Оқу көрнекілігінің түрлері

Л.С.Выготский бойынша жоғары психикалық қызметтер жанама, жасанды сипатқа ие. Белгілердің құрастырылуы мен пайдаланылуы адам санасының дамуында жаңа кезеңді анықтайды, яғни бұл мінез-құлықты меңгеру кезеңі.

Соған орай адам санасының қалыптасу мен қызмет ету, оның жоғары психикалық қызметтері заңдарының меңгерілуі сананың символды қызметінің заңына арқау етпей жүзеге асуының мүмкін еместігін болжауға болады.

Педагогикалық психологияда жанамалау түсінігіне тікелей қатысты«көрнекілік деген термин жиі қолданылады. Алайда оны әрқилы түсінуге болады.

Адамның танымдық іс-әрекеті өзінің негізінде әрдайым біртұтас психикалық бейнелерге: қабылдау, қиял мен ойлау бейнелеріне сүйенеді. Сондықтан оқытуда шынайы заттардан аса абстрактілі белгілік-символдық үлгілерге дейін көрнекіліктің әртүрлі құралдары пайдаланады. Бірақ әр зат көрнекі емес.

Көрнекіліктің А.Н.Леонтьев құрастырған психологиялық ұстанымы бойынша: екі іс-әрекет: студенттердің көрнекі материалмен іс-әрекеті және оқыту процесінің негізін құрайтын іс-әрекет сәйкес келсе, зат көрнекі болады.

Розенцвейгтің тестінде сыналушының ситуацияның жеке бөліктерін емес, оны толықтай қамтығаны өте маңызды. Сондықтан сыналушының іс-әрекеті экспериментшінің ойластырған іс-әрекетіне сәйкес келеді, демек зат (суреттер) көрнекі болып табылады. Егер суреттерде бөтен бөлшектер бейнеленсе, ситуацияның мәні айғақталып, сыналушы мүлдем басқа іс-әрекетті орындайтын еді (бөлшектерді қарайлайтын еді) әрі ол экспериментішінің ойлағанындай болмас еді. Мұндай жағдайда зат көрнекі болмайтын еді.

Объектіні бейнелеу тәсіліне қарай психологиядағы көрнекі құралдар (Гамезо М.В., Салмина Н.Г.,) — табиғи, көркем суретті және белгілік болып жіктеледі.

Психологиялық ғылымның абстрактілігіне орай психологияны оқытуда табиғи құралдар қолданылмайды.

Бейнелеу құралдарына:

  • фотосуреттерді;
  • суретшілер еңбектерінің репродукциясын;
  • плакаттарды жатқызуға болады.

Фотосуреттер. Психология бөлмесінде көрнекті психологтардыңпортреттерінің және қысқаша өмірбаяндарының болғаны дұрыс.

Фотосуреттерді эмоцияларды зерттеуде пайдаланған абзал.

Эмоциялардың, әсіресе оның күрделі түрлерінің нақты талданбайтыны белгілі. Бір ғана эмоцияны әр адам әртүрлі қабылдауы мүмкін. Бұл үрдісте адамның жеке дара тәжірибесі үлкен рөл ойнайды. Психотерапевтер мен психиатрлардың эмоцияларды оқуда өте шебер екендігі белгілі. Сондықтан психология сабақтарында эмоциялар бейнеленген фотосуреттердің көрсетілуі, студенттердің эмоциялардың әрқилы көріністерін танудағы қарапайым тәжірибесін одан әрі толықтырар еді.

Әдістемелік құрал ретінде қажет фотосуреттердің жиыны болмағандықтан, оқытушының оның дербес қорын жинауы қиын-ақ.

Суретшілер еңбегінің репродукциясы тұлғаның жеке қасиеттерін, темперамент көріністерін, эмоцияларын көрсету үшін жалпы, жас ерекшелік, әлеуметтік және педагогикалық психологияда пайдалануға болады.

«Қиял» тақырыбында, танымал суретшілердің еңбегі агглютинация (әйел басты, құс денелі кейіпкерлер бейнеленген «Қуаныш пен қайғы өлеңі» В.М.Васнецов), типтеу сияқты күрделі түсініктерді түсіндіруде пайдалы болуы мүмкін.

Суретшілердің әртүрлі жанрдағы суреттері білім алушылардың адамның көркем шығармашылық қиялының ерекшелігі мен сан алуандығын түсінулеріне көмектеседі.

Портреттік сурет адамды «тану» өнеріне оқытудың үлгісі ретінде қолайлы.

Плакаттар. Бұл құралдар оқытушының түсіндіруіне сүйеніш, көмек болса, тыңдаушыларға оқу материалын тікелей көрсетуіне арналады. Мәселен, таұта бетінде рефлекторлық іс-әрекеті механизмінің суретін салып жатқаннан гөрі, дайын плакатты пайдаланған орынды (М.В.Гамезо, И.А.Домашенко, 1998).

Плакат түрінде көру иллюзиялары, Гилфорд ұсынған интеллектінің моделі, А.Маслоудың қажеттіліктер пирамидасы т.б. көрсетілуі мүмкін.

Белгілік-символдық құралдар.

Көрнекіліктің белгілік-символдың құралдарына жеке символдарды, белгілерді, графиктерді, кесте, схемаларды, кестелерді белгілерден құралған модельдерді жатқызуға болады.

Белгілерден құралған модель. Модель (В.Штофф бойынша) бұл — объектіні бейнелей отырып, оның зерттелуі сол объекті жайлы жаңа ақпаратты беретіндей алмастыруға қабілетті материалды немесе ойша елестетілетін жүйе болып табылады. Модель психикалық бейненің бітістерін қамтитындықтан көрнекі болып табылады.

Оқу үрдісінде объектінің модельдеріне сүйену арқылы, ғылыми теория мен материалды ақиқаттың арасындағы байланысты қамтамасыз етуге, зерттелінген материалды есте жалпылуға және сақталуына ықпал етуге болады.

Психологияны оқытуда кеңінен қолданылатын модельдерге:

— Зиглер мен Хьеллдің (1-сурет) талдамасындағы З.Фрейдтің тұлғаның топографиялық моделін;

— К. Юнгтің тұлға құрылымының моделін (2-сурет);

— Э. Берннің адамның психикалық өмірінің моделін (3-сурет);