Х1Х – ғасырдағы психологияның дамуы

Психологиялық ғылымға деген қызығушылық ерте кезден бастап пайда болды. Кейбір мәселелер күні бүгінге дейін психологтарды ойландырып, қазақ психологиясының тарихыңда әлі де шешуін таппаған –«ақтаңдақ» болып келген мәселелер баршылық, бұл мәселелер өзіне көңіл аударуды қажет етіп отыр.

Қазақстанда психологиялық ой-пікірдің қалыптасуы туралы айтқанда, ең алдымен оның тарихының өте ертеде жатқандығы туралы еске ала кеткен жөн.

Қазақ психология тарихын зерттеумен көптен айналысып жүрген көрнекті психолог-ғалым Жарықбаев Құбығұл Бозайүлы Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуы мен даму тарихын үш кезеңге бөліп қарастырады. Бірінші кезеңі кеңес үкіметі орнағанға дейінгі қазақ психологиясы — бұл кезең психология ғылымының ілкі бастауы (ХV-ХХ ғ) болса,

екінші кезеңі марксистік кеңестік психология деп аталады (1920-1990), үшінші кезең — егемен, тәуелсіз Қазақстан жағдайында қалыптасқан ғылыми психология дамуының жаңа кезеңі (1991-2006).

Қазақстанда психология ғылымының қалыптасу және даму тарихын қарастырғанда әдіснамалық тұрғыдан ғылыми-зерттеу жұмыстарыңда профессор Қ.Б.Жарықбаев ұсынғаң кезеңдерді негізінен басшылыққа аламыз.

Алғашқы психологиялық ой-пікір қазақ топырағында дүниеге келген шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби ғылыми еңбектері мен философиялық трактаттарынан бастау алады. Әл-Фараби ілкі ортағасырлық білім-ғылымның барлық салаларының негізін қамтитын орасан мол мұра қалдырды. Сондай ғылым салаларының бірі — исихология. Әл-Фараби психология ғылымының әртүрлі мәселелеріне «Ақыл-ой туралы», «Темперамент туралы», «Түс көру туралы сөз», «Жанның мәні туралы», «Ақыл-ой және ұғым», «Жас өспірімнің ақыл ойы туралы кітап», «Ересектердің ақыл-ойы туралы кітап» және т.б. еңбектерін арнады. Ол өзінің осы психологиялық еңбектерінде таным үрдістері оның психологаялық және физиологиялық табиғатына мән бере келіп, түйсіну туралы, оның түрлері, көру, есту, дәм түйсіктері, сезімнің пайда болуы, ойлау, қиял сияқты жан үрдістеріне сипаттама береді.

Қазақ топырағында дүниеге келген, ортағасырлық Жүсіп Баласағүнидің «Құдадғу білік» (Құт негізі — білік) еңбегі көне түркі тілінде жазылған дастан, ол психологиялық ой-толғаныстарға өте бай. Отбасы тәрбиесі — бала мінез-құлқы мен психологиялық бейнесін қалыптастырудағы негіздерінің негізі. Жүсіп Баласағұнңың айтуынша, үлгілі тәрбиенің негізі — білім, әдет-дағдыларға машықтандыру. Бұл еңбегінде адамдардың бір-бірімен қатынас жасауы, сөз өнері, адамның әртүрлі жаман-жақсы қасиеттері туралы кең көлемде әңгімеледі.

Жүсіп Баласағұнидің «Құдадғу білік» дастанында «Тіл туралы» айтқан қағидаларының тәлімдік-тағылымдық, ғибраттық мәні ерекше. Жүсіп Баласағұнидің «Тіл адамның даңқын асырады», «Адам ол арқылы бақыт табады», «Тіл адамға жапа шектіреді», «Абайламаса, басынан да айырады», «Жақсы болғың келсе, жаман сөз айтпа» деген мәтелдердің психологиялық мәнін ашып көрсетті.

Моралдік-психологиялық сипаттағы ой-пікірлер ортағасырлық ғұлама-ойшылдар Махмұд Қашқари, Ахмет Жүгінеки, Ахмет Яссауи, Саиф Сараи, Мұхаммет Хайдар Дулати, Қ.Жалаири еңбектерінде жан-жақты баяндалады.

Сонымен қатар қазақтың ақын-жыраулары Асанқайғы, қазтуған, Шалкиіз жырау, Доспанбет жырау, Жиембет жырау, Бұқар жырау, Ақтамберді жырау, Шал ақын, Дулат Бабатайұлы, Махамбет Өтемісұлы еңбектерінде адамгершілік-ұлтжандылық қасиеттерді насихаттайтын психологаялық ойлар басым келеді.

