Студенттерді Ресейдегі психодиагностиканың дамуымен таныстыру,50-60 жылдарда жүргізілген зерттеулермен таныстыру.1967- Халықаралық конференциясының материалдарымен таныстыру.
Жаңа кеңес мектебінің қалыптасу жағдайында педагогикалық процеске психологиялық — педагогикалық диагностика қажет болды. РСФСР Наркомпростың «Педагогикалық жұмысының мақсаты мен жағдайы туралы» ( 7 мамыр,1933ж) мәжілісінің шешімінде педагогикалық диагностика мен психологияның әрі қарай даму жолдары белгіленген болатын. Бұл қаулыда мектептегі педагогика үшін аса маңызды психологиялық қызметінің негізгі мәселелері анықталған. Біріншісі, үйрету табиғаты(мәнісі), оның құрылымы, механизмі және факторы, оларды басқару нәтижесінде әртүрлі іс- қимылдарға үйретудің белгіленген режимінің құрылуы мүмкін. Екінші мәселе-индивидтің қалыптасуы; адам онтогенезінің заңдылықтарын анықтау.
Бұл қаулымен төмендегі мақсаттар анықталған:
- Білім беру мен тәрбие жұмысының сапасын жоғарылату мақсатында, сапалы тәртіпті нығайту үшін оқушыларды зерттеу.
- Қиын балалармен жұмыс жүргізу.
- Педагогтарды, вожатыйларды, ата— аналарды педалогия негіздерімен таныстыру жұмысы.
- Үгіт— насихат жұмысы.
Диагностикалық әрекетті жалпы бастауыш оқыту жағдайында оқу— тәрбие процесін ұйымдастыруға педологтардың қатысуымен тығыз байланыстыру керек. «Зерттеу» мәселесін шешу үшін педологтар тәжірибесі жоқ адам да қолдана алып және оны мұғалімге өткізу мүмкін болатын оқыту әдісін негіздеу керек еді. Бастауыш сыныптағы оқушылардың оқуға дайындығы және ақыл – есі даму деңгейінің негізінде комплектация жасауын қамтамасыз етуінде, дәрістерді рационализациялау үшін практикалық іс- шараларға қатысуында, жас ерекшелігіне сәйкес, оқу жұмысына талдау – жасауында педологияның басқа мәселелері тұрған.
2.ЦКВКП(Б)- ның қаулысы «Оқу бағдарламалары және бастауыш пен орта мектебінің режимі туралы» ( 25авг.1932ж) бір жағынан мектеп мамандарынан әр оқушыны зерттеуді талап еткен, екінші жағынан — түрлі қиын схемаларды,есептердің формаларына тиым салған. Бұл педологтарды оқу- тәрбиелік мекемелердің өтініштері бойынша қиын балаларды зерттеудің эпизодикалық диагностикалық- коррекциялық жұмысына дейінгі оқу- тәрбиелік процесіне қатысуды шектейді.
Сонымен, Наркомпроспедологтардың оқу процесіне қатысуды қамтамасыз ету үшін барлық педологиялық қызметтің күшін салып, олардың құрылымын жетілдірген.
Педологиялық қызметтің үш деңгейлік құрылымы төмендегідей түрде болған:
а) РСФСР Наркомпростың құрамындағы мекеме аралық педологиялық комиссия мен педологиялық топ түріндегі негізгі институт
б) ОБЛОНО, ГОРОНО, РОНО құрамындағы педологиялық көмектің ғылыми-әдістемелік орталықтары болып саналатын педологиялық кабинеттер мен лабораториялар.
в) Педологтың немесе мектеп комиссиясының ұяшықтың, бригаданың мектептің педологиялық бөлімінің жұмысы.
Жалпы басқару барысында негізгі мәселе жергілікті педологиялық қызметтің педология бойынша жаңа әдебиеттерді алуды, нұсқаулар, тесттерді, баланың ішкі дүниесін әсерлейтін әдістемелерді алуды көздейді. Педологиялық кабинеттер негізінен аудандық, қалалық, ауылдық бірлестіктерде жұмысын жүргізді. Олар мектепке дейінгі мекемелерге, мектептерге, мұғалімдерге, ата-аналарға және баларға негізгі ғылыми-әдістемелік және консультациялық орталықтар ретінде көмек берді.
Педологиялық кабинеттің жұмысы үш бағыт бойынша құрылған:
1) Профилактикалық, интеллекттің бұзылуын уақытылы анықтау мақсатында, оқушылар мен ата-аналарда педологиялық культураның қалыптасу мақсатында баланың жан-жақты дамуының зерттеуіне бағытталған.
