А.З.Зак ұсынған «Оқушылардың ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтау» әдістемесі.

4- сынып оқушыларының логикалық ойлауының және интеллектуалдық қабілетінің даму деңгейін анықтап оларды дамыту. Бұл әдістеме екі тапсырмадан тұрады. Біріншісі «Анаграммалар», ал екіншісі «22 есеп» деп аталады. Оларды ретімен орындау нәтижесінде баланың абстракциялық ойлауының орын алуы, шешу жолын білмейтін мәселелерді орындауға қабылдауы, теориялық интеллектінің көрініс бере бастағаны зерттелінеді.

1-ші тапсырма. «Анаграммалар» әдістемесі

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының ойлау процестерінің даму деңгейін анықтау және олардың интеллектуалдық қабілетін дамыту.

Орындау ережесі: тапсырманы орындату алдын балаларға анаграмма не екенін түсіндіру қажет. Анаграмма дегеніміз — сөздегі әріптердең орны ауытырылған, мағнасыз әріптер жиынтығы. Тапсырманы шешу үшін, өріптердің орнын ауыстыру арқылы таныс сөздер қүрылады. Жауапты тапсырма параққа жазып отыру керек. Мысалы: анаграммада «ОЛТС» әріптері берілген. Олардың орнын ауыстыру арқылы «стол» деген сөз қүрылады. Келесі анаграммаларды шешу арқылы берілген сөздерді тап. Тапсырмаларды орындау барысында қосымша түсіндірудің ешқандай қажеті жоқ.

Анаграммалар: Дурыс жауаптары:

  1. СЕПЕ ЕСЕП
  2. ДӘМЕІ ӘДЕМІ
  3. РАМНА АРМАН
  4. АЖДҒАЙА ЖАҒДАЙ
  5. РОНЫДҚЫ 6. ОРЫНДЫҚ
  6. ИҒАМРТА 5. ҒИМАРАТ
  7. АБЫТРЛҚЫ БАТЫРЛЫҚ
  8. ЕШЕШДНКІ ШЕШЕНДІК
  9. АТСПРЫАМ ТАПСЫРМА
  10. 2-ші тапсырма. А.З.Зактың «22 есеп» әдістемесі

Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауының даму деңгеін анықтау және дамыту.

Балардың интеллектуалдық қабілетін экспресс диагностика жасау үшін А.3.3актың «22 есеп» әдістемесін қолдануға болады.

Орындау ережесі: оқушыларға 22 есеп жазылған карточкалар таратылып беріледі. Тапсырманы орындату үшін психолог әдістемемен жұмыс жасау тәртібін түсіндіреді.

«Балалар, карточкаға жазылған тапсырма бірнеше есептен түрады. Осы есептерді оқып алып, жақсылап ойланыңыздар. Олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар, сондықтан шешу шарттарының айырмашылықтары бар.

1-4 есептер өте қарапайым, оларды шешу үшін есептерді жақсылап оқып, мағнасына түсініп, ойланып, оның жауабына тек бір адамның ғана атын жазуларыңыз керек.

5-10 есептерде бір түрлі, мағнасыз әріптер тіркесі, жасанды сөздер қолданылған. Олар 5-6 есептерде көңілді, шапшаң, күшті деген сөздердің мағнасын білдіреді. Бүл есептерді шешу үшін, овда қолданылған жасанды сөздердерді кәдімгі, мағнасы түсінікті сөздермен ауыстыру керек. Есептерді шешкенде «ойда» мағынасыз сөздерден көдімгі сөздер қүруға болады. Тек 7-10 есептерде ауыстыратын сөздің орнына адам есімдерін жауап ретінде жазу керек.

11-12 есептерде жануарлар туралы мағлұматтар ертегі сияқты, ақиқатқа сай емес нөрселер келтірілген. Бұл есептерді шешкенде жануарлар туралы есеп шартындағы мағлұматтарды және өмір тәжірибеден алған білімді пайдалану керек, алайда есептің шартын ұмытпау қажет.

13-16 есептерде берілгендерді талдау нәтижесінде бір есімді жазу керек. Бүрынғыларға қарағанда қиындатылған 17-18 есептердің жауабына бір немесе екі адамның есімін жазуға болады, ал 21-22 есептерде — олардың бірі қайталанса да, міндетті түрде үш адамның есімін жазып, аталған адамның басқалармен ара-қатынасын көрсетіп беру керек».

Жабдықтау: 22 есеп жазылған парақ әр зерттелінушінің қолына беріледі.

Психологқа ескерту: есептер қиындықтарына байланысты үш топқа бөлінеді:

  1. 1-ден 18-ге дейінгі есептерде 1 сұраққа жауап беріледі;
  2. 19-ШЫ-20-ШЫ есептерде 2 сұраққа жауап беріледі;
  3. 21, 22-ші есептерде 3 сұраққа жауап беріледі.

Есеп шарттарында тек қажетті ақпарат ғана емес, тіптен артық мағлүматтар, жасанды сөздер, өр түрлі атаулар, есте Калатын ара-қатынастарының неше түрлері берілген. Сонымен қатар көрші есептегі сүрақтар бір-біріне ұқсамайды.

Тапсырмалар:

  1. Қатираға қарағавда Марат көңілді. Қатира Әлияға қарағанда
    көңілді. Ең көңілді кім?

А) Қатира; Ә) Марат; Б) Әлия.

  1. Бануға қарағанда Садық күшті. Бану Ләйлаға қарағанда
    күшті. Ең күшті кім?

