Марксизм философиясына негізделген кеңес психологиясының қалыптасуы

Ресейдегі 1917 ж қазан төнкерісіне дейінгі психологиялық ой-пікірлерді жинақтап топтастыратын болсақ, бұл пәннің дамып өрістеуінің Батыс елдері мен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктерден адамгершілік, тәлім-тәрбиелік, діни көзқарастармен хұқықтық жағдайлардың шиеленісті болғандығын айқын аңғарамыз.

Ресейде психологиялық ой-пікірлер негізінен 2 бағытта өрістейді:

  1. Бостандық жолындағы жалпы халықтық қозғалыстағы сана -сезімінің даму
  2. Ресми идеология.

И.М.Сеченовтің“Бас миының рефлексі” деген еңбегі Ресейдегі психология ғылымының дамуы үшін жаратылыстық -ғылыми негіз болды, сөйтіп материалистік психологиялық ой-пікірлердің дамуына күшті ықпал етті. Сонымен қатар қазан төңкерісіне дейінгі Ресейде Г.И.Челпановтың, кеңестік кезінде В.М. Бехтеревтің, И.П. Павловтың зерттеулері, Н.Е. Введенский мен А.АУхтомскийдің рефлекске байланысты ашқан жаналықтары психологияның табиғи-ғылыми негізін одан әрі өрістетуге жол ашты. 1930 жылдары әлеуметтік өмір мен тәлім- тәрбие істерін жандандыруда педологиялық бағыттың адам ақыл-ойын зерттеу негізінде жүргізген тәжірибелік істері елеулі нәтижелер берді. Алайда, 1936 жылғы БК(б)П мен Кеңес Үкіметінің өктемдік саясатына орай, бұл бағыт Наркомпрос системасындағы педологиялық бұрмалау және идеалистік ілім деген атпен айыпталып, ғылыми тәжірибеден аластатылады. Дегенмен, өмір тәжірибесі көрсеткендей, кезінде педологияның обьективті тұстары болды.

Кеңестік дәуірде психология ғылымының негізін қалауға П.П. Блонский, К.Н. Корнилов, Б.М. Теплов т.б. айтарлықтай үлес қосты. Психика дамуын әлеуметтік тарихи тұрғысынан зерттеп, көптеген еңбек жазған Л.С. Выготский және іс-әрекетпсихологиясы мәселелерін зерттегенС.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев т.б. еңбектері бұлғылымныңметодологиясы мен принциптерін жаңа сипатта дамуға бағдарлады.

Қоғамның тарихи дамуыныңмұқтаждығының экономика менидеологиялық мәдениеттің өрістеуіне сәйкес кеңестік дәуірде психологияның көптеген салалары мен тармақтары дамып жетіліп жеке-жеке ғылыми пәнге айналды. Соның нәтижесінде тәлім-тәрбие психологиясының даму қарқыны мен оның қамтыған мәселелері әр алуан және сан қырлы болғанын ерекше атап көрсеткен жөн.