2) Диагностикалық, балалар дамуының ерекшеліктерін зерттеуіне бағытталған, кейбір ауытқуларына, солардың себебін анықтауына бағытталған.
3) Коррекциялық жұмыс диагностикалық жұмыстан шығып анықталған ауытқуларының педагогикалық коррекциясын көздеген.
Аудандық педологиялық кабинеттердің жұмысының негізгі бағыты балалардың мектепке дайындығының деңгейін анықтау болып табылады.
Уақытша жұмыс топтар мамандар болмауынан қиындықтарға тап болды.
1924-25 оқу жылдарында кейбір жоғары оқу орындарының оқу жоспарына экспериментальдық педагогиканың және психологияның, рефлексологияның курстары кіргізілген болатын. Ал 1927-28 оқу жылдарында педология барлық педогогикалық оқу орындарының оқу жоспарына кіретін болған.
- Педологиялық съезд өткізілді , « Педология » журналы шығарылды , мектеп педологтардың дайындау проблемасы шешіле басталды. Педологтың мамандығын 4 педогогикалық жоғары оқу орында , 10 педтехникумда , 2 наркоматта және ғылыми – зерттеу центрлерде алуға мүмкін еді.
1967 жылы Берлинде өткізілген халықаралық конферениядан кейін неформалдық тесттер дами бастады. Осы кезде педогогикалық әдебиетте педогогикалық диагностика деген термин пайда болды. Бұл ұғымды 1968 жылы К.Ингенкамп деген неміс педагог ұсынған еді (бір ғылыми проект барысында медициналық диагностикалық аналогиясы бойынша) Бұл кездейсоқ емес. 1970 жылы неміс тілінде сөйлейтіндердің барлығында 122 тест пен анкета болды. Анкеталар оқу үлгерімін , балалардың мектепке дайындығын , ақыл қабілетін , мамандық алуға жарамдылығын , шоғырлану қабілеттілігін анықтады. Бұл тесттер жоғарыда аталған салаларда , эксперименттік мектептерде қолданылды. Екінші сатыдағы мектептерде , гимназияларда тесттер өте сирек қолданылды. Сонымен қатар объективтік әдістер оқыту процесін зерттеу жұмысында өте сәтті қолданылды.
1980 ж. Мектептерге арналған тест пен анкеталардың саны222 көтерілді, бірақ қолдану жиілігі төмен түсіп кетті. Өйткені тест жүйесі сынға алынды және бастауыш мектептерде балалар саны азайып кетті. 1970 жылдарында жалпы мектептерде ориентациялық сатыларда әдіс ретінде диагностикалық анкеталар қолданылды. Бірақ олар кең өріс алалмады. Отандық педагогикалық әдебиетте «педагогикалық диагностика» ұғымын А.С.Белкин ( 1970 ), А.И.Кочетов( 1981), Н.К.Голубев( 1988), В.П.Беспалько(1989), Б.П.Битинас пен Л.И.Катаева( 1993), В.Г.Максимов ( 1993)және т.б. зерттеген. Соңғы жылдары әртүрлі мамандықтардың мұғалімдерінің диагностикалық іс- әрекетінің ерекшеліктеріне арналған, мектептегі информациялық — диагностикалық орталықтарға мұғалімдерді кәсіби- диагностикалық әрекеттеріне оқу — тәрбиелік процестің диагностикасымен болжамдарына арналған теоретикалық және әдістемелік жұмыстар пайда болған. Бүгінгі таңда негізгі бағыттар болып басқару диагностикасы мен өзіндік диагностика есептелінеді. Педагогиканың теоретикалық функциясын сипаттау барысында В.А. Сластенин екінші деңгейін анықтадыдиагностикалық (1997), И.П.Подласый «Педагогика» оқулығында студенттерге даму, оқыту, тәрбие алудиагностика туралы оқу материалын ұсынған.( 2000ж). Педагогикалық диагностика жаңа бағыт ретінде тиянақты зерттеуді талап етеді. Қазіргі кезеңдегі оның барысын, маңызын, мазмұнын, әдістерін, ерекшеліктерін және жағдайларын анықтау негізгі мақсаты болып табылады. Қазіргі педагогикалық диагностиканың мақсаттарымен қатар нағыз дидактикалық, мектептегі оқутәрбие процесінің оптимизациясына бағытталған, педагогикалық кадрларды дайындау процесін және кәсіби куәліктерін беру процесін реттеуіне арналған мақсаттар анықталған.