А) Бану; Ә) Садық; Б) Ләйлә.

  1. Қалиға қарағанда Майра қара. Әсетке қарағанда Майра қара.
    Бәріненде ең қарасы кім?

А) Қали; Ә) Майра; Б) Әсет.

  1. Бану Қатираға қарағанда ауыр. Бану Зәуреге қарағанда жеңіл.
    Бәріненде ең жеңіл кім?

А) Бану; Ә) Қатира; Б) Зәуре.

  1. Әли Мәдиге қарағанда иаее. Мәди Әселге қарағанда иаее.
    Кім ең иаее?

А) Әли; Ә) Мәди; Б) Әсел.

  1. Әсел Мәдиге қарағанда тпрқ. Мәди Әділге қарағанда тпрқ.
    Кім ең тпрқ?

А) Әсел; Ә) Мәди; Б) Әділ.

  1. Прсн Лднқға қарағанда көңілді. Прсн Қршнға қарағанда
    көңілсіз. Кім ең көңілсіз?

А) Прсн; Ә) Лднк; Қршн.

  1. Бртн Ртбнға қарағанда әлсіз. Бртн Ғмтнға қарағанда күшті.
    Ең әлсіз кім?

, А) Бртн; Ә) Ртбн; Б) Ғмтн.

  1. Мнрн Нбстға қарағанда уиее. Нбст Стпжға қарағанда уиее.
    Кім ең уиее?

А) Мнрн; Ә) Нбст; Б) Стпж.

  1. Дшлт Сптрға қарағанда клмн. Сптр Пнбрға қарағанда клмн.
    Кім ең клмн?

А) Дшлт; Ә) Сптр; Б) Пнбр.

  1. Ит қоңызға қарағанда жеңіл. Ит пілге қарағанда ауыр.
    Бәріненде жеңіл не?

А) Ит; Ә) қоңыз; Б) піл.

  1. Ат шыбынға қарағанда аласа, ат жирафқа қарағанда биік.
    Бәріненде биік не?

А) Ат; Ә) шыбын; Б) жираф.

  1. Әлиев Махановтан 68 жас кіші. Әлиев Серіковтан екі жас
    үлкен. Бәріненде кішісі кім?

А) Әлиев; Ә) Маханов; Б) Серіков.

  1. Майлин Алиевке қарағанда 3 кг жеңіл. Майлин Қалиевке
    қарағанда 74 кг ауыр. Бәріненде ең ауыр кім?

А) Майлин; Ә) Әлиев; Б) Қалиев.

  1. Сара Әменге қарағанда бірталай өлсіз. Әймен Баянға
    қарағанда күшті. Бәріненде ең әлсіз кім?

А) Сара; Ә) Әмен; Б) Баян.

  1. Болат Әсетке қарағанда қара. Болат Гүлімге қарағанда
    бірталай ақ. Бәріненде ақ кім?

А) Болат; Ә) Әсет; Б) Гүлім.

  1. Үлан Әлімге қарағанда баяу. Бота Үланға қарағанда жылдам.
    Ең жылдамы кім?

А) Үлан; Ә) Әлім; Б) Бота.

  1. Сәкен Мәдиге қарағанда ауырлау. Әли Сәкенге
    қарағанда жеңілдеу. Ең жеңілі кім?

А) Сөкен; Ә) Мәди; Б) Әли.

  1. Бану Қатираға қарағанда көңілді және Майраға
    қарағанда жеңіл. Бану Майраға қарағанда көңілсіз және
    Қатираға қарағанда ауыр. Ең көңілсізі және ең ауыры кім?

А) Бану; Ә) Қатира; Б) Майра.

  1. Айшаға қарағанда Рита қаралау, әрі Нүланнан кіші.
    Рита Нұрланға қарағанда ашық және Айшадан үлкен. Ең
    қарасы, ең жасы кім?

А) Айша; Ә) Рита; Б) Нүрлан.

  1. Ұлжан Әлиден көңілді, Әсемнен жеңіл. Әсем Ұлжаннан
    күшті. Ұлжан Әсемнен ауыр, Әсем Әлиден көңілсіз, Әли
    Ұлжаннан әлсіз. Ең көңілдісі, ең жеңілі және ең күштісі кім?

А) Ұлжан; Ә) Әли; Б) Әсем.

  1. Төкен Маяға қарағанда қара, Мая Бекке қарағанда кіші.
    Бек Төкенге қарағанда аласа. Төкен Бекке қарағанда үлкен.
    Бек Маяға қарағанда ақ. Мая Төкеннен биік. Ең ағы, ең үлкені,
    ең биігі кімдер?

А) Төкен; Ә) Мая; Б) Бек.

Кілті.

1. Ә) Марат. 15. Б) Баян.
2. Б) Ләйлә. 16. Ә) Әсет.
3. Ә) Майра. 17. Ә) Әлім.
4. Ә) Қатира. 18. Ә) Мәди.
5. Б) Әсел. 19. Ә) Қатира т көңілсіз
6. А) Әділ.   Б) Майра ең ауыр.
7. А) Лднқ. 20. А) Айша ең жасы.
8. Б) Ғмтн.   Б) Нұрлан қара.
9. А) Мнрн. 21. А) Үлжан ең көңілді.
10. А) Дшлт.   Ә) Әли ең жңілі.
11. Б) Піл.   Б) Әсем ең күшті.
12. Ә) Шыбын. 22. А) Төкен үлкен.
13. Б) Серіков.   Ә) Мая биік.
14. А) Майлин.   Б) Бек ақ.

Баќылау с±раќтары: