- ортақтасу –қарым-қатынасы психологияның негізгі ұғымы. Ортақтасусыз жеке адамның тұлғалық қалыптасу үрдісін, жалпы қоғам дамуын түсініп талдауға болмайды. Ортақтасу адамдарды біріктіру және дамыту тәсілі.
Ортақтасу моделі
Субъект-1Субъект-2
Ортақтасу формалары
- Тікелей ортақтасу – табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) Құралдар көмегімен жасалынатын толық психолдогиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл – адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы.
- Жанама ортақтасу – қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не кешіктіретін жазу техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялық контакт. Хат жазу, кітап шығару, радиодан сөйлеу т. с. с адами ортақтасуды күрделендіріп жібереді.
- Тұлғааралық ортақтасу – екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактлары. Тұлғааралық ортақтасудың белгілері:
қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірініңерекшеліктерін білуі, бірге күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі.
- Бұқаралық ортақтасу – бейтаныс адамдардың тікелей немесе жанама (бұқаралық ақпарат құралдары арқылы болатын) контактары.
Мысалы: стадионда, театрда, шеру-бұқаралық тікелей ортақтасу, телемарафон, радиохабар — жанамаортақтасу, вагонда-бұқаралық тікелей не жанама болса, купеде-тұлғааралық.
6.Персонааралық ортақтасу — ортақ іс-әрекет үрдісінде жеке қасиеттерін ашатын белгілі тұлғалардың психологиялық контакттарды (чемпиондар, ғарышкерлер, президент тер).
- Рөлдік ортақтасу- белгілі әлеуметтік рөлдерді орындаушылардың психологиялық контакттары, мысалы оқушы-оқытушы, әке-бала, сатушы-алушы, көрші-көрші, дәрігер-ауру, бастық-бағынушы. Әрбір адам әр сәтте әртүрлі рөлдерді орындайды, сол рөлдерде байланысты қоғамда өз орын табады. Сол рөлдерде орындағанда адамның өзгешеліктері назарға алынбайды, тек әлеуметтік рөлге қажетті іс-әрекеттері маңызды болып саналады. Әрине, әлеуметтік рөл адамның мінез-құлқының егжей-тегжейін анықтамайды. Адам өз рөлін, басқалардың рөлдерін қалай түсінеді? Ол рөлдерге қандай қатынаста болады? Адамдар өз рөлдерін орындаған сәттерінде қайталанбас өзіндік өрнек пен таңба енгізіледі.
Ортақтасу барысында адамдарөзі және басқалар үшін өзіндік психологиялық ерекшеліктерді ашады, көсеттеді, түсінеді. Адамның психологиялық қасиеттері ортақтасу нәтижесінде пайда болады, дамиды, өзгереді. Басқалармен арақатынас жасағанда адам қоғамдық ережелерді, нұсқалары, білім мен іс-әрекет тәсілдерін, жалпы әлеуметтік тәжірибені өзі бойына сіңіреді. Ортақтасу нәтижесінде адам жеке тұлға болып қалыптасады.
Ортақтасу – адамның психикалық дамуының және мінезінің алғы шарттары, негізі.
Сонымен, ортақтасу үрдісінде басқалардан өзгешілігі қалыптасады, адам тек қана— ортақтасу арқылы адам болады (джунглиде өсіп адам болған Маугли-қияли оқиға, ертегі);
- ортақтасу үрдісінде өзге үшін, өз үшін адамның психологиялық қасиеттері ашылады (ғашық болған адам өзін-өзі жаңа қырынан танып біледі);
- ортақтасу үрдісінде жеке адам жалпы адамдық тәжірибені меңгереді 1 Байланыстыру- прагматикалық қызметі. Ортақтасу бұл жерде кез-келген бірлескен іс-әрекет барысында адамдардың бірігуінің шарте болып табылады. Вавилон мұнарасы туралы аңызда адамдар бірін-бірі түсінбеу салдарына құрылысты бітіре алмағандығы жөніндегіоқиға тегін емес.
