайындалуыңа кесірін тигізеді.
  6. Кешіккен студенттерді дәрісханаға жібермеңіз, әрине өзіңіз кешікпесеңіз.
  7. Пәніңді сыйламайынша, студенттер өзіңді де сыйлайды деп үміттенбе.
  8. Негіздерді түсіндіруде уақытыңды аяма; аз, бірақ терең оқы.
  9. Бірінші лекциядан бастап студенттерге олардың қолында тамаша жазбаның болатынын көрсет.
  10. Құштарлықпен беріліп оқыңыз. «Лектор жаймен ғана қалғып бара жатты, студенттер де одан қалыспады» деген жағдайға ұрынып қалма.
  11. Тек оқыма, әңгімелес.
  12. Сөз ойды басып озатындай тез, бірақ ойға да сөздерсіз жалығатындай жәй де оқыма.
  13. Бағдарламаны естен шығармай, еш кемшіліксіз құмартып оқы.
  14. Лекцияңа көз тастап, оған студенттік жазба мен баяндау құрылымын бұзбау үшін ғана қарайтыныңды көрсет.
  15. Мүмкіндігінше баяндалған мәселеге деген өз ойыңды атып отыр. Студенттердің кеше ғана оқылған мәселенің бүгінде қайталанып тұрғанын сезгендерінен жаман нәрсе жоқ.
  16. Емтихандағы кездесумен қорқытпа, бұл мүлдем тиым салынған әдіс.
  17. Дәлелдердің: тікелей, керісінше, құлықты сияқты үш түрі бар. дәлелдеудің үшінші түрін пайдаланғаншы, ештеңені де дәлелдемей қойғаныңыз жақсы.
  18. Бар немесе болған нәрсе жайлы ғана емес, болуы тиіс жайт туралы да айтыңыз.
  19. Баяндалған ақпаратқа байланысты мысал ретінде өте аянышты болса да күтпеген ойыңды келтіріп кет.
  20. Баяндалғанды суреттеуде, студенттерге жақын аймақтардан мысал келтір.
  21. Студенттерді оқу үрдісінің мүшесі етуге тырыс – пікірлерін сұра, шешімдер мен жауаптарды бірлесіп талда.
  22. Үлгерімі төмен баланы үштікке көтердім, ал озат оқушыны екпінді қатарына түсірдім деп төс қақпа.
  23. Білім шырағын жаға алмасаң да, студенттердің танымын арттыруға тырыс.
  24. Үздіксіз оқы, өйткені тек бар біліміңе ғана үйрететін боласың, ал оның аз екенін естен шығарма.
  25. Әрқашан жағдайдың қожайыны болыңыз; егер тыңдаушыларды сен меңгере алмасаң, олар сені меңгеретін болады.
  26. 150 адамнан тұратын студенттер тобының ішінен 1-2 адам ғана пәніңе қызығып 1-2 сұрақ қойса (онда да емтиханның алдында), босқа мейірленбе.
  27. Кездейсоқ жұмысты қауырт істеуге дағдыланба, ол әдетте ақауға әкеледі.

Профессор Ю.Г.Шнейдер, кеңестер мен ұсыныстарды ұстану әрқашанда мүмкін болмаса да, оған ұмтылудың қажеттігін ескертеді.