Жан мен тән . Психика және сана

Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келген тітіркендіргіштерге жауап қайтарылады.

Жүйке жүйесі нейрон – деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейрондардардың екі түрлі тармағы болады олардың бірі ұзын тармақты нейрит (оксан), ал екіншісі – көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп келіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Жүйке орталықтарына орталық перифериялық (шеткі) вегетативтік (ішкі) жүйке жүйелерінің өн бойына орналасқан.

Орталық жүйке жүйесіне жұлын мен ми жатады.

Орталық жүйке жүйесінің бөліктерінің орналасуы көп қатарлы үйдің құрылысына ұқсас, олар бірінің үстіне бірі орналаса біткен. Осы бөліктердің жоғарғысы төменгісінен құрылысы жөнінде, атқаратын қызметі жөнінде де күрделірек болады. Орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлігі – жұлын (жуандығы 1 см) омыртқа қуысының ішінде орналасқан, оның ұзындығы орта есеппен 45 см-ге дейін жетеді. Жұлынның ішкі жағында сұр зат орналасқан мұның көлденең кесіндісі көбелектің пішініне ұқсас болып келеді.

Жұлыннан жан – жаққа 31 жұп жүйке талшықтары тарайды.

Жұлын біздің қарапайым қозғалыстарымыздың (аяқ – қолды бүгу, керіп – созу т.б.). жұмысын басқаратын орталық болып табылады.

Мыс: Жаңа туған нәрестенің емуге әрекеттенуі. Бұл жұлынның шартсыз рефлекстері, олар организмдерге туысынан тән.

Орталық жүйке жүйесінің екінші бөлігі ми. Оның орташа салмағы ересек адамдарда 1400 грамдай.

Мұндағы сопақша, аралық және ортаңғы ми – бәрі қосылып келіп ми бағанасын құрайды.

Сопақша ми – жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан айналысы мен ас қорытудың жүйке орталықтары бар. Біздің дем алу, түшкіру, шайнау, жұтыну т.б. сияқты түрлі реакцияларымыз сопақша мидың қызметі.

Сопақша мидың сырт жағында, ағаш жапырағына ұқсас мишық орналасқан. Мишық организмнің қозғалысын, жүріс – тұрысын басқарып отырады.

Орталық мида – құлақ пен көзден баратын тітіркендіргіштерді, скелет еттерінің қалпын реттейтін жүйке орталығы бар.

Аралық ми – көру төмпешіктерінен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Бұл бөлім дененің барлық рецепторларын ми қабығымен байланысады.

Ми сыңарлары – екі бөліктен (оң және сол жақ) тұрады. Ми сыңарларының салмағы мидың жалпы салмағының 80% тең.

Мұның ішінде ақ зат, сыртында сұр зат бар. Сұр зат ми қабығы – деп аталады. Ол қалыңдығы 3-4мм бірнеше қабаттардан тұрады.

Ми қабығы 4бөлімге бөлінеді . Олар: Маңдай, самай, төбе, желке. Ми қабығы бірыңғай тұтас мүше, ол бейне қабылдағыш аспап тәрізді, көптеген анализаторлық ядросынан тұрады. Мида көру, есту, тері, иіс, дәм, қозғалыс т.б. анализаторлық жүйке орталықтары бар.

Мыс:Мидың желке бөлігінде көру зонасы, самай бөлігінде есіту, төбе бөлігінде қозғалыс орталықтары орналасқан. Осындай орталықтардың саны 200-ге жуық.

Жүйке қызметінің рефлекстік табиғаты.

Жүйке жүйесінің қызметі рефлекс арқылы жүзеге асып отырады.

Рефлекс туралы алғаш айтқан француз ғалымы Ренэ Декарт.

Рефлекс – латын сөзі қазақша –”бейнелеу” деген мағынаны білдіреді.

Рефлекс сырттан немесе іштен келетін тітіркендіргіштерге организмнің қайтаратын жауап реакциясы.

Жануар мен адамдарға туысынан көптеген рефлекстер беріледі.

Мыс: жарық түскенде көздің сығыраюы т.б.

Шартсыз рефлекстердің жүйке жүйесі арқылы жасалу жолын рефлекс доғасы деп. атайды . Рефлекс доғасының бөліктері.

  • рецептор / сезім мүшесі.
  • өткізгіш жүйке мен қозу процесі пайда болатын орталық жүйке жүйесінің тиісті бөлімі және орталықтан жұмыс аппаратына келетін (сілекей шығаратын бездер, бұлшық еттер) жүйкелер.

Рефлекс туралы ғылыми тұрғыдан дәлелдеген орыс физиологы И.М. Сеченов болды. Ол өзінің “Ми рефлекстері” – деген еңбегінде психикалық құбылыстардың табиғатын рефлекс тұрғысынан түсіндірді.

И.М.Сеченов пен И.П.Павлов мидың барлық рефлекстік қызметі екі жүйкелік процестен – қозу мен тежелуден тұратындығын анықтап берді.

Қозу — әр түрлі тітіркендіргіштердің әсері нәтижесінде жүйке жүйесінің қызмет жасап тұрған белсенді күйі болса, тежелу, керісінше, жүйке жүйесін тыныштандыратын процесс болып табылады.

И.П. Павлов шартты рефлекстердің табиғатын зерттеу үстінде тежелулердің бірнеше түрін анықтады. Ол ең алдымен тежелуді сыртқы – шартсыз(яғни, туғаннан пайда болатын) және ішкі – шартты(өмірде жасалып отыратын) деп екі үлкен топқа бөлді. Сыртқы тежелудің өзі бірнеше топқа бөлінеді. Соның бірі – жай тежелу.

Мидың шаршаған кезінде пайда болып, оны аппаттан сақтап қалатын тежелудің осындай түрін кейде қорғаныс тежелуі деп те атайды. Ішкі тежелудің де бірнеше түрі бар. Солардың бірі сөне тежелу. Ішкі тежелудің бір түрі – ажырату (дифференциалық) тежелуі. Бұл организмнің түрлі заттар мен құбылыстардыңарасындағы ұқсастықтарды айыра білу қабілетін көрсетеді. Ішкі тежелу сондай ақ кешігу, ұйқы тежелуі болып та тармақталады.

И.П. Павлов ми қабығының негізгі жұмысы анализдік( талдау) және синтездік (жинақтау) қызметтен тұратындығын және бұл миды зерттеудің басты принциптерінің бірі екендігін көрсетіп береді. Мидың анализдік қызметі түрлі тітіркендіргіштердің жеке бөліктерін айыруда, осы жеке тітіркендіргіштерге шартты рефлекстер жасауда көрініп отырады. Ал мидың синтездік қызметі жеке тітіркендіргіштерді біріктіруден, яғни ми қабығында уақытша байланыстардың жасалуынан көрінеді.

 Екінші сигнал жүйесі жануарлар дүниесінде болмайды. Жануарларда бірен – саран дыбыс реакциялары бар, бірақ бұл дыбыстарда ешқандай мағына жоқ, ол жай биологиялық қажеттің хабары ретінде шығып отырады. Сөйтіп, жануарлар тіршілігі үшін бірінші сигнал жүйесі бірден – бір жүйе болып табылады. Екінші сигнал жүйесі адамдарға ғана тән. Бірақ адамдар мен жануарлардың сигнал жүйелерінің арасында сапалық айырмашылық бар. Егер адамдардың бірінші сигнал жүйесінің жүйкелік байланыстары қоғамдық қатынастарды бейнелейтін болса, жануарлар дүниесінде бұл биологиялық сипатта болады.

И.П. Павлов адамдардың сигнал жүйелері бір – бірімен үнемі тығыз байланысты, екінші сигнал жүйесі адамның тарихидаму процесінде туған және бұл бірінші сигнал қызметін реттеп, бақылап отырады деп тұжырымдады.

Белгілі тітіркендіргіштерді бірқалыпты ұзақ уақыт қайталай берсе, ми қабығында қозу мен тежелудің тұрақты, бір ізге салынған жүйелері пайда болады. Соның нәтижесінде рефлекстердің бекіген жүйесін қайта жаңғыртып отыру, көп күш жұмсалуды қажет етпейді де. Мәселен, егер итте күрделі тітіркендіргіштердіңжиынтығынан бірнеше рефлекстер туғызылса,(қоңырау, жа – рық, метроном т.б.) және олар белгілі тәртіп бойынша жеткілікті түрде қайталанса, кейін осы тітіркендіргіштердің біреуімен ғана әсер етсе болды, ит бұрынғы жауап рефлексінің бүкіл жүйесін өзгертпей, түгелімен қайта жаңғыртып шығады. Осы секілді үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерге организмнің төселуін, соның нәтижесінде ми қабығында қозу мен тежелу жүйесінің жасалуын И.П. Павлов динамикалық стереотип деп атаған.

Сыртқы ортаның мида бейнелеуін психика дейміз. Психика дегеніміз-өзінің даму сатысында жоғарғы дәрежеге жеткен материяның сипаты.

Материяның 10 000 000 (млн.) жылдарға созылған революциялық дамуының нәтижесінде органикалық материя яғни тіршілік пайда болады.

Психика органикалық материяны барлығында бірдей бола бермейді, ол өсімдіктер дүниесінде жоқ, тіпті тірі организмдердің төменгі формаларынан да оны табу қиын.

Психика тек жоғарғы жанды материяның ғана қасиеті.

Тірі материяның төменгі түрлеріне тітіркенушілік (сыртқы әсерлерге жауап бере алушылық), ал оның жоғарғы түрлеріне – сезгіштік (заттардың қасиеттерін бейнелей алу) қасиет тән.

Сезгіштік – психиканың ең бастапқы белгісі. Бұл организмнің сыртқы ортаны түйсіне алу қабілеті. Түйсік орталық жүйке жүйесі бар барлық жануарларда және адамдарда кездесетін қарапайым психикалық құбылыс. Психикалық әрекеттің даму жүйке жүйесінің дамуы мен шарттас. Ал жүйке жүйесіқұрылысының күрделене түсуі психиканың күрделене түсуіне, оның жоғарғы формуласының пайда болуына жадай туғызады.

Жануарлар психикасының негізгі түрлері.

  • Инстинктер (санасыз ұмтылу)
  • Жануарлардың дағдысы.
  • Жануарлардың интеллекті (ақыл, ой).

1)Инстинкт – көбінесе дамудың төменгі сатысында тұрған жануарларда, кездесетін мінез – құлықтың қарапайым нәсілдік формасы.

Мұны қазақша “соқыр сезім ” дейді.

Жануарларда болатын инстинкт организмнің белгілі тіршілік жағдайына, өскен ортасына әбден көніккенін көрсететін мінез – құлықтың түрі.

Мыс:араның омартасы, құстың ұясы.

Осы мысалға қарап құстарда, жәндіктерде сананың саңлауы бар деуге болмайды. Өйткені инстинктер тұқымқуалау жолымен бері леді.

Жануарлардың инстинктісі көбінесе олардың тамақтану, қорғану және тұқым қалдыру биологиялық мұқтаждықтарын қанағаттандыруға ғана жұмсалады.

Жануарлардың биологиялық мұқтаждарына қарай инстинктердің де тамақтану , қорғану және тұқым қалдыру түрлері болады.

Мыс: Тамақтану сезамі оларда ерте пайда болады. Олар туысымен-ақ анасының бауырына жабысып еме бастайды. Құстардың балапандары жұмыртқадан шыға салысымен-ақ дәнді шоқып жүгіріп-жүріп тамақтана бастайды. Тұқым қалдыру яғни, көбею инстинтісі басқаларға қарағанда кеш дамиды.

Жануарлардың дағдысы.

Дағды-жануарлар қылығының күрделі формасы, психикалық әрекеттерінің жоғары сатысы. Ол инстинкттерсияқты ұрпақтан-ұрпаққа нәсіл арқылы көшіп отырмай, жануарлардың тіршілігі үшін күресуінде жүре-бара пайда болады.

Жануарларда дағдылану болмаса, жалғыз инстинкт әрекеттері мен өмір сүре алмайды. Кейбір зерттеулерге қарағанда, даму процесінің төменгі процесінде тұрғанжәндіктерді де дағдылар пайда болатын көрінеді.

Турненнің тәжірибесінде қоңызды, араны үйреткен. Жоғарғы сатыда тұрған жануарларда дағды тезірек пайда болады.

Америка психологы Э.Торндайк көп тәжірибелер жүргізгені (маймылдарға, атжалмандарға, мысық, ит т.б.) белгілі.