- Қалыптастыру, дамыту қызметі. Бұл жерде ара-қатынас адамның психикалық бейнесінің қалыптасуы мен өзгеруінің алғы шарты болып танылады. Кішкентай баланың даму барысында оның мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге көз қарастары үлкен адамдар мен жасаған арақатынасынатәуелді болып келеді. Сыртқы қарым-қатынас нәтижелері ішкі психикалық құбылыстарға және баланың өзіндік сыртқы қимылдарына айналады. Мысалы, “Зита-Гита” үнді кинофильміндеегіз қыздар әртүрлі ореада өскендіктен мінездері бір-біріне ұқсамайды.Сыртқы қарым-қатынассыз балалар ой өрісі өспейді. Балаларүйінде өскен жас өспірімдердің ой өрістері өздерінің ата-аналарының бауырында өскен құрбыларынан едәуір төмен болады. Олардың бүкіл өмірлері туған – туысқан дарымен, жақсы көрген адамдарымен ортақтасуда өтсе, психологиялық қасиеттері адами сапаға жақынырақ болары анық. Бірақ осыған байланысты еске алатын бір жайт: бала үлкендердің барлық насихаттарын, ойларын, көзқарастарынөз бойына тікелей құйып алатын ыдыс емес! Баламен ересек адамның арақатынасына тек үлкеннен кішіге өтетін білім, біліктілік, дағдылар емес, бұл-неғұрлым күрделі өзара ықпалдау, өзара өзгеру, бірін-бірі байту құбылысы. Бала басқаның тәжірибесін өз ішкі дүниесіне белсенді түрде тезденөткізіп қабылдайды.
- Растау қызметі. Басқалармен жасаған ортақтасу барысында адам өзін-өзі танып білуге, бекітуге, өзінің бар екендігін дәлелдеуге мүмкіндік алады. Адам өзінің бар екендігін, өз тұлғасының құндылығын басқа адамдар арқылы біледі. Адам үшінауыр жазаның бірі-жападан жалғыз қалу, ешкіммен араласпау,басқалардың назарынан тыс қалу. “Сен жамансың”, “Сенікі дұрыс емес”, деп адамды жаман бағалаудың өзінде оны қабылдап, бар екенін растап тұрудың белгісі бар. Ал қабылдамаудың, барлығын растамаудың белгілері “Сен бұл жердежоқсың”, “Сен өмір сүрмейсің”. Осы әдістіА.Макаренко өз коммунасында жиі қолданатын еді, көп психикалық аурулардың, мысалы, шизофренияның себепшісі. Нәресте, сәби әке-шешесіне “сен жақсы”, “сенбіз үшін барсың” деген дәлелдерді естімесе, оның санасында қалған іздер эндогендік психозға жол ашады. Күнделікті тіршілік адами арақатынасқа, “растау терапиясына” толы: Танысу мен сәлемдесу рәсімдері, құттықтау менізет көрсету, т.б. Осының барлығы әр адамның бар екендігін растайтын дәлел екендігі сөзсіз.
- Тұлғааралық эмоциялық қатынастарды ұйымдастыру мен тіректеу қызметі. Басқаларды қабылдау, олармен, сан қилы қатынастар тұлғалықтаніскерлікке дейін жасау кезіндеадамдар бірін-бірі бағалап, бір імен-бірі не жағымды симпатия , ұнату, не жағымсыз (антипатия, ұнатпау ) эмоциялық қарым-қатынас орнатады. Заманауи адамдардың әлеуметтік байланыстары тек эмоциялық қатынастар мен шектелмесе де, эмоциялық қатынастар іскерлік, ұжымдық, рөлдік қарым-қатынастарға өз әсерін тигізеді.
- Тұлғаішіндік қызмет. Адам өз-өзімен іштей, не дауыстап сөйлесіп диалог арқылы арақатынас жасайды. Тұлғаішіндік ортақтасуда адам ойлауының әмбебап тәсілдері болады. Л.С.Выготский жазғандай, жеке қалғанда да адам ортақтасудың қызметін сақтап қалады.
Сонымен, біз ортақтасудың түрлерін, қызметтерін қарастырдық. Қарым-қатынас психологиясында көбірек зерттелінген дәстүрлі мәселе-тұлғааралық тікелей ортақтасу.