Ұлттық психологияның құрылымдық элементтерінің күрделі әрі маңыздыларының бірі ұлттық мінез-құлық болып саналады. Ұлттық мінез-құлықтыхалықтардың өзі жасаған тарихтағы материалдық және рухани тіршілігінің бейнеленген көрінісі деп. түсінеміз.Тарихи жағдай мен географиялық орта мәңгілік нәрсе емес, сондықтан ұлттық мінез-құлық та белгілі өзгерістерге ұшырап отырады.
Ұлттардың мінез- құлқы олардың тарихи өмірінің нәтижесі.
Ұлттық мінез – құлық қоғамдық ортада, белгілі бір оқиғаларға, қоғамдық өндірістік т.б. объективті құбылыстарға сәйкес қалыптасатын болды. Қоғам ұлттардан, ұлт таптардан құралады, сондықтан да ұлттық мінез-құлықты таптық процестен бөлек қарауға болмайды.
Үстем тап өкілдерінің мінез-құлықтары әлеуметтік жағдайларына сай қалыптасады. Мысалы, өз уақытысында қазақтың демократ ақыны Абай Құнанбаев бай мансаптардың, ата мінерлердің, болыс билердің мінез-құлықтарын өткір сынаған. Оларға тән жаны ашымаушылық, қатыгездік, сараңдық тәрізді қасиеттердіаяусыз мінеп отырған болатын.
Ұлттық мінез-құлықты кейбір зерттеушілер адамдардың темпераментімен шатастырады. И.И.Павловтың іліміне сәйкес темпераменттің/сангвиниктік, флегматиктік, холериктік және меланхлоликтік типтерді адамдардың жоғарғы жүйке системасының жұмысына байланысты болатындығы белгілі. Ал ұлттық мінез-құлық тарихи жағдайлардың, объективті процестердің себептерінен әрі тәрбиенің ықпалымен қалыптасады.
Ұлттық мінез-құлықты сақтаушы және алып жүретін халық, еңбекші бұқара. Халықтан тыс ұлттық мінез-құлық жойыла бастайды. Кез келген халықтың өкілі өзінің туған халқымен / эмиграция т.б. болып / байланысын үзсе, онда, алдымен өзі араласқан жергілікті халықтың тілін үйренеді, содан соң халықтың мінез-құлқының қасиеттерін бойына сіңіріп, қабылдай бастайды.
Сонымен ұлттық мінез-құлық дегеніміз халықтың қоғамдық-өндірістік тәжірибесі арқылы тарихи тұрғыда қалыптасқан машығы мен әдетінің жиынтығы, әрі жалпы барлық халыққа тән / және ерекше қасиеттердің бірлігі.
Ұлттық тілдің көмегімен ұлттық ой-сезімді, мінез –құлық пен көңіл-күйді білдіріп, эмоциялық халді жеткізе аламыз. Әрбір халықтың өз теңдеулері, метафорлары, марал-мәтелдері бар. Олар сол халыққа тән, оның тарихи дамуының жолдары мен өміріне, табиғатына және өздері дағдыланған тұрмыстық жағдайларына байланысты шыққан.
Ұлттық мінез-құлықтың байқалатын белгілерінің бірі – ұлттық көзқарас. Көзқарастар мен нанымдардың жүйесі ұлттардың мінез-құлықтарының идеологиялық және дүние танымдық жақтары болып саналады.
Ұлттық психологияның өзіндік маңызы бар және өте күрделі құрылымдық элементтерінің бірі ұлттық — сезім болып есептеледі. Ұлттық сезім халықтардың өмірінде ерекше маңызды орын алады. Әсіресе, адамдардың рухани келбетін қалыптастыруда және дамытуда, интернационалдық тәрбиелеуде зор маңызы бар.
Ұлттық сезім әлеуметтік-психологиялық күрделі құрылым бола тұра, ол негізінен таптардың экономикалық жағдайы мен материялдық мүдделері арқылы дамиды.
Ұлттық психологияның құрылымдық күрделі элементтерінің бірі – ұлттық сана – сезім. Ұлттық сана – сезім дегеніміз өзінің ұлттық өкілділігін мойындай отырып, ұлтына деген сүйіспеншілік жанашырлық, халық мұраларын, мақтанышын бағалай білу.
Ұлттардың сана-сезімдерінің қалыптасуына рухани-мәдени шығармалар, ұлттық рухани мұралар алкен роль атқарады. Ондай шығармаларда халықтың сана-сезімінің жетілуіне ерекшке әсер ететін көңіл-күй, оқиғалар бейнеленеді. Мәдениеттің белгілі қайраткерлері өз халықтарының тарихына үніле отырып, ондай шығармаларды өздері дүниеге келтіреді.
Ұлттар өміріндегі ұлттық психологиямен тығыз байланысты көкейтесті мәселенің бірі – ол ұлттық әдет ғұрыптар, дәстүрлер болып саналады. Ұлттық психологияның ерекшеліктері мәдениетте, тұрмыста, сондай-ақ ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерде де айқын көрінеді.
Әрбір халық өздерінің әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін салт-жораларын ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып отырады әрі сақтайды. Олардың ұлттық мәдениетінде, тұрмысында бөлінбестей болып қалыптасады. Әрине, халықтар өмірінің деңгейі өзгеруіне сәйкес дәстүрлер де ауысады, дамиды.