Тәлімдік тұрғыдан ақын-жыраулардың еңбектерінде қолбасының біртуар тұлғасы, батыл, ержүрек, батыр адамдардың психологиясы, ішкі жан дүниесі суреттеледі. Ақын-жыраулардың толғаулары жастарды ерлікке, батылдыққа, өз отанын сүюге шақырады. Мәселен, Махамбет Өтемісұлы өзінің ұлттық насихаттық мазмұнға толы өлеңдерінде дауылпаз ақын жастардың тәні мен жаны бірдей шынығуына, олардың күшін ерік-жігері мен қайсар мінез-құлқын тәрбиелеу ісіне зор маңыз берді. Махамбет өлеңі жастарды ерлікке, батылдыққа шақырды. Махамбет ерлік пен елдіктің үлгісін көрсете отырып, елжандылық сезім мәселесін халықтың абройы жолындағы күреспен ұштастыруға, өскелең ұрпақтың мұрат-мүддесінің әлеуметтік мәнін ашуға тырысты.

Жауынгерлік рухтағы өршіл жырлардың інжу маржанын ұрпағына мұра еткен Махамбет — ерлік пен намыстың ақыны. Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Ақтамберді жыраулардың жалғасы Махамбет — сан ғасырлар бойғы тәуелсіздікке ұмтылған бабалар рухының нақты көрінісі. Махамбеттің жырлары — ерліктің гимні, қайсарлықтың символы.

Адамның жан дүниесі жөніндегі пайымдаулар мен ой-пікірлер Қазақстанда өте ерте кезден бастау альп ХV-ХІХ ғ.ғ. Қазақ халқы ғұламаларының ағартушы демократтардың туындыларында айтарлықтай көрініс берді. Ал одан бұрынғы дәуірлерде ақын жыраулардың өлең толғауларында, билердің шешендік сөздерімен халықтық нықылдары ел намысын найзаның ұшымен білектің күшімен қорғаған батырлардың отаншылдық істерінде адам жан дүниесіне жұмбақтарына терең үңіліп болашақ ұрпаққа тағлым берерлік молрухани қазына жатқандығы қазіргі кезде зерттеліп бір жүйеге келтірілді. Аса көрнекті ғалым Ш. Уалихановтың шығармаларында халықтың рухы оның таным түсініктерімен тығыз ұштастырылады. И. Алтынсарин еңбектері этникалық және балалар психологиясыныңқыр-сырына толы деуге болады. Сонымен қатар А. Құнанбаев, С. Торайғыров, Ш.Құдайбердиев еңбектерінде, шығармаларында психологиялық ой- толғаулар менен пайымдаулар көптеп кездеседі.Ж. Аймауытовтың “Психология” оқулығы мен” Жан жүйесі және өнер таңдауы” – деген туындысы психология пәні бойынша таза ана тілінде жазылған бірден-бір алғашқы еңбек. 1920-1930 жылдары А.Байтұрсынов , Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, А. Темірбеков, Ә.Сытдықов т.б. психолог мамандардың ғылыми зерттеулер жүргізген мәселелері белгілі.

XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда ағартушылық қозғалыстың туын биік ұстаған ағартушы-демократтар Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың рухани мұрасының психологиялық ой-пікірдің даму тарихында алатын орны өз алдына бір төбе.

Қазақ ағартушыларының психологиялық көзқарасын қазақ психологтарының ішінен бірінші болып зерделеген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, психолог-ғалым, академик Төлегеи Тәжібаев болды. Ол Қазақстанда психология ғылымы саласында тұңғыш рет 1939 жылы Ленинград қаласында «К.Д.Ушинский — Рееейдегі педагогикалық психологияның негізін салушы» тақырыбыңда кандидаттық диссертация қорғады.

Төлеген Тәжібаев көп жылдар қазақ ағартушылары Шоқан Уөлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсариннің психологаялық және педагогакалық көзқарастарын зерттеуге арналған бірнеше монографиялық еңбектер жазды. Ол 1962 жылы тұңғыш рет Қазақстанда педагогика тарихынан докторлық диссертация қорғады.

Академик Т.Тәжібаевтан кейін бұл бағытта ғылыми-зерттеу жұмысын ілгері дамытқан, Қазақстаңда психологиялық және педагогикалық ой-пікірдің қалыптасуы мен даму тарихын зерделеген, «Қазақстанда төңкеріске дейінгі педагогикалық ой-пікірдің қалыптасуы және дамуы», «Қазақстанда психологиялық ой-пікірдің қалыптасуы мен дамуы» және т.б. бірнеше моңографиялық еңбектердің авторы, көрнекті психолог-ғалым, педагогика және психология , ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б.Жарықбаевтың алатың орны ерекше.

