Тұлғааралық ортақтасудың пайда болуы мен нәтижелі дамуы оған қатысушылардың, өзін — өзі және өзара түсінуіне байланысты. Адамдар бірін — бірі қалай, қай деңгейде қабылдайды, түсінеді, сезімдері мен қасиеттерін қалай бейнелейді, өзге арқылы өзін қалай таниды, ортақтасу барысы да, ара қатынастары да соған байланысты. Сонымен, бір адамды екінші адамның қабылдауы ортақтасуы міндетті құрамдас бөлігі ретінде шартты түрдеортақтасудың перцепциялық жағы болып аталады. Әлеуметтік перцепция – ортақтасу үрдісінде бірін – бірі өзін — өзі тану мен түсіну.
Бақылаушы бақыланушыны көргенде сыртқы физикалық сипаттарын қабылдайды. Ең алдымен сыртқы түрін (дене мен киім пішімін)және тәртібін (қимыл – қозғалысын) бағалайды. Сыртқы сипаттамасына қарай бақыланушының ішкі қасиеттері туралы да тұжырым жасайды. Бақылаушы өзі берген бағаға орай бақыланушыға белгілі көзқараста болады , оған деген ішкі эмоциялық қатынасын
( ұнайды – ұнамайды) орнықтырады.
Бақылапушы бақылаушының сыртқы түріне қарай оның психологиялық қасиеттерін таразылап, одан не күтуге болатынын алдын – ала болжап, ол адамға қатысты өз іс әрекетін белгілейді.
Әлеуметтік перцепция құрылымы — адамның сыртқы келбетін қабылдау арқылы оның тұлғалық, психологиялық ерекшеліктерін бағалау, таңдау және оған орай өз эмоциялық қатынасын анықтау, соның негізінде бақыланушының іс -әрекетін болжау. Назар алатын жәйт:Сыртқы бейнесіне қарап біз бақыланушының ішкідүниесін “оқып”, түсінгендей боламыз, оған байланысты өзіміздің сезімдеріміз арқылы іс- әрекетімізді анықтаймыз. Жалпы айтқанда, әлеуметтік перцепция барысында өзгегеэмоциялық баға беріледі де, оның әрекеттерінің себептерін түсінуге тырысамыз, тәртібін алдын – ала жоспарлаймыз, өз тәртібіміздің бағытын белгілейміз.
Әлеуметтік перцепцияның қызметтері:
- өз — өзін тану.
- ортақтасу серігін тану.
- түсіну негізінде өзара іс — әрекет ұйымдастыру.
- эмоциялық қатынас орнату.
Әлеуметтік перцепцияның барысын зерттегенде екі аспекткөзге түседі. Біріншісі қабылдау субъектісінің психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерімен байланыста болса, екіншісі тұлғааралық механизмін талдаумен байланысты.
Адамдар бірін – бірі қабылдағанда, бағалағанда олардың жасына, жынысына, ұлтына, мамандығына, жеке мінездемесіне орай өзгешеліктер байқалады. Мысалы, жасына қарай. Балалар алдымен адамның бет қимылдарына қарап бағалайды.
Ересектермен салыстырғанда, балалар көбіне сыртқы белгілерге (киім, көзәйнек, шаш) бейімделген.
Ортақтасу психологиясы қабылдау объектісінің де психологиялық қасиеттерін зерттейді. “Анасына қарап қызын ал” мақалы әлеуметтік перцепцияның бір көрінісі.
Әлеуметтік перцепция механизмдері
Ортақтасу барысында өзін — өзі, өзгені білу және тану механизмдеріне идентификация, эмпатия, аттракция, рефлекция жатады.
Идентификация — өзгенің орнына өзін қойып, оның ішкі дүниесін түсіну, өзгені тану тәсілі, өзін өзгеге ұқсату. Идентификациялану барысында өзгенің құндылықтары, мінез құлықтары, әдеттері өз бойына сіңіріледі. Идентификация, әсіресі, жасөспірімдерге тән құбылыс. Өздері идеал, кумир ретінде таңдаған кісі ( олардың ой бойынша) не істесе, бұлар да өз іс — әрекетін соған ұқсатуға тырысады. “Оның орнында болсам, мен не істер едім?” сұрағына жауап іздейді. Кішкентай қыз ойнағанда өзін мамасына теңестіреді, анасы қалай сөйлесе, сондай дауыс ырғағымен бұл да қуыршағымен сөйлеседі.“Болмасаңда ұқсап бақ” деген мақал соның дәлелі болар.
Эмпатия – эмоциялық түсіну, өзгенің ішкі жағдайын өз сезімдері арқылы қабылдап білу. Эмпатияның негізінде жатқан жәйт — өзгенің ішінде не болып жатқанын, ол не сезіп тұрғанын, дүниені қалай бағалайтынындұрыс елестетіп білу. Эмпатиясы жоғары дамыған адамның айырмашылығы – бір оқиғаны әр адам әртүрлі қабылдайтынын, солай қабылдауға мүмкіндігі, құқығы бар екенін мойындауында.Эмпатия, отақтасу серігіменэмпатиялық қарым – қатынас құру – психологтардың, психологтардың,әлемметтік қызметкерлердің маңызды кәсіби қасиеттерінің бірі. Эмпатиялық қабілеттерді дамыту адами ортақтасуымен тікелей шұғылданатын мамандардың басты міндетіболып табылады. Мұндай қабілеттер психологиялық машықтар арқылы шынығады.
Аттракция — өзгені танып білудің ерекше түрі, ол өзгеге қатысты тұрақты жылы сезім қалыптастыруға негізделген. Ортақтасу серігін жақсы түсінуге, оған қарай достық не сүйіспеншілік сезімдеріне негнізделген қарым – қатынас себеп болуы даусыз.
Әлеуметтік рефлекция— ортақтасу барысында өзін — өзі тану механизмі. Ортақтасу серігі мен танып – білуі туралы білім, өзге адам мені қалай қабылдайтынын (“сен мені қалай білетініңді мен білемін”) елестету қабілеті әлеуметтік рефлекция деп аталады. Басқа адамдармен байланысы неғұрлым көп болса, басқалар туралы елес мол болса, өзіне басқалар қалай қарайтынын талдай алса, соғұрлым адам өзін терең танып біледі. Өзгелерге өзін аша білу — өзіндік танудың шарты. Ортақтасу барысында басқаларға өзіміздің ішкі дүниемізді аймара ашқан кезде өзіміз де өз жанымыздыңбайлығына сүңгиміз. Сондықтан, “өзіңді білу үшін өзгеге ашыл” ережесін пайдалануға болады.
Әр адамның өзгелердің іс- әрекеттерініңсебебін түсіндіретін әдеттенген тәсілдері болады.
Тұлғалық атрибуция — Әр оқиғаның себепшісін әр жағдайға нақты кінәлі адамды іздеп табатындардың тәсілі.
Жағдайлық атрибуция – Нақты адамды емес, жағдайды кінәлайтындардың тәсілі
Стимулдық атрибуция- Адамның өзін, заттың өзін кінәлайтындардың тәсілі.