Жануарлардың ақылы

Даму сатысыныңжоғарғы басқышында тұрған жануарлардың әрекеттерінде соқыр сезім мен дағдылану қылықтары мен бірге саңылау әрекеттерінің бастапқы белгілерінің бар екенін байқауға болады.

Зерттеулер көбінесе маймылдарға жасалған.

Р.Меркс

В.Келер неміс психологы.

Э.Торндайк. Америка психологы.

Нағыз ақыл адамда ғана болады,жануарларда ол жоқ, ақыл пайда болу үшін ерекше жағдайлар керек. Маймылдардың адамға айналу процес інде олардың тәнінде бірнеше түрлі өзгерістер, сапалар пайда болған. Ол өзгерістер қоғамдық жағдайда ғана еңбек ету нәтижесінен туған. Ақыл-еңбектің жемісі. Еңбек жоқ жерде-ақылда жоқ. Ф.Энгельс (“маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің рөлі”)-деген еңбегінде адам тәрізді маймылдың қалайша бірте-бірте адамға айналғандығын, оның тәнінде қандай әлеуметтік өзгерістердің болғандығын көрсетті. Еңбектің арқасында бүкіл организм, дыбыс шығаратын органдарт.б. өзгерістерге ұшырайды.

Бұлардың барлығы адамда тіл мен ақылдың, сонымен бірге сананың пайда болуына себепші болады. Бірақ саналы әрекеттердің, ақыл мен тілдің пайда болу үшін жалғыз ғана биологиялық негіздер болғанмен, адам еңбек әйтпесе қоғамдасып жүрмесе, оларда саналы әрекет те болмас еді.

Сондықтан сана- еңбектің жемісі.

Маркспен Энгельс – адам санасы еңбек ету процесінде “пайда болған, адамның еңбек етуі, еңбек құралдарын жасап, оны пайдалануы, оның санасының дамуына зор ықпал жасады“ — дейді.

Еңбек үстінде бірімен-бірі қарым-қатынасқа түсіп, сөйлескісі келген, оларда сөйлесу мұқтаждығы туған.

Бұл мұқтаждық адамдарда тіл мен сана арқылы пайда болады.

Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының қолы жеткен ең жоғарғы жетістігі – ойлай білетін адамның дүниеге келуі.

Еңбек адамның дене бітімін жетілдіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның психикалық жетілуінің, санасының қалыптасуымен дамуының негізгі факторы болып табылады.

Сонымен қатар еңбек адамды қоғамдық тіршілік иесіне айналдырды, биологиялық жан иесі еңбектің арқасында адам дәрежесіне көтерілді.

Адам еңбектің көмегімен өзін айнала қоршаған табиғатты ғана өзгертіп қойған жоқ, сонымен бірге өзі де өзгеріп дами берді.

Қоғамдық сипат алған еңбек адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын және өзара көмегін талап етті, дыбыстық белгілер енді еңбекке бастап қойған жоқ, еңбекті жүзеге асырушы дәрежесіне көтерілді.

Сөйлеудің қалыптасуы адамдардың психикалық дамуындағы алғашқы төңкеріс болды.

Сөйлеу белгілері жоғарғы жүйке қызметін жетілдіреді, соның нәтижесінде жануарларда болмайтын 2-ші сигналдықжүйе қалыптасты.

Сөйлеу таным деңгейін жаңа сатыға көтереді, және ойлаудың жаңа түрі дамиды. Ол жоғарғы сатыдағы жануарлардыңдерексіз ойлауын жетілдіреді. Ал дерексіз ойлау дегеніміз — сананың өзегі.

Сөйлеу, сөз-біздің саналық болмысымыздың формасы — қарым қатынас деңгейін шеңберін кеңейте түседі.

Қарым-қатынас процесі арқылы адамдар сыртқы ортаны да, өзін де терең әрі жан-жақты тани түседі. Демек, еңбекпен қатар сөйлесу де сана мен адамдардың өзіндік сана-сезімінің дамуының маңызды факторы болып табылады.

Қарым-қатынас жасау қоғамдық өмір факторы.

Адамның бүкіл рухани дүниесі оның өзге адаммен қарым-қатынасында ғана пайда болады.

Ал қарым-қатынас процесінде адамдардың тек жеке басының ғана емес, (адамдардың) қоғамдық санасы да қалыптасады.