Ол қазақ психологаясының тарихын зерделеуде сонау орта ғасырлық ғұлама ойшылдар — Әбу Насыр әл-Фарабиден, Жүсіп Баласағұнидан, Махмұд Қашғари, Ахмет Жүгінеки, Ахмет Иассауи, Мұхаммет Дулати, Қадырғали Жалаири еңбектерінен бастау алады.

Қ.Б.Жарықбаев XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ ағартушылары Шоқаңңың, Абайдың, Ыбырайдың, Шәкәрім Құдайбердиевтің, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің, Ғұмар Қараштың, Әлихан Бөкейхановтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Халел Досмұхамедовтың, Міржақып Дулатовтың, Нәзипа Құлжанованың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Мағжан Жұмабаевтың, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың психологиялық көзқарастарына жан-жақты талдау жасады.

Кеңестік дәуірде республикада психологиялық ой-пікірдің қалыптасуы мен дамуын архив құжаттарына сүйене отырып, зерттеді. Профессор Қ.Б.Жарықбаевтың қазақ психодогиялық терминологаясының мәселелері туралы тұжырымдары және зерттеу еңбектері өз алдына бір төбе.

Қазақстанда психология ғылымы дамуы басқа қоғамдық ғылымдар сияқты кеңестік дәуірде жан-жақты дами бастады. Оның кең құлаш жайып дамуына белгілі алғышшарттар жасалынды. Атап айтқанда, сонау орта ғасырдан бастау алатын, қазақ топырағында дүниеге келген ғұлама-ойшылдар әл-Фарайи, Жүсіп Баласағұнидің және т.б, психологиялық мұраларында, төңкеріске дейінгі кезеңдегі қазақ ағартушылары Абай, Шоқан, ЬІбырай, Шәкәрімнің психологиялық ілімдерінде, 20-ғасырдың бас кезіндегі Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов еңбектерінде негізі қалаңды. Сонымен, кеңестік дәуірде қазақ психология ғылымы бос орынға келген жоқ, оған дейін Республикада кеңестік психологияның дамуына белгілі алғышарттар жасалып, ғылыми негіз қаланған болатын.

Қазақ топырағында алғаш рет 1922 жылы «Педагогика» атты (Ташкент, Орынбор) Мағжан Жұмабаевтың (1993-1938) оқулығының жарық көруі өмірде өте сирек кездесетін құбылыс ретінде бағалауға болады. Бірақ оқулықтың аты «Педагогика» деп аталғанмен, оның бүкіл мазмұны психология оқушының мәселелеріне арналған. 15 тарау 106 беттен тұратын «Педагогика» оқулығының төрт-ақ тарауы, 13 беті ғана педагогика мәселелеріне арналғанда, 11 тарауы түгелге дерлік психологиялық құбылыстарға, оның ішінде таным үрдістеріне, оны жіктеу, ақыл-көріністері, ес, зейін, қиял, тіл мен сөйлеу, сезім, көңіл-күй, ерік-жігер сияқты психологиялық үрдістерге арналады. Бұл еңбекте қазақ терминологиясының мәселелері де назардан тыс қалмаған. Оқулықта Мағжан Жұмабаев алғаш рет психологиялық терминдердің қазақша баламаларын жасауға талпынған, мәселен, түйсінуді — әсерлену, зейінді — абай, есті — зейін, пікірді — хұкім және т.б. қазақша баламаларды қолданады. Дейтұрғанмен, бұл баламалар қазіргі психологияда қолданылып жүрген ұғымдарға сәйкес келмейді.

Кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған, жеке адамға табынудың, заңсыздықтың құрбаны болған, біртуар қазақ зиялыларының бірі — Жүсіпбек Аймауытов (1989-1931) қазақ топырағында тұңғыш рет «Психология» (Қызылорда — Ташкент) оқулығын 1926 жылы жазды. Оқулықтың кезінде жіберілген кейбір әдіснамалық кемшіліктеріне қарамастан, бұл еңбек қазақ тілінде жазылған біршама уақыт өтсе де, өзінің құндылығын жоймаған тұңғыш оқулық екендігіне ешқандай күмән келтіруге болмайды. Бұл оқулық — мектеп мұғалімдері мен педагогикалық оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына арналған оқу құралы. Еңбекте Жүсіпбек Аймауытов қарапайым адамға жұмбақ сияқты көрінетін психикалық құбылыстардың себептерімен, сырларымен таныстыра отырып, соған қарапайым тілмен жауап беруге ұмтылады. Еңбекте психология ғылымы, оның тарихынан хабардар етеді.

