Қайта өрлеу дәуірінде қайтадан «жанның* ғылыми-жаратылыстану зерттеулеріне қызығушылық пайда болды, бұл кездегі қол жеткен табыстар Р.Декарт, Т.Гоббас, Б.Спиноза, Д.Локк және тағы басқа да европа ғалымдарының есімдерімен байланысты. Декарт алғашқылардың бірі болып, ғылыми тұрғыдан жанның адам миында болып жатқан органикалық үрдістермен байланыс проблемасын шешуге әрекет жасайды. Декарт сырттан әсер еткен ықпалға жауап берудің автоматтық, механикалық тәсілі ретінде рефлекс ұғымын енгізді. Рефлекстің көмегімен одан әрі жануарлар мен адамдардың іс-әрекетін түсіндіре бастады. Декарт өзіндік бақылауды психологиядағы негізгі әдіс ретінде пайдала отырып, ғалымдар ХУШ-ХІХғ. адамдардың ішкі дүниесін зерттей отырып, бұл бағытта біршама жетістіктерге жетті. Психологиялық білімді дамытуға ерекше үлес қосқан голландиялық философ Б.Спиноза болды. Ол белгілі дәрежеде Декарттың дуализмін (оның екі жақты көзқарасын) өзгертуге талпыныс жасады. Спиноза дуализмнің орнына жан денемен тығыз байланысты, онсыз өмір сүре алмайды деген көзқарасты ұсынады. Ағылшын ғалымы Т.Гоббас, мәселен, ғылыми-жаратылыстану жолымен адамдардың қабілеттерінің айырмашылығын түсіндіруге талпыныс жасады. Осы кезден бастап, психологиядағы негізгі перспективалық бағыт ретіңде эмпирикалық немесе тәжірибелік психология қалыптасты, оның негізгі мақсаты — жан туралы философиялық түсінік емес, объективті ғылыми дәйектерді жинау және талдау.
Ағылшын ойшылы Джон Локк психологиялық құбылыстарда тәжірибелік түсіндіруді және сипаттауды бір жүйеге келтірді, сонымен қатар тәжірибелік психологияның негізін салушы болып есептелді.
XVIII ғасыр ғылыми психология тарихында ассоциативтік ілімнің дамуымен тығыз байланысты. Ассоциация — белгілі бір психикалык құбылыстар мен қозғалыстардың басқалармен заңды байланысын айтады. Ассоциациялар уақытқа, кеңістіктегі жақындығына, ұқсастығына және қарама-қарсылығына байланысты болады. Ассоциация идеясы XVIII ғасырда пайда болды және механика мен физикадан алынған түсініктерге негізделеді. Ағылшын ғалымы Д.Гартлидің еңбектерінде ассоциативтік психология аяқталған түрде берілді. Гартлидің айтуынша, адамның бүкіл жан дүниесі үш элементтің: түйсіктердің, идеялардың және сезімдердің бір-бірінен байланысы, біріктірілуі негізінде құрылған.
XIX ғасырда психология өз алдына дербес ғылым болып бөлінді. Психологияға эксперимент енгізілді және зерттеу әдістері жетілдірілді. Әсіресе, бұл кезеңде неміс ғалымдары психология ғылымының дамуына ерекше үлес қосты. Немістің эмпирикалық психологиясының негізін қалаған И.Ф.Гербарт болды. Ол ассоциативтік теорияның белсенді жақтаушыларының бірі әрі психологияға өлшеу әдістерін енгізуде көп жұмыс атқарды. Психологияны Гербарт елестетулер туралы ғылым, ол адамның барлық психикалық кызметі: сезімі, ерік-жігері, ойлауы, қиялы және т.б. — бұл түрлі өзгерген елестетулер ден қате түсіндірді. И.Ф.Гербарттың енгізген ассоциация және апперцепция ұғымдары қазіргі психологияда сақталған, өз мәнін жойған жоқ. Оның жұмысын Г.Эббингауз бен В.Вундт жалғастырды. Біріншісі ес үрдісін зерттеуде көп жұмыстар атқарды, екіншісі Лейпциг қаласында 1879 жылы эксперименталдік психологиялық зертхана негізін қалады, ол кейіннен эксперименталдік психология институтына айналды, ол тез араның ішінде ғылыми психологиялық ойдың және психолог кадрларды даярлауда әлемдік орталыққа айналды, онда бастапқы оқыту дәрісін алған кейбір ресейлік психолог-ғалымдар В.М.Бехтерев пен Н.Н.Ланге болды. Вундттың арқасында психологияның жаңа саласы — эксперименталдік психология қалыптасты (оны Вундт физиологиялық деп атады).
Ресейде бұдан бірнеше жыл бұрын психологияны дамыту бағдарламасымен И.М.Сеченов айналысты. Оның «Бас мирефлекстері» (1863) атты
белгілі еңбегі рефлекс ұғымына негізделген жаңа эмпирикалық психологияның негізін қалады. И.М.Сеченовтың бағыты кейіннен И.П.Павловтың және В.М.Бехтеревтің еңбектерінде өз жалғасын тапты.
И.П.Павлов үйретудің және бейімделудің тәжірибесінің қызметі ретінде шартты рефлексті ашты, ал В.М.Бехтерев Қазан қаласында бірінші отандық эксперименталдік психологиялық зертхананы негіздеді.
XIX ғасырдың аяқ кезі психология тарихында көптеген маңызды оқиғалармен ерекшеленеді Олардың ішінде ең негізгілері таным үрдістерін зерттеумен байланысты проблемаларды ғылыми эксперименталдық талдау: түйсіну, қабылдау, ес, ойлау және психология ғылымының жалпы тоқырауы. Бұл тоқыраудың мәні төмендегіше сипатталады: интроспекцияны пайдаланатын және организм физиологиясына бағыттайтын ғылым ретінде санамен, жеке тұлғамен, адамдардың тұлға аралық қатынастарымен байланысты көптеген проблемаларды шешуге дәрменсіздік танытты. Сонымен қатар психалогияның білімі жалпы алғанда төжірибе үшін жеткіліксіз болды, ол әдістер арқылы алынған нәтижелері сенімсіздік байқатты. Осындай ахуалдан шығудың жолын психологтар әртүрлі бағыттарда іздестіре бастады. Бір жағынан, күрделі ғылыми проблемаларды шешуде сәтсіздікке ұшыраған кейбір психологтар шешімін таппайтын проблемалар деп қарап, шешімі күрделі емес мәселелерге көңіл бөлді. Мәселен, америка ғалымдары психологиялық зерттеулер саласынан сана, ойлау, олармен байланысты терминологияны алып тастап, адам мен жануарлардың мінезінің қарапайым түрлерін зерттеумен айналысты.