Жүсіпбек Аймауытовтың «Психология» оқулығының екінші, үшінші тараулары жеке тұлғаның психикалық ерекшеліктері мен мінез-құлқын зерттеу әдістері туралы, жүйке жүйесінің құрылымы, оның заңдылықтарына сипаттама береді. Сол сияқты шартты рефлекстер, организмнің тітіркенгіштік, сезгіштік қасиеттері туралы айтылады.

«Денедегі кейбір мүшелер, оның қызметтері» және «Эмоция және сезім» атты төртінші және бесінші тарауларында психикалық үрдістердің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері мен эмоция, сезім, көңіл-күйге талдау жасалады. Сонымен қатар оқулықта таным үрдістеріне сипаттама беріледі, олардың зандылықтары мен қасиеттеріне тоқталады.

Психология және педагогика ғылымдары саласында психолог және педагог ғалым ретінде Василий Яковлевич Струминскийдің (1880-1963) Республикада психология ғылымын дамытуда сіңірген еңбегі ерекше. Ол Орынбор практикалық институтында педагогика, жалпы және педагогикалық психология пәндерінен студенттерге дәріс берді.

1923 жылы В.Я.Струминскийдің Орынбор қаласыңда «Психология» оқулығы орыс тілінде жарық көрді. Еңбегіңде диалектикалық материализм тұрғысынан ғылыми психологияның негізгі мәселелерін бір жүйелі баяндау тәжірибесіне тоқталады. Кейбір әдіснамалық кемшіліктеріне қарамастан, бұл еңбектің мәні орасан зор болды.

1935 жылдан бастап, өмірінің соңғы кезіне дейін психология ғылымьшың көрнекті қайраткері, профессор Александр Петрович Нечаев (1870-1948) Семей қаласында тұрды. Психология ғьшымы саласында 50 жылдан астам уақыт жемісті еңбек еткен, есімі әлемге белгілі психолог-ғалым. Ол психология ғылымының әртүрлі саласында, әсіресе, психологияның жас, педагогикалық, медициналық және т.б. салаларын дамытуға ерекше еңбек сіңірді. Өмірінің соңғы жылдары Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтында студенттерге педагогикадан және психологиядан дәріс оқыды. А.П.Нечаев көп жылдар «Психофизиологиялық синхромдар жүйесі» тақырыбында Ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп, Жоғары аттестацйялық комиссия 1944 жылы диссертация қорғамай-ақ, психология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін берді.

Сонымен, қазақстанда психология ғылымының дамуында А.П.Нечаевтың сіңірген еңбегін ерекше бағалауға болады.

Қазақстан педагогикалық институттарьщда педология 1936 жылғы 4 шілдедегі партияның қаулысы қабылданғанға дейін пән ретінде оқытылып келді. Жоғары педагогикалық оқу орыңдарында педагогика және психология пәндерімен қатар педологиядан белгілі ғалымдар, мәселен, қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында педагогика және педология кафедрасының меңгерушісі Шарапи Әлжановтың, дарынды әмбебап ғалым, қазақстанда жоғары педагогикалық мектепті белсенді ұйымдастырушылардың бірі, профессор Халел Досмұхамедовтың, Орал педагогикалық институтында психология және педологиядан дәріс берген, Орта Азия мемлекеттік университетінің түлегі, кейіннен Қазақстанда жоғары педагогикалық білім беруді дамытуға ат салысқан, белгілі психолог-ғалымдардың бірі Абдолла Темірбековтың, Республикада психология ғылымын дамытуда ерекше еңбек сіңірген көрнекті психолог ғалым Салкен Балаубаевтың есімдерін ерекше атауға болады. С.Балаубаев пен Ш.Әлжановтың басшылығымен 1934 жылы Залкиндтің » Педология» оқулығы қазақ тіліне аударылды.

30-жылдары А.Темірбеков Орал педагогака инетитутыңда педология мен психологиядан қазақ тілінде етуденттерге дәріс оқыды, қазақ тіліңде психология және педологая курстарынан оқулықтар мен оқу құралдары болмады. Студенттер А.Х.Темірбековтың басшылығымен психологиядан К.Н.Корниловтың, педологиядан П.П.Блонскийдің орыс тілінде шыққан оқулықтарын пайдалануына тура келді.

30-жылдары педагогикалық институттарға арналған психология бағдарламасы профессорлар СЛ.Рубинштейн мен К.Н.Корниловтың жетекшілігімен жасалды. Республика жоғары оқу орындарында профессор С.Л.Рубинштейннің «Жалпы психология негіздері» оқулығы мен профессор К.Н.Корниловтың «Психология» оқулығы қолданылған болатын.

«Психологияның қазақ бөлімдері педагогикалық институттардың жанынан кейінірек ашылды, білімді маман кадрлардың, ана тілінде психология оқулықтарының болмауы, ғылыми терминологияның әлі де жеткіліксіз жасалуы көп уақытқа дейін бұл маңызды шараны іске асыруды тежеген болатын», — деп жазды белгілі психолог-ғалым, профессор Қ.Б.Жарықбаев.

1938-1939 оқу жылынан бастап, жалпы психология курсы студенттерге ана тілінде оқытыла бастады. Педагогикалық жоғары оқу орындарыңда психология курсын оқытуды дұрыс жолға қоюда қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының педагогика және психология кафедрасы, меңгерушісі Төлеген Тәжібаевтың еңбегінің мәні зор болды.

1947 жылы 13 мамырда КСРО Жоғары білім министрінің жоғары және арнаулы орта оқу орындары үшін логика және психология оқытушыларын даярлау туралы бұйрығы жарияланды. Жоғары және арнаулы оқу орындары үшін логика және психология оқытушыларын даярлау мақсатыңда 1947-1948 оқу жылында Одақтағы басқа да 16 мемлекеттік университеттердің бірі болып, Қазақтың С.М.Киров атындағы университетінің филологая факультетінің жанынан логика және психология бөлімі ашылды. Сол жылы Қазақтың мемлекеттік университеті жанынан логика және психология мамандығы бойынша аспирантура ашылды. Алғашқы кезде бөлім ұйымдасқанда логика және психология мамандықтары бойынша ғылыми кадрлар жетіспеді. Психология кафедрасы ашылып, белгілі маман кадрлармен бірте-бірте толықты.

Психология бөлімін ашуда және психологиядан ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде, қазақ психология ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан белгілі ғалым, көрнекті қоғам жөне мемлекет қайраткері, дипломат Т.Тәжібаевтың (1910-1964) ұйымдастырушылық жұмысын ерекше атаған жөн. Ол Шымкенттің педагогикалық техникумын үздік тамамдағаннан кейін (Ж.Аймауытов Шымкент педтехникумының директоры, педагогика және психологиядан дәріс берді) Мәскеудің Н.К.Крупская атындағы коммунистік тәрбие академиясын 1935 жылы ойдағыдай бітірді. Т.Төжібаевты Академия ұжымы аспирантураға қалдырады. Аспирантурада оқыған кезіңде Т.Тәжібаев әлемдік психологаяньщ көрнекті өкілдерімен жете танысады.

1939 жылы Ленинград қаласында «К.Д.Ушинский — Ресейдегі педагогакалық психологияның негізін салушы» тақырыбында бұрынғы Одақта бірінші рет орыс педагогикасының классигі К.Д,Ушинскийдің психологиялық мұрасын зерттеген тұңғыш ғалым-психолог. Ол Алмахыда Абай атындағы Қазақ педагогакалық институтында, Қазақ университетінде психологиядан қазақ тілінде дәріс берді, психологая кафедрасын басқарды.

Соңғы жылдары Т.Тәжібаевтың әр жылдарда республикалық педагогикалық басылымдарда жарияланған мақалалары жарық көрді. Бұл ғылыми мақалалар мен дәрістердің студенттер мен мұғалімдердің психологиядан бір жүйелі білім алуына септігі тиді.

Осы еңбектеріңде белгілі жүйеге түспей жүрген ұлттық психология терминдерін жан-жақты зерттеп, бір жүйеге келтіруде біршама еңбектенді.

Т.Тәжібаевтың «Жалпы психология» оқулығы «Қазақ университеті» баспасьшан 1992 жылы жарық көрді. Еңбекте психология ғылымының теориялық негіздері жан-жақты баяндалады.

Еліміздің белгілі психолог-ғалымы, бірнеше ғылыми еңбектердің авторы, Саратов университеті медицина кафедрасының меңгерушісі Иосиф Лазаревич Стычинский (1896-1969) 1946 жылы Алматыға келіп, Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында психология кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды, соңғы жылдары оның профессоры болып жұмыс істеді. Ол Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында психолог-аспиранттарға ғылыми жетекшілік етті. И.Л.Стычинскийдің ғылыми жетекшілігімен психологиядан бірнеше ғылым кандидаттары даярланды. Бірінші рет Республикада жоғары жүйке қызметі зертханасы жұмыс істеді. И.Л.Стычинский И.П.Павловтың іліміне байланысты бірнеше ғылыми еңбектер жариялады.

Қазақ психология ғылымының қалыптасуында өзіндік орны бар көрнекті психологтарымыздың қатарына Сәлкен Балаубаевты (1902-1972) жатқызуға болады. Ол Орта Азия мемлекеттік университетінің түлегі, кейіннен Қазақтың Абай атыңдағы педагогикалық институтыңда оқытушы, Қазақ ССР Халық ағарту комиссариаты жаныңдағы әдістемелік кеңесте жұмыс істеді.

С.Балаубаев еңбектері қазақ психологиясы тарихында елеулі орын алады. С.Балаубаев біраз жыл қуғын-сүргінге ұшырады. 1937-1938 ж.ж. заңсыздық пен жеке адамға табынудың салдарынан көп жылдар үзілістен соң Қарағандыда ұзақ жылдар студенттерге психологиядан дәріс оқыды, ғылыми жұмыспен айналысты. 1966 жылы Абдолла Темірбековпен бірлесіп, университетгер мен педагогикалық институттарға арналған «Психология» (Алматы, 1966 ж.) оқулығын жазды.

Республикада психологиядан алғаш рет кандидаттық диссертациялар қорғала бастады. Олар: Е.Суфиев, А.Темірбеков, М.Мұқанов, А.Асылбеков, Қ.Жарықбаев және т.б.

Қазақстан психологтарының ғылыми тұрғыдан өсуіне Ресей ғалымдарының көмегі орасан зор болды. Москва мен Ленинградтың жоғары оқу орындарының психология кафедрасында психологиядан бірнеше кандидаттық диссертациялар қорғалды (Н.Айғабылов, А.Көсеубаев, Г.Айманов және т.б.)

Қазақстанда психология ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан психолог ғалымдардың ішінен Абдолла Темірбековты (1904-1972), Елеш Суфиевті (1919-1980), Мажит Мұқановты (1920-1985) атауға болады. АТемірбеков 30-40 жылдары Орал, Қызылорда пединституттарында директордың орынбасары, Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында факулыет деканы, Өскемен педагогикалық институтының ректоры, кейінгі жылдары Алматы шет ел тілдері институтының педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. Е.Суфиев (1919-1980) Оралдың А.С.Пушкин атындағы педагогакалық институтының химия-биологая факультетінің түлегі. Оралдың А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтын бітіргеннен кейін мектептерде ұстаздық қызмет атқарды. Соғыстан кейінгі жылдардан 80-жылдарға дейін Ақтөбе, Алматы, Шымкент қалаларыңдағы оқу орындарында психологиядан дәріс оқыды.

Е.Суфиев көп жылдар бойы қазақ шәкірттерінің орыс тілін меңгеруінің психологиялық негіздерін зерттеді.

Қазақ психология ғылымының дамуына ерекше үлес қосқан психолог-ғалымдарымыздың қатарына Мажит Мұқановты (1920-1985) жатқызуға болады. Ол Ленинградтың Н.И.Герцен атындағы педагогикалық институтын 1949 жылы тамамдағаннан кейін, Қазақ университетінің аспирантурасын бітіреді, 1950 жылы профессор Т.Тәжібаевтың ғылыми жетекшілігімен психологиядан кандидаттық диссертация қорғайды. 1953-1960 жылдардың аралығында Алматының шет тілдер педагогикалық институтының, 1960-1985 жылдары Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының психология кафедрасының меңгерушісі болды.

М.Мұқанов 1980 жылы психологиядан тұңғыш рет Қазақстанда докторлық диссертация қорғап, кейін профессор ғылыми атағын алды.

Ол — жалпы психология, жас және педагогикалық, психалогия, этнопсихологиядан оннан астам еңбектің авторы. Мәселен, «Бақылау және ойлау» Алматы, 1959; «Педагогакалық психология очерктері», Алматы, 1950; «Ми және сана», Алматы, 1956; «Жан дүниесінің сыры», Алматы, 1964; «Ақыл-ой өрісі», Алматы, Қазақстан, 1980; «Жас және педагогикалық психология», Алматы, 1982.

Республикада бұл жылдары психологиядан бірнеше кандидаттық диссертадаялар қорғала бастады. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында психологиядан дәріс оқыған ғалымдардың бірі — Әбдірахман Асылбеков (1907-1970). Ол — бірнеше ғылыми еңбектер мен мақалалардың авторы, әсіресе, оның «Оқушылардың ынтасын тәрбиелеу» (1958), «Қоғамдық пайдалы еңбек арқылы оқушыларға коммунистік тәрбие беру» (1959), «Бала тәрбиесінде семьяның рөлі» (1969). «Мектеп оқушыларында ынтаның қалыптасуы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

Кәрім Қойбағаров (1928-1985) — Қазақ мемлекеттік университетінің логика және психология бөлімін 1951 жылы алғашқы бітірген түлектерінің бірі. 1951-1954 жылдарға дейін психология кафедрасының аспирантурасын оқып бітіреді. «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың психологиялық көзқарастары» деген тақырыпта бірнеше ғылыми мақалалардың авторы, қазақ тіліне аударылған «Жалпы психология» (Алматы, 1980), «Жас педагогикалық психология» (Алматы, 1987), «Семья өміріндегі адеп және психология» оқулықтарын аударушыларының бірі болды. Ата-аналар мен мұғалімдер үшін жазған оның «Балаларды мектепке әзірлеу» (1961), «Балаларды адамгершілік сезімге тәрбиелеу» сияқты еңбектері дүниеге келді.

60-жылдардың бас кезіне дейін Республикада қазақ тіліңде психологиядан оқу құралдары болмады. Қазақ тіліңде алғаш «Мектеп» баспасынан Қ.Б.Жарықбаевтың «Психология» оқу құралы 1962 жылы жарық көрді. Бұл оқу құралы кейіннен бірнеше рет өңделіп, қайтадан басылып шықты. Мәселен, профессор Қ.Б.Жарықбаевтың «Психрлогия» оқулығы 1972, 1982, 1993, 2002, 2004, 2005 жылдары жарыққа шықты.

2005 жылы профессор Қ.Б.Жарықбаевтың жоғары оқу орындарына арналған «Психология негіздері» оқулығы қазақ бөлімі студенттерінің қолдан-қолға түспейтін кітабы болды.

Қ.Б.Жарықбаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, психология ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, Т.Тәжібаев атындағы этнопедагогака және этнопсихология орталығының директоры. Ол — психология ғылымының әртүрлі саласынан 50-ден астам жеке кітаптың (оқулықтар мен оқу құралдары, монографиялар, әдістемелік басылымдар, терминологиялық сөздіктер т.б.) және 800-дей мақаланың авторы. Оның ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыты — қазақ халқының психологиялық ой-пікірлерінің тарихы мен этнопсихологиясы мәселелері.

XX ғасырдың 70-80-жылдарында Республикада психология ғылымының әртүрлі салалары бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді, әсіресе, жалпы, педагогикалық, заң, әлеуметтік, спорт және т.б. салалар бойынша зерттеу жұмыстары орындалып, бірнеше еңбектер дүниеге келді. Бұл жерде Қ.Шерниязованың, Ж.Түрікпенүлының, С.Сүлейменованың, Р.Жаңабекованың, Ж.Дүйсенбековтың, Б.Орманбаеваның зерттеулерін атаған жөн.

Психологияның басқа да жекелеген салаларынаң бірнеше сүбелі еңбектер жарық көрді. Атап айтқанда, Ө.Жөкебаев «Қылмыскер мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық аспектілері», Ғ.Досполов «Алдын ала тергеудің психологиясы», С.Жақыпов «Таным әрекетінің психологиясы» Ә.Алдамұратов, Қ.Рахымбеков «Жалпы психология», «Қызықты психология», Ғ.Илешев «Медициналық психология», К.Оразбекова «Иман және инабат» т.б.

Соңғы жылдары жеке тұлғалар М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтың психологиялық көзқарастары туралы диссертациялар қорғала бастады (А.Мералиева, Ж.Сабирова). Сонымен қатар Қазақстанда жүргізілген іргелі зерттеулердің қатарына қорғалған докторлық диссертацияларды жатқызуға болады. В.К.Шабельниковтың «Әрекеттің жоспарлы қалыптасу жағдайындағы функционалдық құрылысы генезисінің психологиялық механизмдері» (1990), Ж.Намазбаеваның «Арнайы мектептердегі шәкірт тұлғасының қалыптасуы» (1986), Б.Хамзиннің «Шәкірттердің конструктивті-техникалық әрекетінің қалыптасуындағы операциялық пен тұлғалардың бір-біріне әсері» (1989), Н.А.Логинованың «Бектерев пен Ананьевтің ленинградтық ғылыми мектебінің сабақтастығы» (1990), В.Е.Клочконың «Ақыл-ой әрекетінің инициациясы» (1983), С.М.Жақыповтың «Оқыту үрдісінің психологиялық құрылымы» (1998), А.М.Кимнің «Қазіргі түсіну психологиясы» (2001), Қ.Б.Жарықбаевтың «Қазақстандагы психология ғылымы (XX ғ. тарихы мен даму кезеңдері)» (2003), С.Бердібаеваның докторлық диссертацияларын ерекше атап өткен жөн.

70-90-жылдарда түрлі баспалардан профессор Н.Жаңділдиннің «Ұлттық психологияның табиғаты» (Алматы, 1971), профессор М.Мұқановтың «Ақыл-ой өрісі» (Алматы, 1980), профессор Н.Елікбаевтың «Қазақ ұлтының психологиясы» (Алматы, 1992), К.Жукештің «Ұлттық психологияның табиғаты» (Алматы, 1993) монографиялары жарық көрді.

Соңғы жылдары этнопсихологияның әртүрлі мәселелері төңірегінде профессор Қ.Жарықбаев, профессор В.К.Шабельников, доценттер С.Бердібаева, Р.Рахымбеков т.б. бірнеше еңбектер жазды.

Мәселен, Қ.Жарықбаевтың «Этнопсихология — тіл тәрбиесінің өзегі» (Алматы, «Білім», 2005), «Ортағасырлық қазақ психологиясының тарихы» (Алматы, «Қазақ университеті», 2004), «Психология негіздері» атты 2005 жылы шыққан оқулығында «Қазақ психологиясының тарихына» арнайы жеке тарау берілген.

2002 жылы «Мектеп» баспасынан психология мен педагогиканың түсіндірме сөздігі жарық көрді. Оның жарыққа шығуына авторлар ұжымына психология және педагогика ғылымдары саласында белгілі ғалым, педагогика және психология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б.Жарықбаев ғылыми жетекшілік етті.

Қазақ тілінде шығарылып отырған бұл сөздікте психология ғылымының теориясында да, практикасыңца да қолданылатын негізгі ұғымдар мен атаулар толық жүйеленген ақпарат берілген. Сөздіктің ұлттық сипатының айқын болуына айырықша мән берілген,

Еліміздегі жоғары оқу орындарының көшбасшысы болып есептелетін әл-Фараби атыңдағы Қазақ ұлттық университеті бүгінгі күндері кең-байтақ қазақ жеріндегі психологиялық ой-пікірдің бірден-бір орталығы болып отыр. Кезінде осы кафедраға қазақтың тұңғыш психологі, академик Төлеген Тәжібаев басшылық етті. Этнопсихологая проблемалары төңірегінде бірнеше кандидаттық, докторлық диссертация қорғалды.

Сонымен қатар Республикада этнопсихология мамандығы бойынша психолог кадрлар даярлауда және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университеті мен қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті, сондай-ақ облыс орталықтарындағы университеттер мен педагогикалық институттардың психология кафедралары әртүрлі бағыттарда психология ғылымын дамытуда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Қазақстан психологтарының ұлттық ассоциациясы (2003), 1992 ж. этностар психологаясын зерттейтін » Ұлттық тәлім-тәрбие ассоциациясы» ұйымдасты.

Қазақтың мемлекетгік ұлттық университетінде көрнекті психолог-ғалым Қ.Б.Жарықбаевтың ғылыми жетекшілігімен 1998 ж. академик Т.Т.Тәжібаев атындағы этнопсихология және этнопедагогика орталығы құрылды.

1988 жылдан бастап, Республикадағы жоғары оқу орындарында психолог мамандар даярлау ісі қолға алынды. қазіргі кезде әл-Фараби атындағы Қазақ университетінде, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Тараз университеттері мен Петропавл, Ақтөбе педагогакалық институттарында психолог кадрлар даярлануда. Республика мектептеріне «психология» мамандығының штаты енгізілді.

Дейтұрғанмен, Республика мектептерінде психология өз алдына дербес пөн ретінде оқытылмай келеді, оны оқытудың қажеттігін өмірдің өзі дөлелдеп отыр.

Сонымен, академик Т.Тәжібаев атындағы «Этнопсихология және этнопедагогика орталығы» Қазақстанда психология ғылымын дамытуда біршама іс-тәжірибе жинақтады. Соңғы жылдары орталықтың ұйымдастыруымен бірнеше республикалық және халықаралық ғылыми-теориялық, тәжірибелік конференциялар өткізіліп, этнопсихология және этнопедагогика мәселелері бойынша ғылыми жинақтар мен конференция материалдары жарық көрді.

Қорыта айтқанда, Қазақстанда психология ғылымы сан-салаға тарамдалып, кең жайылып өркендеп келе жатқан ғылыми пәндер қатарына жатады.